Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 665 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі  8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005 жылғы 1 шiлде-2006 жылғы 28 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (оның ішінде пештік отынды) (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге тыйым салынсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2005.10.11. N  1014 , 2005.12.31. N  1332  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз), 2006.02.06.  N 70  (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады