Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1386 Қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне "Строймодул" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгінің пайдасына шығарылған Павлодар облыстық сотының 2004 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымын орындау үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша міндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 15000000 (он бес миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады