Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 197ю Қаулысы

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулының  7-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
      2) тармақшада:
      "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "радиотрансляциялық желілерді қорғау құрылғысы - 1 бірлік" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "шредер - 1 бірлік
      шағын АТС - цифрлық - 1 бірлік";

      2) көрсетілген қаулының  8-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
      2) тармақшада "бағдарламалық қамтамасыз ету - 50 бірлік" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "шағын АТС - ұқсас - 1 жиынтық".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады