"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 268 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасының
Заңы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру
мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы"

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 ж. 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат):

      1) мәтiн бойынша "барлық меншік нысанындағы" деген сөздер "меншiк нысанына қарамастан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағындағы "жергiлiкті өзін-өзі басқару органдарына," деген сөздер алынып тасталсын;

      3) 4-бапта:
      екiншi бөлік "жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарына," деген сөздер алынып тасталсын, "өзін-өзі басқару органдары," деген сөздерден кейін "меншік нысанына қарамастан" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiк алынып тасталсын;

      4) 5-баптың бiрiншi бөлігінде "жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарына," деген сөздер алынып тасталсын;

      5) 10-бапта:
      екiншi бөлік алынып тасталсын;
      төртінші бөліктегі "Азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 16-баптың 1-тармағы біріншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "меншік нысанына қарамастан ұйымдарда - азаматтық қорғаныс саласындағы мiндеттердi шешуге арнайы уәкілеттік берiлген, бiрiншi басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлiмшелер (жеке қызметкерлер).";

      7) 19-баптың бiрiншi бөлiгін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қалалар мен шаруашылық объектiлерiнiң санаттандырылу дәрежесiне қарай Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемi мен мазмұнын бекітеді;";

      8) 20-баптың екiнші абзацындағы "әскери комиссариаттар" деген сөздер "жергiлiктi әскери басқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 21-баптың тоғызыншы абзацындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 ж. 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 155-құжат):

      1) тақырыбындағы "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) кiріспедегi "мемлекеттік өкімет органдарының, орталық, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мәтiн бойынша:
      "әскери комиссариаттарға", "әскери комиссариаттар", "әскери комиссариаттың", "әскери комиссардың" деген сөздер тиісінше "жергілiктi әскери басқару органдарына", "жергiлiктi әскери басқару органдары", "жергiлiктi әскери басқару органдарының", "жергілікті әскери басқару органы басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытында", "соғыс уақытында", "жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру кезеңінде", "жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытында", "жұмылдыру бойынша және соғыс уақытына", "жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында", "жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында", "жұмылдырудың жариялануына байланысты және соғыс уақытында", "жұмылдыруға" деген сөздер тиiсiнше "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында", "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына", "жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытына", "жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында", "жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiне және соғыс уақытына", "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында", "жұмылдырудың, соғыс жағдайының жариялануына байланысты және соғыс уақытында", "жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      жұмылдыру дайындығы - бейбіт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi тұрақты басқаруға бағытталған iс-шаралар кешенi, ел экономикасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және халқының қажеттілiктерін қамтамасыз етуге, елді қарулы қорғауға және оның қорғанысына, әкімшілік-аумақтық бiрлiктердiң жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге ұйымдастырылған көшуi;
      жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiрумен байланысты жалпы мемлекеттiк шаралар кешенi;
      жұмылдыру тапсырмасы - мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында мемлекеттiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма;
      жұмылдыру тапсырысы - ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурасы, саны және сапасы бар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiруге, арнаулы құрамаларды құруға мемлекеттiк тапсырыс;
      жұмылдыру қуаттары - жұмылдыру тапсырыстарын ғана орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама;
      Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскер құрамаларды жұмылдыра өрiстету, жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарын орындау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында жұмыс iстеу режимiне көшiру жөнiндегi шараларды, сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын iске асыруға бағытталған iс-шаралар жоспары;
      жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшiн қажет және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстік қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар қоры, сондай-ақ арнайы құрамалардың материалдық-техникалық құралдары;
      жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi уәкiлеттi орган - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";

      5) 3-баптың 1) тармақшасындағы "дайындығы мен жұмылдыруды" деген сөздер "дайындығын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 4-бапта:
      3) тармақша "жұмылдыруға" деген сөзден кейiн ", соғыс жағдайына және соғыс уақытына" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша "тұрған" деген сөзден кейiн "әскери мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердiң, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзірлеу;";
      9) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскер құрамаларының жұмылдыру жоспарларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң және ұйымдарының жұмылдыру жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы "жұмылдырудың және мемлекеттiк резервтің азаймайтын запасының" деген сөздер "мемлекеттiк материалдық резервтiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшiру;";
      мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;
      19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау;
      20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
      21) Азаматтық қорғаныс iс-шараларын жүргiзу;
      22) жұмылдыру iс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.";

      7) 5-бапта:
      4) тармақшада:
      "нормативтік" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "мемлекеттік өкiмет органдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын бекiтедi;
      4-2) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру тәртiбiн айқындайды;
      4-3) жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау тәртiбiн белгiлейдi;
      4-4) жұмылдыру туралы жариялау ережесiн бекiтедi;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) соғыс уақытында мемлекеттiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;";
      7) тармақша "бойынша" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 7-бапта:
      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметiн ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын ұсынады;
      3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлеудi және орындауды ұйымдастырады;
      4) ұйымдардың Жұмылдыру жоспарында белгiленген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртiбiн белгiлейдi;";
      7) тармақша "жұмылдырудың" деген сөздiң алдынан "жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейiнiн өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырмаларын, тапсырыстарын тоқтату, беру тәртiбін айқындайды;
      7-2) соғыс уақытындағы кедендік бақылау туралы ережені бекітедi;
      7-3) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекiтедi;
      7-4) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртiбiн бекітедi;";
      10) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
      14) тармақша ", аумақтарды жедел жабдықтау және азаматтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақшада:
      "жұмылдыру резервi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "материалдық" деген сөзбен толықтырылсын;
      19) тармақшасы алынып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы
                уәкiлеттi органның өкiлеттігі
      Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен әзірлейдi, мемлекеттік органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрліктердің жұмылдыру жоспарларын келiседi;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемi жөнiндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
      3) мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметiн үйлестiредi;
      4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулер мен әдiстемелiк қамтамасыз етудi, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      5) банкрот болған, таратылған, жұмыс бейiнi өзгертiлген жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарынан, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарынан босату туралы ұсыныстарды Үкiметке енгiзедi;
      6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады.";

      10) 8-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы жөнiндегі iс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнiнде ұсыныстар енгізедi;";
      3) тармақшадағы "шараларын" деген сөз "тапсырыстарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, таратылған, жұмыс бейiнiн өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстары мен жұмылдыру қуаттарынан босату туралы ұсыныстар енгiзедi;";
      4) тармақшадағы "экономиканы" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) өз құзыретi шегiнде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлеуге қатысады;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдырылған дайындық жүйесi мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;";

      11) 9-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегінде басқару органдары мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшiру жөнiндегi iс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;";
      3-тармақтың 6) тармақшасы "тұрған" деген сөзден кейiн "әскери мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 10-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақшада:
      "жұмсалған шығындарды кейiн өндiре отырып," деген сөздер "олардың құнын заңнамалық актілерде белгiленген тәртiппен кейiн өндiре отырып, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жұмылдыру жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) жұмылдыру дайындығы жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн арнаулы құрамалар ұстайды;";
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi уәкiлеттi органға, орталық атқарушы органдардың жұмылдыру органдарына мемлекеттің қорғанысқа қабілетін қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпаратты табыс етуге мiндеттi.";

      13) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жұмылдыру бойынша шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшiсiнiң құқықтарын пайдаланады.";
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "оларға келтiрілген залалды" деген сөздер ", олардың құнын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 13-бапта:
      1-тармақта "мемлекеттiк өкімет органдары, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар аппараттарында" деген сөздер "мемлекеттік органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жұмылдыру тапсырмалары (тапсырыстары) бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бірiншi басшылары жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне (бөлімшелерiне немесе жекелеген қызметкерлеріне) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздерiне жүктелген міндеттердi орындауы үшiн қажетті жағдайлар жасайды.";

      15) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "16-бап. Жұмылдыру резервін пайдалану
      Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытында ғана пайдаланылады.";

      16) 17-бапта тақырыбы мен 1 және 2-тармақтардағы "Азаматтарды" деген сөздiң алдынан "Әскери мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 18-бапта:
      тақырыбы мен мәтіні "Азаматтарды" деген сөздiң алдынан "Әскери мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "кейіннен" деген сөзден кейiн "соғыс жағдайы енгiзiлген кездегі және" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 20-бапта:
      "әскери мекемелер жөнiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      "шаруашылық" деген сөз "экономикалық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 ж. 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 20, 378-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 139-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) тармақшадағы "ауыстыру," деген сөз алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттiк резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, iзгiлiк көмек көрсетуге және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар қоры;";
      5) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақшада:
      "қажет өнiм" деген сөздер "қажет тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және көлемiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшiн қажет және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулі номенклатура бойынша материалдық құндылықтар қоры, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) сақтау нормативтерi - мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөнiндегi техникалық нормативтер мен талаптар;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) операция жасау - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзiп бepу, қайта орналастыру, сақтау және шығару;";
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеудi және түсiрудi қоса алғанда, материалдық құндылықтарды сақтаудың бiр пунктiнен екiншi пунктiне материалдық құндылықтарды тасымалдау;";
      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - меншiк нысанына қарамастан, шарт негiзiнде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтаумен байланысты қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      13) броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейіннен қайта салмай мемлекеттік резервтен шығару немесе оларды кәдеге жарату (жою);";
      14) тармақшадағы "республикалық бюджет қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған рәсiмдер негізінде немесе уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен тендерлiк негiзде материалдық құндылықтарды сатудан алынған қаражат" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған рәсімдер негiзiнде республикалық бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бапта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік резервi" деген сөздер "Мемлекеттік резерв" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;";

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Мемлекеттік резерв жүйесi
      Бiрiңғай мемлекеттiк резерв жүйесiн уәкiлеттi орган және оған бағынысты ұйымдар жасайды.";

      4) 5-бапта:
      3) тармақшадағы "органдарының" деген сөз алынып тасталсын;
      7), 9) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
      11) тармақшадағы "жұмылдыру резервін" деген сөздер "мемлекеттiк резервті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-баптың бiрiншi абзацы "өз құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 7-бапта:
      1) тармақшадағы "алмастыру" деген сөз "қайта орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "нормалары" деген сөз "нормативтері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "сатып алу" деген сөздер "қалыптастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "және алмастыру" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) мемлекеттiк резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері бейінін өзгерткен, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайта орналастыру туралы шешім қабылдайды;";
      7), 8) және 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi уәкiлеттi органмен және қорғаныс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнiң тiзбесiн қалыптастырады және бекiтеді;
      8) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады;
      9) орналастыруды, оларды сан және сапа жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды; сақтау пункттерiнде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексеру (ревизия) жүргiзу туралы шешiмдер қабылдайды; тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын заңнамада белгiленген тәртiппен тексеру (ревизия) жүргiзуге тартады; мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексерудiң (ревизияның) материалдарын құқық қорғау органдарына жiбереді.";

      7) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк резерв жүйесiн ұстауға және дамытуға, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";

      8) 9-баптың 1-тармағындағы "орналасқан" деген сөз "сақталған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қоры
      Мемлекеттiк резерв құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры жасалады. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаған кезде жаңарту мақсатында мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қорының көлемiн ұлғайтуға жол берiледi.";

      10) 11-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке жеткiзiп беруге тапсырыстар оларды жеткiзiп берушiлер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен орналастырылады.
      2. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзiп беруге уәкiлетті орган тапсырыс берушi болады.";

      11) 12-бапта:
      1-тармақта:
      "ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда" деген сөздер "уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орналастырылады және" деген сөздер алынып тасталсын;
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;

      12) 13-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "және ауыстыруға" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "уақытша" деген сөз алынып тасталсын;
      4), 5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту, броньнан шығару тәртiбiмен шығару Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервтен шығарған кезде оларды сатудан алынған қаражат республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледі.";
      11-тармақтағы "алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiн қоса алғанда, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 90 күн iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады