Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 201 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң қарамағына берiлген қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасының периметрiнен 30 метрдегі аумақтан, сондай-ақ "Жібек жолы" халықаралық өткізу пунктінің ауданындағы 100 метрге дейінгі аумақтан Қазақстан Республикасы азаматтарының көшiрiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.05. N  1198 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 1203821331 (бір миллиард екі жүз үш миллион сегіз жүз жиырма бір мың үш жүз отыз бір) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1220 қаулысымен.

      2. Көрсетiлген қаражат мыналарға бөлiнедi деп белгiленсiн:
      658944650 (алты жүз елу сегіз миллион тоғыз жүз қырық төрт мың алты жүз елу) теңге - жылжымайтын мүлiкке өтемақыға;
      13601200 (он үш миллион алты жүз бiр мың екi жүз) теңге - 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен әрбiр отбасының көлiктiк шығыстарын өтеуге;
      5711585 (бес миллион жетi жүз он бір мың бес жүз сексен бec) теңге - 5 еселенген айлық есептік көрсеткiш есебiнен отбасының әрбiр мүшесiне бір жолғы жәрдемақы төлеуге;
      1713475,5 (бip миллион жетi жүз он үш мың төрт жүз жетпiс бес бүтiн оннан бec) теңге - қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде 3 тәулiкке арналған есеппен отбасының әрбiр мүшесiне тәуліктік шығыстарына ақы төлеуге;
      220398432 (екi жүз жиырма миллион үш жүз тоқсан сегiз мың төрт жүз отыз екi) теңге - жылжымайтын мүлiктiң бағалау құны Оңтүстiк Қазақстан облысында басқа тұрғын үй сатып алуға немесе салуға мүмкiндiк бермейтiн отбасыларына тұрғын үй салуға;
      303451988,5 (үш жүз үш миллион төрт жүз елу бір мың тоғыз жүз сексен сегіз бүтін оннан бес) теңге - коммерциялық объектiлерге өтемақыға.
      Айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi 2004 жылдың көрсеткiшiне сәйкес есептелсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.05. N  1198 , 2005.12.09. N  1220 қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады