"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 513 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына табиғи монополия субъектісiнiң реттеліп
көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және
      тарифтiк сметаларды бекiту мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

       1-бап. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай  өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) 4-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "және (немесе) жылу" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегі;";

      2) 14-баптың 1-тармағының 14) тармақшасында және 2-тармағының 12) тармақшасында "алты айға" деген сөздер "осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-бапта:
      2-тармақтың бірiншi бөлiгiндегi "алпыс" деген сөз "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "қырық бec" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 17-баптың 1-1-тармағының екiншi бөлігінде 1) және 2) тармақшалардағы "түбегейлi" деген сөз алынып тасталсын;

      5) 18-бапта:
      2-тармақта:
      "түпкiлiктi шешiм" деген сөздер "шешiм" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "15" деген сандар "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "екi тоқсанда" деген сөздер "осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жаңа тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) және тарифтiк сметалардың қолданысқа енгiзiлуi тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";
      4-тармақтағы "10" деген сан "жиырма бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың үшiнші бөлiгi "(бағаларды, алым ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады