Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 806 Қаулысы

      "Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 381  Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 14 қыркүйектегі
N 806 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1599  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 505-құжат).

      3.  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қазандағы N 1085  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 38, 343-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы N 1529  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 42, 491-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1099  қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 358-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1180  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 39, 400-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1110  қаулысы .

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1283  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 615-құжат).

      9.  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 588  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 236-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1030  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 441-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады