Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 37 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2005 жылғы 20 қаңтардағы     
N 37 қаулысына          
қосымша           

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы N 814  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 18, 167-құжат) 6-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы N 814 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы N 1250  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 551-құжат) алтыншы - он екінші абзацтары.

      3. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы N 256  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 64-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады