Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 201 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1198 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 201  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі "аумақтан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ "Жібек жолы" халықаралық өткізу пунктінің ауданындағы 100 метрге дейінгі аумақтан" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      екінші абзацта "711904353 (жеті жүз он бір миллион тоғыз жүз төрт мың үш жүз елу үш)" деген сөздер "694944650 (алты жүз тоқсан төрт миллион тоғыз жүз қырық төрт мың алты жүз елу)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта "286492285,5 (екі жүз сексен алты миллион төрт жүз тоқсан екі мың екі жүз сексен бес бүтін оннан бес)" деген сөздер "303451988,5 (үш жүз үш миллион төрт жүз елу бір мың тоғыз жүз сексен сегіз бүтін оннан бес)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады