Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 197ан Қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  269-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "тiзбе бойынша" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде Астана қаласының ЖЭО-2-сiн, жылу тораптарын және энергия тораптары объектiлерiн кеңейту және қайта жаңарту жобасы бойынша мердiгер ұйым аванс сомасына құбыр генераторын жеткiзу жөнiндегi келiсiм-шарт мiндеттемелерiн уақтылы орындауға және құбыр генераторының қалған құнына аккредитив ашуға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн берген жағдайда құбыр генераторына тапсырыс беру үшiн оның құнының 50% мөлшерiнде аванс аудару үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтың 2) тармақшасы "жабдықтарға тапсырыс беру үшiн" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде құбыр генераторына тапсырыс беру үшiн оның құнының 50% мөлшерiнде құбыр генераторының қалған құнына аккредитив ашып" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады