Дизель, авиациялық отын және бензин экспортына тыйым салуларды қолдану мерзiмiн ұзарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 70 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң  8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 665  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 342-құжат):
      1-тармақтағы "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздер "2006 жылғы 28 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 тамыздағы
N 850  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 32, 444-құжат):
      1-тармақтағы "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздер "2006 жылғы 28 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 қазандағы N 1015  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 37, 522-құжат):
      1-тармақтағы "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздер "2006 жылғы 28 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулыны орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының аумағынан дизель, авиациялық отынды және бензиндi әкетуге тыйым салу мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады