Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат):
266-бапта:
тақырып "қызметпен," деген сөзден кейiн "халықтық медицинамен (емшілiкпен)" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiмнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтiң таңдап алынған түрiне лицензиясы жоқ адамның жекеше медициналық практикамен, халықтық медицинамен (емшілiкпен) немесе заңда белгiленген тәртiппен берілген тиiстi құжатсыз жекеше фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқса,-".
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2005 жылғы 28 сәуiрде және "Казахстанская правда" газетiнде 2005 жылғы 21 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мүгедектердi әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы ; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2005 жылғы 28 сәуiрде және "Казахстанская правда" газетiнде 2005 жылғы 23 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңы ; "Егемен Қазақстан" газетінде 2005 жылғы 18 мамырда және "Казахстанская правда" газетiнде 2005 жылғы 11 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне инвестиция мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы Заңы ):
1) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"85-бап. Тәртiпті сақтамау және медициналық көмектi
сапасыз көрсету
1. Медицина қызметкерi кәсiптiк мiндеттерiн орындамаса немесе тиiстi деңгейде орындамаса, тәртiпті сақтамау және медициналық көмектi сапасыз көрсету, егер мұндай iстерде қылмыстық-жазалау қылмыс белгiлерi болмаса, онда - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштің беске дейінгі мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға - он беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Медициналық көмек көрсету тәртiп бұзылса, егер ол денсаулыққа орта дәрежеде немесе зиян келтiретiн деп қалуы мүмкiн болса, онда-
жеке тұлғаларға онға дейінгі, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, iрi бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгi айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілеттi орган бекiткен медициналық көмек көрсетудiң стандарттарын сақтамаған жағдайда, егер мұндай әрекеттердiң қылмыстық-жазалау белгiлерi болмаса, онда-
жеке тұлғаларға онға дейiнгi, шағын және орта кәсіпкерлік субъектiлерi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi, ірі бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 322-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"322-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет
1. Қызметтің осы түріне сертификаты, лицензиясы жоқ адамның жекеше медициналық практикамен немесе жеке фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсіпкерлiк субъектілерi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға он беске дейiнгі мөлшерiнде, ірі бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемін көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны медицина қызметкерiнiң ақылы негiзде көрсетуi, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға - отызға дейiнгі мөлшерiнде, ірі бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза қолданғаннан кейiнгi бiр жылдың ішінде осы баптың бiрiншi және екiншi тармақтарында көзделген әрекеттердi қайталап жасау, -
маман сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгі мөлшерiнде, iрi бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған кiрiстерi тәркілене отырып, айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Емшiнiң тиістi дипломы немесе заңда белгіленген тәртiппен берiлген арнайы рұқсаты бар адамның бұқаралық емдеу сеанстарын, оның iшiнде - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткiзуi, -
емшiнiң тиiсті дипломын немесе заңда белгiленген тәртiппен берiлген арнайы рұқсатты қайтарып ала отырып, айлық есептiк көрсеткіштiң бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 324-бапта:
бiрiншi бөлiмнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жетпiске дейiнгі мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлік субъектiсi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектісi болып табылатын заңды тұлғаларға oның қызметiн тоқтата тұрып, бiр мыңға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екiншi бөлiмнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлік субъектiсi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаларға оның қызметiн тоқтата тұрып, құқық бұзушылықтың тiкелей объектілерiн және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кiрiстердi тәркілей отырып, бiр мың бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
үшiншi бөлiмнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаларға, құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерiн және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кiрiстердi тәркілей отырып, сондай-ақ оның қызметiне тыйым сала отырып, екi мыңға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 541-баптың бiрiншi бөлiмiнде:
"80-86" деген сандар "80-84, 86" деген сандармен толықтырылсын;
"318-322" деген сандар "318-321, 322 (үшіншi және төртiншi бөлiмдермен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 557-2-баппен толықтырылсын:
"557-2-бап. Медициналық қызметтiң сапасын бақылау
жөнiндегі мемлекеттік орган
1. Медициналық қызметтің сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өзiнiң құзыреті шегiнде осы Кодекстің 85, 322 (бiрiншi және екiншi тармақтар) баптарында көзделген әкiмшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшілік жазалар қолдануға медициналық қызмет көрсету саласында бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының және оның орынбасарларының, аумақтық бөлiмшелер басшыларының және олардың орынбасарларының құқығы бар.".
6) 636-баптың бiрiншi тарауының 1) тармақшасының оныншы абзацында:
"85" деген сан алынып тасталсын;
"322" деген саннан кейiн "(үшiншi және төртiншi тармақтармен)" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжатттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат):
9-бапта:
1-тармақтың 28) тармақшасында "дайындау" сөзi алынып тасталсын;
25-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлiммен толықтырылсын:
"Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган жүзеге асырады.".
4. "Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 140-құжат):
1) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) ауылдық жерлерде үш жыл бойы жұмыс iстеу шартымен мамандарды даярлау үшiн мемлекеттік бiлiм беру гранттарының шеңберiнде квота белгілейдi;";
2) 30-бапта:
3-3) тармақша мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: ", медициналық және фармацевтикалық білiм берудiң типтік (базистік) оқу бағдарламалары және оқу жоспарларын қоспағанда";
4) тармақша мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда,";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) денсаулық сақтау кадрларының білiктілігін арттыру және қайта даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты қоспағанда, бюджеттiк қаражаттар есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастырады;";
19) тармақша мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: ", денсаулық сақтаудың медициналық және фармацевтикалық ұйымдарын қоспағанда".
5. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 24, 149-құжат):
8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде алдын алу және мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiсті адамдардың осы тексерулерден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету.".
6. "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат):
3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлiммен толықтырылсын:
"Қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерiнен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратын, емдеуден epiкті түрде жазбаша бас тартқан азаматтарға соттың шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, ол үшiн түзету мекемесiнiң әкімшілігі босатқанға дейiн бір ай бұрын материалды сотқа жолдайды.".
7. "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 24, 144-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы: "және ауылдық жерлерге жұмыс iстеу үшiн жiберiлген медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерлерiн айқындау." деген сөздермен толықтырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
"14-2) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асырады;";
3) 31-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы: "және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуге ықпал етедi.".
8. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 15-16, 226-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
18-баптың 1-тармағының 4-1) және 8) тармақшалары ", денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат):
10-баптың 3-тармағы 3-бөлiмнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"Дәрілік заттарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бір орталық арқылы сатып алған жағдайда конкурсты ұйымдастырушылар болып денсаулық сақтаудың жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) белгiленедi. Вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен бip орталық арқылы сатып алу кезiнде конкурсты ұйымдастырушылар болып жергiлiктi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгiленедi.".
10. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2005 жылғы 28 сәуiрде және "Казахстанская правда" газетiнде 2005 жылғы 23 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегі Заңы ):
1) бүкiл мәтiн бойынша:
"қадағалау" және "қадағалауды" деген сөздер "бақылау" және "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлетті орган", "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлетті органның" және "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органды" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган", "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның" және "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленетiн, азаматтардың денсаулығын сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызмет, медициналық және фармацевтикалық ғылым және бiлiм сапасын бақылау жөнiндегi саланы мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
3) 6-бапта:
1) тармақшада "әзiрлейдi" деген сөз "айқындайды" деген сөзбен ауыстырылсын:
мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) халықтың пайдалануына және қолдануына, сондай-ақ шаруашылық қызметке арналған өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу тәртiбiн айқындайды;
10) алдын алу егулерi жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзудiң тәртiбiн, мерзiмдерiн және жоспарлы егiлуге жататын халықтың топтарын айқындайды;
11) шектеу іс-шараларын, оның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
12) пайда болу және таралу қаупi туындаған кезде шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлетін жұқпалы аурулардың тiзбесiн белгiлейдi.";
4) 7-бапта:
1) тармақшада "жүргiзедi" деген сөз "әзiрлейдi және iске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40) тармақшалармен толықтырылсын:
"32) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерiн аралаудың еселілігін белгілейдi;
33) актілердiң, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау мен бекiтудің тәртiбiн бекiтедi;
34) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi келiседi;
35) адамның денсаулығына зиянын тигiзетiн заттардың жекелеген өнiмдерiн мемлекеттік тiркеу тәртiбiн белгілейдi;
36) халықтың декреттелген топтарын мiндетті медициналық тексеруден өткiзудiң және оларға жұмыс iстеуге рұқсат берудiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгін белгілейдi;
37) зиянды өндiрiстік факторлардың, алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексерулер мiндетті болатын кәсiптердiң тiзбесiн белгiлейдi;
38) медициналық құжаттарды берудiң, есепке алудың және жүргізудiң тәртiбiн айқындайды;
39) аурулар мен уланудың көрсетілген жағдайларын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзудiң, сондай-ақ олар бойынша есеп жүргiзудiң тәртібiн белгілейдi;
40) адамдардың жұқпалы, паразитарлық, кәсiби аурулары мен улану жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тергеу тәртiбiн белгілейді.";
5) 7-1-баптың тақырыбында және бiрiншi абзацында "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" деген сөздер "денсаулық сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
11) тармақшада "қатысады" деген сөз "бойынша ұсыныстар енгiзедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшада "бағдарламаларды iске асыруға қатысады" деген сөздер "өңірлік бағдарламаларды iске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшада "жүргізуге қатысады" деген сөздер "жүргiзудi ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізедi";
7) 16-баптың 4-тармағында "өнiмдер," деген сөзден кейiн "тiркелген және" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) дәрiгерлiк қызмет - тиiстi сертификаты, жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметі;
1-2) тегін медициналық көмектiң кепiлдi көлемi - Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтiң тiзбесi бойынша бiрыңғай медициналық көмектiң көлемi;";
"2-1) медициналық көмектiң сапасы - көрсетiлетiн медициналық көмектiң уәкiлетті орган бекiткен және қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесi мен нақты медициналық ұйымның нақты жағдайларында медициналық ғылым мен технологияның дамуының қазiргі заманғы деңгейiнiң негiзінде белгiленген стандарттарға сәйкестiк мөлшерi;";
4) және 6) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:
"4) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызмет кешенi;";
"6) медициналық қызмет - бұл медицина қызметкерлерінің нақты адамға қатысты алдын алуға, диагностикалауға, емдеуге немесе оңалтуға бағытталған iс-қимылы;";
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) бейiн маманы - клиникалық бейiндегі белгілі мамандығы бойынша сертификаты, жоғары медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерi;
6-2) алдын алу - салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, аурулардың туындауын (және олардың күшеюiн) болдырмауға бағытталған медициналық қызмет кешенi;
6-3) диагностика - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызмет кешенi;
6-4) емдеу - ауруларды жоюға және уақытша тоқтатуға, сондай-ақ олардың күшеюiн болдырмауға бағытталған медициналық қызмет кешенi;
6-5) медициналық оңалту - организмдi сақтауға, айырылған функциясын ішінара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызмет кешенi.";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленетiн, азаматтардың денсаулығын сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, дәрiлік заттар айналымы, медициналық қызмет, медициналық және фармацевтикалық ғылым және бiлiм сапасын бақылау жөнiндегi саланы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеу - жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен тегін медициналық көмектің кепiлдік берiлген көлемiн көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алу үшiн денсаулық сақтау субъектiлерiнің мәртебесi мен құқықтарын айқындау және медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық қызметті ұсыну рәсiмі.";
2) 3-баптың 2-тармағында:
2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) дәрілік заттардың тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;";
4) тармақша "медициналық" деген сөзден кейiн "және фармацевтикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Жеке меншiк нысанындағы денсаулық сақтау субъектiлерiнiң мемлекеттiк медициналық ұйымдардағы қызметiне тыйым салынады.";
4) 5-баптың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
5) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн бекiтедi;
3-2) медициналық көмектiң сапасын бақылау тәртiбiн бекiтедi;";
8) тармақша алынып тасталсын;
6) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның iшiнде бiлiм беру және ғылым ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және одан босатады;
2-2) медициналық және фармацевтикалық білiм берудiң үлгілiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
2-3) медициналық және фармацевтикалық білiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттарын бекiтедi;";
6) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейiн "мен есепке алу-есеп беру құжаттамаларының нысандарын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) фармацевтикалық қызмет объектiлерi басшыларының кәсiби құзыретiне арналған кезеңдiк аттестаттауды жүргiзедi;";
"11-1) медициналық қызмет жарнамаларының ережесiн әзiрлейдi;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау жүйесiндегі есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты өндiру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, iске асыру, пайдалану, жою қызметтерiн лицензиялауды;";
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) меншiк нысанына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарын, сондай-ақ орта медициналық және фармацевтикалық бiлiмнiң білiм беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
14-2) меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастырады және жүргізедi;
15) тармақшадағы "емдік препараттарды (малдың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерін өcipу, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату" деген сөздер алынып тасталсын;
16) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу тәртiбiн белгілейдi;";
18) тармақша алынып тасталсын;
19) тармақшада "дәрiгерлiк лауазымдар және" деген сөздер "және медициналық және фармацевтикалық білiктілiк сипаттамаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21-1) медицина кадрлары үшiн бiрiншi және жоғары бiлiктiлiк санатын, фармацевтика кадрлары үшiн барлық бiлiктiлiк санаттарын беру емтихандарын өткізеді;";
мынадай мазмұндағы 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"21-2) медицина және фармацевтика кадрлардың білiктiлiгі арттыру және қайта даярлау тәртiбiн, сондай-ақ оларды осы мақсатта шетелге жiберу тәртiбiн белгілейдi;
21-3) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар мамандарды даярлау, медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар мамандарды кәсiби құзыреттiлiкке аттестаттау тәртібін белгілейдi;";
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
26-1) тәуелсіз сараптама жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және әртүрлі бейін мамандарының санынан тәуелсiз сарапшылардың деректер жинақтамасын қалыптастырады;
26-2) медициналық қызметті қолдануды есепке алуды дербестендiру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
26-3) конкурстық негiзде бюджеттік қаражаттар есебiнен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттiк білiм беру тапсырысын орналастырады;
26-4) конкурстық негізде денсаулық сақтау кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
"29) денсаулық сақтау субъектілерiн аккредиттеудi жүргiзедi және аккредиттеу критерийлерін әзiрлейдi;";
7) 8-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамсыз етудi ұйымдастырады;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары қызметiн үйлестіредi;";
11-1) тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату;";
8) 9-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) фармацевтикалық қызмет объектілерi басшыларын қоспағанда, медициналық қызметтi жүзеге асыратын мамандарды кәсiби құзыреттілігіне аттестаттаудан өткізу;";
9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеу
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алу үшін денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган жүргiзеді.";
10) мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1-бап. Медицина сарапшыларын аккредиттеу
Медицина сарапшыларын аккредиттеуді тәуелсiз сарапшылардың деректер жиынтығын қалыптастыру және кейiннен оларды белгiленген тәртiппен тәуелсiз сараптама жүргiзуге тарту мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган өткiзедi.
Тәуелсіз сарапшылардың деректер жиынтығы - тәуелсiз сараптамаға оларды тарту үшiн тиiстi мәртебесi мен құқықтылығы бар медицина қызметкерлерiнің тiзiлiмi.";
11) 14-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;";
12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген
көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын
қаржыландыру нысандары
Тегін медициналық көмектiң кепілдендiрілген көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мынадай нысандарда:
мемлекеттік медициналық мекемелер жеке қаржыландыру жоспары бойынша;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негізде;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн және тiркелген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.";
13) 19-бапта:
тақырыбы мен бiрiншi абзац "медициналық" деген сөзден кейiн "және фармацевтикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Денсаулық сақтау жүйесiнің мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгі және қосымша түрлерi құрылтайшылық құжаттарға сәйкес белгіленедi.";
14) 20-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;";
3-тармақтың 3) тармақшасында "денсаулық сақтау ұйымдары" деген сөздер "медициналық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек
1. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек - алдын aлу мақсатында, сондай-ақ дәрiгердiң қатысуымен диагностиканың, емдеу мен оңалтудың әдiстерiн пайдалануды талап етпейтін аурулар кезiнде орта медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн көмек.
2. Дәрiгерге дейінгі медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган белгiлейдi.";
16) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бiлiктi медициналық көмек - ауырған кезде жоғары медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн диагностиканың, емдеу мен оңалтудың мамандандырылған әдiстерiн талап етпейтiн медициналық көмек.";
17) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мамандандырылған медициналық көмек - ауырған кезде бейiн мамандары көрсететін диагностиканың, емдеу мен оңалтудың арнайы әдiстерiн қажет ететiн медициналық көмек.";
18) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек -денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган белгiлеген медициналық ұйымдарда ауырған кезiнде бейін мамандары көрсететiн диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін медициналық көмек.";
19) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары
Медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетілуi мүмкiн:
1) жедел медициналық көмек;
2) амбулаториялық-емханалық көмек;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек;
3) стационарлық көмек;
4) стационарды алмастыратын көмек;
санаторий-курорттық емдеу.";
20) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа айтарлықтары зиянды болдырмау немесе өмiрге төнген қатерді жою үшiн аса шұғыл медициналық көмектi талап ететiн аурулар мен жағдайлар туындаған кездегi медициналық көмектi ұсыну нысаны.";
21) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Амбулаториялық-емханалық көмек
1. Амбулаториялық-емханалық көмек - тәулiктiк медициналық бақылаусыз бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмектi ұсыну нысаны.
2. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың қызметi азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың тұрғылықты және/немесе тiркелген жерi бойынша медициналық ұйымды еркiн таңдау құқығы ескерiле отырып, аумақтық принцип бойынша құрылады. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау субъектілерi қызметінің көлемi уәкілетті орган белгiлеген нормативтерге сәйкес айқындалады.";
22) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2-баптармен толықтырылсын:
"28-1-бап. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек - адам, отбасы мен қоғам дейiнде көрсетiлетiн, қолжетiмдi медициналық қызметтер көрсету кешенiн қамтитын амбулаториялық-емханалық нысанда ұсынылатын дәрiгерге дейiнгі немесе бiлiктi медициналық көмек және оған:
1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасы және емдеу, сондай-ақ жарақаттану, улану және кешеуілдетуге болмайтын басқа да жағдайлар;
2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы iс-шаралар және аурулардың aлдын алу;
3) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, отбасын, ананы, әкенi және баланы қорғау;
4) халықтың сумен қамтылу қауiпсiздiгi және кенеулi тамақтануы жөнiндегі түсiнiк жұмыстары кiредi.
2. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi мынадай мамандар: учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрiгерлерi, фельдшерлер, акушеркалар, жеке үй-жайлары жоқ медицина қызметкерлерi көрсетедi.
3. Көрсету тәртiбiн, сондай-ақ азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тiркеу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган белгiлейдi.
4. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілiктi мемлекеттiк басқару органы жүзеге асырады.
28-2-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек
1. Консультациялық-диагностикалық көмек - амбулаториялық-емханалық нысанда ұсынылатын мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейдi.";
23) 29-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Стационарлық көмек - тәулiктiк медициналық бақылау арқылы бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектi ұсыну нысаны.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Тегiн медициналық көмектің кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiндегi стационарлық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шегінде (шектелген көлемдерi) көрсетіледi.";
24) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Стационарды алмастыратын көмек - бiр күннiң ішінде ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейiн болатын медициналық бақылауы бар дәрiгерге дейiнгi, білiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектi ұсыну нысаны.";
25) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Санаторий-курорттық емдеу - табиғи-климаттық, физиотерапиялық және басқа да емдеу факторларын пайдалана отырып, алдын алу және оңалту жөнiндегі медициналық көмектi ұсыну нысаны.";
26) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
"32-1-бап. Салауатты өмiр салтын насихаттау
Салауатты өмiр салтын насихаттау медициналық қызмет көрсету түрi болып табылады және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу және азаматтардың салауатты өмiрiмен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерiнде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, оқыту және гигиеналық тәрбиелеу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды қамтиды.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның үйлестiру және әдiстемелiк басшылығы кезiнде салауатты өмiр салтын насихаттауды меншiк нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерi қамтамасыз етедi.
Салауатты өмiр салтын насихаттау, аурулардың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту жөнiндегi iс-шараларды басқа мүдделi министрлiктермен, халықаралық ұйымдармен бiрлесе отырып, қоғамдық, үкiметi емес ұйымдардың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өткізедi.";
27) 33-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiмде "денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган беретiн" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi бөлiмде "денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) мынадай мазмұндағы 34-1 баппен толықтырылсын:
"34-1-бап. Денсаулық сақтау жүйесіндегi мемлекеттік
мекемелердiң ақылы қызмет көрсету тәртiбi
1. Ақылы қызметтi санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелерi, денсаулық сақтау жүйесінiң сот сараптама органдары, лепрозорийлер көрсетедi.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелерi, денсаулық сақтау жүйесiнiң сот сараптама органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынған, тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкiметінiң белгілеген тәртiбiмен пайдаланылады.";
29) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру
34-2-бап. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасында халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсетудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган, облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) мемлекеттiк денсаулық сақтауды басқару органдары, меншiк нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары және денсаулық сақтау жүйесiне кіретін жеке медициналық практикамен шұғылданатын жеке тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен шұғылданатын жеке тұлғалар:
1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетудi;
2) диагностиканың, алдын алу мен емдеудiң әдiстерiн, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган рұқсат берген дәрілік заттарды қолдануды;
3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа дайындықты;
4) айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың, сондай-ақ кәсiптiк аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөнiндегі алдын алу медициналық iс-шараларын өткiзудi;
5) азаматтарға медициналық көмектiң нысандары мен түрлерi туралы тегiн, жедел және нақты ақпарат ұсынуды;
6) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтауды;
7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен сабақтастықты;
8) салауатты өмiр салтын насихаттауды және халықты санитарлық-гигиеналық тәрбиелеуді;
9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргiзудi, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган мен мемлекеттiк статистика белгiлеген нысандар, түрлер, көлем, тәртiп пен мерзiмдер бойынша есептер тапсыруды;
10) венерологиялық аурулармен, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулездің жұқпалы түрімен, алапеспен, микроспориямен, трихофитиямен, қышымамен және басқа да жұқпалы аурулармен ауыру, улану, айналасындағылар үшiн қауіп төндiретiн психикалық және мiнез-құлықтық бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиiсті мемлекеттік органдарға, ал жаңа алынған жарақаттар, қылмыстық түсiктер, сондай-ақ айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулар туралы iшкi iстер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге мiндетті.";
30) 35-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) медициналық қызметтiң сапасын сараптау;";
3) тармақша алынып тасталсын;
31) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Медициналық қызмет сапасының сараптамасы
1. Медициналық қызмет сапасының сараптамасы - медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың емдеу-алдын алу қызметінiң деңгейi мен сапасы жөнiнде қорытынды жасау үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық iс-шаралардың жиынтығы.
2. Медициналық қызмет сапасының сараптамасын денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган жүргізедi.
Медициналық қызмет сапасының сараптамасына:
1) көрсетілетін медициналық көмектiң көлемi мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерiнiң негiздiлігін анықтау;
2) медицина қызметкерлерінің бiлiктiлiк деңгейiнің салалық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау;
3) медициналық қондырғылармен жабдықталудың белгiленген нормативтерге сәйкестігін анықтау;
4) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
5) азаматтардың көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтердiң деңгейi мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау;
6) лицензиямен белгiленген медициналық көмектiң түрлерінің сәйкестігiн анықтау;
7) сапасыз медициналық қызметтiң себептерiн айқындау, оларды жою және медициналық көмек көрсетудi жетілдiру жөнiндегi шараларды қабылдау жөнiндегi ұсыныстарды енгізу кiредi.
3. Медициналық қызмет сапасының сараптамасын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейдi.
4. Медициналық қызмет сапасы сараптамасының қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.
32) 38-бап алынып тасталсын;
33) 40-баптың 1-тармағы "сот сараптамасы органдары, сондай-ақ "Cот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көрсетілген адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 42-баптың 1-тармағында:
"биологиялық" деген сөзден кейiн "клиникаға дейінгі" деген сөзбен толықтырылсын;
"зерттеулер" деген сөзден кейін "биоэвиваленттілiгiн белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
35) 44-бапта:
1-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасында "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
36) 45-бапта:
2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
37) 47-бапта:
1-тармақта "айқындауды" деген сөз "қалыптастыруды" деген сөзбен алмастырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылады.";
38) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Маманның тиiсті сертификаты жоқ, сондай-ақ оны қолдану мерзiмi бiткен жағдайда жеке тұлғалардың дәрiгерлік қызметпен шұғылдануына тыйым салынады.";
39) 51-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"жоғары сапалық деңгейде кәсiби міндеттерін орындағандығы үшiн көтермелеу;";
3-тармақтың бiрiншi абзацта "өтемақылар" деген сөздер "әлеуметтiк қолдау шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 52-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"52-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынасы";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган белгілейдi.".
12. "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша:
"мемлекеттiк орган", "мемлекеттiк органның", "мемлекеттiк орган" деген сөздер "уәкілеттi орган", "уәкiлетті органның", "уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"немесе олардың аумақтық бөлiмшелерi", "және олардың аумақтық бөлiмшелерінің", "және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
"қадағалау және", "және қадағалау", "қадағалау және", деген сөздер алынып тасталсын;
2) 1-бапта:
2) тармақшада "дәрiхана пункті, дәріхана дүңгiршегі" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшада "(витамин тәрiздiлер, макро және микроэлементтер, амин қышқылдары, майла қышқылдар, антиоксиданттар және басқалар)," деген сөздер алынып тасталсын;
7) тармақшада "мен дайындау" деген сөздер алынып тасталсын;
8) тармақшада "дайындалған немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылау - фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердiң бұзылуын анықтауға және жол бермеуге және фармацевтикалық қызметтi Қазақстан Республикасының дәрілік заттар айналымы саласындағы талаптарға сәйкес келтiруге бағытталған іс-қимылдар кешені;";
9) және 13) тармақшалар алынып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) медициналық иммунобиологиялық препараттар - жұқпалы және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың арнайы алдын алуға, диагностикасына және емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердi иммунологиялық әдiстердiң көмегімен диагностикалауға, айналасындағы объектілерде жұқпалы агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдiк және алдын алу әсерiн тигiзетiн қан (алу тәсiлiне қарамастан) препараттары;";
18) және 20) тармақшаларда "және дайындау" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"21-1) медицина техникасы - аурулардың алдын алуға, диагностикасына, емдеуге, оңалтуға арналған жекелеген, кешендi немесе жүйелі түрде медициналық мақсатта қолданылатын аппараттар, жабдықтар, приборлар, құрылғылар, медициналық сипаттағы зерттеулер, соның iшiнде сериялы өндірілетін протездер мен имплантанттар.
21-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар - алдын aлу, диагностикалау және емдеу мақсатында пайдаланылатын бұйымдар.";
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"36) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен белгіленетін, азаматтардың денсаулығын сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, дәрілiк заттар айналымы, медициналық қызмет, медициналық және фармацевтикалық ғылым және бiлiм сапасын бақылау жөнiндегi саланы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
39) тармақшада "жасалуын," деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:
"43) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың Дүниежүзілiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
44) дәрілiк формуляр - олардың жеткiлiктi мөлшерде болуы мiндеттi ұйымның бейiнiн ескере отырып, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн жасалған, денсаулық сақтау ұйымының жетекшiсi бекiтетін дәрілiк заттардың тiзбесi;
45) биобаламалық - олардың тиiмділігі мен қауiпсiздiгінің бiрдейлігін болжауға мүмкіндік беретiн, бiрдей дозада және жағдайда енгiзгеннен кейiн, олардың бiрдей биоқолжетiмділігін растайтын (сiңу жылдамдығы мен дәрежесi) екi дәрілiк заттың салыстырмалы сипаты.";
3) 4-баптың 2) тармақшасында "түрлерiн" деген сөз алынып тасталсын;
4) 5-бапта:
5) тармақшада "жеке және" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) фармацевтикалық қызметте және дәрілiк заттардың қауiпсiздігі, тиiмдiлігі және сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiтеді;
7-2) дәрілiк заттарды тiркеу және қайта тiркеу, сондай-ақ кейiннен дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып ала отырып, мемлекеттiк тiркеу күшiн тоқтата тұру тәртiбiн айқындайды;";
8) тармақша алынып тасталсын;
5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Уәкілеттi органның құзыреті
Уәкілеттi орган:
1) дәрілiк заттар айналымы саласында бiрыңғай азаматтардың денсаулығын сақтау саясатын жүргiзедi және iске асырады;
2) фармацевтика ғылымын дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды;
3) дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, сондай-ақ нұсқаулықтар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлейдi және бекiтедi;
4) фармацевтика кадрларын қайта даярлау, білiктiлiгiн арттыру және мерзiмдiк аттестаттау тәртiбiн белгілейдi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тегiн медициналық көмектің кепілдi көлемi шеңберiнде тегiн дәрiлiк көмек көрсетуге арналған негiзгi (өмiрлiк маңызы бap) дәрілiк заттар тiзiмiн бекiтедi;
6) дәрілік заттарды негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрілік заттарға жатқызудың тәртiбiн белгілейдi;
7) дәрілік заттарды сынақтан өткiзудi және (немесе) зерттеудi жүзеге асыратын клиникаға дейiнгi әрі клиникалық базалар мен аккредиттелген сынақ зертханаларының тiзбесiн бекiтедi;
8) дәрілік заттарды алу және жою ережесiн әзiрлейдi;
9) дәрілік заттардың түпнұсқа атауларын бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
10) дәрілік заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды жасау ережесiн бекiтедi;
11) рецепттер жазу, дәрілік заттарды есепке алу және беру ережесiн бекiтедi;
12) дәрілік заттарды дәрiгердiң рецептiмен және рецептiсiз берiлетiн дәрiлiк заттар тiзбесiне жатқызу критерийлерін айқындайды;
13) халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасының құрамын бекітеді;
14) консультативтiк-кеңесші және сараптамалық комиссия құрады;
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Фармакопеясын бекiтедi;
16) Халықаралық фармакопеялардың жекелеген стандарттарын шет мемлекеттердің дәрілік заттарының фармакопеялық құжаттары мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттарын тану туралы шешім шығарады;
17) дәрілік заттарды басқару жөнiндегi республикалық ақпарат жүйесiн ұйымдастырады;
18) дәрілік заттар айналымы саласындағы заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметiн және дәрілік заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия бередi және керi қайтарып алады және лицензияның қолданысын тоқтата тұрады;
20) фармацевтикалық қызметте лицензиялау ережесінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) дәрілік заттарды мемлекеттік тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ кейіннен дәрілік заттарды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi қайтарып ала отырып, мемлекеттік тiркеудiң күшiн тоқтата тұруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың мемлекеттік тiзілiмiн жасайды;
22) фармацевтика саласының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет объектілерi басшыларын кәсiби құзыреттілiкке мерзiмдiк аттестаттауды жүргізеді;
23) фармацевтика қызметкерлерiне жоғары және бiрiншi білiктiлiк санатын бередi;
24) дәрілік заттар айналымы саласына дәрiхана және басқа да тәжiрибелердiң халықаралық стандарттарын енгiзу жөнiнде шаралар қабылдайды;
25) дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердi aккредиттеуді жүзеге асырады;
26) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектілердiң бiлiктiлiк деңгейге сәйкестігiн тәуелсiз сараптамалық бағалау үшін заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргiзедi;
27) медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейлерiнде дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
28) дәрілік заттарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге және әкетуге келiсудi жүзеге асырады;
29) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тәртіппен қосымша құн салығынан босатуға жататын денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қызмет объектілерiне ұсынылатын тауарлардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауды жүзеге асырады;
30) дәрілік заттар айналымы саласында мониторингті жүзеге асырады;
31) фармацевтикалық қызметті және дәрілік заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгі мен сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессiздігі туралы фармацевтикалық тексеру актiсiн жасайды;
32) дәрілік заттарға, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға салық салу және баға беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
33) жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды;
34) өз құзыретi шегiнде дәрілік заттар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
6) 7-бап алынып тасталсын;
7) 8-бапта:
2-тармақта:
2-тармақшада "(дәрiхана пункттерiнiң, дәрiхана дүңгіршектерiнiң)" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшада "дайындау," деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен дәрілік заттар бiр орталық арқылы сатып алынған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушылар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарын айқындайды.";
8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның
лауазымды адамдары
1. Дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілеттi органның лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары;
3) тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары;
4) тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттік фармацевтика инспекторлары.
2. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторын Қазақстан Республикасының Үкiметi денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Уәкілеттi органның басшысы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы баптың 2) және 3) тармақтарында көрсетiлген лауазымды адамдарды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
6. Тиiсті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiсті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттік фармацевтика инспекторларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
9) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) дәрілік заттардың үлгiсiн алуға жататын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің қаражаты есебiнен сараптама жүргiзу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткiлiктi мөлшердегi осы өнімнің құнын өтемей-ақ, дәрілік заттардың үлгілерін алуға";
10) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) фармацевтикалық қызметті және дәрілік заттардың қауіпсiздiгiн, сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға;";
11) 12-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен дәрілік заттарды тiркеу кезiнде өтiнiш берушiнің есебiнен өндiрушi кәсiпорынға бару жолымен өндiру жағдайларын бағалауды жүзеге асыруға болады.";
5-тармақта "және дайындалады" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
12) 14-бапта:
мемлекеттік тiлдегі мәтiнi мынадай мазмұнда жазылсын:
"Фармацевтикалық қызметті лицензиялау";
1-тармақта:
бiрiнші абзацта "фармацевтикалық қызметтiң мына түрлерi" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақша алынып тасталсын;
13) мынадай мазмұндағы 14-1 баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік
бақылау
1. Мемлекеттік бақылауды дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың айналымын реттейтін нормативтік құқықтық актiлердiң, стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақтауын айқындау мақсатында уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау:
1) жасырын хабарлардан, соның iшiнде халықтың денсаулығына және ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауіптi дереу жоюдан басқа, дәрілік заттардың қауiпсiздiгін, тиiмділігi мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ шағымдар, өтiнiштер және басқа да ресми қатынас түрлерi бойынша тексерулерді;
2) уәкілеттi органның лауазымды адамдары берген ұйғарымдарды орындауға және олардың бұзылуын болдырмауға бағытталған iс-шараларды жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
Бақылау органдары шешiм қабылдау үшiн қажетті қосымша ақпарат алу мақсатында үшiнші адамдарға қатысты тексерулер жүргiзуге рұқсат берiледі.";
14) 15-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада "стационарлық емделу, төңiрегiндегілер үшiн қауiп төндiретiн аурулардан емделу кезiнде," деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшада "уәкiлетті және мемлекеттiк органдарға" деген сөздер "уәкiлетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Азаматтардың жекелеген санаттарына және аурулар түрлерi бойынша дәрілік заттар тегiн және жеңілдiкпен берiледi. Аурулар түрлерiн, азаматтардың санаттары мен дәрілік заттарды уәкiлетті орган айқындайды.";
15) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Клиникаға дейiнгi сынаулар уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен өткiзiледi.";
16) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Клиникалық сынаулар денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзiледі.";
17) 20-бапта:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Фармокологиялық және дәрiлiк заттардың клиникалық зерттеулерiн және (немесе) сынауларын:
1) зерттелетін дәрiлiк зат тек бала ауруларын емдеуге ғана арналған немесе клиникалық сынаулардың мақсаты кәмелеттік жасқа толмағандарды емдеуге арналған дәрілік заттарды неғұрлым дұрыс мөлшерлеу туралы деректердi алу болып табылатын жағдайдан басқа, кәмелеттік жасқа толмағандарға. Бұл жағдайларда дәрілік заттарды кәмелеттік жасқа толмағандарға клиникалық сынаулар алдында кәмелеттік жасқа толғандарға сынаулар жүргiзіледi. Кәмелеттiк жасқа толмағандарға дәрілік заттарды клиникалық сынау жүргiзген кезде олардың ата-аналарынан жазбаша келiсiм алу керек. Ата-анасы жоқ кәмелеттiк жасқа толмағандарға дәрілік заттардың клиникалық сынау жүргізуге тыйым салынады;
2) қажеттi ақпарат тек дәрілік заттарды жүктi әйелдерге клиникалық сынаулар кезінде алынатын және жүктi әйел мен ұрыққа зиян келтiру қаупі төнбейтiн болғанда ғана жүктi әйелдерге арналған дәрілік заттарды клиникалық сынаулар жүргізу жағдайларынан басқа, жүкті әйелдерге;
3) әскери қызметшілерге;
4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар мен тергеу изоляторларындағы қамаудағы адамдарға;
5) әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдарға жүргiзуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен психикасы ауыратындарға және әрекетке қабiлетсiз деп танылғандарға психикалық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды клиникалық сынауларға рұқсат берiледі.";
18) 21-бапта:
1-тармақ "уәкiлетті орган бекiткен тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтарда "дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектiлер" деген сөздер "денсаулық-сақтау субъектiлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 24-бапта:
тақырыбында "нұсқаулықтар" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Дәрілік заттар айналымға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен оларды қолдану жөнiндегi мемлекеттік және орыс тiлдеріндегi нұсқаулықтармен қоса түсуге тиiс.
Мамандар үшiн дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулық мамандандырылған баспа басылымдарында және электронды нұсқаларда орналастырылады.
Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөнiндегi нұсқаулық (түсініктеме-жапсырма) дәрілік заттың орамына қоса беріледi.
Нұсқаулықтың мәтiнiн жасау тәртiбiн және мамандар мен тұтынушылар үшiн қолдану жөнiндегi нұсқаулықтардағы ақпараттың ең аз мазмұнын уәкiлетті орган айқындайды.";
2-тармақта "тұтынушыларға арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
20) 25-бап алынып тасталсын;
21) 26-баптың 2-тармағында "дәрiханалық пункттерде, дәрiханалық дүңгiршектерде" деген сөздер алынып тасталсын;
22) мынадай мазмұндағы 26-1 баппен толықтырылсын:
"26-1-бап. Тегін медициналық көмектiң кепілдi көлемін көрсету
үшiн дәрілік заттармен қамтамасыз ету
1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрілік заттармен қамтамасыз ету бекiтiлген дәрілік формулярға сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiппен Негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрілік заттар тiзiмiнiң шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атаулармен сатып алынады. Көп компоненттi дәрілік затты сатып алған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.";
23) 28-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасындағы алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген, функциялық өлшемдерi бойынша теңдесi жоқ медициналық жабдықпен жарақтандыру;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) медициналық қызметті жүзеге асыру үшiн денсаулық сақтау ұйымдары.";
7-тармақта "сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құжаттар" деген сөздер алынып тасталсын;
24) 30-баптың 2-тармағында "хабардар етедi" деген сөздер "мәлiметтер бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Мыналарға:
1) қоғамдық көлiкте, мақсатына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда дәрiлiк заттың жарнамасын таратуға және орналастыруға;
2) плакаттар, стендтер, жарық таблолар, билбордтар, транспаранттар, жарқағаздар мен жарнаманы стационарлық орналастырудың өзге де объектiлерi түрiнде ұсынылған сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға;
3) дәрілік заттар туралы ақпаратты ғылыми немесе бiлiм беру мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiн жарнама таратушы ретiнде пайдалануға тиым салынады.".
13. "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдiктерi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 13, 73-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгіленетiн, азаматтардың денсаулығын сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызмет, медициналық және фармацевтикалық ғылым және бiлiм сапасын бақылау жөнiндегi саланы мемлекеттiк реттеудi iске асыратын мемлекетi орган;";
2) 7-баптың тақырыбында "азаматтардың ұрпақты болу құқықтары саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын.".
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуға лицензия алған дәрiханалық пункттер мен дәрiханалық дүңгiршектер осы Заң қолданысқа енгiзілгенге, 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн өз қызметiн iске асыра бередi.
2. 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген нормалар 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті