Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 806 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөнiндегi комиссияның құрамына:
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы
Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары, төрайым
енгiзiлсiн;
"Қосыбаев Есетжан Мұратұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрі" деген жолдағы "төраға" деген сөз "төрайым орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.