Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 806 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 шiлдедегi N 754 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 806 Қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1153 қаулысымен бекiтiлген |
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже
Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 806 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери институты (бұдан әрi - Институт) жоғары әскери кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 806 Қаулысымен.2. Институт өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Институттың мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, белгіленген үлгідегi мөртаңбалары мен бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Институт азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
4. Институт өзінің құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Институт бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Институттың құрылымын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiтедi.
6. Институттың заңды мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 210.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 806 Қаулысымен.7. Институттың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі".
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 806 Қаулысымен.8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Институттың мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын iске асыратын орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) болып табылады.
9. Институттың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi.
2. Институттың мақсаты, мiндеттерi және функциялары
10. Институттың мақсаты жоғары әскери кәсiптік бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру болып табылады.
11. Институттың мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) жоғары әскери арнайы бiлiмi бар офицер кадрларын даярлау, сондай-ақ шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарында оқыту үшiн әскери қызметшiлердi даярлау;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерiн және азаматтық персоналын қайта даярлау және жетiлдiру;
3) тәрбиелеу процесiн ұйымдастыру.
12. Институт халықаралық келiсiмдерге (шарттарға) сәйкес басқа мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың қарулы күштерi үшiн әскери қызметшiлер мен азаматтық персоналды даярлауды жүзеге асыруы мүмкiн.
13. Институт курсанттарды тiзбесi бiлiм саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiлетiн мемлекеттік бiлiм беру стандарттарына сәйкес азаматтық мамандықтарға оқытуды жүзеге асыруы мүмкiн.
14. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Институт мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жоғары және орта әскери кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайды;
2) терең әскери арнайы бiлiм, қатаң дағды мен машық қалыптастыруды қамтамасыз етедi, жоғары кәсiби қасиеттерiн пысықтайды;
3) патриоттық, әскери антқа адалдық сезiмiне тәрбиелейдi және адамның шығармашылық, рухани және табиғи мүмкiндiктерiн дамытады, адамгершілiктің, әскери этика нормаларының, тәртiптiлiк пен ұйымшылдықтың берiк негiздерiн қалыптастырады.
3. Институттың қызметiн ұйымдастыру
15. Институт:
1) жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес азаматтарды Институтқа қабылдауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының негізiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбие қызметiн жүзеге асырады;
3) бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудың нысанын, тәртiбi мен мерзімін өздері таңдайды;
4) азаматты қабылдау кезiнде оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн осы Ережемен, бiлiм беру қызметiн жүргізу құқығына лицензиямен және қабылдау тәртiбi мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды реттейтiн басқа да құжаттармен таныстырады;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
6) iшкi тәртіп ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртiппен кадрлардың білiктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
16. Институтты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Институтта басқарудың алқалық органы көзделедi, ол туралы ереже оны сайлау тәртiбiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
17. Уәкiлетті орган:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының қажеттiлiктерiне сәйкес мамандықтарды және курсанттар қабылдаудың жыл сайынғы жоспарын белгiлейді;
2) Институтқа берiлген мүліктің тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Институт қызметкерлерінің штатын жасақтау тәртiбi, еңбекақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Институтқа тiкелей басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi тағайындайтын және босататын Институттың бастығы жүзеге acырады.
20. Институт бастығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрiне бағынады.
21. Институт бастығы дара басшылық қағидатымен әрекет етедi және Институт қызметiнің мәселелерiн лауазымдық өкілеттiктерiне сәйкес дербес шешедi.
22. Институт бастығы басшылық жасауды жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiлеген тәртiппен:
1) барлық ұйымдарда Институттың мүддесiн бiлдiредi;
2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкiлетті орган тағайындағандардан басқа, Институт қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Институт қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жазалар қолданады;
5) өзiнiң орынбасарлары мен Институттың өзге де басшы қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерi аясын айқындайды;
6) Институттың қаржылық және шаруашылық қызметiне басшылық жасайды;
7) оған заңнамада, осы Ережеде жүктелген және уәкілеттi орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Институттың мүлкi
23. Институттың жедел басқару құқығында негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Институттың теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұратын оқшауланған мүлкi болады.
24. Институттың оған бекiтiп берiлген мүлiктi және смета бойынша оған бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгінен иелiктен шығаруға немесе өзге әдiспен оған иелiк етуге құқығы жоқ.
5. Институтты қайта ұйымдастыру және тарату
25. Институтты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.