"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537 өкiмiне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 540 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537  өкiмiне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкімінiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ӨКІМІ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы
6 сәуiрдегі N 537 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" 2005 жылғы 6 сәуiрдегі N 537  өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған өкiммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына:
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi енгізiлсiн;
      көрсетiлген Комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады