Жоғары бiлiктi мамандар даярлау, жоғары және орта арнаулы оқу орындары жүйесiндегi реформаларды одан әрi дамыту және тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң:
Ақмола автомобиль көлiгi колледжiн, Ақмола политехникалық колледжiн, Ақмола құрылыс және менеджмент колледжi Ақмола политехникалық колледжiне;
Ақмола тамақ өндiрiсi технологиясы колледжiн, Ақмола ауыл шаруашылығы колледжiн, Новоишим мал дәрiгерлiгi колледжiн Ақмола аграрлық-техникалық колледжiне;
Ақтөбе мәдениет колледжiн, Ақтөбе педагогикалық колледжiн, Ақтөбе гуманитарлық колледжiне;
Ақтөбе машина жасау колледжiн, Ақтөбе құрылыс колледжiн Ақтөбе құрылыс колледжiне;
Талғар ауыл шаруашылығы колледжiн, Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру колледжiн Талғар агробизнес және менеджмент колледжiне;
Атырау мәдениет колледжiн, Атырау педагогикалық колледжiн Атырау гуманитарлық колледжiне;
Атырау политехникалық колледжiн, Атырау темiр жол көлiгi колледжiн Атырау политехникалық колледжiне;
Атырау ауыл шаруашылығы колледжiн, Атырау теңiз колледжiн Атырау аграрлық-техникалық колледжiне;
Лениногор орман колледжiн, Лениногор кен-металлургия колледжiн Лениногор аграрлық-техникалық колледжiне;
Өскемен құрылыс колледжiн, Өскемен энергетика колледжiн Өскемен политехникалық колледжiне;
Өскемен педагогикалық колледжiн, Шығыс Қазақстан дене мәдениетi және спорт колледжiн Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжiне;
Өскемен мәдениет колледжiн, Өскемен музыка колледжiн Шығыс Қазақстан өнер колледжiне;
Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжiн, Жамбыл мәдениет және өнер колледжiн Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжiне;
Балқаш политехникалық колледжiн, Балқаш педагогика колледжiн Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжiне;
Жезқазған музыкалық колледжiн, Жезқазған педагогикалық колледжiн, Сәтпаев мәдениет колледжiн Жезқазған гуманитарлық колледжiне;
Жезқазған экономика және құрылыс колледжiн, Жезқазған тау-кен колледжiн, Жезқазған ауыл шаруашылығы колледжiн Жезқазған аграрлық-техникалық колледжiне;
Орал политехникалық колледжiн, Орал аграрлық колледжiн Орал аграрлық-техникалық колледжiне;
Темiртау политехникалық колледжiн, Темiртау химия-механика колледжiн, Темiртау индустриалдық колледжiн Темiртау политехникалық колледжiне;
Темiртау педагогикалық колледжiн, Қарағанды педагогикалық колледжiн Қарағанды гуманитарлық колледжiне;
Қарағанды мәдениет колледжiн, Тәттiмбет атындағы Қарағанды музыка колледжiн, Темiртау музыкалық колледжiн Тәттiмбет атындағы Қарағанды өнер колледжiне;
Саран педагогикалық колледжiн, Саран химия-механика колледжiн Саран гуманитарлық-техникалық колледжiне;
Қызылорда музыка колледжiн, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжiн М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжiне;
Қызылорда политехникалық колледжiн, Қызылорда ауыл шаруашылығы колледжiн, Қызылорда темiр жол көлiгi колледжiн Қызылорда аграрлық-техникалық колледжiне;
Бiржан атындағы Көкшетау музыкалық колледжiн, Ақан серi атындағы Көкшетау мәдениет колледжiн Ақан серi атындағы Көкшетау өнер колледжiне;
Щучинск педагогикалық колледжiн, Щучинск индустариалдық-педагогикалық колледжiн Щучинск гуманитарлық-техникалық колледжiне;
Щучинск техникалық колледжiн, Бурабай агроөнеркәсiп колледжiн Бурабай аграрлық-техникалық колледжiне;
Ақсу энергетика колледжiн, Жаяу Мұса атындағы Ақсу мәдениет колледжiн, Ақсу дене мәдениетi колледжiн Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжiне;
Петропавл педагогикалық колледжiн, Петропавл өнер колледжiн Петропавл гуманитарлық колледжiне;
Петропавл экономика және құқық колледжiн, Петропавл бизнес-колледжiн Петропавл экономика колледжiне;
Петропавл политехникалық колледжiн, Петропавл темiр жол көлiгi колледжiн Петропавл политехникалық колледжiне;
Семей автомобиль-механика колледжiн, Семей су көлiгi колледжiн Семей көлiк колледжiне;
Семей агробизнес колледжiн, Семей бизнес-колледжiн Семей бизнес-колледжiне;
Семей құрылыс колледжiн, Семей құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжiн Семей құрылыс колледжiне;
М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжiн, М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжiн М.Әуезов атындағы Семей гуманитарлық колледжiне;
Талдықорған құрылыс колледжiн, Талдықорған индустриалдық-педагогикалық колледжiн Талдықорған политехникалық колледжiне;
Арқалық музыка колледжiн, Арқалық педагогикалық колледжiн Торғай гуманитарлық колледжiне;
Арқалық политехникалық колледжiн, Торғай ауыл шаруашылығы колледжiн Торғай аграрлық-техникалық колледжiне;
Оңтүстiк Қазақстан энергетика және бизнес колледжiн, Шымкент политехникалық колледжiн Оңтүстiк Қазақстан политехникалық колледжiне;
Оңтүстiк Қазақстан автомобиль-механика колледжiн, Шымкент агроөнеркәсiп колледжiн Шымкент аграрлық-техникалық колледжiне;
Түркiстан индустриалдық-педагогикалық колледжiн, Түркiстан педагогикалық колледжiн Түркiстан гуманитарлық-техникалық колледжiне қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң:
Атбасар ауыл шаруашылығы колледжiн, Темiр ауыл шаруашылығы колледжiн, Қарағанды дене мәдениетi және спорт колледжiн, Қостанай мәдениет колледжiн, Жетiкөл педагогикалық колледжiн, Павлодар ауыл шаруашылығы колледжiн, Павлодар монтаж колледжiн, Екiбастұз педагогикалық училищесiн, Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру колледжiн, Жетiсай мәдениет колледжiн тарату туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң:
Алматы темiр жол көлiгi колледжiн Алматы көлiк және коммуникациялар колледжi;
Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң политехникалық колледжiн Алматы политехникалық колледжi;
N 1 Алматы педагогикалық колледжiн N 1 Алматы қазақ педагогикалық колледжi;
О.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжiн О.Таңсықбаев атындағы декоративтiк-қолданбалы өнер колледжi;
Ақмола музыка колледжiн Ақмола өнер колледжi;
А.Майкөтов атындағы Ақмола педагогикалық колледжiн А.Майкөтов атындағы Ақмола гуманитарлық колледжi;
Степногор аймақтық колледжiн Степногор гуманитарлық-техникалық колледжi;
Ақмола темiр жол көлiгi және байланыс колледжiн Ақмола көлiк және коммуникациялар колледжi;
Ақтөбе индустриалдық-педагогикалық колледжiн Ақтөбе политехникалық колледжi;
Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру колледжiн Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжi;
Қарқаралы мал дәрiгерлiгi колледжiн Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжi;
Қарағанды кен-механика колледжiн Қарағанды политехникалық колледжi;
Қостанай политехникалық колледжiн Қостанай технологиялық колледжi;
Жетiғара аймақтық колледжiн Жетiғара политехникалық колледжi;
Лисаков аймақтық колледжiн Лисаков техникалық колледжi;
Маңғыстау педагогикалық колледжiн Маңғыстау гуманитарлық колледжi;
Павлодар агроөнеркәсiп колледжiн Павлодар технологиялық
колледжi;
Павлодар темiр жол көлiгi колледжiн Павлодар көлiк және коммуникациялар колледжi;
Красноармейск ауыл шаруашылығы өндiрiсi технологиясы және экономикасы колледжiн Красноармейск аграрлық-техникалық колледжi;
Екiбастұз аймақтық колледжiн Екiбастұз политехникалық колледжi;
Петропавл индустриалдық-педагогикалық колледжiн Петропавл аграрлық-техникалық колледжi;
Талдықорған мал дәрiгерлiгi колледжiн Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжi;
Сарқанд мәдениет колледжiн Сарқанд гуманитарлық колледжi;
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетiсай педагогикалық колледжiн Ғ.Мұратбаев атындағы Жетiсай гуманитарлық колледжi;
Шымкент музыка колледжiн Оңтүстiк Қазақстан музыка колледжi деп қайта атау туралы ұсынысы қабылдансын.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Ақтөбе жоғары темiржол көлiгi және оқу-ғылыми-өндiрiстiк орталығы етiп бөлу жолымен қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.<*>
Ескерту. 4-тармақпен толықтырылды, 4,5,6-тармақтар тиiсiнше
5,6,7-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.08.11.
N 1250
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
қайта ұйымдастырылатын оқу орындарының 1997 жылға арналған шығыстар сметасына өзгертулер енгiзсiн. Аталған өзгерiстер 1997 жылға арналған бюджетте көзделген қаражат шегiнде енгiзiлсiн:
таратылатын және қайта ұйымдастырылатын оқу орындары оқушыларының оқуын аяқтау үшiн жағдай жасау жөнiнде шаралар қабылдасын;
қайта ұйымдастырылған колледждердiң директорларын белгiленген тәртiптен тағайындасын.
6. <*>
Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.20.
N 37
қаулысымен.
7. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасында жоғары және арнаулы орта бiлiмдi жетiлдiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 573 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 171-құжат);
"Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орта арнаулы оқу орындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1601 қаулысы.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi мен Қ.Иассауи атындағы Қазақ-Түрiк университетiне бөлiнген қаражат шегiнде 1997 жылға арналған жоспарлы белгiлеудiң функциялар мен бағдарламалар бөлiгiне қажеттi өзгерiстер енгiзiлсiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.09.30.
N 1391
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi