"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бiрiншi кезең) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған негiзгi бағыттары;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштерi.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерi (бiрiншi кезең) мақұлдансын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарларын уақтылы әзiрлеудi және заңнамада белгіленген тәртiппен бекітуді қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 3 маусымдағы
N 560 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары
1-бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2006-2008 жылдарға арналған негiзгi бағыттары
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2006-2008 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергіліктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.
1. Қазақстан Республикасының 2004 жылы
әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және
2005 жылға арналған дамуын бағалау
2004 жылы экономиканың өсу үрдiсi сақталды. Жүргiзiлiп жатқан ақша-кредит және салық-бюджет саясаты экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етті.
Кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлардың жетілдiрiлуi және тiкелей инвестициялар тартудың қолайлы шарттары экономикалық өсуге ықпал етті.
Негізгі факторлардың бiрi қазақстандық экспорттың негiзiн құрайтын өнімдердің жекелеген түрлерi үшін әлемдік тауар рыноктарындағы қолайлы баға конъюнктурасы болды.
2003 жылмен салыстырғанда жалпы iшкi өнiм (бұдан әрi - ЖIӨ) 9,4%-ға өстi және 5542 млрд. теңгенi құрады.
Экономиканың өсуiне өнеркәсiп елеулi үлес қосты, мұндағы жоғары даму қарқынын оның құрамдас секторларының тұрақты дамуы қамтамасыз еттi. 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсiптік өндiрiстің өсуi 10,1 %-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсiбi - 12,7 %-ға, өңдеушi - 8,9 %-ға, өндiрiс және электр энергиясын, газ бен суды тарату - 3,5 %-ға өсті.
2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 0,1%-ға өсті және 693,3 млрд. теңгенi құрады.
Қызметтер секторындағы неғұрлым ауқымды өсу байланыста қамтамасыз етілдi, мұнда кәсiпорындар мен ұйымдар көрсететін қызметтер көлемi 2003 жылғы деңгейден 32 %-ға асып түстi және 150,8 млрд. теңгенi құрады.
2004 жылы инфляция деңгейi жылына орта есеппен 6,9 %-ды құрады және орта мерзiмдi жоспарда мақұлданған шекте қалыптасты.
Қаржы рыногының барлық сегменттерiнiң тұрақты дамуы елдiң iшкi кредит рыногын едәуiр жандандыруға және өндiрiстiк сектор мен қызметтер секторын дамытуға бағытталатын ақша қаражатының мөлшерiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi. Екiншi деңгейдегі банктердiң экономика саласына кредиттiк салымдары 2005 жылғы желтоқсанның аяғында 1484,3 млрд. теңгенi құрады және 2003 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 51,8 %-ға өсті.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы барлық тауарлар номенклатурасы бойынша қазақстандық өнiм экспорты 55,5 %-ға ұлғайды. Нақты көлем құны мен индексi бойынша шикi мұнайдың және мұнай өнiмдерiнiң (газ конденсатын қоса алғанда) экспорты 2003 жылдың деңгейiнен тиiсiнше 61 %-ға және 19 %-ға жоғары болды.
Темiрден жасалған жалпақ илек экспорты 7 %-ға ұлғайды, бұл ретте сатудан түсетiн түсiм 15 %-ға, тазартылған мыс - 4 %-ға және 64 %-ға, өңделмеген мырыш - 14 %-ға және 42 %-ға, өңделмеген қорғасын - 21%-ға және 86%-ға ұлғайды.
2004 жылы Қазақстанға 5,5 млрд. долл. мөлшерiнде тiкелей шетелдiк инвестициялар тартылды, бұл 2003 жылдың осындай көрсеткiшiнен 2,5 есе көп.
Шетелдiк қарыз капиталының мол ағылуымен қатар экспорттан түсетiн валюталық пайда түсiмдерi iшкі валюта рыногында шетелдiк валютаның шамадан тыс ұсынылуына себеп болды. Iшкi валюта рыногына көрсетілген қысым салдарынан АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамы номиналды қымбаттады. 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңгенiң орташа өлшенген айырбас бағамы бiр доллар үшiн 136,04 теңгенi құрады, жыл басынан берi АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегi теңге 9,30 %-ға нығайды.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы халықтың нақты есептелген кiрiсi 13,2 %-ға көтерiлдi. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы бiр жұмыскердің орташа жалақысының нақты өсуi 13,9 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда ЖIӨ 9,1 %-ға өсті және 1377,3 млрд. теңгенi құрады.
Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда өнеркәсiптiк өнiм өндiру көлемi 7,4 %-ға өстi және 1069,7 млрд. теңгенi құрады.
Тау-кен өнеркәсiбiндегі өндiрiстiң 11,1 %-ға өсуi негізiнен, газ конденсатын өндiру көлемiнiң 55,3 %-ға, мыс рудаларын - 20,1%-ға, темiр рудаларын 16,4 %-ға, лигниттi - 10,1 %-ға және шикi мұнайды өндiру көлемiнiң - 7 %-ға ұлғаюы есебiнен қамтамасыз етiлдi.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өндiрiс көлемi 3,4 %-ға өстi және 359,5 млрд. теңгенi құрады. Өткен жылдың осындай деңгейiмен салыстырғанда салада кокс, мұнай өнiмдерiн және ядролық материалдар өндiру 15,9%-ға, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбінің өнiмдерiн өндiру - 7,3%-ға, сусындарды қоса алғанда, тағам өнiмдерiн өндiру 4,6 %-ға ұлғайды. Машина жасау саласында өнiм шығару 16,2 %-ға өсті.
2005 жылғы қаңтар-наурызда 19,4 млрд. кВт/сағ. электр энергиясы өндiрiлдi, бұл өткен жылғы осындай деңгейден 3,6 %-ға жоғары.
Ауыл шаруашылығында 67,7 млрд. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi, өсiм 3,5 %-ды құрады.
Тұрғын үй құрылысы рыногы белсендi дамыды, бұл өз кезегiнде, тұтас құрылыс саласындағы өсу қарқынының айтарлықтай ұлғаюының негізгi шарты болды.
Құрылыста өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi 63,7 млрд. теңгенi құрады, бұл 2004 жылғы осындай кезеңнен 1,3 есе көп.
Барлық көздер бойынша тұрғын үй құрылысына 29,5 млрд. теңге немесе 2004 жылғы тиiстi кезеңге 141,2 % инвестициялар жiберiлдi. Пайдалануға берiлген жалпы алаңы 856,9 мың шаршы метр тұрғын үй өткен жылғы осындай деңгейден 1,7 есе асып түсті.
Тұрғын үй құрылысын дамыту құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрудiң едәуiр ұлғаюына алып келдi. Мысалы, құрылыс өнімдерiнiң негізгi 17 түрi бойынша өсу 31,7 %-ды құрады.
2005 жылғы қаңтар-наурызда тауар айналымы өткен жылғы осындай деңгейден 10,6 %-ға асып түстi.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында салынған 316,4 млрд. теңге мөлшерiндегі инвестициялық ресурстар өткен жылғы осындай деңгейден 47 %-ға асып түстi. Негізгi капиталға инвестициялардың негiзгi көздерi отандық кәсiпорындардың меншiктi қаражаты мен шетелдiк инвестициялар болды.
Қызметтер секторындағы жұмыс нәтижелерi туралы мәлiметтер онша жоғары емес өсу қарқынының куәсi. Барлық көлiк түрлерiмен жүк тасымалдаудың, сондай-ақ байланыста көрсетiлген қызметтердiң жалпы көлемi 2,6 %-ға өстi.
2005 жылғы қаңтар-наурызда тұтыну рыногындағы бағалар деңгейiнің серпiнiнде күрт ауытқулар болған жоқ. 2004 жылғы желтоқсанға қатысты наурызда инфляция 101,9 %-ды құрады және өткен жылғы осындай кезеңнің деңгейiнен 0,4 пайыздық пунктке асып түстi.
2004 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда азық-түлiктiк тауарлардың бағалары 2,7 %-ға (2004 жылғы осындай кезеңде 2,6 %), азық-түлiктік емес тауарлардiкi - 0,4 %-ға (0,3 %), ақылы қызметтердiкi - 1,8 %-ға (0,7 %) ұлғайды.
2005 жылғы бiрiншi тоқсанда елдiң халықаралық резервтерi 0,6%-ға ұлғайды және 14,4 млрд. АҚШ долл. жеттi, оның 5,16 млрд. АҚШ доллары Ұлттық қор қаражатын құрады.
2005 жылғы бiрiншi тоқсанда ақша массасын 546,1 млрд. теңгеге дейiн 5,5%-ға сығымдау жүргiзiлдi.
2005 жылғы екi айда ақша массасы 1619,7 млрд. теңгеге дейiн 0,9 %-ға азайды. Ақша массасының азаюына iшкi активтердiң 1,3 %-ғa және банк жүйесi мен кредиттiк серiктестiктер активтерiнің 0,4 %-ға азаюы ықпал еттi.
2005 жылғы қаңтар-ақпанда айналыстағы қолма-қол ақша 356,8 млрд. теңгеге дейiн 5,9 %-ға азайды, ал банк жүйесi мен кредиттік серiктестіктердiң ақша массасы құрылымындағы депозиттерi 1262,9 млрд. теңгеге дейiн 5,3 %-ға өсті.
Осы кезеңде ақша базасымен салыстырғанда ақша массасының төмен қарқынмен азаюы ақша мультипликаторының 2,83-тен 3,06-ға дейiн ұлғаюына негіз болды.
2005 жылғы екi айда сыртқы сауда операциялары бойынша сальдо оң болып қалыптасты. Экспорт 3,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 41%-ға өстi, импорт тиiсiнше 2,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 37%-ға өстi.
Ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында жұмыссыздық деңгейi 8,5%-ды құрады және өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 0,4 пайыздық пунктке өсті. 4,5 млн. адам жалдамалы еңбекпен қамтылды, бұл өткен жылғы осындай деңгейден 4,3 %-ға жоғары. Жалдамалы еңбекке жаңадан тартылған жұмыскерлердің жалпы саны 188,1 мың адамды құрады.
2004 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2005 жылғы қаңтар-наурызда халықтың нақты ақшалай кiрiсi 14 %-ға ұлғайды, ал нақты жалақы 6 %-ға өсті.
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң бағалауы бойынша 2005 жылы ЖIӨ-нiң номиналды мәнi 6580 млрд. теңгенi құрайды және 2004 жылғы деңгейден 8 %-ға асып түседi.
Экономикалық өсу өнеркәсiптегi өндiрiс қарқынының 7,1 %-ға өсуiмен қатар жүредi.
Тұтастай республика бойынша егіс алаңының құрылымы өткен жылғы деңгейде сақталады және 17,9 млн. га құрайды, оның iшiнде 14,3 млн. га. жерге дәндi дақылдар (күздiк дақылдарды есепке алғанда) егiледi.
2004 жылмен салыстырғанда астық өндiру 4,8 %-ға ұлғаяды және 13,0 млн. тоннаны құрайды, оның iшiнде бидай 10,0 млн. тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiнiң өсуi 102,7 %-ды құрайды деп күтілуде.
Құрылыс қарқыны 2004 жылғы қарқыннан 9,5 %-ға жоғары болады. Саладағы өсу, негiзiнен, тұрғын үй құрылысын кеңейту есебiнен қамтамасыз етiледi.
2005 жылы 64 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндiрiледi, бұл 2004 жылғы деңгейден 7,7 %-ға артық.
Қазақстандық өнiмдердiң құндық көрiнiстегі экспорты 2004 жылғы деңгейден 11 %-ға асып түседi және 22,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Мұнай мен газ конденсатын экспорттаудан 13,1 млрд. АҚШ доллары түседi деп күтілуде.
2004 жылмен салыстырғанда импорт 7 %-ға ұлғаяды және 15 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Бағалау бойынша орташа жылдық мәндегi инфляция 5-7 % аралығында болады.
2. Экономиканың 2006-2008 жылдары жұмыс iстеу жағдайлары
Параграф 1. Сыртқы жағдайлар
Әртүрлі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша 2006-2008 жылдары әлемдiк экономика бiрқалыпты қарқынмен дамиды. Әлемдiк экономиканың өсуiнде АҚШ, Қытай, EO елдерi және Жапония айқындаушы рөл атқарады.
Дүниежүзілік банктiң бағалауы бойынша 2004 жылы әлемдiк экономиканың өсуi 4%-ды құрады. Банк 2005-2006 жылдары әлемдiк экономиканың жыл сайын 3,2 % өсуiн болжап отыр. 2004 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының бәсеңдеу болжамы әлемдiк экономиканың теңгерiмсiздiгiн ескере отырып жасалды, бұл AҚШ-тағы қосарлы жоғары тапшылықтың; Еуропа елдерiндегi экономиканы қалпына келтiрудiң созылып кетуiнiң; Қытай экономикасындағы белгiсiздiктiң және оның қызып кету ықтималдығының, сондай-ақ мұнайдың болжанбайтын бағаларының әсерiнен пайда болып отыр.
Банк мамандарының бағалауы бойынша орта мерзiмдi перспективада осы факторлардың әлемдiк экономиканың өсуiне әсерi сақталады.
Валюта рыногында америка долларының әлсiреуiмен сипатталатын өткен жылдардағы үрдiс жалғасады деп күтiлуде. 2004 жылы негізiнен екi фактор - АҚШ бюджетiнiң тапшылығы мен сауда теңгерiмінің күшеюi доллар бағамының өзгеруiне келеңсіз әсерiн тигіздi. Көрсетілген факторлардың салдарынан AҚШ доллары бағамының әлсiреуi евроға қатысты 8,7 %-ды, жапон йенiне қатысты 3,7%-ды құрады.
Халықаралық валюта қорының (бұдан әрi - XBҚ) болжамы бойынша 2005 жылы әлемдiк экономиканың өсуi 4 %-дан астам болады.
Қор мамандарының пiкiрi бойынша мұнайдың қымбаттауы, инфляцияның жеделдеуi және ағымдағы шоттардың теңгерiмсiздігі әлемдiк экономиканың өсуi үшiн айтарлықтай қауiп төндiредi.
ХВҚ бағалауы бойынша Азияның дамушы елдерiндегі ЖIӨ-нiң өсу қарқыны 2004 жылғы 8 %-дан 2005 жылы 7 %-ға дейiн бәсеңдейдi. Өңiрдегi экономиканың өсуi, негiзiнен, iшкi сұраныстың айтарлықтай кеңеюi есебiнен болады деп күтілуде.
Азия Даму Банкiнiң мәлiметтерi бойынша 2004 жылы Азия-Тынық мұхиты өңiрiндегi дамушы елдердiң жиынтық ЖIӨ-сi 7,3 %-ға ұлғайды. Бұл 1987-1988 жылдардағы валюта-қаржы дағдарысы уақытынан бергi өңiрдегі ең жоғарғы өсу қарқыны. Рекордтық көрсеткiшке белгiлi бiр дәрежеде халық кiрiстерiнің жоғарылауы және iшкі сұраныстың өсуi; Қытайдың серпiндi экономикалық дамуы; өңiрдегi сауданы және экономикалық ықпалдасуды одан әрi жандандыру сияқты факторлардың есебiнен қол жеткiзілдi.
Банк мамандарының болжамы бойынша мұнайдың жоғары бағаларына және 2004 жылғы желтоқсандағы апатты цунами салдарларына қарамастан, 2005 жылы Азияның дамушы елдерiндегі экономикалық өсу қарқыны жоғары болады және 6,5%-ды құрайды. 2006-2007 жылдары олардың экономикалық өсу қарқыны орта есеппен 6,6-6,9 %-ға жетуi мүмкiн.
Азия-Тынық мұхиты өңiрiндегi дамушы елдердiң экономикалық өсуiне iндеттер, террорлық қауiп, энергия тасығыштарға бағалар өсуiнiң жалғасуы және AҚШ-тағы зор сыртқы сауда тапшылығының салдарынан валюта бағамдарының тұрақсыздығы терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн.
Тауар рыноктары
2004 жылы қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларының әлемдiк бағалары сақталды. Энергия тасығыштар мен металдардың әлемдiк бағаларының жоғарылауын көп жағдайда, Қытай мен басқа да дамушы елдердің шапшаң дамуы, шикiзат өндiру мен жеткiзудегі зілзала апаттары және биржа трейдерлерiнiң алып-сатарлық белсендiлiгi нәтижесiнде туындаған үзiлiстер айқындап бердi.
Дүниежүзілiк банк мәлiметтерi бойынша 2004 жылы Brent маркалы мұнайдың әлемдiк орташа бағасы бiр баррель үшiн 38,30 долларды құрады. 2005 жылы Brent мұнайының орташа айлық бағасы қаңтарда бiр баррель үшiн 44,28 доллар, ақпанда бiр баррель үшiн 45,56 доллар және наурызда бiр баррель үшiн 53,08 доллар деңгейiнде тiркелдi, 2005 жылға арналған күтілетiн болжам бiр баррель үшiн 42 долларды құрайды.
Халықаралық энергетика агенттiгінiң (IЕА) болжамы бойынша 2005 жылы әлемдегi мұнай тұтыну деңгейi тәулiгiне 84,27 млн. баррельдi құрайды. Қытайда шикiзат тұтынудың азаюы, АҚШ-та тауар запастарының өсуi және Таяу Шығыс елдерiнде мұнай өндiрудiң ұлғаюы бағалардың төмендеуiне ықпал етуi мүмкiн.
IEA мәліметтерi бойынша Қытайда мұнайға сұраныстың өсу қарқыны 2004 жылғы 21%-бен салыстырғанда 2005 жылдың басында 5,4%-ға дейiн азайды.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (бұдан әрі - ОПЕК) 2005 жылы шикi мұнайға жаhандық сұранысқа қатысты өз болжамын күнiне 80 мың баррельге ұлғайтты. Әлемдiк мұнай картелінiң веналық штаб-пәтерiнде жарияланған ОПЕК-тiң сараптамалық баяндамасында аталғандай, 2005 жылы мұнайға жаhандық сұраныс күнiне 1,73 миллион баррельге өседi.
2005 жылы әлемдiк тауар рыногында мыс тапшылығы байқалатын болады.
Intеrnationаl Copper Studi Group (IСSG) бағалауы бойынша 2005 жылдың аяғына қарай рынокта мыстың жетiспеуi 260 мың тоннаны құрайды.
Sokiete Generale француз банкiнiң талдаушылары 2005 жылғы мыстың құнына қатысты қаңтардағы болжамды қайта қарады. Осылайша, мыстың орташа бағасы бiр тонна үшiн 2980 доллар деңгейiнде болжанып отыр, бұл алдыңғы болжамнан 9,7%-ға жоғары. Банктiң бағалауы бойынша 2005 жылы металға сұраныс 3,9%-ға - 17,4 млн. тоннаға дейiн ұлғаяды, соның нәтижесiнде 50 мың тонна мөлшерiнде тапшылық пайда болады.
Орта мерзiмдi жоспарда мыс рыногына қатысушылар металдың биржалық запастарының азаюын және Қытай тарапынан сұраныстың ұлғаюын болжап отыр.
Қорғасын бағасы ұлғаюының жалғасуы әлемдiк экономиканың дамуымен, Қытай сұранысының өсуiмен, сондай-ақ шикізат өндiру жағдайларының күрделенуiмен түсiндiрiледi. 2005 жылғы наурызда Лондон металдар биржасында қорғасынның орташа құны бiр тонна үшiн 1004,6 долларды құрады және 11,3%-ға ұлғайды. Бұл ретте қойма запастары 34 мың тоннадан 33-кe дейiн азайды.
Ұзақ мерзiмдi перспективада Қытай, АҚШ және Жапония тарапынан сұраныстың одан әрi өсу үрдiсi, сондай-ақ әлемдiк тауар рыноктарында қорғасын запастарының азаюы ықтимал. Қорғасын рыногына алып-сатарлық фактор зор әсерiн тигiзедi, талдаушылардың бағалауы бойынша бүгiнде қорғасын бағасының шамамен 20%-ын "алып-сатарлық үстеме" құрайды.
Қорғасын құнына қатысты болжамдарда бағалардың 2005 жылы жоғарылауы және 2006 жылы төмендеуi күтіледi.
2005 жылы жалпы әлемдiк сұраныстың ұлғаюы және мырыштың биржалық жоғары бағасының сақталуы болжанып отыр. Goldman Sachs талдаушыларының болжамдары бойынша Қытай тарапынан сұраныстың өсуi және жаңа металл көздерiнiң болмауы салдарынан 2005 жылы мырыштың орташа жылдық құны 28%-ға өсуi мүмкiн. Тұтастай алғанда, өткен жылмен салыстырғанда сұраныстың 2%-ға ұлғаюы болжанып отыр.
Лондон металдар биржасының мәлiметтерiне сәйкес наурызда мырыштың орташа айлық бағасы бiр тонна үшiн 1377 доллар деңгейiнде белгiлендi. 2005 жылдың басынан берi мырыш 7,6%-ға, өткен екі жылда 57%-ға қымбаттады. Бұл ретте мырыш қорлары наурызда 4,5 %-ға - 574,1 мың тоннаға дейiн азайды.
Әлемдiк экономиканың бүгінгi жалпы өрлеуiне байланысты барлық өзге металдарға сұраныстың өсуi сияқты алюминийге әлемдiк сұраныс өседi. Бұл peттe алюминий тапшылығы байқалатын болады, бұл глиноземның iрi импорттаушысы болып отырған Қытай тарапынан болатын жоғары сұраныспен байланысты. Қазiргi уақытта Қытай әлемдегi бүкiл алюминийдің 20%-ынан астамын тұтынады.
Алюминий бағасының 2005 жылға арналған болжамдарының басым көпшілігінде осы металл бағаларының өсуi болжанады. Мысалы, Sokiete Generale француз банкi алюминийдiң орташа бағалары болжамын 6 %-ға - бiр тонна үшін 1950 долларға дейiн көтердi. Болжамды бағалардың жоғарылауы алып-сатар инвесторлар тарапынан металға сұраныстың шапшаң ұлғаюы салдарынан болды.
Тұтастай алғанда, Моrgan Stenley сарапшыларының бағалауы бойынша 2005 жылы болаттың бағасы 2004 жылғы орташа көрсеткiштен асып түседi. Мысалы, 2004 жылғы орташа көрсеткiшпен салыстырғанда 2005 жылы ыстықтай басылған рулонды болат құны 9%-ға ұлғаяды және бiр тонна үшiн 480 долларды құрайды. Сонымен қатар, талдаушылар ыстықтай басылған болат құны 2006 жылдың өзiнде 15%-ға - орта есеппен бiр тонна үшiн 409 долларға дейiн азаяды деп күтуде.
Параграф 2. Iшкi жағдайлар
2006-2008 жылдары экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшiн экономиканы өсiрудiң барлық негізгi факторларын жедел дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2006-2008 жылдары ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны орта есеппен 8,2 %-ды құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi осы аралықтағы инфляцияны ұстап тұру мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнiндегi шараларды қабылдайтын болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi функцияларын күшейту үшiн практикаға тоқсан сайын қайта қарауды және қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтiмдердiң деңгейiне қарай белгiлеудi енгiзу жоспарланып отыр.
Теңгенiң айырбас бағамының серпіні сыртқы жағдайлармен де, Ұлттық Банктiң бағамды iшкі валюта рыногына шетел валютасының ағынына байланысты қалыпты өзгеруiн қамтамасыз ете отырып, теңге бағамының күрт ауытқуларын болдырмауға бағытталған саясатымен де айқындалатын болады.
Алдыңғы жылдардағыдай, бұл жылдары да өнеркәсiптi дамыту негiзiнен басты екi стратегиялық құжатта: Қазақстан Республикасы Президентінiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығымен бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында айқындалатын болады.
Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес 2003 жылға қатынасы бойынша 2005 жылы мұнай мен газ конденсатын өндiру көлемiн 2,7-3 есе ұлғайту ұйғарылып отыр.
2006 жылы мұнай мен газ конденсатын өндiру 68 млн. тоннаны құрайды, одан кейiнгi екi жылда оның көлемi жыл сайын 4 млн. тоннаға ұлғайтылады.
Мұнай-газ секторын тұрақты дамыту Қазақстандағы экономикалық өсудi қамтамасыз етудiң кепiлi болып табылады. 2006 - 2008 жылдары мұнай мен газ өндiру саласы мемлекеттік бюджеттiң шамамен 17-18,8%-ын қамтамасыз ететiн болады.
Экономиканың бәсекеге қабiлетiн қамтамасыз ету үшiн Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының екiншi кезеңiн iске асыру жалғасатын болады. Бұл кезеңнiң негізгі қорытындысы экономиканың басымды салаларында кластерлік бастамаларды дамыту үшiн негiз құру болады.
Мемлекеттік мүлiкті басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында активтердi басқару жөніндегі бiрқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелi ортаға беру арқылы мемлекеттiк меншiк құрылымын оңтайландыру жүргiзiледi.
2006 - 2008 жылдары экономиканы өсiрудiң негiзгi факторы әлемдiк рынокта мұнайдың қолайлы баға конъюнктурасын сақтау болады. Brent маркалы мұнайдың әлемдiк бағасы бiр баррель үшiн 40-41 доллар шегiнде болады, ал экспорттық бағасы бiр баррель үшiн 30-30,8 доллар аралығында қалыптасады деп болжанып отыр.
Қазақстандық өнiмдi экспорттаудан үш жыл iшiнде елге шамамен 73,3 млрд. АҚШ доллары түседi деп күтiлуде, оның 40,8 млрд. AҚШ доллары мұнай мен газ конденсатын экспорттаудан алынады.
Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға iшкі сұранысты кеңейту импортты ұлғайтудың негізгі факторларына айналады. 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы импорт 21,8%-ға ұлғаяды және 18,3 млрд. АҚШ долларын құрайды. Одан кейiнгi жылдары импорттың 2007 жылы 7,6 %-ға дейiн және 2008 жылы 8,5 %-ға азаюы болжанып отыр.
2006-2008 жылдары негізгі капиталға инвестициялардың жыл сайынғы өсуi орта есеппен 14-15 %-ды құрайды.
3. Қазақстан Республикасын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мақсаттары, міндеттерi және басымдықтары
Параграф 1. Стратегиялық мiндеттердi шешу саласында
2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылға қарай ЖIӨ-нi екi еселеу жөніндегi стратегиялық мiндет шамамен екi жыл бұрын орындалады және Қазақстанның экономикалық еселенуiне 2008 жылы қол жеткiзiледi.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмiр сүрудiң жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамушы елдерiнiң арасынан орын алуға тиiс.
2010 жылға қарай жан басына шаққанда 5800 АҚШ доллары, ал 2015 жылға қарай шамамен 9000 АҚШ доллары болатын ЖIӨ-ге қол жеткiзу қажет.
1-сурет
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Параграф 2. Орта мерзiмдi мiндеттердi шешу саласында
2006-2008 жылдары әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Президенттiң "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауында , стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасында, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес болады.
Инновациялық экономика құру және экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту жөніндегi белсендi жұмыс экономиканың бәсекеге қабiлеттілiгін жоғарылатуға ықпал етуi тиiс.
Жоспарланып отырған кезеңде бәсекеге қабiлетті экономика негiздерiн құру үшін мынадай мiндеттердi шешу:
2006-2008 жылдары ЖIӨ-нiң орта есеппен 8,2%-ға орташа жылдық өсу қарқынын қамтамасыз ету;
инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 5-7%-дық дәлізде қамтамасыз ету;
бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамыту;
кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
металлургия, тоқыма салаларында, тамақ өнеркәсiбiнде, мұнай-газ машина жасауда, құрылыс индустриясында, туризмде, көлiк-логистикалық қызметтерде пилоттық кластерлердi құру және дамыту;
ауыл шаруашылығы шикізатын өндiру және өңдеу саласында кластерлік бастамаларды iске асыру арқылы аграрлық өндiрiсті индустрияландыру;
болашақтың жоғары технологиялы және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi үшiн кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң өмiрiн лайықты қамтамасыз ету;
тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу;
белсендi, жан-жақты және теңестірiлген сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу;
Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын құру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру ұйғарылып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:
ел экономикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын одан әрi iске асыру, жеке сектормен ынтымақтастықты тереңдету;
ғылымды, бiлiм берудi және халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн дамытудың қазiргі заманғы және тиiмдi жүйесiн құру;
тұрғын үй құрылысын дамыту;
денсаулық сақтау жүйесiн одан әрi жетiлдiру;
шағын кәсіпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;
халықты зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыруды одан әрi арттыру;
қоршаған ортаның ластану деңгейiн қысқарту.
4. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
Параграф 1. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту
Ақша-кредит саясаты
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-кредит саясаты саласындағы негізгi мақсаты бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болады.
Бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының операциялары бойынша ықпал ету шараларын күшейтедi және өзiнiң негізгi ставкаларының реттеушi рөлін одан әрi жоғарылатуға жәрдемдесетiн болады.
Айтарлықтай экономикалық өсу және Қазақстанға шетелдiк валюта ағымының ауқымды көлемi сияқты 2004 жылы инфляцияның жоғарылауына ықпал еткен негiзгi факторлар 2005 жылы да өз әсерiн сақтайды деп көзделуде. Бұдан басқа, 2004 жылы өндiрушi кәсiпорындар бағаларының 23,8 %-ға жоғары өсуi 2005 жылы тұтыну бағалары өсуiнiң айқындаушы факторына айналуы мүмкiн. Осы факторлардың инфляцияға ықпал етуiн азайту үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын күшейту жөнiндегi шараларды қолданатын болады.
Ақша-кредит саясатын күшейту Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми ставкаларының кредиттер бойынша рыноктық ставкаларға ықпал ету бағытын өзгертудi көздейдi. Егер өткен жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шаралары банктердiң экономикаға кредит беру, оның iшiнде ставкаларды төмендету жөніндегі қызметін жандандыру жөніндегі мiндетті шешуге бағытталса, "экономиканың қызып кетуiне" жол бермеу қажеттi жағдайларында ставкаларды төмендету мәселесi түпкi мұрат ретінде қойылмайды.
Экономикадағы ставкалар деңгейi нақты жағдайға негізделе отырып қалыптасатын тәуекелдер мен факторларға барабар рыноктық негiзде қалыптасуы тиiс. Бұл ретте Жеке тұлғалар салымдарына кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры қайтарылуына кепiлдiк беретiн жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттерi) бойынша сыйлықақының шектi ставкаларын белгiлеу тәжiрибесi қайта қаралуы тиiс.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi ерекшелiктерiн күшейту үшiн ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi тоқсан сайын қайта қарау және қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілеу практикасын енгіздi. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын үнемi қайта қарай отырып, Ұлттық Банк қаржы рыногына қаржы саласында күтiлетiн үрдiстер бойынша өзектi бағдар бередi. 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қайта қаржыландырудың ресми ставкасы жылына 7 %-дан 7,5 %-ға дейiн көтерілдi, ал осы жылдың 1 мамырынан бастап 7,5 % деңгейiнде белгiлендi.
Тұтастай алғанда, 2006 - 2008 жылдар iшiнде ақша базасы мен ақша массасы шамамен екi есе ұлғаяды деп күтiлуде. Алайда соңғы жылдары байқалып отырған инфляция мен инфляциялық күтiлiмдердiң қалыптасуына монетарлық факторлар әсерiнiң әлсiреу үрдiсi салдарынан ақша базасының мұндай маңызды кеңеюi инфляциялық қысым көрсетпейдi. Дегенмен, монетарлық факторлар есебiнен инфляциялық әлеуеттің жинақталуын болдырмау мақсатында ұзақ мерзiмдi кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi банк жүйесiнiң шамадан тыс өтiмділігiн стерилизациялау жолымен ақша базасын кеңейту қарқындарын төмендету жөнiндегi шараларды қолданатын болады.
Шамадан тыс өтімділік проблемасының өткiрлігін бәсеңдету және банктер өтiмдiлігін неғұрлым икемдi түрде реттеу үшiн ең аз резервтiк талаптарды қалыптастыру тетiгiне тиiстi өзгерiстер енгізiледi. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ең аз резервтiк талаптар нормативтерiн, сондай-ақ оларды орындау тәртiбiн сақтауға тиiс банктер мiндеттемелерiнiң құрылымын айқындаудың әртүрлi нұсқаларын қарайды және тиiмдi ақша-кредит саясатын жүргiзу үшiн барынша оңтайлы нұсқасы таңдалып алынады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өзiнiң күш-жiгерiн ақша-кредит саясаты құралдарының әрқилы түрлерi және қысқа мерзiмдi ставкалардың реттеушi рөлiн жоғарылату бойынша ставкаларды келiсуге жұмсайды. Инфляция бойынша болжамдардың дәлдiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi трансмиссиялық тетiк моделiн әзiрлеу жөнiндегi жұмысты жалғастырады. Ашық рынок операциялары кеңейтiледi, меншiктi бағалы қағаздар портфелiн ұлғайту және жаңа қаржы құралдарын дамыту жөнiнде шаралар қабылданады.
Валюталық саясат саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қандай да бiр ұзақ уақыттың белгiленген дәліздi айқындамай, құбылмалы айырбас бағамы режимiн сақтау ниетiнде.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында Қазақстандағы валюта режимiн одан әрi ырықтандыруға бағытталған саясат жалғасын табады. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заң жобасы жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына бiртiндеп көшу үшін тиiмдi база құру мақсатында әзiрлендi.
Қазiргі уақытта жаңа заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi валюталық операцияларды жүргiзу тәртiбiн, лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу, валюталық операциялар туралы мәлiмдеу мәселелерiн және валюталық бақылаудың экспорттық-импорттық рәсiмдерiн реттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын дайындауды бастады.
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды лицензиялау режимi валюталық реттеудiң өзге режимдерiне (тiркеу, мәлiмдеу) ауыстырылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi:
валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты қызметтi лицензиялауды;
сыртқы сауда келiсiм-шарттарында айқындалған мерзiмдерге байланысты валюта түсiмiн қайтару талаптарын белгілеудi жүзеге асырады, бұл валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібiн едәуiр жеңiлдетедi және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың валюталық заңнама талаптарын орындауға шығасыларын қысқартады.
Жеке сектордың инвестициялық шешiмдердi қабылдауына мемлекеттiң әкiмшiлiк араласуын қысқарту және қазақстандық капиталдың шетелдiк рыноктарды барынша белсендi жаулап алуы үшiн жағдайлар жасау күтiп отыр.
Валюталық режимдi толық ырықтандырудың мiндетті шарттарының бiрi - заңсыз сипаттары бар операцияларды шектеуші және қадағалаушы жүйенiң болуы. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауында заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы әрекет ету жүйесiн құру жөнiндегi шаралар кешенiн қамтитын заң жобасы жатыр. Онда барлық мүдделi тараптардың, оның iшiнде банктердiң қатысуымен, өйткенi олардың ақпараттық ағымдары құрылатын жүйенiң iргетасы болып табылады, және олардың мүдделерiн ескере отырып, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің тиiмдi жүйесiн құру көзделедi.
Төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету саласында төлем жүйелерiнің тиiмдi және сенiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ету, олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, төлем құралдарының жаңа түрлерiн енгiзу Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн дамыту жөнiндегi шаралар қолданылатын болады.
Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құру шеңберiнде елiшілік бөлшек сауда саласында қолма-қол емес төлемдердi жүзеге асыру үшiн тиiмдi төлем құралына және оған әртүрлi төлемдiк және төлемдiк емес "қосымшаларды" орналастыру үшiн көп қырлы карточкаға айналуға тиiс ұлттық төлем карточкасын енгізуге ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, төлем карточкаларына қызмет көрсету және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында төлем карточкаларын қабылдау желiсiн кеңейту бойынша бiрыңғай ұлттық желi құру жөнiндегі жұмыс жалғасын табады.
Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiмен (бұдан әрi - Агенттiк) тығыз үйлестіретiн болады.
Қаржы секторындағы жұмыстардың негiзгi бағыттарының бiрi банктердiң аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелерiн қадағалауды жетiлдiру болады.
Акционерлік қоғамдардың иелерi (меншігi), олардың аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер және бiрiншi кезекте, банктер құрылымының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін бiрқатар заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделiп отыр.
2005 жылы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау осы жұмыстың басы болады.
Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленедi.
Ақша-кредит саясаты қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға ықпал ететiн болады. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың алдағы үш жылға арналған тұжырымдамасына сәйкес қаржы рыногын одан әрi дамыту оның барлық сегменттерiн халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргiзiлетiн болады. Экономиканың нақты секторының қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын тұрақты және тиiмдi қызмет ететiн қаржы жүйесiн қалыптастыру жалғастырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк (БЭК) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының және Орталық Азия Ынтымақтастығының жұмысына белсендi қатысуға ниеттеніп отыр.
Қаржы секторын дамыту Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
Орта мерзiмдi перспективада қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау осы саладағы жаңа мемлекеттік саясат мүдделерiн, ел экономикасының қазiргi заманғы дамуын және халықаралық ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Халықаралық, оның iшiнде Еуропалық одақ қабылдаған стандарттарға барынша толық жақындату мақсатында қаржы ұйымдарын реттеудi одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеудiң және қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн құруға бағытталған кешендi шараларды iске асыру мақсатында орта мерзiмдi перспективада:
қаржылық қадағалаудың жаңа басымдықтарын ескере отырып, оның заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
қаржы рыногының инфрақұрылымын дамыту, қаржы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптарды жоғарылату;
ұлттық қаржы рыногының әлемдiк рыноктарға кiруiн жеделдету және белсендi халықаралық ынтымақтастық үшiн оның ашықтығы мен инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс одан әрi жүргізіледi.
Қазақстанның қаржы рыногын реттеудi халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) де Қазақстанның банк жүйесiн Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель Комитетінiң капитал барабарлығының "Капиталды есептеудiң және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (Internationаl Convergence of Capital Measurement and Capital Standards) (Базель II) жаңа келісiмiне көшiрудi жүзеге асыруға шешiм қабылдады. Көрсетiлген келiсiмде кредиттiк, рыноктық және операциялық тәуекелдердi бағалаудағы ұстанымдардың баламалылық қағидатының, яғни банктердi барабар капиталдандырудың және тұтас банк жүйесiнiң тұрақтылығын осылайша күшейтетiн тәуекелдердi басқару жүйесiн жетілдiрудiң негiзi қаланған.
Қаржы рыногын реттеу мен қадағалауды дамытудың орта мерзiмдi кезеңге арналған басым бағыттарына:
инвестициялық банкингті жандандыру;
мынадай бағдарламалық құжаттарды: Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын; Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын; Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын; Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру;
2004 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан қаржыгерлерiнiң IV конгресiнде айтылған Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау, оның iшiнде: қаржы секторындағы инвестициялау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi мәселелердi шешу; қаржы ұйымдарын капиталдандыру деңгейiн одан әрi жоғарылату жөнiнде шаралар қабылдау; қаржы ұйымдарының тәуекелдердi басқарудың қазiргi заманғы жүйелерiн одан әрi енгiзуiн қамтамасыз ету; Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығын құру жөнiндегi жұмысты жандандыру;
мынадай: "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобаларын, заңнамалық актiлерге жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтарды және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысу үлестерiн мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейтiн заң жобасын әзiрлеу, қаржы ұйымдарына салық салуды жетiлдiру және операцияларға туынды қаржы құралдары бойынша кiрiстерге салық салу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Еуропалық одақ директиваларын, оның iшiнде қаржы топтарының ақпаратты ашу талаптарын ескере отырып, лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру және "бақылау", "компаниялар тобы", "тәуелді ұйым" және өзге де ұғымдарды енгізу;
қаржы ұйымдарын қадағалау мен пруденциялық реттеудiң тәуекелдердi бағалауға негізделген жүйесiн жетілдiру;
қаржы ұйымдарының тәуекелдердi басқару жүйелерiн дербес бағалауды жүргiзуiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйелерiн тәуелсiз сыртқы бағалауға қойылатын талаптарды айқындау;
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кiруi жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында шетелдiк қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы рыногына қол жеткiзу тұжырымдамасын әзiрлеу;
халықтың қаржы рыногы туралы бiлiмiн және халықтың сақтандыру және инвестициялық мәдениетiн одан әрi арттыруды ынталандыру болып табылады.
Банк секторы
Аталған шаралар ЕО директиваларын есепке ала отырып, шоғырландырылған негізде қадағалау, лицензиялау және қаржы ұйымдарының өтімдiлiк процесi мәселелерiн қоса алғанда, қаржы рыногының барлық секторларындағы қадағалау жүйелерiн жетiлдiрудi көздейдi.
Банк секторын дамыту саласындағы қызметтiң жақын арадағы басым бағыттары:
тиiсiнше жылжымайтын мүлiкке және банк тәуекелдерiне кредит беру көлемiнiң шамадан тыс өсуiмен байланысты проблемаларды, соның iшiнде:
ипотекалық қарыз беретiн банктердiң өтiмділік деңгейiн жоғарылату;
жылжымайтын мүлiк салу жөнiндегi жобаның әрбiр қатысушысын "бip қарыз алушы" ретiнде қарау;
ипотекалық кредиттер бойынша қамтамасыз етудi тәуелсiз бағалаушының жыл сайын қайта бағалауы;
сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптары неғұрлым қатаң жаңа сақтандыру сыныбы - ипотекалық сақтандыруды енгiзу мүмкiндiктерiн қарау;
меншiктi капиталдың жеткiлiктi болуын есептеу үшiн ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өлшемдеген кезде кредиттік тәуекел көрсеткiштерiн жоғарылату жолымен шешу;
қарыз алу шарттарының ашықтығы мен салыстырылуын қамтамасыз ету үшiн кредиттер бойынша сыйлықақылар ставкаларын белгiлеудiң бiрыңғай тәртiбiн айқындау;
банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу жөніндегі талаптарды ырықтандыру жөніндегі шараларды iске асыру болып айқындалды.
Сақтандыру рыногы
Отандық сақтандыру индустриясын дамытудың бiрiншi кезектегі мiндеттерiн айқындаудағы елеулi оқиғалардың бiрi Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 1 шiлдедегi N 729 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау болды.
Бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттiң, азаматтардың және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық, экономикалық, әлеуметтiк және өзге тәуекелдерiн басқарудың тиiмдi рыноктық құралдарының бiрi ретiнде сақтандырудың ролiн және орнын нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрi реформалау болып табылады.
Бағдарламада айқындалған негiзгі мiндеттер:
жеке сақтандыруды, оның iшiнде оның ұзақ мерзiмдi және жинақтаушы түрлерiн дамыту;
өзара сақтандыру жүйесiн дамыту;
халықтың сақтандыру мәдениетiн арттыру;
сақтандыру iсiн ақпараттандыру және автоматтандыру деңгейiн көтеру;
мiндетті сақтандыру саласында мемлекеттiк саясатты жасау және оның тиiмділігiн арттыру;
сақтандыру рыногының инфрақұрылымын одан әрi жетiлдiру;
сақтандыру саласында мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру тетiктерiн жетілдiру болып табылады.
Осы Бағдарламаны iске асыру:
ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығын және сенiмдiлiгiн нығайтуға, елде жеке сақтандыруды дамытудың бастапқы негiзiн қалауға;
мiндетті сақтандырудың тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн ұлттың экономиканың басым салаларының қажеттiлiктерiн халықты әлеуметтiк қолдауды ескере отырып мiндеттi сақтандыру саласында ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк саясатты жасауға;
сақтандыру рыногының толыққанды инфрақұрылымын құруға қолдау көрсетуге, сақтандыру саласында кадрлық әлеуеттi жақсартуға;
сақтандырудың жаңа өнiмдерi мен технологияларын енгiзудi жандандыруға, сақтандыру қызметiнiң сапасын жақсартуға және оның тiзбесiн кеңейтуге;
сақтандыру рыногы субъектiлерiн қадағалау мен реттеу стандарттарын көтеруге;
ұлттық сақтандыру рыногын халықаралық рыноктарға интеграциялау процестерiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) схемасын тереңдетуге мүмкiндiк бередi.
Тұтастай алғанда, ұлттық сақтандыру индустриясын дамыту мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге қажеттi алғышарттарды жасауға ықпал етедi.
Сақтандыру саласындағы агенттiк қызметiнiң басым бағыттары:
жеке сақтандыру жүйесiн, оның iшiнде жеке сақтандыру сыныптарын және сақтандыру ұйымдарының агенттік желiлерiнiң мүмкiндiктерiн заңнамалық кеңейту арқылы дамыту;
сақтандырудың әртүрлi сыныптары (түрлерi) бойынша сақтандыру статистиканың қалыптасқан дерекқоры негiзiнде тәуекелдер сыныптамасын әзiрлеу;
Депозиттердi сақтандырушылардың халықаралық ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiн жетiлдiру;
мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру жүйесiн жетiлдiру;
капиталдың жеткіліктiгiн бағалаудың тәуекелге негізделген әдiсiне жақындату жолымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын пруденциалдық реттеудi жетiлдiру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерiн басқару жүйесiнiң болуы жөнiндегi талаптарды белгiлеу болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, корпорациялық басқаруды жақсартуға ынталандыру және қаржы рыногының тәуекелдерге неғұрлым бейiм салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi. Бағдарламада бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамытудың негізгі мақсаттары мен мiндеттерi айқындалады, ол рынокты жандандыруға және қазiргi проблемаларды кешендi шешудi қамтамасыз етуге арналған.
Бағалы қағаздар рыногын (БҚР) дамыту тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi алғышарт жасауға ықпал етедi. Бұдан басқа, белгiленген шаралар өтiмдi бағалы қағаздар тiзбесiн кеңейтуге, корпорациялық басқаруды, эмитенттердiң және БҚР-ның басқа да қатысушыларының ақпаратты ашу тәртiбiн жетiлдiруге ықпал етедi.
Мемлекеттік қарыз алу және акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару тәртiбiн жетiлдiру, халықтың инвестициялық мәдениетінiң деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар өткiзiледi. Бағдарламада Қазақстанда сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушылардың келуiне қажетті жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғауды жоғарылату, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен реттеудiң тиiмділігiн арттыру көзделедi.
Болжанып отырған кезеңге арналған саясат мынадай мәселелердi шешудi қамтиды:
кредиттiк рейтингтiк бағалауларды, оның iшiнде бағалы қағаздардың листингi және институционалдық инвесторлардың активтерiн инвестициялауға қойылатын талаптарды белгiлеу кезiнде қазақстандық ұлттық шәкіл бойынша қолдануды кеңейту;
бағалы қағаздар рыногының бiрқатар индекстерiн әзiрлеуiн қамтамасыз ету бойынша ақпараттық және талдамалық агенттiктермен жұмыс;
дефолт жағдайына бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының жекелеген тәуекелдердi еркiн сақтандыруын ынталандыру;
бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуге және бағдарламалық қамтамасыз етудi сертификаттауға қойылатын талаптарды әзiрлеу;
сауда-саттық ұйымдастырушысының, орталық депозитарийдiң, оның iшiнде номиналды ұстаушылар мен тiркеушiлердiң ақпаратты резервтiк көшiру және сақтау жүйесiне қойылатын талаптарды белгiлеу.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үнемi өсiп отыратын инвестициялық әлеуетi, сондай-ақ қаржы рыногының өзге де қатысушыларының инвестициялық белсендiлiгiнiң артуы Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын серпіндi дамытуға қолайлы әсер етедi.
Агенттiк бағалы қағаздар рыногын реттеудi халықаралық стандарттарға ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ, өзге де халықаралық ұйымдар шеңберiнде тиiмдi бiрiктіру талаптарына сәйкес келтiру жөнiндегi iс-шараларды өткізедi.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн одан әрi дамыту, салымшылардың және алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзiмдi iшкі инвестициялар көзi ретiнде зейнетақы активтерiн басқару тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулысымен Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламада жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың орта мерзiмдi перспективаға арналған негізгi басымдықтары айқындалады және мынадай iс-шараларды қабылдау:
халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуын кеңейту;
мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша "бiр салымшы - бiр қор" талабын iске асыру жолымен мiндетті зейнетақы жарналарын төлеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша агенттердiң берешегін азайту;
алушының зейнетақы алуға құқығына ие болған сәтiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндетті зейнетақы жарналарының сақталуы жөнiндегi кепiлдiктердi мемлекеттiң орындауы тәртiбiн белгiлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігiн айқындау, салымшылардың (алушылардың) мүдделерiн қорғау;
зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмділігін арттыру, зейнетақы активтерiнің көлемiндегi ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының үлесiн ұлғайту, жинақтаушы зейнетақы қорларының портфельдерiндегi қаржы құралдарының бағалық және валюталық тәуекелдерiн азайту, ұзақ мерзiмдi индекстелген мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару, жобалық инвестицияларды дамыту мен акциялар рыногын жандандыру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектілерiн қадағалауды дамыту әрi оның тиiмдiлігiн арттыру және Халықаралық Зейнетақы реттеуіштерi Қауымдастығының (INPRS) Жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарын енгiзу көзделедi.
Бағдарламаны iске асыру:
халықтың ЖЗЖ-мен қамтылуын кеңейтуге;
мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары (бұдан әрi - МЗҚ), зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (ЗАИБЖАҰ) қызметiнiң қаржылық сенiмдiлiгiн және ашықтығын арттыруға;
зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдары ұсыныстарын ұлғайтуға;
әртүрлi МЗҚ-ның салымшылары арасында зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түсетін кiрiстердi тұрақтандыруға;
ЖЗЖ субъектілерiн қадағалау және реттеу тиiмділігiн арттыруға жәрдемдеседi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн инвестициялық мүмкiндiктердің кеңеюiн, өтелгенге дейiн ұсталатын ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының ұлғаюын ескере отырып, орташа өлшемдi номиналды кiрiс 4,5-6 %-ды құрайтын болады деп күтілуде, жүйе қалыптаса бастаған алғашқы кезде пайда болған қате шоттар саны едәуiр қысқаратын болады, "бiр салымшы - бiр қор" қағидаты iске асырылатын болады және МЗҚ-ға төлемдердiң тиiмдiлiгі артады.
Орта мерзiмдi кезеңде жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласында мынадай мiндеттер шешiлетін болады:
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарушылардың және зейнетақы активтерiн дербес басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнің барабар кiрiстілiгін қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiгiн күшейтудi қамтамасыз ету;
зейнетақы активтерiн инвестициялаудың ұзақ мерзiмдi сипатын, оның iшiнде қаржы құралдарын рыноктық бағалау әдiстемесiн қайта қарау және зейнетақы активтерiн әртараптандыруға қойылатын талаптарды енгiзу жолымен ынталандыру;
зейнетақы активтерiн хеджирлеу жөніндегі операцияларды жасау тәртiбiн әзiрлеу.
Параграф 2. Фискалдық саясат
Бюджет саясаты 2006-2008 жылдары мемлекет жүргiзетiн фискалдық саясаттың жалпы бағыты сақталады және ол Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 918 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005-2007 жылдарға арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi бекiткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес келетiн болады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат жоспарланатын кезеңдi бiр жылға ұзартуды көздейтiн жылжымалы негiзде жыл сайын үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Бюджет кодексiне сәйкес 2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясаты әзiрленедi, мұнда алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясаты, оның iшiнде бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негізгi бағыттарын iске асыру тәсiлдерi, бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттары, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат, ықтимал фискалдық тәуекелдер айқындалады.
Бюджет саясаты
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты әзiрленедi, мұнда алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттары, оның iшiнде бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, бюджетаралық қатынастарды дамыту бағыттары, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат, ықтимал фискалдық тәуекелдер айқындалады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес қалыптастырылатын 2006-2008 жылдарға арналған бюджет саясаты тұрақты экономикалық өсудi қолдауға бағытталады.
Бюджет саясатының орта мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi міндеттерi:
бюджеттік заңнаманы жүйелендiру;
бюджеттiк жоспарлауды жетілдiру;
бюджет жүйесінің сыртқы экономикалық конъюнктураға тәуелдiлiгiн азайту;
мемлекеттік шығыстардың тиiмділігін және нәтижелілігiн арттыру;
перспективалы бюджеттiк жоспарлау рөлін арттыру;
жүргiзiп жатқан әлеуметтiк реформаларды, бiлiм берудi дамытуды, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды қаржылық қамтамасыз ету;
көлеңкелі экономиканың үлесiн азайту;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдаланудың тетiгiн жетiлдiру;
мемлекеттік меншiктi басқару жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу
мен борышты басқару саласындағы саясат
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты 2006-2008 жылдары мынадай негізгі екi бағытта iске асырылатын болады:
ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы үкiметтiк борыш мөлшерiн дәйектi қысқарту. Бұған ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiн бiртiндеп және тиiсiнше, оны қаржыландыруды қысқарту нәтижесiнде қол жеткiзiлетiн болады, сондай-ақ теңгерiмдi (тапшылықсыз) бюджетке көшу мүмкiндiгі қарастырылады;
республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн қысқарту жолымен үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргiзiлiп жатқан саясаты шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу ұйғарылып отыр:
Бюджет тапшылығы мен және борыш өлшемдерi:
жинақтау жөніндегі саясат шеңберiнде үкiметтік борыштың оңтайлы мөлшерiн айқындау;
ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы үкiметтік борыш мөлшерiн негiзге ала отырып, республикалық бюджет тапшылығының өлшемдерiн айқындау және орта мерзiмдi перспективада бюджеттiң теңгерiмділігіне қол жеткiзу.
Iшкi қарыз алу:
жылдар мен қағаз түрлерi бойынша бөлiнiсте мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған болжамды схемасын жасау;
iшкі қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай қарыз алудың түрлi құралдарын қолдану;
рыноктағы ахуалға қарай қарыз алудың жалпы көлемiндегi индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту және негiзiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығару жолымен қысқа және орта мерзiмдi перспективада үкiметтiк iшкi борышты өтеу жөнiндегі төлемдердiң ең жоғары шегін төмендету;
бағалы қағаздар рыногындағы бағдарларды ("benchmark") белгілеу;
шығарылымдардың жалпы санын қысқарта отырып, кезiнде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемiн ұлғайту;
айналыс мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеу кезеңдiлiгін азайту.
Сыртқы қарыз алу:
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі стратегиялық даму жоспарына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламаларына, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, донор - халықаралық қаржы ұйымдарының тиiстi орта мерзiмдi кезеңге арналған елдiк бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
экономиканың басым салаларында сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын, оның iшiнде:
ауыл, су және орман шаруашылықтарында;
жол саласында жаңа инвестициялық жобалар дайындау;
өндiрiстік инфрақұрылымды дамыту;
астананы одан әрi дамыту;
жаңа жобаларды iрiктеуге қойылатын талаптарды күшейту және Қазақстан Даму Банкiнің өтемдiк негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктiк сараптамасын жүзеге асыруы;
республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзiлетiн жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсартудан көрiнетiн қарыз қаражатын тиімді пайдалану;
Үкiметтiң бiрлесiп қаржыландыру үлесiн бiр мезгiлде ұлғайта отырып, донорлардың сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi жұмсарту шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда терiс салдарды азайту мақсатында Үкiметтiң сыртқы қарыздар портфелiн қарыздардың валюталары бойынша әртараптандыру.
Борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетiлетiн үкiметтік қарыздарды мерзiмiнен бұрын өтеу жолымен үкiметтiк борышты белсендi басқару;
жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыш мiндеттемелерiн өтеу және реттелмеген борыш мiндеттемелерi проблемаларын жедел шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
пайда болу салдарларын төмендету бойынша фискалдық тәуекелдердi - АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруiн, шетелдiк валюталардың кросс бағамдарын, пайыздық ставкаларды, әлемдiк бағалар конъюнктурасын болжамдау.
Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру
2006-2008 жылдары мемлекеттiк мүлiкті басқару және жекешелендiру саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай мiндеттердi iске асыруға бағытталады:
мемлекеттiк кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың бейiндi емес қызмет түрлерiн рыноктық ортаға берудi қамтамасыз ету;
қызметiн экономиканың стратегиялық маңызды салаларында жүзеге асыратын компаниялардың мемлекеттiк акциялар пакетін басқару жөніндегі холдингтiк компания құру;
мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару органдарында мемлекет мүддесiн бiлдiретiн лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттiк мүлiкті басқару тиiмділігiн арттыру;
заңнама талаптарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында мемлекеттік меншiк мониторингін қамтамасыз ету;
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiктерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында заңнамада белгіленген тәртiппен оларға коммуналдық меншiктi бөлiп беру;
мемлекеттiк меншiк объектілерiн есепке алу жөнiнде бiрыңғай дерекқор құру.
Алдағы кезеңде мемлекеттік меншiк объектілерiнiң орынды әрi тиiмдi пайдаланылу нысанына оларға түгендеу жүргiзу мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызмет түрлерiн түгендеу бойынша мемлекеттiң жекелеген экономика салаларына қатысу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет салаларын айқындау үшiн жүргiзiлетiн жұмыс қорытындыларын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Көрсетiлген қызмет түрлерi, сондай-ақ пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мемлекеттiк мүлiкті қоса алғанда, мұндай қызмет сол арқылы жүзеге асырылатын мүлiк заңнамада белгіленген тәртiппен бәсекелi ортаға берiлуi тиiс.
Қызметiн экономиканың стратегиялық маңызды салаларында жүзеге асыратын компаниялардың мемлекеттiк акциялар пакетiн басқарудың тиiмділігін арттыру мақсатында мемлекеттiк холдингтiк компания құрылады.
Есептi жыл қорытындылары бойынша мемлекеттiк меншікті басқаруды талдау, мемлекеттiк органдар мен оларға бағынысты ұйымдар басшыларының есептерiн тыңдауды жүргiзу уәкiлетті мемлекеттiк органдар тарапынан да, мемлекеттiк кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың (серiктестіктердiң) басқару органдарында мемлекет мүддесiн білдiретiн лауазымды тұлғалар тарапынан да мемлекеттік меншiк объектілерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру қажеттiгiн анықтап бердi.
Таяу жылдары мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлі акционерлiк қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiн бақылау тетігін жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Жасалған нормативтiк құқықтық базада мемлекеттiк меншiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындалады, меншiк нысанына қарамастан, экономиканың стратегиялық маңызды салаларындағы аса iрi кәсiпорындарды кешендi тексеру осы мониторинг шеңберiнде жүргiзiледi. Алдағы кезеңде "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , қабылданған заңи нормативтiк құқықтық кесiмдердi практикалық iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғасады. Мониторинг объектiлерi, меншiгінде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар жеке немесе заңды тұлғалар өздерiнiң қызметiн объективтi түрде көрсететiн ақпарат беретiн болады, ал электрондық дерекқорды енгiзу мемлекеттiк органдарға заңнамада белгiленген тәртiппен мониторинг объектілерi туралы дұрыс ақпаратты жедел алуға, мәлiметтердi экономикалық болжамдарды жасау және жекелеген мониторинг объектiлерi мен (немесе) экономика салалары қызметiнiң тиiмдiлігiн арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Бюджет кодексiнде, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының өкiлеттіктерi мен қаржыландыру көздерi айқындалған. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы заңнамада көзделген өкiлеттіктердi iске асыру үшін жақын арада аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдiктерi өздерiне қажет мүлікпен қамтамасыз етілуi тиiс. Бұл үшiн мемлекеттiк тұрғын үй қоры объектiлерiн қоса алғанда, тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы мемлекеттiк мүлiкке түгендеу жүргiзу; әкiмдiктерге қажеттi мүлiк тiзбесiн айқындау және заңнамада белгiленген тәртiппен оны жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарына бекiтiп берудi қамтамасыз ету керек.
Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн толық әрi дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету үшiн бiрыңғай дерекқор құру және жүргiзу көзделіп отыр. Осыған байланысты, мемлекеттік мүлiк есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша республикалық және коммуналдық меншiктің уәкiлеттi органдары арасындағы өзара iс-қимылдың айқын тәртiбiн дайындау керек.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына сәйкес мемлекеттiк активтердi басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында мемлекеттің активтерi мен мiндеттемелерi теңгерiмiн жасау әдiстемесi әзiрленедi.
Мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiнiң құрылымдық бөлшегi бола отырып, жекешелендiру жариялылық, ашықтық, бәсекелестiк қағидаттарын сақтай отырып, белгілi бiр салаларға және нақты кәсiпорындарға қатысты мемлекет мүддесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Салық саясаты
2006-2008 жылдары салық саясатының негiзгi бағыттары:
шағын кәсiпкерлік субъектiлерi үшін арнаулы салық режимiн қолдану аясын кеңейтуге және оларды, ең алдымен, экономиканың шикiзаттық емес секторына инвестициялар салуға тартуға шаралар қабылдау;
салық төлеушiлер үшiн қашықтық және ақпараттық қызмет әдiстерiнiң көмегiмен салықтық әкiмшілендiру процестерiн одан әрi жетiлдiру және дамыту;
салықтық есептіліктi талдаудың және оның камералдығының тәсiлдерi мен әдiстерiн дамыту;
ақпараттық қызметтердi бiрiктiру, мемлекеттiк органдармен ақпараттық өзара iс-қимылды жетiлдiру және тиiмдiлiгiн арттыру;
шағын бизнес субъектілерiне салық салуды жетiлдiру болады.
5. Бәсекелестiкті қорғау және дамыту, табиғи
монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу
Параграф 1. Бәсекелестiктi қорғау және дамыту
Экономиканың одан әрi өрлеуi мемлекеттi дамытудың басты басымдығы болып қала бередi және ол бәсекелестіктi қорғау жағдайларында ғана болуы мүмкiн. Осыған байланысты, бәсекелестiктi одан әрi дамыту мәселесiне мемлекет баса назар аударады.
Бәсекелестiк өркениеттi болуымен қатар, жосықсыз да болуы мүмкiн. Осыған байланысты, тауар рыноктарында салауатты және адал бәсекелестiктi дамыту мақсатында бәсекелестіктi қорғау әрi дамыту және монополистік қызметті шектеу қажет.
Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы қазiргi заман ақиқатына сәйкес келтiру үшiн "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзiрлендi, қазiргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Мәжiлiсiнiң қарауында жатыр. Заң жобасы субъектiлердің монополиялық мiнез-құлқының алдын алуға бағытталған және жаңа компаниялардың пайда болуына жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар арасында салауатты бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін жағдай туғызады.
Қолданыстағы заңнама шеңберiнде заңи кесiмдер әзiрленуде. Мысалы, Республиканың тауар рыноктарындағы бәсеке жағдайын талдау мен бағалауды және бiр немесе бiрнеше рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайын белгiлеудi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық пен Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөнiндегi әдiстеме сияқты нұсқаулықтар әзiрлендi.
Сонымен қатар, бәсекелестiктi қорғау мәселелерiн реттейтiн құқық нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру туралы мәселе өзектi болып табылады. Бұл, бiрiншi кезекте, қазақстандық экономиканы әлемдiк экономикалық кеңiстiкке жоспарлы бiрiктiрумен байланысты.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық базаны жетiлдiру мақсатында бәсекелестіктi қорғау саласында "Бәсеке және монополистiк қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы негiзiнде Халықаралық бәсеке желісi (бәсекелестікті қорғау жөнiндегi органдарды бiрiктiретін халықаралық ұйым) қабылдаған ұсынымдарға сәйкес келетiн заңи кесiмдердi қабылдау жоспарланып отыр.
Экономика салаларындағы бәсекелестiк дәрежесiн айқындау мақсатында тауар рыноктарын талдау жүргiзiледi, соның нәтижесiнде осы салалардағы бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметте шектеу жөнiнде нақты ұсыныстар дайындалады.
Бұл жұмыс, сондай-ақ жүргізiлiп жатқан темiр жол көлігi салаларын монополиясыздандыруға, электр энергетикасы саласындағы қайта құруларға байланысты жүргізiлуде, бұлар iрi рынок субъектілерiнiң үстем болу үлесiн нақтылауды және жаңадан құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үстемдiк жағдайын айқындауды талап етедi.
Коммуналдық қызметтер мен әлеуметтiк маңызды тауарлар бағаларының (тарифтерiнің) өсуiне жол бермеу мақсатында жергілiктi тауар рыноктарында үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргізушi субъектілердiң қызметiн қадағалауға ерекше көңіл бөлiнедi.
Бұдан басқа тауар рыноктарындағы бәсекелестік дәрежесiн айқындау мақсатында оларға талдау жүргiзiлетiн болады. Мемлекеттік реттеудi азайту немесе мемлекет тарапынан араласуды азайту мүмкiндiгi жөнiндегi ұсыныстар осындай талдаулардың нәтижесiне айналуы тиiс. Мұндай шаралар тиiстi тауар рыноктарындағы бәсекелi қатынастарды дамытуға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар, монополизм көрiнiстерiн асыра пайдаланудың, рынок субъектiлерiнің монополиялық бағаларды белгiлеу жөніндегі сыбайласуының жолын кесу, басқа субъектілердi рыноктан шеттету және олардың рынокқа кiруiн шектеу, рынок субъектiлерiнің шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың негізсiз араласуының жолын кесу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бақылау бойынша шаралар күшейтiлетiн болады.
Кәсiпкерлiк бостандығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн нығайту, бәсеке мәдениетiн арттыру басым мәнге ие болады.
Параграф 2. Тариф саясаты
Орта мерзiмдi кезеңде тариф саясатының негізгі бағыты табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне тариф белгілеудiң тиiмдi жүйесiн құру болады. Тариф саясаты мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерi мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау;
табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін шығындар мен пайданы жабу;
орта мерзiмдi негiздегі тарифтер тұрақтылығы;
Қазақстанды әлемдiк экономикаға бiрiктiру процесiн қамтамасыз ету мақсатында тарифтердi негізсiз сараландырудан бас тарту;
табиғи монополия субъектілерi қызметiнiң тиiмділігін арттыру.
Табиғи монополиялар саласында тариф саясатын дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ 1999 жылғы 13 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру шеңберiнде орта мерзiмдi кезеңде тариф саясатының негізгі мiндеттерi:
экономиканың тиiсті секторларын қайта құрылымдау бағдарламаларының шеңберiнде табиғи монополияға жататын қызмет түрлерiн нақтылау;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау әдiстерiн, соның iшiнде:
табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтік сметаларды орындауын талдау;
тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) инвестициялық және шектi деңгейiн бекiту әдiстемесiн әзiрлеу;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн техникалық және қаржылық сараптауды жүргізу талаптары мен ережелерiн белгiлеу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша кiрiстерiнiң, шығындарының және тартылған активтерiнiң бөлек есебiн енгізу жөнiндегі eceпті мәлiметтерiн талдау;
табиғи монополиялар субъектiлерi жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды бақылауды күшейту;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) қосылатын амортизациялық шегерiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылау;
инвестициялық бағдарламаларды бағалау әдiстерiн енгiзу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқығын, соның iшiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi қоғамдық бiрлестіктердi (үкiметтік емес ұйымдарды) тарта отырып, табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтерi (бағалары, алым ставкалары) жобаларын қарау кезiнде мiндеттi түрде бұқаралық тыңдаулар жүргiзу арқылы кеңейту жолымен кеңейту;
табиғи монополияның барлық салаларында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша кiрiстерiнiң, шығындарының және тартылған активтерiнің бөлек есебi ережесiн әзiрлеу және енгiзу;
табиғи монополия субъектiлерiне негізгi құралдарды тұрақты жаңарту үшін жағдайлар жасау, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында тартылған активтердi өтеудi қамтамасыз ету;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) есептеудiң тұжырымдамалық ұстанымдары мен неғұрлым оңтайлы (қолайлы) әдiснамасын айқындау;
ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сапасының көрсеткiштерiне қарай тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) айқындау тәртiбiн әзiрлеу және белгілеу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын қосу тәртiбiн айқындау;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жетiмділігi тәртiбiн бекiту болып табылады.
2003 жылы тартылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiсi енгiзiле басталды. Бұдан басқа, табиғи монополиялардың электр және жылу энергетикасы саласында қызметтер көрсететiн бiрнеше субъектiсi орта мерзiмдi тарифтер бойынша жұмысқа ауысты. Осыған байланысты аталған субъектiлердiң қызметiне талдау жүргiзiледi, сондай-ақ табиғи монополиялардың барлық салаларында тариф құрудың орта және ұзақ мерзiмдi әдiстемесiне iс жүзiнде көшу аяқталады.
Реттеудiң жаңа тетiктерiн дамыту бағытында мынадай мiндеттердi шешу қажет:
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер деңгейiнің өзгеру серпінінің экономика салаларына және тұтынушылардың жекелеген топтарына әсерiн бағалау модельдерiн әзiрлеу;
салалардың ерекшелiктерiн ескере отырып, тарифтердiң экономикалық негiздi саралануын айқындау;
қызметтердi мемлекеттiк субсидиялау тетiктерiн әзiрлеу;
табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн бақылау және сараптау тетiктерiн жетiлдiру. Көрсеткiштердiң теңгерiмдi жүйесi негiзiнде субъектiлер қызметінiң мониторингi жүйесiн құру;
реттеушi орган қызметiн ақпараттандыру.
6. Сауда және сыртқы экономикалық қызмет
Параграф 1. Сыртқы сауда саясаты
2006-2008 жылдары сауда мен сыртқы экономикалық қызметтегi жұмыстардың негізгi бағыттары:
"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегі Заңын iске асыруға бағытталған құзыретi шегiнде шаралар қабылдауға;
сауда және қоғамдық тамақтандыру объектiлерінің қызметiн қазiргi заман талаптарына сәйкес келтiруге (Қазақстан Республикасындағы сауда және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiне қойылатын бiлiктiлiк және техникалық талаптарды қолдану жөнiнде ұсынымдар тұжырымдауға);
әртүрлi сауда түрлерiн дамытуға, өңiраралық сауданы дамытуға ықпал ететiн және ішкі рынокқа әлеуметтiк маңызды тауарлардың тұрақты жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы инфрақұрылымды және сауда саласы кәсiпорындарын құруды ынталандыруға;
ауыл шаруашылығы өнiмдерi рыноктарында бәсекелi орта құруға және тұтыну тауарлары бағаларының негiзсiз өсуiне жол бермеуге;
Қазақстан Республикасында тауар биржаларының қызметiн одан әрi дамытуға;
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы "Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын (ХШЫО) құру туралы негіздемелiк келісiмдi iске асыруға;
экспортты әртараптандыру және жалпы экспорт көлемiндегі қосылған құны жоғары өнімнің үлесiн ұлғайту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдауға;
уәкілеттi органдармен және мүдделi кәсiпорындармен консультациялар жүргізу жолымен қазақстандық тауарларға қатысты шетелдiк мемлекеттер бастамашы болған демпингке қарсы талқылауларды реттеу жөнiндегі iс-шараларды жүргізуге;
қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға экспорттық жеткiзудің және сауда теңгерiмiнiң оң сальдосының өсу серпiнiн сақтауға жәрдемдесуге;
өндiрiстi әртараптандыруға жәрдемдесуге және экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызметтер өндiрiсiн ұлғайтуға;
сауда теңгерiмiн жақсарту және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен оң сальдоға көшу мақсатында ТМД елдерiне экспорттық жеткiзулердi ұлғайтуға жәрдемдесуге;
қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдану мақсатында талқылаулар жүргiзу жолымен отандық өндiрушілердiң мүдделерiн тауарлардың өсiп кеткен импортынан қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға бағытталатын болады.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кiру
Сыртқы экономикалық саясаттың 2006-2008 жылдарға арналған басым бағыттарының бiрi Қазақстанның Дүниежүзiлік сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiруi жөніндегі жұмыстарды жалғастыру және Қазақстанның сыртқы саудадағы мүддесiн кемсiтудiң алдын алу үшiн аталған ұйымның тетiктерiн белсендi пайдалану болып табылады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi қорытынды құжаттарды дайындауға көшу Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi көпжақты және екіжақты келiссөздер жүргізудiң нәтижесiне айналуы тиiс, мұнда Қазақстанның экономикалық мүддесi барынша ескерiледi.
Орта мерзiмдi перспективада Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi және тиiсiнше барлық міндеттердi, оның iшiнде өңiрлiк сауда бiрлестiктерi шеңберiнде қайта қарау күтiліп отыр. Осыған байланысты ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен сәйкестендiру жөнiнде ауқымды жұмыс жүргізiледi.
Халықаралық экономикалық бiрiгуге қатысу
Елдiң әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi бiрiгуi, оның халықаралық еңбектi бөлу жүйесiндегi рөлiн оңтайландыру үшiн жағдайларды қалыптастыру сыртқы экономикалық саясаттың 2006-2008 жылдарға арналған негізгi басым бағыттарының бiрi болып табылады.
Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының аса маңызды шарты саудадағы әріптес елдердi таңдауда икемдi саясат жүргізу: үшiншi елдер арқылы транзитті барынша азайту мақсатында Еуропа мен Азия елдерінің таяу рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, еркiн сауда аймағының артықшылықтарын барынша пайдалануға бағытталған өткiзу рыногын әртараптандыру болып табылады.
Алдағы кезеңге арналған аса маңызды iс-шаралардың бiрқатары:
саудада преференциялық режимдi белгiлеу жөнiнде екіжақты және көпжақты келiсiмдер жасау жөнiндегi келiссөздердi одан әрi жүргізу;
өңiрлiк бiрлестiктер (ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және OAO) шеңберiнде экономикалық бастамаларды жылжыту;
Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметіне қатысуымен байланысты мәселелер жөнiндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және iске асыру болып табылады.
7. Адами капиталды дамыту
Параграф 1. Жоғары бiлімдi мамандар даярлау жүйесін дамыту
2006-2008 жылдары бiлiм беру саласындағы негiзгі мiндеттер:
Бiлiм берудiң 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру;
халықтың барлық жiгiнiң сапалы бiлімге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
12-жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшу;
жоғары технологиялы және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер үшiн жоғары бiлiмдi кадрлар даярлаудың мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы құрылымын жетiлдiру;
кластерлік бастамаларды ескере отырып, өңiрлерде кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беретiн оқу орындарында бiлiктi техникалық және қызмет көрсетушi еңбек кадрларын даярлау;
сапаны бағалаудың ұлттық жүйесiн құру;
бiрыңғай ұлттық ақпараттық ортаны қалыптастыру;
бiлiм беру процесiн оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз етудi жетiлдiру;
бiлiм беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемдiлiгi, жоғары оқу орындары желiсiн оңтайландыру және академиялық бостандықтарды кеңейту негізiнде жоғары кәсiптiк білім беру сапасын арттыру;
магистрлiк және докторлық бағдарламалар бойынша жоғары бiліктi кадрлар даярлауға көшудi жүзеге асыру;
бiлiм берудiң кредиттiк жүйесiн енгізу;
кредиттердi қайтару жөнiндегi мемлекет кепiлдігін қамтамасыз ете отырып, екiншi деңгейдегi банктер арқылы студенттiк кредиттер берудiң қазiргі заманғы жүйесiн құру;
техникалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын ұлғайту;
ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдiк оқытушылар мен консультанттарды тарту;
жыл сайын "Болашақ" бағдарламасы шеңберiнде үздiк үш мың студенттi әлемнiң озық жоғары оқу орындарында даярлау;
жоғары кәсiптiк бiлiм беру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа буынын әзiрлеу және шығару;
шетелдегі кез келген елде тағлымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған грант мәртебесi бар жыл сайынғы мемлекеттiк "Үздiк оқытушы" стипендиясын төлеу арқылы профессорлық-оқытушы құрамды қолдау болады.
Параграф 2. Кәсіптiк орта бiлiмдi мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау жүйесiн дамыту
Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек рыногының қажеттілiгіне сәйкес оқып жатқандарды тиiмдi кәсiптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшiн 2006-2008 жылдары мынадай мiндеттердi шешу:
білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес кәсіптік білім беру және кадрлар даярлауды жүйесін қайта құрылымдау;
халықтың барлық жiгiнiң кәсiптік орта бiлiмге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және олардың білікті техникалық және кәсiптiк бiлiм алуға мүдделілігiн арттыру;
жоғары білікті жұмысшы кадрларын және бiлiм беру мамандарын даярлау үшiн экономиканың нақты секторын тарту тетiктерiн құру;
оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілiгін қамтамасыз ететiн кәсiптiк дағды алуы үшiн жағдайлар жасау;
кәсіптiк бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту;
оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн кәсiби дағды алуына жағдайлар жасау;
кәсiптiк бастауыш бiлiм мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсiптiк орта бiлiмнiң бiр бөлiгiн техникалық және кәсiптiк бiлiмге трансформациялау;
кәсiптік орта бiлiм берудің жекелеген бағдарламаларын жаңа - ортадан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру деңгейiнде iске асыру;
техникалық мамандықтар бойынша кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұлғайту, кластерлiк бастамаларды ескере отырып, өңiрлерде кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беретiн оқу орындарында бiлiктi техникалық және қызмет көрсетушi еңбек кадрларын даярлау;
оқытудың кредиттiк жүйесiн енгiзу қажет.
Параграф 3. Ғылым мен инновацияларды дамыту
2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды әзiрлеуге, экономиканың шикiзаттық бағытталуынан ауытқуға, өндiрiстiк кәсiпорындардың экспортқа бағдарлануын жоғарылатуға және өндiрiсті әртараптандыруға бағытталған.
Осыған байланысты бiрiншi кезектегi мiндеттер:
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама мiндеттерiн iске асыру;
ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру: Қазақстанда ұлттық ғылыми-технологиялық өңiрлiк технологиялық парктер жүйесiн, технологиялық бизнес-инкубаторлар құру;
технологиялар трансфертi жүйесiн дамыту;
шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың нәтижелi тетiктерiн құру;
инновациялық кәсiпкерлiк саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру;
инновациялық кәсiпкерліктi ақпараттық қолдауды дамыту;
инновациялық дамудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру;
ұлттық инновациялық жүйенiң қаржылық инфрақұрылымын дамыту - отандық, сонымен қатар шетелдiк капиталдың қатысуымен венчурлік қаржыландыру жүйесiн қалыптастыру;
ғылыми әзiрлемелердi коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау, жоғары технологиялы жаңа өндiрiстердi енгізу, зияткерлiк меншіктi бағалау жүйесiн және ғылыми-техникалық өнiм мен инновациялар рыногын, республикада iске асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды нәтижелi үйлестірудi қамтамасыз етудi жетiлдiру болып табылады.
Қазақстанның стратегиялық мүддесiн негiзге ала отырып, орта мерзiмдi кезеңде мыналарды жүзеге асыру:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілiктерiне және әлемдiк ғылымның даму үрдiстерiне сәйкес орта мерзiмдi кезеңге арналған iргелi зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
ғылыми және инновациялық инфрақұрылым субъектiлерiн (ғылыми ұйымдарды, технопарктердi, технополистердi, инновациялық орталықтарды, технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми-технологиялық аймақтарды және т.б.) дамыту және қолдау;
инновациялық даму саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
отандық және шетелдiк қаржы институттарымен бiрлесiп, венчурлiк инновациялық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлiк қаржыландыру тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
инновациялық сала үшiн мамандар даярлау мақсатында республиканың жетекшi университеттерi базасында инновациялық жобаларды басқару жөнiндегі менеджерлердi, инновациялық кәсiпорындар үшiн инженер-техник мамандарды даярлауға, сондай-ақ мамандарды қайта даярлауға бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу;
шетелдiк озық технологияларды тарту жүйесiн құру;
отандық ғылым мен технологиялардың жетiстiктерiн алға жылжыту мақсатында отандық әзiрлемелердiң деректер банкiн құру және экономиканың нақты секторының инновациялық әзiрлемелерге мұқтаждығын талдау жөнiндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Параграф 4. Халықтың әл-ауқатын арттыру
Халықтың кiрiстерi
Әлеуметтік-экономикалық дамудың алдағы кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспарының халықтың әл-ауқаты саласындағы мақсаты жалақының жалпы деңгейiн көтеру, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшерiн арттыру болып табылады.
Халықтың кiрiстерiн одан әрi жоғарылату, оның iшiнде бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын кезең-кезеңмен жоғарылату көзделiп отыр.
Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерiне жалақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі жұмыс бюджет саласының қызметкерлерiне жалақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру шеңберiнде жалғасады.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн:
зейнетақы мөлшерiн жыл сайын арттыру және зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеудi қамтамасыз ету;
әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету нормативтерi мен шетелдiк тәжiрибенi ескере отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеудi жетілдiру жұмысын жалғастыру көзделедi.
2006 жылдан бастап жалақы төлеу, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төменгi барлық мемлекеттiк стандарттар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне негiзделе отырып айқындалатын болады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және орташа тапты құру
Шағын және орта бизнес субъектілерiнiң белсендiлігін арттыру мақсатында 2006-2008 жылдары кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайларды жақсарту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.
Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi қызметiнiң аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметiн жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебiнен Қазақстанның бәсекеге қабiлетiн арттыру болып табылады.
Бағдарлама шеңберiнде жүргiзілетін жұмыстардың негiзгi бағыттары:
шағын және орта бизнес мәселелерi бойынша заң шығарудың жаңа регламентiн қабылдау жолымен заңнаманы жетiлдiру;
шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң нәтижелілігiн қадағалау институтын енгізу;
әрбiр мемлекеттiк органда "құқықтық ақпарат кабинетiн" енгiзу;
әкiмшiлiк кедергілердi азайту және бюрократиясыздандыру;
кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi:
мемлекеттің жеке сектормен өзара iс-қимылының жаңа идеологиясын құру;
кластерлік-желілік ұстаным негiзiнде өмiр сүруге қабiлетті инфрақұрылымдық жүйенi құру және қамтамасыз ету;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негiз құру;
шағын және орта кәсiпкерлiктегі көлеңкелi айналымды қысқарту.
Күтiлетiн нәтижелер.
2005 жылы "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
Бизнеске әкiмшiлiк қысымды азайту үшiн ұсыныстар әзiрлеу және кәсiпкерлiк белсенділікті ынталандыру үшiн мүдделi мемлекеттiк органдар мен кәсiпкерлердiң салалық бiрлестіктерiн тарта отырып заң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобы құрылатын болады.
Қазақстан Республикасының бiрқатар заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделiп отыр, олардың қабылдануы мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуға әрi шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн преференциялар құруға мүмкiндiк бередi.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексiне шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнiң қолданылу аясын кеңейту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiледi.
Сондай-ақ кластерлік-желілік ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделi әзiрленедi.
2005 жылы Үлкен қаржы маркетi құрылады.
2006 жылы мемлекеттiң бейiндi емес функцияларын шағын және орта кәсiпкерлiкке беру жүргiзiледi.
Шағын және орта бизнестi дамыту үшiн 2005 жылы "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамына республикалық бюджет қаражатынан қосымша 10 млрд. теңге бөлiнедi.
Үш жыл iшiнде шағын және орта бизнес субъектiлерiне кредит беру 95 млрд. теңгеге дейiн ұлғаяды.
Параграф 5. Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту
2006-2008 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат еңбек рыногында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшілiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 27 қаңтардағы
N 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру 902,1 мың жаңа жұмыс орнын құру, 403,1 мың адамды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 333,5 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, 70,8 мың жұмыссызды кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға жiберу есебiнен еңбек рыногындағы шиеленiстi төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсiрудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы
N 1241 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерi жетiлдiрiледi, әлеуметтiк көмектiң әрқилы түрлерiн (тұрғын үй көмегін, атаулы әлеуметтiк көмектi, 18 жасқа дейiнгі балалар жәрдемақысын) алуға үмiткер тұлғалар үшiн жиынтық кiрiсті есептеудiң бiрыңғай әдiстемесi әзiрленедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап бiр жасқа дейiнгi сәбидi күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақылар енгiзiледi. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгi балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленедi, төрт және одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен марапатталған немесе бұрын I және II дәрежелi "Ана даңқы" атағын алған аналарға берiлетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерi көбейтiледi.
Параграф 6. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн дамытудың орта мерзiмдi кезеңге арналған негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында (бұдан әрi - Бағдарлама) айқындалған.
Бағдарлама шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
республикалық бюджет қаражатынан (жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты) төленетiн жәрдемақылар мөлшерiн есептеу әдiстемесiн бiртiндеп өзгерту жолымен әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң базалық деңгейiн қалыптастыру;
ең төмен күнкөрiске қатысты базалық әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн айқындау;
тұтыну бағаларының өсуін ескере отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар мөлшерiн одан әрi жоғарылату;
негізгі әлеуметтiк тәуекелдердi (қарттықтың басталуы, еңбек қабiлетiнен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту;
жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң төлемдерiн оңтайландыру (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық арқылы) көзделуде.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бiртiндеп ұлғайту көзделiп отыр. Перспективада базалық зейнетақы мөлшерiн ең төменгi күнкөрiстiң 75%-ын құрайтын деңгейге дейiн ұлғайту жоспарлануда.
2006 жылы барлық санаттағы мүгедектерге және жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы алушыларға төленетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар ұлғайтылатын болады.
Параграф 7. Денсаулық сақтау
2006-2008 жылдары денсаулық сақтау саласындағы саясатты iске асырудың негiзгi мақсаты мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершiлiк қағидаттарына негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру жолымен халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрi дамыту - басым бағыттардың бiрi.
Мақсатты iске асыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау жүйесiн дамытудағы басты басымдықтардың бiрi ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.
Ана мен баланы қорғау қызметiн жетiлдiру үшiн:
жыл сайын балалар мен ұрпақты болу жасындағы әйелдердi диспансерлеу, медициналық тексерулерден, сауықтырудан өткiзу;
балалар мен жүктi әйелдердi емдеу-алдын алу ұйымдарын қажеттi мамандармен толықтыру;
амбулаториялық емделу кезiнде балалардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
жүктi әйелдердi халықаралық стандарттарға сәйкес ерте диспансерлік бақылауға алуды қамтамасыз ету;
балалар мен әйелдердi емдеу-алдын алу ұйымдарын бекітілген нормативтерге сәйкес қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру;
балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметiн одан әрi дамыту;
отбасын жоспарлау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру көзделiп отыр.
Халық өмiрiнiң сапасы мен ұзақтығын одан әрi жоғарылату мақсатында әлеуметтiк маңызды аурулардың алдын алу, ерте анықтау, тиiмдi емдеу және оңалту жөнiндегі шаралар жүргізiлетiн болады.
Бұл бағытта:
туберкулезбен, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен аурушаңдықтың алдын алу және төмендету;
психикасы мен мiнез-құлқы бұзылған ауруларды емдеу мен сауықтырудың кешендi бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу;
жүрек-қан тамырлары ауруларымен, қант диабетiмен ауыратындарды ерте диагностикалаумен, емдеумен қамтамасыз ету және диспансерлеудің тиiмділігiн арттыру жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады.
2006 жылы отандық фармацевтикалық салаға халықаралық стандарттарды енгiзу жөнiндегi дайындық жұмыстары аяқталады, бұларды енгізудi 2007 жылы бастау жоспарланып отыр.
Параграф 8. Мәдениеттi, ақпаратты, мұрағат iсiн, туризмдi
және спортты дамыту
Мәдениет, ақпарат, мұрағат iсi және спорт
2006-2008 жылдары мәдениет, ақпарат, мұрағат iсi және спорт саласындағы негiзгi мақсаттар бiрыңғай мәдени-ақпараттық кеңiстіктi нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтiк мәдени инфрақұрылымды сақтау және дамыту, кәсіптік өнердi және халық шығармашылығын дамыту жағдайларын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы салауатты өмiр салты қағидаттарын орнықтыру, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын одан әрi дамыту арқылы қоғамның рухани әлеуетiн iске асыру болып табылады.
Мыналар:
"Қазақстан - 2030" Стратегиясының , Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң негiзгі бағдарламалық құжаттарының iске асырылуын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
театр-концерт қызметiн, ұлттық фильмдер өндiрiсiн қолдау және дамыту үшiн жағдайлар жасау;
мәдениетті сақтау және қалпына келтiру, тiл саясатын дамыту үшiн бағдарламалық құралдар мен әдiстердi әзiрлеу және қолдану;
Қазақстанның шетелдегi халықаралық беделiн арттыру;
мұрағат iсi саласында мемлекеттік саясат жүргiзу;
мемлекеттік жастар саясатын iске асыру;
тарих, археология және сәулет ескерткiштерінің, тарихи орталықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында үйлесiмдi этносаралық қатынастарды қамтамасыз ету, қоғамдық прогресс пен азаматтық бейбiтшiлiктi сақтау және олар үшiн жағдайлар жасау;
мәдениет, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану, мұрағат iсi, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру;
ұлттық әдебиет пен жазба әдебиеттің көптеген ғасырлар бойғы тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиеттің үздiк жетiстiктерi негiзiнде мемлекеттiк тiлдeгі толыққанды қор құру;
жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау үшiн қазiргi заманғы базаны, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарының кең желiсiн құру;
бұқаралық, әсiресе ауылдағы спортты дамыту;
олимпиадалық, ұлттық, техникалық спорт түрлерiн және халықтық ойындарды дамыту;
Қазақстан Республикасының спорт резервi мен ұлттық құрама командаларын халықаралық жарыстарға дайындау;
дене шынықтыру мен жоғары жетiстiктер спортын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету басым мiндеттер болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу үшiн:
бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымдастыру-насихаттау iс-шараларын неғұрлым жоғары кәсiби деңгейде жүргiзу;
Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмiрi туралы телерадиокомпаниялар жасайтын бағдарламалардың сапасын жақсарту, мемлекеттiк тiлде хабар таратудың жалпы көлемiн ұлғайта отырып, ұлттық телеарналардың тарату желісiн кеңейту;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi
N 398 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында теле-радио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын одан әрi iске асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында теле-радио хабарларын таратуды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау;
Қазақстан Республикасында мұрағат iсi дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау;
ескерткiштердi қайта жаңарту, тұмшалалау, жөндеу, қалпына келтiру және жаңғырту жолымен тарихи-мәдени мұраның сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргізу;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277 Жарлығымен бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік нышандарды насихаттауды жүргізу;
мұрағат мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартуға жәрдемдесу, мұрағат iсi саласындағы нормативтiк құқықтық және ғылыми-әдiстемелік базаны жетілдiру;
Шетелде тұратын отандастарды қолдау бағдарламасын iске асыру;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы
N 550 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi iске асыруды қамтамасыз ету;
ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерiнiң негiзiнде гуманитарлық бiлiм берудiң қазақ тiлiндегi толыққанды қорын жасау, кеңiнен өрiстетілген ғылыми, көркем және ғұмырнамалық сериялар шығару жолымен ұлттық әдебиет пен жазба әдебиеттің көптеген ғасырлар бойғы тәжiрибесiн қорыту;
мәдениет пен өнер саласындағы менеджменттi жетiлдiру, өнер саласына бiлiктi менеджерлердi тарту;
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау, сондай-ақ оны iске асыруды қамтамасыз ету;
әсiресе ауылдық жерлерде балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, жасөспiрiмдер клубтары, дене дайындығының балалар-жасөспiрiмдер клубтары желiлерiн дамыту;
балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi мен ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
әрқилы спорт түрлерi бойынша жоспарланған спорттық iс-шараларды өткiзу, спортшылардың дайындалуын және спорт ойындары мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Туризм
2006-2008 жылдары туристік кешендi дамытудың басты мақсаттары дәйектi даму және экономиканың кiрiс саласына көшу, жоғары рентабельдi туризм индустриясын құру, туристiк қызметтердi жылжыту және сату, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру болып табылады.
Алдағы кезеңде мынадай мiндеттердi шешу:
мемлекеттік және жеке сектордың қазақстандық туристiк өнiмдi әлемдiк туристік қызметтер рыногына жылжыту бойынша одан әрi ынтымақтастығын жалғастыру;
туристiк iс-шаралар жүргізу және оларға қатысу арқылы туристік қызметтер экспортын ұлғайту;
Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытуға бағытталған туризм инфрақұрылымына инвестициялар тарту көзделіп отыр.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және мiндеттердi шешу үшін:
туризмдi дамытудың экономикалық және құқықтық тетiктерiн әзiрлеу;
"Туризм және КІТҒ саяхаты" қазақстандық халықаралық туристiк жәрмеңке өткiзу;
Қазақстанның халықаралық туристiк көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы;
туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау ұйғарылып отыр.
Параграф 9. Гендерлiк даму
2006-2008 жылдары гендерлiк дамудың негiзгi мақсаттары әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту және нақты гендерлiк теңдiкке қол жеткізу болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарды iске асыруға бағытталған негiзгі мiндеттер:
отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты заңнаманы жетілдiру, елдiң әлеуметтiк-экономикалық саясатына гендерлiк тәсiлдi енгiзу;
әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту;
әйелдердiң билiк құрылымдарына тең қол жетiмдiлігiн қамтамасыз ету, олардың шешiмдер қабылдау деңгейiне көтерiлуi үшiн жағдайлар жасау;
қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтiк өмiрiне қатысу үшiн әйелдердiң мүмкiндiктерiн және олардың әлеуетiн арттыру болып табылады.
2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлiк теңдiк стратегиясын, "Тұрмыстық зорлық туралы", "Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне адам саудасына қарсы әрекет ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы", "Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерi туралы" заң жобаларын әзiрлеу көзделуде.
Экономикалық белсендi халықтың жұмыспен қамтылуының гендерлiк аспектiсiн үнемi зерттеу жүргізiледi, әйелдер арасындағы жұмыссыздықты азайту жөнiнде ұсыныстар әзiрленедi.
Әйелдердiң зорлықтан қорғалуға құқықтарының тұрақты мониторингi көзделiп отыр.
Дағдарыс орталықтарының, сенiм телефондарының, зорлық құрбандарына арналған паналар мен үйлер желiсiн кеңейту ұйғарылып отыр.
Қоғамда және мемлекеттi басқаруда әйелдер мен ерлердiң iс жүзiндегі теңдiгiнің қажеттілiгі туралы қоғамдық санада түсiнік қалыптастыру жөніндегі жұмыстар үнемi жүргiзiлетiн болады.
8. Өндiрiлген капиталды дамыту
Параграф 1. Инвестициялық саясат
2006-2008 жылдары тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды экономиканың басым секторларына тартуды ынталандыру, мемлекеттік инвестицияларды пайдалануды оңтайландыру мен оның тиiмдiлігін арттыру және iшкi жинақтарды жұмылдыру саясаты жалғасады.
Осы салада "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ "J.E.Austin Associates Inc." консалтингтiк компаниясымен бiрлесiп жүргізетiн жұмыстар шеңберiнде Қазақстанда кластерлiк бастаманы дамытуды жандандыру көзделуде.
Елдiң инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық ахуалды жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
Басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет:
миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейтуге;
кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген жүйесiн енгізуге;
қызмет түрлерiн лицензиялаудың ашық жүйесiн құруға;
кәсiпорындардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISO-9000, ISO-14000) көшуiн жеделдетуге;
Ұлттық инновациялық жүйенi - экономикалық дамуды басқарудың жаңа жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруға;
мемлекеттiк даму институттарының жұмысын үйлестіру жөніндегі iс-әрекеттi жандандыруға, олардың қызметiнiң ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды одан әрi қабылдайтын болады.
Алдағы кезеңде бюджеттік инвестициялардың басымдықтары:
мемлекеттiк басқару функцияларын тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету; әлеуметтiк секторды дамыту; базалық инфрақұрылымды дамыту; аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу; Астана қаласын дамыту болып қалады. Сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерiне кредит беру мүмкiндiктерiн ұлғайтуға және инновациялық жүйенi дамытуға ықпал ететiн даму институттары қосымша капиталдандырылатын болады.
Тұтастай алғанда, бюджеттiк инвестицияларды бөлу бекiтiлген Мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың 2006-2008 жылдарға арналған тiзбесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
2006-2008 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытуды iске асыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы
N 1388 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) шеңберiнде жүзеге асырылады.
Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жетiмдiлiгін қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгі мақсаты болып табылады.
Мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу:
ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерiмдi тұрғын үй құрылысы рыногын құру;
тұрғын үй салуға жеке инвестицияларды тарту және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;
құрылыс индустриясының тиiмдi рыногын қалыптастыру;
халықтың қалың бұқарасы үшiн ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылысы жинақтарының қолжетiмдiлігін көтеру көзделуде.
Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тұрғын үй салу ұсынысын ынталандыру.
Жалпы сипаттағы жүйелі шаралар:
тұрғын үй құрылысының бiр шаршы метрiнiң құнын төмендету;
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
жеке капитал инвестицияларын тарту есебiнен тұрғын үй салу;
тиiмдi, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндiрудi одан әрi дамыту және жаңа технологияларды енгізу.
Орта тап пен халықтың әлеуметтiк қорғалатын жiгi үшiн тұрғын үй салуды ынталандыруға бағытталған шаралар:
коммуналдық тұрғын үй салу;
мемлекеттiк қаражат есебiнен қолжетiмдi тұрғын үй салу.
Төлемге қабiлеттi сұранысты ынталандыру:
ипотекалық кредит беру жүйесiн жетiлдiру;
құрылыс жинақтары жүйесiн дамыту.
Ипотекалық кредиттерге қол жетiмдiлiктi ұлғайту мақсатында мемлекет ипотекалық кредит беру өлшемдерiн өзгерту жөнiндегi шараларды қабылдады. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру ипотекалық кредит берудiң мынадай мақсатты шарттарымен жүзеге асырылады:
сыйлықақы ставкасының мөлшерi - 9-10 %;
бастапқы жарна мөлшерi - 10 %;
ипотекалық кредит мерзiмi - 20 жыл.
Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiн жаппай iске қосу мақсатында Мемлекеттік бағдарламаның қолданысы кезеңiнде тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiнiң ықтимал қатысушылары болып табылатын азаматтар үшiн барынша тартымды жағдайлар жасау ұсынылады:
тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiндегі қажеттi қорлану мөлшерiн сатып алынатын тұрғын үй құнының 25 %-ына дейiн төмендету;
қорлану мерзiмiне қарай кредит мерзiмiн 25 жылға дейiн ұлғайту;
мемлекет көтермелейтiн салым сомасының мөлшерiн 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн ұлғайту.
2005 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен халықтың әлеуметтік қорғалатын жiгi үшiн 1,6 мың пәтердi және ипотекалық кредит беру жүйесi арқылы 11,7 мың пәтердi пайдалануға беру қамтамасыз етiледi.
2004-2005 жылдары коммуналдық тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлiндi.
2005-2006 жылдары коммуналдық тұрғын үйдiң 261,3 мың шаршы метрiн пайдалануға беру көзделіп отыр.
Кредиттiк қаражатты тарту есебiнен 2005-2006 жылдары 1727,6 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру көзделуде.
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде 12 млн. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгiзiледi.
Параграф 2. Индустриялық-инновациялық даму
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негiзгi мақсаты дамудың шикiзаттық бағытталуынан ауытқу жолымен экономика салаларын әртараптандыру арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға көшу үшiн жағдайлар дайындау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiп пен қызметтер саласында бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiру мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты мәнi болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткiзу өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнын өнiм өндiру көлемдерiн ұлғайту жолымен ғана емес, сондай-ақ адамдар мен өндiрiлген өнiм капиталын пайдалану тиiмдiлiгін арттыру есебiнен ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл өнiм өндiру процесi мен халықтың тұрмыс деңгейiн арттыруға оң әсер етедi. Бұдан басқа, босайтын еңбек ресурстарын, энергия мен материалдарды жаңа өндiрiстер құруға бағыттауға болады.
2006-2008 жылдары индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының екiншi кезеңiн (2006-2010 жылдар) iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылады. Екiншi кезең Стратегияның iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңiне айналады, халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техника жетiстіктерi негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi.
Бұл кезеңде ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылады және өнеркәсiптi жаңғыртуға әрi экономиканың құрылымын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобалар iске асырыла бастайды.
Бүгінгі күннiң басты стратегиялық мiндетi - экстенсивтiге негiзделмеген, жоғары технологиялы өндiрiске және ұлттық экономикалық жүйенiң жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелi артықшылықтарына шығу есебiнен экономиканың өсу сапасына көтерiлу.
Шикiзаттық ресурстар өндiрiсi мен экспортын белсендi дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру нәтижесiнде экономикалық инфрақұрылымның жаңа құрамдауыштары: трансұлттық компаниялар, арнайы экономикалық аймақтар, технопарктер желiсi, инновациялық орталықтар, ғылыми аймақтар, желiлік кооперация құрылды және дамытылды әрi кластерлер қалыптастырылды.
Орта мерзiмдi кезеңде дамудың кластерлік ұстанымына ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес кластерлiк ұстанымдар экономиканың жеті: туризм; құрылыс материалдары; тоқыма өнеркәсiбi; тағам өнеркәсiбi; металлургия; мұнай-газ машина жасау; көлiк-логистикалық қызметтер секторында пайдаланылады.
2005 жылы экономиканың әрбiр басым секторы бойынша Пилоттық кластерлердi дамыту жоспарын әзiрлеу көзделiп отыр. Қабылданған шаралар бұдан кейiнгi жылдары экономиканың осы секторларында кластерлiк ұстанымды кеңiнен енгiзу үшiн жағдайлар жасауға мүмкiндiк бердi.
Орта мерзiмдi перспективада мынадай мiндеттер шешіледi:
өңдеушi өнеркәсiптiң негізгi қорларының өнiмділігін арттыру;
жеке секторды бәсекелi артықшылықты жасауға және жетiлдiруге әрi неғұрлым жоғары қосылған құн салығының элементтерiне қарай жылжи отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбесiндегі элементтердi игеруге ынталандыратын кәсiпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын жасау;
ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы экспортқа бағдарланған өндiрiстер құруды ынталандыру;
елдiң экспорт әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына әртараптандыру;
әлемдiк сапа стандарттарына көшу;
әлемдiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып, өңiрлiк экономикаға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне бiрiгудi ұлғайту.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары барлық әлеуетті түрде бәсекеге қабілетті, оның iшiнде экспортқа бағдарланған, шикізаттық емес бағытты экономика салаларында iске асырылатын өндiрiстер болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатындағы ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға баса назар аударылатын болады.
Химия өнеркәсiбi
Химия өнеркәсiбiн дамыту үшiн Қазақстанда iрi минералдық шикізат қорлары - фосфориттер, табиғи натрий, калий, бор, фтор, алюминий, кремний тұзы бар.
Республикада минералдық шикiзатты қайта өңдеудi қамтамасыз ету үшiн базалық өнiмдер алумен қатар, жаңа химия өнеркәсiптерiн құрып және қолданыстағы қуаттарды жаңғырта отырып, химия кешенiн қалыптастыру, сондай-ақ жоғары технологиялық қосылған құны жоғары химия өнiмдерiн алумен қатар, қайта өңдеудiң соңғы сатылары бойынша бiрқатар өндiрiстер құру қажет.
Қазiргі уақытта химия өнеркәсiптерi кәсiпорындары: сары фосфор, натрий триполифосфатын, минералдық тыңайтқыштар, хром тұздарын, синтетикалық жуу құралдарын шығарады. Алайда, негiзiнен зауыттар толық қуатпен жұмыс iстемейдi, бұл өткiзу рыноктарындағы бұрынғы позицияларды (минералдық тыңайтқыштар, фосфор, жуу құралдары) қалпына келтiру қиындығының куәсi. Бiрқатар өндiрiстердiң технологиялары ескiрген және экологиялық қауiпсiз емес. Мұнай және металлургия салаларын, ауыл шаруашылығын, шағын бизнестi қоса алғанда, республиканың химия және мұнай-химия өнiмдерiне ішкi қажеттіліктерiнiң басым бөлiгi импорт есебiнен қанағаттандырылады.
Химия өнеркәсiбi экономиканың экспортқа бағдарланған жоғары технологиялы, отандық шикiзат ресурстарымен жұмыс iстейтiн және перспективада қосылған құн тiзбегi жөнiндегi өндiрiстердi құруды қамтамасыз ететін дербес саласы ретінде қалыптасуы тиiс, бұл сайып келгенде, Қазақстанның экономикалық өсуiн қамтамасыз етедi.
Бұл мiндеттi шешудi меншiктi ресурстық, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық әлеует есебiнен ғана емес, сонымен қатар едәуiр дәрежеде жаңа технологиялар трансфертi есебiнен де жүзеге асыру қажет. Химия өнеркәсiбiн дамытуды тiгiнен және көлденең бiрiктiрiлген құрылымдарды қалыптастыру жолымен жүзеге асырған орынды.
Ұлттық немесе әлемдiк iрi химия компанияларының базасына негізделген тiгінен бiрiктiрiлген құрылымдар, олардың құрылымдық құралымдары шикiзат өндiруден, оны кешендi қайта өңдеуден және қосылған құны жоғары өнiмдер өндiруден республикада экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi. Қазақстанда тiгiнен бiрiктiрiлген құрылымдарды құруды және дамытуды "Қазфосфат" АҚ "Каустик" АҚ "Ақтал ЛТД" ЖШС және басқа кәсiпорындарының базасында жүзеге асыруға болады.
Тиiсті шикiзат ресурстары болған жағдайда көлденең бiрiктірiлген құрылымдар өндiрiсте iрi компаниялардың химия өнiмдерiн (фосфор, минералдық қышқылдар, сiлтi, аммиак) пайдаланып қана қоймай, технологиялық тiзбек бойынша қосылған құны жоғары өнiм жасай отырып, негiзгi өндiрiстердiң өнеркәсiптiк өнiмдерi мен қалдықтарын кәдеге жаратумен де айналысатын шағын және орта кәсiпорындар базасында пайда болады. Тұтастай алғанда, қойылған мiндетті шешу экспорт құрылымындағы шикiзаттық құрамдауышты айтарлықтай дәрежеде жоғары технологиялы инновациялық өнiмге өзгертуге мүмкiндiк бередi.
Жеңiл өнеркәсiп
Жеңiл өнеркәсiпті отандық шикiзатпен - иiрiм жiппен, матамен, былғары тауарларымен кейiннен қайта жабдықтауды қамтамасыз ететiн тоқыма және былғары өнеркәсiбi салаларын дамыту басым бағыт болып табылады.
Қазiргi уақыттың өзiнде "Қазақстан Даму Банкi" АҚ қаражатына "Жүндi дайындау және қайта өңдеу" ("Қазруно" АҚ, Семей қаласы) және "Мақта талшығынан иiрiм жiп өндiру" ("Ютекс" ЖШС, Шымкент қаласы) сияқты iрi жобалар iске асырылуда. Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шикiзат сатып алу үшін пайдаланылған кредитi есебiнен айналым қаражатын толықтыру "Қостанай киiз-байпақ аяқ киiм фабрикасы" ЖШС-на өндiрiс көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.
Ұлғаю, негізiнен, тiгін және былғары-аяқ киiм кәсiпорындарын, сондай-ақ мақта-мата бұйымдарын өндiру жөніндегі кәсiпорындарды дамыту есебiнен болжанып отыр. 2004 жылы "Русский текстиль" альянсi" ААҚ Оңтүстiк Қазақстан облысында тоқыма фабрикасын салуды бастады.
Құрылтайшылары Elekctron technology development Со. Ltd. (Қытай), "Мақтаарал" ААҚ және "Ақ алтын" ААҚ (Қазақстан) болып табылатын "INADA ТЕХТILE.Е" ЖШС БК мақта-жiп иiру фабрикасын салу аяқталып келедi. Тоқыма кластерiн жедел дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында АЭА құрылады.
Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi
Орман, ағаш өңдеу және жиһаз өндiрiсiн қамтитын технологиялық өзара байланысты өндiрiстердi кешендi қалпына келтiру және дамыту басым бағыт болып табылады.
Сапасы мен бағасы жағынан бәсекелi жиһаздың кең ассортиментiн шығару жиһаз өнеркәсiбiндегі басымдық болып табылады.
Аталған мiндеттердi iске асырудың негiзгі жолдары:
импорт алмастыратын өнiмдер шығаруды ұлғайту;
қосылған құны жоғары кәсiпорындар құру;
нормативтік құқықтық базаны жетілдiру жолымен отандық кәсiпорындар үшiн бәсекелi ортаны жақсарту;
жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру болады.
Машина жасау
2005 жылы Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған салалық бағдарламасын қабылдау жоспарланып отыр.
Бұл кезеңде өндiрiстің негiзгi өсу факторлары:
мұнай-газ өндiрушi компаниялар сұранысының артуы есебiнен мұнай өндiрiсiнiң және мұнайды қайта өңдеу жабдықтарын және оған қосалқы бөлшектерiн өндiрудi өсiру;
аграрлық сектор кәсiпорындарында ауыл шаруашылығы техникасына сұраныстың өсуi;
электр-техникалық (трансформаторлар, конденсаторлар, аккумуляторлар және т.б.) машина жасау кәсiпорындарының өндiрiс көлемiн өсiруi;
тау-кен-металлургиялық кәсiпорындардан машиналар мен жабдықтар өндiрiсiне тапсырыстардың өсуi;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушілерге ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және қалпына келтiру жөнiндегi қызметтер көрсету есебiне отандық машина жасау кәсiпорындарының сервистік әлеуетiн кеңейту;
ауыл шаруашылығы техникасы рыногының нақты қажеттiлiктерiне бағдарланған машина жасау кәсiпорындарында ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерiн игеруге тапсырыстарды ұлғайту;
"Агромашхолдинг" ААҚ-тың АМЗ-МАН қозғалтқыштары өндірiсiн құруы есебiнен дизельдi қозғалтқыштарды өткiзудi ұлғайту;
"Азия Авто" ААҚ зауытында "Нива" және "SKODA" автомобильдерiн шығару;
металлургиялық кәсiпорындардан жабдықтар мен материалдарға тапсырыстардың өсуi;
Алматы қаласында ("LG Электроникс") компаниясының өнiмдерiн өндiру көлемiн өсiру;
машина жасау кәсiпорындарының темiр жол саласы үшiн өндiрiс көлемiн ұлғайту;
"Өскемен конденсатор зауыты" ААҚ, "Қайнар" АҚ (Талдықорған қаласы), "Қазтрансформатор" компаниясы" ЖШС (Алматы қаласы) өнiмдерiн өндiру көлемiн өсiру;
"Қазақстан-КАМАЗ" автомобиль консорциумының "Көкше" АҚ-та (Көкшетау қаласы) қалалық автобустар жинауды ұйымдастыруы болады.
Құрылыс материалдары өнеркәсiбi
Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң негiзгi мiндетi ішкі рыноктағы осындай импорттық өнiмдi ығыстырып шығара алатын және әлемдiк рынокта бәсекеге қабiлеттi болатын жоғары сапалы құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
Саланы дамытудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 1305 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген.
Бағдарламаны iске асыру мақсатында құрылыс индустриясы саласына әлеуетті инвесторларды тарту үшiн басым инвестициялық жобалар тiзбесi әзiрлендi. Аталған тiзбеде құрылыс материалдарын, оның iшiнде цемент, құрылыстық шыны, керамикалық кiрпiш, сырлар, жылу оқшаулағыш материал, линолеум, құрғақ құрылыс қоспаларын, көбiкбетон блоктарын, құрылыс арматураларын шығару жөніндегі бiрлескен өндiрiстер құру көзделедi.
Параграф 3. Даму институттарының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі қызметiнiң нәтижелерi және көрсетiлген бағыттағы ниеттерi
2004 жылы даму институттары арқылы мемлекет технологиялық және экономикалық қосылған құндар тiзбегiн дәйектi дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнiм шығаратын өндiрiстердiң тұтас жүйесiн құруға бағдарланған жобаларды iске асыруға қатысты. Бұл жұмыстың негізгі мiндетi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне жауап беретiн соңғы өнiмге жұмыс iстейтiн көп салалы кәсiпорындарды құру болып табылады.
Жыл қорытындылары бойынша қаржылық даму институттары жалпы сомасы 1 млрд. 252 млн. АҚШ доллары болатын 63 инвестициялық жобаны мақұлдады, ал сомасы 923 млн. АҚШ доллары болатын 51 жоба бойынша қаржыландыру басталды.
Жүргізілетiн жұмысты үйлестiру және олардың өзара iс-қимыл жасауы мақсатында 2004 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму процесіне қатысушылар арасында ниеттер хаттамасына қол қойылды, бұл хаттама Стратегияны iске асыру жөніндегі қызметті үйлестiруге бағытталған, даму институттарының мақсатын, өзара iс-қимылының тетiктерi мен нысандары қызметiнiң функционалдық салаларын білдiредi.
Жоспарланып отырған кезеңде даму институттары директорларының құрамына тәуелсiз мүшелердi енгізу көзделiп отыр, бұл олардың қызметiнің тиiмділігi мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ
Қызметi басталғаннан берi 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан Даму Банкi" АҚ (бұдан әрi - Банк) жалпы сомасы 7208,7 млн. АҚШ доллары болатын инвестициялық және экспорттық операцияларды қаржыландыруға берiлген 292 өтінімдi қарауға қабылдады, мұнда 3711,1 млн. АҚШ доллары сомасына Банктiң қатысуы көзделедi.
Келiп түскен өтiнiмдердiң арасынан Банк жалпы сомасы 894,5 млн. АҚШ доллары, Банктің қатысуы 478,1 АҚШ доллары сомасында болатын 51 инвестициялық жоба мен экспорттық операцияны, оның iшiнде 2004 жылы 178,6 млн. АҚШ долларына Банктiң қатысуымен 248,3 млн. АҚШ доллары сомасына 16 жобаны мақұлдады.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар бойынша игерудiң жалпы сомасы 310,3 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде 2004 жылы - 137,7 млн. AҚШ долларын құрады.
Банк қызметi басталғаннан берi қарыз алушылар 77,6 млн. АҚШ долларына, оның iшiнде 2004 жылы - 40,0 млн. АҚШ долларына баламалы сомадағы 14 кредиттi толық көлемде өтедi.
Қаржыландырылуын Банк мақұлдаған инвестициялық жобалардың салалық құрылымдарда көлiк және байланыс жобалары 17,7 %-ды, тоқыма және тігін өнеркәсiбiнікі - 15,9 %-ды, химия өнеркәсiбiнікі - 15,6%-ды, азық-түлiк өнiмдерi өндiрiсінікi - 11,9 %-ды, өзге де металл емес минералды өнiмдер өндірiсiнікі - 10,6 %-ды, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi мен баспа iсiнікі - 9,2 %-ды, өзгелердiкi - 19,2 %-ды құрайды.
Орта мерзiмдi перспективадағы Банк қызметiнiң негізгі бағыттары:
мемлекеттiк инвестициялық қызметтің тиiмдiлігін жетiлдiру және арттыру;
өндiрiстiк құрылымды және өңдеушi өнеркәсiптi дамыту;
ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ (бұдан әрi - Қор) қарауына жалпы сомасы 4,83 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық жобалар бойынша 242 ұсыныс түстi, оның iшiнде 2004 жылы жалпы құны 1,33 млрд. АҚШ доллары болатын 137 ұсыныс түстi.
Қор қызметi басталғаннан берi жалпы сомасы 3,33 млрд. АҚШ доллары болатын 189 бастама жобалар ұсынылды.
Салалық бөліністе:
жалпы сомасы 279,1 млн. АҚШ доллары болатын құрылыс материалдары өндiрiсi жөніндегі жобалар 34-тi;
сомасы 279,4 АҚШ доллары болатын азық-түлiк өнiмдерiн өндiру және ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу жобалары 29-ды құрайды.
Қаржыландырылатын жобалардың жалпы құны 23,1 млрд. теңге, Қордың қатысуы - 7,48 млрд теңге, оның iшiнде мынадай жобалар: болат құбырларды полимерлiк қаптау, жүндi қайта өңдеу, шыны ыдыс, көкөнiс консервiлерi, шырындар өндiрiсi, тұрмыстың химия және косметика, ПВХ еден төсенiштерi, балық өнiмдерi, металл қақпақтар, құрылыс материалдары.
2005 жылы мынадай: табақтық шынылар, кеуек бетоннан жасалған бұйымдар, керамикалық тақтайшалар, тiк жiктi құбырлар өндiрiсi, сортпрокат, цемент, кальцийленген сода өндiрiсi, жаңа темiр жол желiлерi жобалары қаржыландыруға дайындалуда.
"Ұлттық инновациялық қор" АҚ
2004 жылы "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-қа (бұдан әрi - ҰИҚ) 219 жоба түстi, оның 71-i инновациялық жоба, 141-i ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер (бұдан әрi - ҒЗТКӘ) жобалары, 2 жоба инфрақұрылым элементтерiн құру жөнiнде, 5 жоба венчурлiк қорлар құру жөнiнде.
2004 жыл iшiнде венчурлiк қорлар құру жөнiнде 5 жоба, оның iшiнде отандық банктермен 3 жоба, қаржы ұйымдарымен 2 жоба қаралды.
2004 жылы венчурлiк қорларға (қол қойылған шарттарға сәйкес) инвестициялар көлемi 1587,6 млн. теңгенi құрады, оның 595,4 млн. теңгесi құрылған қорлардың жарғылық капиталына нақты енгiзiлдi.
2004 жылы жалпы сомасы 33,7 млрд. теңге (246,9 млн. АҚШ долл.), ҰИҚ инвестициялауының болжамды көлемi 18,2 млрд. теңге (132,8 млн. АҚШ долл.) болатын 71 инновациялық жоба ҰИҚ қарауына түстi.
Өтiнiм берiлген жобалардың басым көпшiлiгі ауыл шаруашылығына қатысты - 14 %, химия саласына, информациялық технологияларға, медицинаға - 10 %, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсiбiне - 8 %, машина жасауға, аспап жасауға - 7 %.
2004 жылы 10881,6 млн. теңге сомасына 5 инновациялық жобаны қаржыландыру басталды, ҰИҚ-тың үлесi - 9862,4 млн. теңге, оның 6688,9 млн. теңгесi қаржыландырылды.
Өткен жыл iшiнде ҰИҚ қарауына 141 ҒЗТКӘ жобасы түстi. Сұралатын гранттардың жалпы көлемi 854 млн. теңгенi (6,2 млн. АҚШ долл.) құрады.
Өтінiм берiлген жобалардың басым көпшiлiгі ауыл шаруашылығына қатысты - 25 %, химия саласына, машина жасауға - 13 %, ақпараттық технологияларға - 6 %, энергетикаға, металлургияға, медицинаға, құрылысқа - 6 %.
2004 жылы 58,4 млн. теңге сомасына 141 ҒЗТКӘ жобасын қаржыландыру басталды, инвестициялар көлемi - 29,1 млн. теңгенi құрады.
ҰИҚ инновациялық инфрақұрылым құру жөнiндегі бiр жобаны қаржыландыруды бастады: Қ. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетiмен бiрлескен технологиялық бизнес-инкубатор. Жоба құны - 92,2 млн. теңге, ҰИҚ үлесi - 41,5 млн. теңге.
Осылайша, 2004 жылы ҰИҚ-ның қатысу үлесi 11550 млн. теңге, жалпы құны 14272,2 млн. теңге 17 жоба бойынша қаржыландыру басталды, 7355 млн. теңге қаржыландырылды.
ҰИҚ мынадай бағыттар бойынша Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi жұмысты жалғастырады:
Қазақстан аумағында отандық және шетелдiк капиталмен венчурлiк қорлар құру, шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау, венчурлiк қаржыландырудың тетіктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
инвестициялайтын компаниялардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу жолымен инновациялық жобаларды қаржыландыру;
ҒЗТКӘ мен шағын инновациялық жобаларды ынталандыру;
қолданбалы FЗTКӘ-нi қаржыландыруды ҰИҚ гранттар беру жолымен жүзеге асыруды жоспарлап отыр;
бизнес-инкубаторлар және олардың жанынан оқу орталықтарын құру.
2006 жылы өңiрлерде жаңадан құрылатын технопарктердiң құрамында 4 бизнес-инкубатор құрылады, бұдан басқа 3 бизнес-инкубатор технологиялық жоғары оқу орындарының жанынан құрылады.
"Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды
сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру
корпорациясы" АҚ
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Корпорацияға 12,4 млрд. теңге (95,6 млн. АҚШ долл.) сомасына экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыруға 66 өтiнiш берілдi. 6,9 млрд. теңге сомасына қаралған 59 жобаның арасынан Корпорация басқармасы жалпы сомасы 6,4 млрд. теңге 51 экспорттық жобаны сақтандыру туралы шешiм қабылдады, оның iшiнен жалпы сомасы 4,4 млрд. теңге 36 жоба бойынша сақтандыру шарттарына қол қойылды және iске асырылуда.
Отандық экспорттаушылар мен инвесторлар бойынша дерекқор қалыптастырылды және үнемi жаңартылады.
Корпорация мынадай халықаралық қауымдастықтардың: Азиядағы және Мұхиттағы Қаржылық Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP), Кредиттiк Альянстің, Берн Одағының Прага клубының мүшесiне айналды. Сондай-ақ Корпорация Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығының мүшелiгiне ие болды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының шикiзат емес экспортының 2 %-ын, 2006, 2007 жылдары - 3 %-ын сақтандыру жоспарланып отыр. Аталған рынокта үстемдiктi болдырмау мақсатында қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет шеңберiнде Корпорация 2005 жылы республиканың қайта сақтандыру рыногының 2,5 %-ын, одан кейiнгі жылдары 5 %-ға дейiнгі қайта сақтандыру рыногын қамтумен шектелудi жоспарлап отыр.
Корпорация сақтандырудың мынадай түрлерi:
заңды тұлғалардың мүлкiн сақтандыру;
заңды тұлғаларды сақтандыру;
жүктердi сақтандыру;
азаматтық-құқықтық жауапкершiлікті сақтандыру;
жұмыс берушiнiң жауапкершілiгiн сақтандыру;
темiр жол көлiгiн сақтандыру;
әуе көлiгiн сақтандыру бойынша тепе-тең сақтандыруды жүзеге асыруға ниеттенiп отыр.
"Инжиниринг және технологиялар трансферті" АҚ
"Инжиниринг және технологиялар трансфертi" АҚ-тың (бұдан әрi - Орталық) қатысуымен 2004 жылы екi өңiрлiк технопарк: 350 млн. теңге жарғылық капиталы бар Орал қаласындағы "Алгоритм" технопаркi" ЖШС және 392 млн. теңге жарғылық капиталы бар Қарағанды қаласындағы "Қарағанды өңiрлік технопаркi" ЖШС құрылды.
2005 жылдың аяғына дейiн "Ақпараттық технологиялар паркi" объектілерiнiң бiрiншi кезегін салуды аяқтау жоспарланып отыр. Технопарктiң бiрiншi кезегiнiң инфрақұрылымы: офистiк үй-жайды (алаңы - 5 мың шаршы метр), екi өндiрiстік модульдi (9 мың шаршы метр), асхананы, демалуға және спортпен айналысуға арналған үй-жайды қамтиды.
Орталықты әлемнiң бiрқатар iрi АТ компаниялары қолдады. Мынадай: Microsoft Hewlett Siemens, Cisco, Thales Gilat Satelitte Net, SАР AG компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Samsung, LG, Oracle, Sun Microsystem, Intel компанияларымен келiссөздер жүргiзiлуде. Бұдан басқа, Gyongi tachnopark-пен (Оңтүстiк Корея), Smart Village-мен (Мысыр) ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, Ұлттық телекоммуникациялар институтымен (Мысыр) бiрлесiп, бiлiм беру бағдарламасы әзiрленедi.
2004 жылы Орталық шетелдiк 19 технопаркке, технопарктер қауымдастығы мен ғылыми орталыққа ынтымақтастық туралы ұсыныс жiбердi. Шетелдiк технопарктер басшыларымен кездесулер өткiзiлдi және Wista Management (Германия), Jurong Consultans (Сингапур), Technopole (Италия), Люцерн қаласындағы Бизнес орталықпен (Швейцария), Цюрих қаласындағы технопаркпен (Швейцария), Surrey Technology Center-мен (Ұлыбритания) бiрлескен ынтымақтастық туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi.
2006-2008 жылдардағы Орталық жұмысының негiзгi бағыттары:
"Ақпараттық технологиялар паркiнiң" екiншi, үшiншi, төртiншi кезектерiн салу;
Қазақстанның басқа өңiрлерiнде технопарктер құру және дамыту;
көп деңгейлi дерекқор болып табылатын, даму институттарының қызметтерiнен басқа қазiргi заманғы технологияларды әлеуетті жеткiзiп берушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың барынша көп болуын ұйымдастыру процесiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн "Виртуалдық технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн дамыту;
экономиканың жоғары технологиялы секторларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды енгiзуге жәрдемдесу;
ғылыми-техникалық қызметтi коммерцияландырудың кешендi жүйесiн құру.
Параграф 4. Аграрлық азық-түлiк саясаты
2005-2008 жылдары Қазақстанның аграрлық өнеркәсiптiк кешенiн дамытудың негiзгi бағыты аграрлық секторды индустрияландыру, ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласындағы кластерлiк даму әдiстерi негiзiнде оны тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданады.
Тұжырымдамада мынадай мiндеттердi шешу:
аграрлық өндiрiс пен ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу технологияларын жаңғырту, ғылыми жетiстіктер мен инновациялық әзiрлемелердi енгiзу, тамақ өнеркәсiбi, жүзiм шаруашылығы-шарап жасау салаларында мамандандырылған өңiрлiк кластерлердi дамыту арқылы iшкi және сыртқы рыноктардағы АӨК өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
мал шаруашылығы шикiзатының сапасын арттыру, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының экологиялық таза өнiмдерiн өндiру, ауыл шаруашылығы шикiзаты мен тағам өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң халықаралық стандарттарын жаппай енгізу жөніндегі кешендi шараларды iске асыру жолымен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң қазақстандық брэндiн қалыптастыру;
ауыл шаруашылығы өнiмiне баға белгiлеудi оңтайландыратын, iшкi азық-түлiк рыноктарындағы тұрақтылықты және сыртқы рыноктардағы сату көлемiн кеңейтудi қамтамасыз ететiн АӨК сауда-сатып алу қызметiнiң тиiмдi тетiктерiн дамыту;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi талдамалық материалмен және ақпаратпен қамтамасыз ету жөнiндегi ақпараттық-маркетингтік қызметті енгiзу;
негiзгi және айналым құралдарын сатып алуға жеңiлдiктi кредит берудi және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудiң басымдылығын кеңейту, сондай-ақ экономикалық және ұйымдық шаралар жүйесiн iске асыру арқылы ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердi орта және iрi ауыл шаруашылығы құралымдарына бiрiктiрудi ынталандыру көзделедi.
Азық-түліктік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және агроөнеркәсiптік кешеннiң бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшiн "Агроөнеркәсiп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленедi.
9. Табиғи капиталды дамыту
Параграф 1. Тау-кен өндiру кешенiн дамыту
және оның ресурстарын пайдалану
Тау-кен-металлургия кешенi (бұдан әрi - ТМК) экономиканың базалық салаларының бiрi болып табылады және республиканың макроэкономикалық көрсеткiштерiн қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етедi. Минерал-шикiзат базасын толықтыру мақсатында Геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы әзiрленедi, оны iске асыру республиканың минерал-шикiзат базасының едәуiр өсуiн қамтамасыз етедi. Қазiргi кен орындарының төменгi көкжиектерiн ашу республиканың шикiзат базасын дамытудағы маңызды бағыт болып табылады, бұл 2006-2008 жылдары металлургиялық руда өндiрудi ұлғайтуға ықпал етедi.
ТМК кәсiпорындарында рудалық емес металлургиялық шикiзатты өндiру және қайта өңдеу, металдарды қайталама өңдеу, отқа төзiмдi заттарды, металл бұйымдарды, құбырларды және т.б. өндiру жүзеге асырылады, қосылған құны жоғары өнiмдердiң жаңа өндiрiстерiн құру перспективалары айқындалды. Жаңа материалдарды, атап айтқанда сортты металл бұйымдарын жасау аса өзектi болып табылады.
Қара металлургияда өнеркәсiптік өнiм өндіру көлемнiң басым бөлігі "Миттал Стилл Темiртау" АҚ-қа тиесілi, алайда қара металдар рыногындағы қатаң бәсекеге байланысты 2006-2008 жылдары қара металдар илегі бойынша өндiрiс көлемінің айтарлықтай өсуi күтiлмейдi. Кәсiпорында жиынтық өнiмдiлiгi жылына 5,2 млн. тонна болатын үздiксiз болат құюдың екiншi желiсiн аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2007 жылы "Миттал Стилл Темiртау" АҚ Ақтау қаласында бiрiншi модулдi қуаты жылына 60 мың тонна болатын құбыр зауытын салуды аяқтауды жоспарлап отыр.
Республикада түстi металл сынықтары мен мыс негізiндегі қорытпалар сияқты төменгi сортты шикiзатты қайта өңдеу қуаттары бар, олардың iрi қайта өңдеушiсi "Қазақмыс" корпорациясы мен "Кастинг" ЖШС болып табылады. Бұдан басқа, "Кастинг" ЖШС перспективалы даму жоспарында болат балқыту және илек өндiрiсiнiң екi кезегін салу көзделген. Сұйық болат және подкат өндiрiсi iске қосылды. Блюмдер түрiндегi подкат шығарылады.
"ССТКӨБ" АҚ республикадағы тауарлық темiр рудасы мен темiр рудалы шекемтастарды негізгі өндiрушi болып табылады. Кәсiпорын өз өнiмiнiң негiзгi бөлігін (70%-дан астам) Ресейдiң металлургия зауыттарына жеткiзедi. Темiр рудасы шикізаты рыногында өнiмнiң жоғары бәсекеге қабiлеттiлiгiн сақтау үшiн бiрлестiк шығарылатын өнiм технологиясын жетілдіру және сапасын арттыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрледi. Өндiрiс көлемiнiң ұлғаюы өткiзу, бiрiншi кезекте Ресейге өткiзу рыногына тәуелдi.
Қазақстанда тұңғыш рет Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Шоқаш кен орны рудаларынан рутил-цирконийлi концентраттар өндiру технологиясы игерiлуде.
"Қазхром" ТҰК "Ақсу ферроқорытпа зауыты" филиалында пештер ферросилицийдің төменгі сортты маркасын балқытудан жоғары сапалы көмiртекті феррохромды балқытуға көшiрiлдi, құю, металды бөлу және жiктеу схемасы жетiлдiрiлдi.
"ӨТМК" ААҚ Сәтпаев кен орнындағы ильмениттік концентраттарды шығару жөнiндегi кенішті iске қосу жолымен өзiнiң шикiзат базасын құрды.
Мұнай-химия өнеркәсiбi
Қазақстан әлемдегi күкiрт өндiрудiң жалпы көлемiнде 10-орынды иеленедi. Солтүстік Каспийдегi көмiрсутегiнiң болжамды запастарын, сондай-ақ Каспий теңiзiндегi теңiз кен орындарын әзiрлеу бағдарламаларының жоспарланған нәтижелерiн ескере отырып, Қазақстан күкiрт рыногының әлемдiк рыноктағы ұсынысқа ықпал ететін iрi қатысушысына айналуы мүмкiн.
Мұнай-химия саласын дамыту перспективалары Теңiздiң және кейіннен Қарашығанақ пен Қашағанның табиғи газдарын бастапқы шикiзат ретiнде пайдаланумен байланысты.
2004 жылдың соңында Теңiзде қатты түрде сақталып тұрған 8 млн. тонна күкiрт жинақталған, халықаралық практикаға сәйкес күкiрттi өндiру және сақтау "Теңiзшевройл" ЖШС-да жүзеге асырылады - күн сайын 4,4 мың тонна кәдiмгi күкірт өндiрiледi. "Аджип ККO-дa" күкiрт өндiру 2008 жылы басталады, Қашағанда ең төменгi күн сайынғы болжамды өндiрiс шамамен 2,5 мың тоннаны құрайды. 2006 жылдан бастап Қазақстанда күкiрт өндiру 1,6-дан 2,4 млн. тоннаға дейiн ұлғаяды деп күтiлуде. Болашаққа жоспарланып отырған әзiрлеме 2010 жылға қарай күкiрт өндiрудi 3,5 млн. тоннаға дейiн ұлғайтуды қамтамасыз етедi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 101 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) қолданыста. Оны iске асыру әлемдiк жетістiктерге сәйкес қосылған құн тiзбегi бойынша мұнай-химия өнiмдерiн шығара отырып, шикiзат ресурстарының отандық базасы мен көмірсутек шикізатын терең тазарту және қайта өңдеу жөнiндегi қолданыстағы технологияларды, өндiрiстердi құра отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн кешендi әрi жедел дамытуға бағытталған.
Бағдарлама шеңберiнде мұнай-химия өндiрiстерi үшiн шикiзат ресурстарының отандық базасын құру мынадай инвестициялық жобаларды:
базалық мұнай-химия өнiмдерiн шығару жөнiндегi мұнай-химия өндiрiстерiн салуды;
қосылған құны жоғары өнiмдер шығару жөніндегі мұнай-химия өндiрiстерiн салуды;
мұнай-газ кешенi үшiн реагенттер өндiру жөнiндегi зауыт салуды iске асыруға негiзделген.
Инвестициялық жобаларды iске асырған кезде өнеркәсiптің мұнай-химия саласының кәсiпорындары үшiн нақты шикiзаттық pecуpc көздерi құрылады, бұлар қосылған құн тiзбесi бойынша мұнай-химия өнімдерiнiң көптеген түрлерiн шығаруға мүмкiндiк бередi.
2008 жылға дейiн мұнай-химия кешенiне инвестициялардың жоспарлы көлемi 1,5 млрд. АҚШ долл. құрайды.
Мұнай-химия өндiрiстерiн қалыптастыру негізгі өндiрiспен қатар, қосалқы инфрақұрылымдарды - энергиямен және сумен жабдықтау жүйесiн, автомобиль жолдарын, қосымша темiр жол бағыттары мен станцияларын, магистралды газ құбырларынан бөлулер құрылысын және басқаларды құруға да капитал салудың едәуір көлемiн талап етедi.
Мұнай өнеркәсiбi
Тұтастай республика бойынша мұнай өндiрудiң прогрессивтi өсу серпiнi республика экономикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай-газ секторын дамытудың сипатты ерекшелiгi болып табылады. Бiрiншi кезекте, ол жаңа iрi кен орындарын әзiрлеуге енгізуге емес, әзiрленетiн кен орындарының сынама және тәжiрибе-өнеркәсіптік кезеңнен сапасы жағынан өзгеше кең ауқымды өнеркәсiптiк даму кезеңiне көшуiне негізделген. Мұндай үрдiс республиканың барлық өңiрлерiнде байқалады.
Мұнай өндiрудi ұлғайту қазiргi уақытта:
Кеңқияқ - тұз астындағы кен орнында "СНПС - Ақтөбемұнайгаз";
Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарында "Қазгермұнай" БК ЖСШ;
Әлiбекмола және Қожасай кен орындарында "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС компаниялары өнеркәсiптік пайдаланып жатқан көмiрсутектер ресурстарын игеруге енгізумен қамтамасыз етіледi.
Мұнай өндiрушi басқа кәсiпорындар бойынша болжамды кезеңдегі негiзгi мiндет ағымдағы сипаттағы түрлi iс-шараларды (қосымша бұрғылау, өндiрудi интенсивтендiру және т.б.) iске асыру нәтижесiнде мұнай өндiрудi қол жеткен деңгейде тұрақтандыру болып табылады.
ҚазМұнайГаз Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасы (бұдан әрi - Жоба) бойынша жұмысты жалғастырады.
2006 жылы Жоба аяқталғаннан кейiн және Қашағандағы коммерциялық игеру басталғаннан кейiн отандық МӨЗ-дердi республиканың мұнай өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiне қажеттілігін толық жабуға мүмкiндiк беретiн көлемде жүктеу жоспарланып отыр. Атырау МӨЗ-iн қайта жаңарту ақшыл мұнай өнiмдерiн 35%-ға ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Мұнай экспортын дамыту перспективалары көлiктiк мүмкiндiктермен, бiрiншi кезекте құбыр инфрақұрылымы мүмкiндiктерiмен айқындалады. Қазiргi уақытта магистралды құбырлардың ұзындығы шамамен 7,0 мың км. құрайды.
Орта мерзiмдi кезеңде мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын кеңейту және құру жөніндегі жұмыстар жүргiзiледi.
Мысалы, 2005 жылы:
Атасу - Алашанькоу мұнай құбырын салуды;
КTК мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн кеңейту жобаларын дайындауды;
Ақтау - Баку - Тбилиси - Джейхан көлiк жүйесiн құруды;
Қазақстан - Түркiменстан - Иран мұнай құбырын салуды аяқтау жоспарланып отыр.
Газ өнеркәсiбi
2006-2008 жылдары Қарашығанақ Газ жобасын iске асыру, Газ альянсын құру және өткiзу қабiлетi 2010 жылға қарай 90 млрд. текше метрге дейiн жеткiзiлетiн OAO (Орта Азия - Орталық) газ-көлік жүйесiн жаңғырту және қайта жаңарту жөнiндегі жұмыстар жалғасатын болады.
"Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерiн және тұрғын үй секторын ілеспе газға ауыстыру" жобасы бойынша жұмыстар жалғасады, 2004 жылы осы жоба бойынша жылына 421 млн. текше м. өткiзу қабiлетi бар, ұзындығы 123 км. "Ақшабұлақ - Қызылорда" магистралды газ құбырын салу аяқтады.
2005-2006 жылдары Амангелдi топтық газ кен орындарын игеру жалғасады.
2005 жылы "Теңiзшевройл" БК кейiннен газ өңдеу көлемiн ұлғайта отырып, шикi газды қабат коллекторына керi айдау жөнiндегi жобаны iске асыруға кiрiседi деп жоспарланып отыр. Бұл жоба бастапқы кезеңде тазартылған газды айдау жөнiндегi объектiлердi салумен екi кезеңде iске асырылады деп көзделуде. Оң нәтиже берген жағдайда екiншi кезеңде күкiртсутегін алдын ала тазартпай шикi газды айдауға пайдалану ұйғарылып отыр.
Көмiр өнеркәсiбi
Көмiр өнеркәсiбiнде "Екiбастұз көмiрi", "Қарағанды көмiр бассейнi шахталарын жабу", "Көмiр саласын халықаралық стандарттарға көшiрудi қамтамасыз ету" бағдарламалары іске асырылуда.
1995 жылдан бастап Қарағанды көмiр бассейнiнде рентабелдi емес шахталарды жабудың жоспарлы процесі жүзеге асырылуда. 2005 жылға дейiн 9 шахта жабылды, бұл үшін республикалық бюджеттен 5,5 миллиардтан астам теңге бөлiндi.
2004 жылы Екiбастұз бассейнi көмiр өнімдерiнiң үш мемлекеттiк стандарты, каталогы мен сыныптамасы әзiрлендi және бекiтiлдi.
Көмiр отын ғана емес химиялық-технологиялық шикiзат болып табылатынын ескере отырып, көмiрдi терең өңдеу (газдандыру, синтетикалық сұйық отын, химиялық өнiмдер) технологияларын енгiзу үшiн ғылыми-техникалық базаны кеңейтуге, сондай-ақ көмiр қыртыстарындағы метанды өнеркәсiптiк пайдалануға кiрiсу ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасынан таяу және алыс шетелдерге жеткiзiлетiн көмiр өнiмдерiнiң сапасын, оның сыртқы рыноктағы бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру үшiн көмiр саласын ИСО сериялы халықаралық стандарттарға көшiрудi қамтамасыз ету жөнiнде бағдарлама әзiрлеу көзделуде.
Атом өнеркәсiбi
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн дамыту Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 78 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында уран өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады.
Уран өндiру көлемiн ұлғайту жөніндегі негiзгi iс-шаралар жаңа кен орындарын игеруге және қолданыстағы рудниктердi дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде:
"Ақдала", "Оңтүстiк Мойынқұм", "Заречное", "Ыңғай" рудниктерiн кеңейту және салу көзделедi;
Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiнде:
"Иiркөл", "Орталық Мыңқұдық", "Жалпақ" рудниктерiн салу көзделедi.
Қаржы ресурстарын одан әрi тарту және уран өнiмдерiн кепiлдендiрiлген өткiзудi қамтамасыз ету үшiн "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК Қытай Ұлттық Атом Корпорациясы, Ресей Федерациясының Атомминi, "RWE Nuken GmbH" немiс компаниясы, жапондық "Itochu Corporation" компаниясы, оңтүстiк кореялық "КОRES" компаниясы сияқты өндiруден соңғы тұтынуға дейiн тiгiнен бiріктірiлген жоғары дәрежелi компаниялармен бiрлескен кәсiпорындар құру туралы келiссөздер жүргiзуде.
"YMЗ" ААҚ-та жаңғыртылған уранды конверсиялау жөнiндегi желiлер құру туралы БНФЛ компаниясымен келiссөздер жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда кезең-кезеңiмен уран тотықша-тотығын (U3O8), диоксидiн (UO2) және гексафторидiн (UF6) шығару жөнiндегi "әскери емес" бiрыңғай технологиялық цикл құру жоспарланған және жүзеге асырылуда.
Электр энергиясын өндiру
Электр энергиясын өндiру мен тұтынудың көзделген көлемдерiн қамтамасыз ету үшiн алдағы кезеңге рыноктық тетіктер мен электр энергиясының спот рыногын дамыту, рынок субъектiлерiн электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерiмен (АСКУЭ) және ақпарат беру жүйелерiмен жарақтандыру жолымен электр энергетикасының жұмыс iстеуiнiң тиiмділігін арттыру, саладағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мiндеттер алға қойылады. Солтүстiк-Оңтүстiк транзитiн салу аяқталады, Қазақстанның Батысында жаңа қуаттар iске қосылады, жұмыс iстеп тұрған электр станцияларындағы энергия блоктарын қалпына келтiру және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Параграф 2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау
2006-2008 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдағы кезеңге арналған мақсаттар қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мiндеттер:
мыналарды:
заңнама базасын жетілдiру;
мемлекеттік және жергiлiктi деңгейлерде жоспарлауды қамтамасыз етудi;
қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттiк басқаруды дамытудың институционалдық негiздерiн құруды;
мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүйесiн жетiлдiрудi;
қоршаған орта мониторингi жүйесiн дамытуды;
жүйелі тәсiл негізiнде табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету;
сектораралық ынтымақтастық тетiктерiн әзiрлеудi;
экономикалық тетiктердi жетiлдiрудi;
әлеуметтiк әрiптестік тетiктерiн дамытуды;
экологиялық бiлiм беру жүйесiн жетiлдiрудi;
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтитын қоршаған орта сапасын басқару жүйесiн оңтайландыру;
жердiң климаты мен озон қабатына антропогендiк әсер етудi азайту;
биологиялық әралуандылықты сақтау;
экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш полигондарын және әскери-сынақ кешендерiн оңалту;
Каспий теңiзiнiң қайраңы мен оған жақын орналасқан аумақтардың ластануын болдырмау;
cу ресурстарының жұтауы мен ластануының, әуе бассейнiнiң ластануының алдын алу;
өнеркәсiптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемiн азайту, оларды жою және ұқсату;
халықтың аурушаңдық деңгейi мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты зерттеу жолымен шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерiн азайту әрi табиғатты қорғау-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;
жұтаған жерлердi түгендеу және бағалау;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешiмдердi қабылдау процесiне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету;
жерлердi қалпына келтiру немесе олардың жұтауының алдын алу жөнiндегi пилоттық жобаларды әзiрлеу және iске асыру жолымен Қазақстан Республикасының аумағындағы шөлейттену процесiн тоқтата тұру және оның алдын алу жөніндегі бiрiншi кезектегi әрi превентивтiк iс-шаралар өткiзу.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы заңнамалық базаны жетілдiру үшiн Қазақстан Республикасының барлық басқа да заңнамалық "есiмдерiне қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, экологиялық аудит мәселелерiн реттеуге бағытталған табиғат қорғау нормалары енгiзiледі.
Табиғат қорғау заңнамасын жүйелендiру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi әзiрленедi.
Екi жақты және көп жақты келiсiмдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенциялары мен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы жаhандық халықаралық форумдардың шешiмдерiне сәйкес қабылдаған Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау жөнiнде шаралар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278 қаулысымен қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және оның тұрақтандыру жөнiндегi шаралар кешенiн тұжырымдау көзделген Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бекiтiлдi.
Бұл Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
2005 жылы:
табиғат қорғау iс-шараларын жоспарлауды әртүрлі деңгейде және салааралық үйлестiру қамтамасыз етiледi;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиiсті институционалдық базасы қалыптастырылады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердiң негiзi құрылады;
2006 жылы:
заңнама базасы ретке келтiрiледi;
экологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау және әзiрлеумен мемлекеттiк бақылау жүйесiн жаңғырту жүргiзiледi;
Бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесiнiң жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мониторингi жүйесi 10%-ға кеңейтiлiп, жаңғыртылады;
табиғат қорғау қызметiн ынталандырудың тиiмдi экономикалық тетiктерi пысықталады және сынақтан өткiзіледi;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қамтамасыз етіледi;
2007 жылы:
нормативтік әдiстемелiк құжаттама әзiрленедi;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негiздемесi қамтамасыз етiледi;
үздiксiз экологиялық бiлiм беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесi жетілдiріледi.
2007 жылы қоршаған орта сапасының көрсеткiштерiн тұрақтандыруға және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдiруге бағытталған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасының екiншi кезеңiн (2008-2010 жылдар) iске асыру жөніндегі бағдарлама әзiрленедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағындағы шөлейттену процесiн тоқтата тұру және алдын алу жөнiндегi бiрiншi кезектегi және превентивтiк iс-шараларды қамтитын Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама бекiтiлдi.
Шөлейттенудi тоқтата тұру және алдын алу процесi аталған Бағдарлама ережелерiн кезең-кезеңімен iске асыруды көздейдi.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
шөлейттенуге бейiм жерлердi түгендеу және олардың жай-күйiн бағалау жүргiзіледi;
жерлердi қалпына келтiру немесе олардың жұтауының алдын алу жөнiндегi пилоттық жобалар әзiрленедi;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешiмдердi қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету жөнiндегi жұмыс жүргізiледi.
2008 жылы ресурстық базаны сақтауды және қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жер пайдаланудың нормативтi талаптары мен экономикалық тетiктерiн әзiрлеу және енгізу, халықаралық экологиялық конвенцияларды тұтастырылған iске асыруды қамтамасыз ету, шөлейттену және құрғақшылықтың терiс әсер ету процесiнiң көлемдерiн қысқарту және дамуының алдын алу жөнiндегi жұмыс басталады.
Табиғат пайдалану
Елдiң балық шаруашылығын одан әрi дамытудың негiзгi мақсаты бағалы балық түрлерiн сақтау және дамыту үшiн жағдайлар жасау болады.
Бағалы балық түрлерiн сақтауға және дамытуға жағдайлар жасау үшiн:
балық шаруашылығын басқарудың бiрiктірiлген ақпараттық жүйесiн құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесiн жетілдiру;
балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерiнiң өндiрiстiк запасын қалыптастыру және толықтыру;
көл-тауар шаруашылықтарын дамыту үшiн жағдайлар жасау қажет.
Қойылған мiндеттердi шешу, сондай-ақ балық шаруашылығын тиiмдi басқару үшiн Балық шаруашылығы туралы заң әзiрлеу көзделуде.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшiн жануарлардың жабайы түрлерi ресурстарының жүйелi мемлекеттiк есебi мен кадастры қажет, мұнда жануарлардың географиялық таралуы туралы, олардың жай-күйi мен саны, тiршiлiк ортасы, шаруашылық мақсатта пайдаланылуы туралы мәлiметтердiң және басқа да деректердiң жиынтығы көрсетіледi.
Бұл бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
2005-2006 жылдары:
аңшылық объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң жай-күйiне бағалау жүргiзiледi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы N 877 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды құжаттандыру жүргізiледi;
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстарының аумақтарында аңшылық-экономикалық зерттеулер және шаруашылықаралық аңшылықты жайластыру жүргiзiледi;
республиканың резервтiк аңшылық қорының аумақтары бекiтiледi.
2006-2008 жылдары орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы негізгі бағыт ормандарды орман өртiнен және заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту болуы тиiс.
Мемлекеттiк орман қорын сақтау және молықтыру, елдегi жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында:
Астана қаласының жасыл аймағын құру жөнiндегi 2002-2010 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде жұмыстарды жалғастыру және iс-шаралар өткiзу;
Қазақстан Республикасын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау көзделіп отыр.
10. Аумақтық даму және инфрақұрылым
Параграф 1. Демография және халықты ұтымды орналастыру
2006-2008 жылдары демография және көшi-қон саласындағы негiзгi мақсаттар демографиялық және көші-қон процестерiндегі келеңсiз үрдiстердi азайтуға, ел халқының санын, ең алдымен отбасы мен ананы қолдаудың нақты тетiктерiн жасау жолымен арттыру үшiн негiз жасауға бағытталған саясат жүргiзу болып табылады.
Жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу:
ұрпақты болу жасындағыларды қоса алғанда, халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту;
бала тууды тұрақтандыру және болашақта оны ұлғайту;
миграциялық процестердi басқару, елдiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайту және көшiп келгендердiң қазақстандық қоғамға бейiмделу шарттарын жетілдiру қажет.
Елде халықты қосу саясатын iске асыру мақсатында демография мәселесiне қатысты нормативтік-құқықтық база жетiлдiріледi.
Халықтың көшi-қоны саласындағы проблемаларды шешу үшiн:
басқа мемлекеттерден иммигранттарды кеңiнен тартатын елдердiң тәжiрибесiн ескере отырып, көшi-қон квотасына қосу үшiн үмiткерлердi, ең алдымен этникалық қазақтар мен бұрынғы қазақстандықтар арасынан iрiктеудiң айқын жүйесiн құру;
перспективасыз өңiрлерден перспективалы өңiрлерге iшкi көші-қон үшiн ынталандырулар жасау;
перспективаға ауылдық аумақтардың тұрғындарын орналастыру моделi бойынша ұсыныстар даярлау;
босқындардың өзi шыққан мемлекетке еркiн оралуы үшiн жағдайлар жасау;
заңсыз көші-қонның жолын кесу;
Қазақстан Республикасының аумағында көшi-қонды бақылау жүйесiн жетiлдiру ұйғарылып отыр.
Параграф 2. Өңiрлiк даму
2006-2008 жылдары өңiрлік саясаттың мақсаттары экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттілiгін арттыру үшiн жағдайлар жасау, инфрақұрылымды нығайтуға және тiршiлiк ету ортасын жақсартуға ықпал ететiн басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негізiнде өңiрлердiң тұрақты дамуына қол жеткiзу болады.
Бұл кезеңде мынадай мiндеттердi шешу:
өңiрлердi дәйектi әрi теңгерiмдi әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету;
кластерлiк даму негiзiнде өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған шаралар әзiрлеу және iске асыру, проблемалы аумақтардың мәселелерiн шешу;
шекара маңындағы аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайту жөнiндегi мемлекеттік саясатты тұжырымдау және жүргiзу;
халықты оңтайлы қоныстандыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру керек.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу және мiндеттердi шешу үшiн республикалық деңгейде:
мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттіктердiң аражігін нақты ажыратуды және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiрудi қамтамасыз ететiн заңнамалық кесiмдердi қабылдау;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейiнгі кезеңге арналған бағдарламасын әзiрлеу;
Проблемалық аумақтарды дамыту бағдарламасын әзiрлеу және бекiту;
Ауылдық аумақтарды дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын iске acыру;
ұтымды демографиялық және көшi-қон саясатын жүзеге асыру;
кедейшiлiкті азайту жөнiндегi шараларды iске асыру ұйғарылып отыр.
Өңiрлiк деңгейде мынадай шараларды қабылдау:
экономика құрылымын, бiрiншi кезекте, инвесторлар үшiн шикiзатты терең өңдеудi ұйымдастыру, өнiмнiң қосылған құнын ұлғайту бойынша ынталандырушы жағдайлар жасау есебiнен жетiлдiру;
инфрақұрылымды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету;
меншiктi ресурстарды қайта өңдеу саласында жаңа өндiрiстер құру үшiн өңiрге тiкелей инвестициялар тарту жөнiндегi жұмысты өрiстету;
шағын және орта бизнестi дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру;
тұрып қалған кәсiпорындардың жұмысын қалпына келтiру есебiнен де, жаңа өндiрiстер құру есебiнен де жұмыс орындарын құру жөнiндегі жұмысты жалғастыру;
қосымша жұмыс орындарын құру, ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау есебiнен жұмыспен қамтуға белсендi жәрдемдесу;
ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;
кедейшілiктi азайту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;
бiлiм берудi дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру;
шағын қалаларды дамыту жөнiндегi, олардың экономикалық өсуiне және тұрғындарының тұрмыс деңгейiнiң жақсаруына қол жеткiзуге бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру. Бұл ретте шекара маңындағы, ең алдымен, оңтүстiктегi аудандардың экономикалық әлеуетiн нығайтуға ерекше көңiл бөлiнедi;
халықтың неғұрлым аз қамтамасыз етілген жiктерiне микрокредит берудiң кәсiпкерлiкті дамыту үшiн жағдайлар жасауға бағытталған жүйесiн одан әрi дамыту;
халықты оңтайлы орналастыру жөніндегі шараларды iске асыру;
серпiндi дамушы теңгерiмдi көлiк жүйесiн, тиiмдi және технологиялық жаңартылған, экономика мен өңiрлер тұрғындарының қажеттiлiктерiн сапалы қызметтермен қамтамасыз ететiн көлiк кешенiн құру көзделiп отыр.
Параграф 3. Көлiктi және байланысты дамыту
Көлiктi дамыту
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының көлiктiк-коммуникациялық кешенiнiң негiзгi мақсаттары сыртқы рыноктарға шығуды және коммуникацияның оңтайлы желiсiн қалыптастыруды қамтамасыз ететін транзиттiк дәліздердi дамыту, қолданыстағы темiр жолдардың және автомобиль жолдарының, су жолдарының, порттардың, әуежайлардың, аэронавигациялық кешендердiң техникалық жағдайын жақсарту, жылжымалы құрамның отандық өндiрiстік және жөндеу базасын дамыту болып табылады.
Көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң алдағы үш жылдық кезеңдегi негiзгi мiндеттерi:
салалық даму бағдарламаларын iске асыру;
мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгін арттыру;
негiзгi құралдарды жаңғырту және жаңарту, инфрақұрылым объектілерiн қайта жаңарту және салу;
республиканың транзиттiк әлеуетiн дамыту;
ұлттық теңiз сауда және көмекшi флотты құру болып табылады.
Автомобиль жолдарын дамыту
Республиканың транзиттiк әлеуетiн дамыту мақсатында 2006-2008 жылдары:
"Астана - Бурабай - I техникалық санатқа ауыстыру" учаскесiнде "Ақтау - Атырау"; "Астана - Қостанай - Челябi"; "Бурабай - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы"; "Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы"; "Омбы - Павлодар - Майқапшағай" (iрiктелiп алынады); "Ақтөбе облысының шекарасы - Арал - Қызылорда - Түркiстан - Шымкент" (iрiктелiп алынады); "Қордай - Тараз - Шымкент - Өзбекстан шекарасы"; "Астана - Петропавл"; "Алматы - Өскемен", "Yшарал - Достық" автомобиль жолдарын, Атырау - Астрахань автожолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн көпiрдi қайта жаңарту жөніндегі iрi жобаларды iске асыру жоспарлануда.
2006 жылы "Алматы - Бiшкек" автожолын оңалтуды, "Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе" автожолын және Батыс Қазақстандағы жол желiсiн қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.
Жоспарланып отырған кезеңде республикалық маңызы автомобиль жолдарын күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ ұстау және көгалдандыру жөнiндегi жұмыстар жалғасын табады.
Халықаралық талаптарды және Қазақстан Республикасының климаттық жағдайларын ескере отырып, автожол саласының нормативтiк-техникалық базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
Автомобиль көлiгін дамыту
2006-2008 жылдары тиiстi үкiметаралық және ведомствоаралық келiсiмдер жасау, халықаралық конвенциялар мен келiсiмдерге ("Карнет де Пассаж" кедендiк келiсiмi, "Жасыл карта" автокөлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін сақтандыру және т.б.) қосылу арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту басым бағыт болып қалады.
Жылжымалы құрамды жедел жаңарту үшiн жағдайлар жасау - салықтық ауыртпалықты және жекелеген автокөлiк құралдарына салынатын кеден баждарын азайта отырып, экономикалық ынталандыру, автокөлiк құралдарына қойылатын техникалық талаптар, қозғалыс қауiпсiздiгі, автомобиль көлiгi қызметкерлерiнiң еңбегi мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Көліктік-логистикалық қызметтердiң кластерлерiн құру көзделуде.
Темiр жол көлiгін дамыту
2006 жылы Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру аяқталады, бұл магистралдық желiнiң табиғи-монополиялық қызметтерiнен темiр жол көлiгiнiң бәсекелi секторының бөлiнуiн қамтамасыз етедi.
Алдағы кезеңде темiр жол көлiгінiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту жалғасады. Мынадай жобаларды iске асыру:
КДҰ схемасы бойынша (салу - пайдалану - беру) ұзындығы 163 км. "Шар - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу;
ұзындығы 530 км. жаңа "Бейнеу - Сексеуiл" темiр жол желiсiн салу;
локомотив және вагон паркiн жаңарту, зауыттық жөндеудiң, локомотив және вагон жасаудың отандық базасын және жылжымалы құрамды кейiннен қалпына келтiру әрi жаңарту үшiн импорт ауыстыратын жаңа өндiрiстердi құру жоспарлануда.
Тасымалдаудың қазiргi заманғы технологияларына көшу мақсатында темiр жолдарды техникалық қайта жарақтандыру, тасымалдау процесiн басқарудың қазiргi заманғы жүйелерiн енгізу, ресурс үнемдейтiн жаңа технологияларды дамыту жалғасады.
Тасымалдаушылардың әлеуметтiк маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты шығындарын субсидиялау жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Су көлiгін дамыту
2006-2008 жылдары Ақтау және Баутино порттарының өндiрiстiк және ауыстырып тиеу қуаттарын жүктердi ауыстырып тиеудiң болжамды өсуiн қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн кеңейту жөніндегі жұмыстардың бiрiншi кезеңi, Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында Кемелердiң қозғалысын басқару жүйесiн құру аяқталады.
Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде танкерлiк және құрғақ жүк флоттарын құру, жүктердi Ақтау портынан қазақстандық туы бар кемелермен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру, Құрық портының инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. 2006 жылдың соңына қарай республиканың теңiз сауда флотында 10 кемеге дейiн болады деп болжанып отыр.
Өзен көлiгiн одан әрi дамыту мақсатында 2006-2008 жылдары:
мемлекеттiк техникалық өзен флотын жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргiзу;
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойында Ертіс және Орал өзендерiнiң техникалық көрсеткiштерiн навигация барысында тәуекелдердiң туындауын және өзен кемелерiнiң кiдiруiн болдырмайтын деңгейге дейiн жеткiзу;
Қытай - Қазақстан - Ресей транзиттік бағытын ұйымдастыру;
Қазақстанның Каспий маңы өңiрлерiнiң өзен көлiгiн Солтүстiк-Оңтүстік халықаралық транзиттік дәлiздiң жұмысына қосу басым бағыттар болып қалады.
Әуе көлiгiн дамыту
Азаматтық авиация саласын дамыту әзiрленетiн 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл Бағдарламаның негiзгі мақсаты азаматтардың сапалы авиациялық қызметтерге өсiп келе жатқан қажеттiлігін қанағаттандыру үшiн мемлекеттiң тиiмдi, бәсекеге қабiлетті, халықаралық талаптарға сай келетін авиакөлiк жүйесiн құру болып табылады.
Оны iске асыру шеңберiнде Ақтау қаласының және Шымкент қаласының халықаралық әуежайын, Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежай аэровокзалын қайта жаңарту, сондай-ақ Қостанай қаласы әуежайының ұшу-қону алаңы мен аэровокзалын қайта жаңарту көзделген.
Авиациялық техника мен жер үсті қызмет көрсету құралдарын одан әрi жаңарту үшiн қазiргi заманғы әуе кемелерiн және аэронавигациялық жабдықтарды сатып алу көзделiп отыр. Елдiң аэронавигациялық кешенiн навигацияның, әуе қозғалысын қадағалау/басқарудың спутниктiк жүйесiн енгiзуге дайындау жалғасады.
Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы жаңғыртылған әуежай кешендерi базасында әуе қатынастарын кеңейту жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
Әлеуметтiк маңызды рейстердi жүзеге асыру үшiн жүйелi iшкi әуе тасымалдарын субсидиялауды жалғастыру қажет.
Қызметтер аясын кеңейту және жаңа рыноктарды жаулап алу үшін азаматтық авиацияның ұшақ паркiн жаңарту жөнiндегi кешендi шараларды iске асыру жалғасады.
Телекоммуникациялар мен байланысты дамыту
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) шеңберiнде 2007 жылдың аяғына қарай "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерi құрылатын болады, оған үкiметтiң порталы мен шлюзi, "төлем шлюзi", ұлттық сәйкестендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көліктiк ортасы, жүйеқұраушы деректер базасы жатады. Бұл Мемлекеттiк бағдарлама бағыттарының бiрi мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру мен дамыту және оған қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бiлiм деңгейiн көтеру жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды аяқтау жоспарланып отыр, ол байланыстың, көліктiк ортаның жоғары сапалы цифрлы арналарын ұсыну негiзiнде республикада телекоммуникациялар рыногын дамытуды қамтамасыз етедi, сондай-ақ әлемдiк телекоммуникация рыногында ұлттық бәсекеге қабiлеттіліктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Өңiрлiк, әсiресе ауылдық жерлердегi инфрақұрылымды техникалық жайластырудың деңгейiн арттыруға және қазiргi заманғы банктік өнiмдер мен Интернетке бағдарланған қызметтердi енгiзу есебiнен қызметтер аясын кеңейтуге бағытталған почта-жинақ жүйесiн дамыту жалғасады. Халық пен экономиканың нақты секторының субъектiлерi үшін "электронды үкiмет" жүйесiне және Интернеттің ақпараттық ресурстарына ұжымдық қол жеткiзу пункттерi ұйымдастырылады, почта төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін жеке банкомат желiсi мен POS-терминалдар құрылады, қалалар мен аудандар деңгейiнде почта байланысы бөлiмшелерi базасында заңды және жеке тұлғалар үшiн бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi трансфер-агенттiк пункттер ашылады.
2-Бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған
мемлекеттік реттеушілері
Атауы |
2005 ж. |
Болжам |
|||
01.07. |
01.07. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
|
Ең төменгі жалақы |
7000 |
9200 |
9200 |
9752 |
10337 |
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, |
3000 |
3000 |
3000 |
3805 |
|
Ең төменгі зейнет- |
6200 |
6572 |
6966 |
7384 |
|
Ең төменгі күн |
5753 |
7525 |
7977 |
8455 |
|
Айлық есептік көрсеткіш, теңге |
971 |
1029 |
1091 |
1156 |
|
Жұмыс күшінің |
0,28 |
0,28 |
0,28 |
0,28 |
* Базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі
** шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді ескергенде, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының 0,28%-ы ретінде есептеледі
ескерту:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған және айлық есептік көрсеткіштің еселенуі арқылы есептеледі;
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;
өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндіруге арналған стандарттар "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 7-тармағына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мұнайдың 2006-2008 жылдарға арналған есептік
тұрақты әлемдік бағалары
Тауардың |
2004 ж. |
Өлшем |
2005 ж. |
2006-2008 |
Шикі мұнай |
56,8 |
АҚШ долл./ |
42 |
19 |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер
(тауарлары, жұмыстары) бағаларының және тарифтерінің
шекті өсуінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы
N |
Мемлекеттік |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
1 |
Электр энергиясын |
150,9 |
106,3 |
104 |
104,3 |
2 |
Электр энергиясын |
108,9 |
106 |
106,1 |
112,5 |
3 |
Электр энергиясын |
109,5 |
107 |
110 |
110,9 |
4 |
Газды және (немесе) газ конденсатын |
102,7 |
104 |
101,6 |
101,9 |
5 |
Мұнайды магистральды құбырлар бойынша тасымалдау |
100 |
100 |
100 |
100 |
6 |
Жылу энергиясын |
106,7 |
104,8 |
106,2 |
103,8 |
7 |
Су шаруашылығы |
|
|
|
|
8 |
Ағынды суларды ағызу |
104,9 |
104,1 |
105,7 |
104,9 |
9 |
Порттардың қызметтері |
100 |
100 |
100 |
100 |
10 |
Әуежайлардың қызметтері: |
|
|
|
|
11 |
Почта байланысының |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 3 маусымдағы
N 560 қаулысымен
мақұлданды
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды
көрсеткіштері
Көрсет- |
2004 ж. |
2005 ж. |
Болжам |
2006 |
2008 ж. |
||
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
|||||
Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер |
|||||||
Халықтың жалпы саны, |
15012,7 |
15161,3 |
15314,2 |
15446,5 |
15558,6 |
101 |
102,6 |
Экономикада жұмыспен қамтылған- |
7148,4 |
7336,0 |
7458,7 |
7593,1 |
7728,2 |
101,8 |
105,3 |
Зейнеткер- |
1647,2 |
1608,8 |
1577 |
1548,8 |
1521,1 |
98 |
94,5 |
Базалық зейнетақы төлемін ескерген- |
8571 |
10839 |
12886 |
13479 |
14288 |
118,9 |
131,8 |
Нақты жала- |
113,7 |
109,7 |
107,8 |
112,2 |
108,4 |
131,1 |
*3000 теңге мөлшеріндегі базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы
1 шілдеден бастап төленеді
2004 ж. |
2005 ж. |
Болжам |
2008 ж. |
|||
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
||||
Аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер |
||||||
Жалпы ішкі өнім, млрд. |
5542 |
6580 |
7808 |
8892 |
10141 |
|
Өткен жылға |
109,4 |
108 |
108 |
108,3 |
108,5 |
126,9 |
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. |
2714 |
3338,5 |
4014,8 |
4642,5 |
5431,8 |
162,7 |
ЖІӨ салалық құрылымы, % |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Тауарлар өндірісі |
45,0 |
43,1 |
39,8 |
38,9 |
38,5 |
|
өнеркәсіп |
31,1 |
30,0 |
27,3 |
26,4 |
25,7 |
|
ауыл шаруашы- |
7,9 |
7,1 |
6,4 |
6,0 |
5,7 |
|
құрылыс |
5,9 |
6,0 |
6,1 |
6,5 |
7,1 |
|
Қызметтер |
50,6 |
52,1 |
55,5 |
56,2 |
56,5 |
|
Таза салықтар |
6,2 |
6,1 |
6,1 |
6,2 |
6,4 |
|
Қаржылық |
-1,8 |
-1,3 |
-1,3 |
-1,4 |
-1,4 |
|
Кірістерді құру әдісі- |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Қызметкер- |
37,9 |
38,1 |
38,3 |
38,3 |
38,4 |
|
Өндіріс пен |
10,3 |
10,2 |
10,1 |
10,1 |
10,1 |
|
өнімдер мен |
8,3 |
8,3 |
8,1 |
8,1 |
8,1 |
|
өндіріске салынатын |
2 |
1,9 |
2 |
2 |
2 |
|
Өндіріске субсидиялар |
0,1 |
0,1 |
0 |
0,1 |
0,1 |
|
Жалпы пайда және жалпы, аралас кірістер |
36,2 |
36,2 |
36,1 |
36 |
35,8 |
|
Негізгі капиталды тұтыну |
15,7 |
15,6 |
15,6 |
15,7 |
15,8 |
|
Түпкі пайда- |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Түпкі тұтыну- |
67,6 |
67,2 |
67,2 |
67,5 |
67,4 |
|
үй шаруашы- |
54,2 |
53,8 |
53,8 |
54 |
54 |
|
мемлекеттік басқару |
11,9 |
12 |
12 |
12,2 |
12 |
|
үй шаруашы- |
||||||
коммерциялық |
1,5 |
1,4 |
1,4 |
1,3 |
1,4 |
|
Жалпы |
23,4 |
23,7 |
23,6 |
23,5 |
23,4 |
|
негізгі |
22,1 |
22,3 |
22,3 |
22,2 |
22,2 |
|
материалдық |
1,3 |
1,4 |
1,3 |
1,3 |
1,2 |
|
Тауарлар мен |
9 |
9,1 |
9,2 |
9,0 |
9,2 |
|
Ақша базасы, |
578 |
803 |
1022 |
1248 |
1490 |
186 |
өткен жылға %-бен |
182 |
139 |
127 |
122 |
119 |
|
Ақша массасы, |
1564 |
2123 |
2760 |
3470 |
4200 |
198 |
өткен жылға %-бен |
161 |
136 |
130 |
126 |
121 |
|
Экономиканы |
28,2 |
32,3 |
35,3 |
39 |
41,4 |
|
Ұлттық Банк- |
7 |
7 |
6,5 |
6 |
6 |
|
Ұлттық Банк- |
9280 |
11719 |
13072 |
14655 |
15605 |
133 |
өткен жылға %-бен |
187 |
126 |
112 |
112 |
106 |
|
Тұтыну баға- |
2004 |
2005 |
Болжам |
2008 ж. |
||||
2006 |
2007 |
2008 |
|||||
Аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер |
|||||||
Жалпы ішкі өнім, млрд. |
5542 |
6580 |
7808 |
8892 |
10141 |
||
Өткен жылға |
10934 |
108 |
108 |
108,3 |
108,5 |
126,9 |
|
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ |
2714 |
3338,5 |
4014,8 |
4642,5 |
5431,8 |
162,7 |
|
ЖІӨ салалық құрылымы, % |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
||
Тауарлар өндірісі |
45,0 |
43,1 |
39,8 |
38,9 |
38,5 |
||
өнеркәсіп |
31,1 |
30,0 |
27,3 |
26,4 |
25,7 |
||
ауыл шаруашы- |
7,9 |
7,1 |
6,4 |
6,0 |
5,7 |
||
құрылыс |
5,9 |
6,0 |
6,1 |
6,5 |
7,1 |
||
Қызметтер |
50,6 |
52,1 |
55,5 |
56,2 |
56,5 |
||
Таза салықтар |
6,2 |
6,1 |
6,1 |
6,2 |
6,4 |
||
Қаржылық |
-1,8 |
-1,3 |
-1,3 |
-1,4 |
-1,4 |
||
Кірістерді құру әдісі- |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Қызметкер- |
37,9 |
38,1 |
38,3 |
38,3 |
38,4 |
||
Өндіріс пен |
10,3 |
10,2 |
10,1 |
10,1 |
10,1 |
||
өнімдер мен |
8,3 |
8,3 |
8,1 |
8,1 |
8,1 |
||
өндіріске салынатын |
2 |
1,9 |
2 |
2 |
2 |
||
Өндіріске субсидиялар |
0,1 |
0,1 |
0 |
0,1 |
0,1 |
||
Жалпы пайда және жалпы, аралас кірістер |
36,2 |
36,2 |
36,1 |
36 |
35,8 |
||
Негізгі капиталды тұтыну |
15,7 |
15,6 |
15,6 |
15,7 |
15,8 |
||
Түпкі пайда- |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
||
Түпкі тұтыну- |
67,6 |
67,2 |
67,2 |
67,5 |
67,4 |
||
үй шаруашы- |
54,2 |
53,8 |
53,8 |
54 |
54 |
||
мемлекеттік басқару |
11,9 |
12 |
12 |
12,2 |
12 |
||
үй шаруашы- |
|||||||
коммерциялық |
1,5 |
1,4 |
1,4 |
1,3 |
1,4 |
||
Жалпы |
23,4 |
23,7 |
23,6 |
23,5 |
23,4 |
||
негізгі |
22,1 |
22,3 |
22,3 |
22,2 |
22,2 |
||
материалдық |
|||||||
өзгерту |
1,3 |
1,4 |
1,3 |
1,3 |
1,2 |
||
Тауарлар мен |
9 |
9,1 |
9,2 |
9,0 |
9,2 |
||
Ақша базасы, |
578 |
803 |
1022 |
1248 |
1490 |
186 |
|
өткен жылға %-бен |
182 |
139 |
127 |
122 |
119 |
||
Ақша масса- |
1564 |
2123 |
2760 |
3470 |
4200 |
198 |
|
өткен жылға %-бен |
161 |
136 |
130 |
126 |
121 |
||
Экономиканы |
28,2 |
32,2 |
35,3 |
39 |
41,4 |
||
Ұлттық Банк- |
7 |
7 |
6,5 |
6 |
6 |
||
Ұлттық Банк- |
9280 |
11719 |
13072 |
14655 |
15605 |
133 |
|
өткен жылға |
187 |
126 |
112 |
112 |
106 |
||
Тұтыну баға- |
|||||||
жылына орта |
6,9 |
5-7 |
5-7 |
5-7 |
5-7 |
||
Мемлекеттік |
-0,3 |
-1,7 |
-1,7 |
-1,7 |
-1,0 |
||
Негізгi ка- |
1530,6 |
1714 |
1971 |
2247 |
2585 |
||
Өткен жылға |
110,6 |
112 |
115 |
114 |
115 |
150,8 |
|
Тауарлар |
20537 |
22857,9 |
23386,3 |
24196,2 |
25697,2 |
112,4 |
|
өткен жылға |
153,7 |
111,3 |
102,3 |
103,5 |
106,2 |
||
Тауарлар |
13783,4 |
14976,6 |
18254,7 |
19635,1 |
21312,2 |
142,3 |
|
өткен жылға |
147,6 |
108,7 |
121,9 |
107,6 |
108,5 |
||
Сауда теңге- |
6753,6 |
7881,3 |
5131,6 |
4561,1 |
4385 |
||
Өнеркәсiп- |
3733,8 |
4294,4 |
4624,3 |
5056,6 |
5600,7 |
||
Өткен жылға |
110,1 |
107,1 |
106,2 |
106,3 |
106,4 |
120,1 |
|
Ауыл шаруа- |
693,3 |
738,4 |
791,7 |
841,5 |
905,8 |
||
Өткен жылға |
100,1 |
102,7 |
102,9 |
102,9 |
104,1 |
110,2 |
|
Құрылыс, |
687,8 |
828,5 |
997,9 |
1217,9 |
1513,4 |
||
Өткен жылға |
111,2 |
109,5 |
109,5 |
110 |
112 |
135 |
|
Көлiк |
1180,8 |
1367,5 |
1589,9 |
1854,8 |
2174,3 |
||
Өткен жылға |
109,2 |
107,2 |
109 |
109 |
109,5 |
130 |
|
Байланыс, |
172,4 |
217,3 |
273,7 |
341,6 |
426,3 |
||
Өткен жылға |
132,0 |
120,0 |
120,0 |
120,0 |
120,0 |
173 |
|
Сауда млрд. |
1117,8 |
1279,3 |
1498,9 |
1747,7 |
2037,9 |
||
Өткен жылға |
110 |
109 |
109,5 |
110,0 |
110,0 |
132,5 |
кезең соңына
2004 ж. |
Болжам |
2008 ж. |
||||
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
|||
Қаржы секторы |
||||||
Банк жүйесіндегi |
1255 |
1590 |
2093 |
2677 |
3265 |
205,3 |
Банктердiң экономи- |
1484 |
1960 |
2520 |
3132 |
3852 |
196,5 |
Жеке тұлғалардың |
9,3 |
8,3- |
8,0- |
7,5- |
7,0- |
|
Заңды тұлғаларға |
13,7 |
13,2- |
12,7- |
12,2- |
11,7- |