Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 197аа Қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  401-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаржы полициясы орталық атқарушы органының және аумақтық органдарының әкiмшiлiк ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу.";
      реттiк нөмiрi 6-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кеңселiк жиhазды, ұйымдастыру техникасын, техника, жабдықтар және басқа да заттарды, соның iшiнде: "MKCM-800" маркалы дөңгелекті трактор - 1 бiрлiк, А3 форматты көшіргіш аппараттар - 5 бiрлiк, A4 форматты көшiргiш аппараттар - 10 бiрлiк, киiм шкафтары - 30 бiрлiк, тiреуiш иықшалар - 30 бiрлік, басшы кабинетi - 10 бiрлiк, орындықтар - 300 бiрлiк, бiрiктiрiлген орындықтар - 350 бiрлiк, басшы креслолары - 30 бiрлiк, демалыс жиһаздары - 10 бiрлiк, кондиционерлер - 30 бiрлiк, сейфтер - 30 бiрлiк, тоңазытқыштар - 20 бiрлік, моноблок (бейне-екілік) - 20 бiрлік, шамдалдар - 30 бiрлік, люстралар - 30 бірлік, факсимильдi аппараттар - 30 бiрлік, телефон аппараттары - 350 бiрлiк, желдеткiштер - 30 бiрлік, майлы радиаторлар (жылытқыштар) - 30 бiрлік, шлагбаум - 1 бiрлiк, кiлемдер мен кiлем алашаларды сатып алу.";

      2) көрсетiлген қаулыға  403-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "70" және "84" деген сандар тиiсiнше "114" және "128" деген сандармен ауыстырылсын;
      "қуаты 1 квт аса үздiксiз қоректі 14 бiрлiк арналарды;" деген сөздерден кейін "қуаты 1 квт кем үздiксiз қоректi 44 бiрлiк арналарды;" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады