Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 9-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
реттік нөмірі 4-жолда: "сервер үшін қатты дискі 1 дана" деген сөздерден кейін "; желіаралық қорғау экраны - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
"құпия іс жүргізу - 3 комплект)" деген сөздерден кейін "; саны 11 лицензия Windows XP" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі