Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне аккредитивтердiң қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1361 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының:
      Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне:
      001 "Республикалық деңгейде қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", 009 "Мемлекеттiк органдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы" кiшi бағдарлама, 015 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiне қарсы күрес" бюджеттік бағдарламалары бойынша "Viсtоrу LTD" ЖШС-мен жасасқан 2004 жылғы 29 шiлдедегi N 470, 471, 472, 474, 2004 жылғы 30 шiлдедегi N 476 және 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 457 шарттарға сәйкес;
      100 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен iс-шаралар өткiзу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша "Қазақстан инжиниринг" ҰK" ААҚ-пен жасасқан 2004 жылғы 18 қазандағы N 579 шартқа сәйкес;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетiне 015 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiне қарсы күрес" бюджеттiк бағдарламасы бойынша "Бронетанк жөндеу зауыты" РМК-мен жасасқан 2004 жылғы 14 сәуiрдегi N 108 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi ашқан аккредитивтердің қолданылу мерзiмiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады