Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 1249 Қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне "Tabani Corporation" компаниясының пайдасына шығарылған Астана қаласы сотының 2003 жылғы 3 шілдедегі шешiмiн және Астана қаласы сотының 2004 жылғы 15 маусымдағы ұйғарымын орындау үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен 192147 (бip жүз тоқсан екі мың бiр жүз қырық жетi) AҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады