Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 маусымдағы N 604 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысының әкіміне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 450000000 (төрт жүз елу миллион) теңге, оның ішінде:

      90000000 (тоқсан миллион) теңге - Арқалық қаласының "Жасұлан" балалар-жасөспірімдер орталығы" мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуге;
      110000000 (бір жүз он миллион) теңге - Арқалық қаласының өңіраралық көп бейінді ауруханасының ғимаратын қайта жаңартуға;
      250000000 (екі жүз елу миллион) теңге - Арқалық жылу электр орталығына отын мазутын сатып алу үшін бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады