Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1366 Қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" "Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
      09 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызметтер" деген iшкi функцияда:
      212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген әкiмшi бойынша:
      001 "Агроөнеркәсiптiк кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:
      001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада "356890" деген сандар "412890" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Аумақтық органдар аппараттары" деген кiшi бағдарламада "4225212" деген сандар "4169212" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады