Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 215 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
N 215 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi N 837 қаулысында :

      "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "МЖЗҚ" ЖАҚ)" деген сөздер "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2, 3-тармақтар алынып тасталсын.

      3. (3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен).

      4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26. N 633 Қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады