"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қарашадағы N 1166 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1) бүкiл мәтiн бойынша "отбасының" және "адамның (отбасының)", "адамды (отбасын)", "адамдарға (отбасыларына)", "адамдардың (отбасылардың)", "адамға (отбасына)", "отбасы" деген сөздер "үй шаруашылығының", "үй шаруашылығын", "үй шаруашылықтарына", "үй шаруашылықтарының", "үй шаруашылығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) үй шаруашылығы - бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген, өздерiнің табыстарын, мүлкiн бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтердiң, оның iшiнде тұрғын үй мен тамақ өнiмдерiнiң белгілі бiр түрлерiн бiрге тұтынатын адамдардың тобы. Үй шаруашылығы бiр адамнан тұруы мүмкін;";
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жиынтық табыс - үй шаруашылығының ақшалай, сондай-ақ заттай нысанда алған табыстарының жалпы сомасы;";
      6) тармақша алынып тасталсын;

      3) 2-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгі "жетi жасқа дейiнгі балаларды" деген сөздерден кейiн ", он сегiз жасқа дейiнгі мүгедек-балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұсынылған лайықты жұмыстан дәлелдi себепсiз бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқуға немесе қайта оқытуға қатысуды өз бетiмен тоқтатқан жұмыссыз мүшесi болып табылатын үй шаруашылығы бас тартқан күннен бастап алты айға атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығынан айрылады.
      Балаларды әлеуметтiк қолдау қолданыстағы заң актілерiне сәйкес жүзеге acырылады.";

      4) 3-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;

      5) 4-бапта:
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Атаулы әлеуметтiк көмек үй шаруашылығына тағайындалады. Үй шаруашылығының құрамына:";
      7-тармақтағы "Өтiнiш бepуші және алушы" деген сөздер өтiнiш берушi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтың бiрiнші бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкiлеттi органның немесе кент, ауыл (село) әкiмiнiң тапсырмасы бойынша учаскелiк комиссиялар үй шаруашылықтарының материалдық жағдайына зерттеу жүргізедi, қорытындылар дайындайды, оларға қол қояды және уәкiлетті органға (кент, ауыл (село) әкiмiне) ұсынады.";

      7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Жиынтық табысты есептеу
      Үй шаруашылығының жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен жүргізiледі.";

      8) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Үй шаруашылығына берiлетін атаулы әлеуметтік көмектiң мөлшерiн уәкiлетті орган жиынтық табыс пен отбасының әрбiр мүшесiне есептелген кедейлiк шегiнiң арасындағы айырма түрiнде есептейдi.";

      9) 9-бап алынып тасталсын.

       2-бап. Осы Заң 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады