Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 674 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 29 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.18.  N 29  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының  7-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2005 жылғы 1 шілдедегі  
N 674 қаулысымен     
бекітілген        

  Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi
iс-шараларға жатқызу ережесi

      1. Осы Іс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының  7-бабына  сәйкес әзiрленген.
      2. Ереже iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі іс-шараларға жатқызу бойынша жұмысты жүйелендiру және тәртiпке келтiру мақсатында әзiрленген және iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ұғымын, өлшемдерiн айқындайды.
      3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралардың кешенi.
      4. Іс-шара, егер ол мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі iс-шараларға жатқызуға болады:
      1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және табиғат пен адамның үйлесiмдi өзара iс-қимылына бағытталған болса;
      2) қоршаған ортаның (атмосфералық ауа, Жердiң озон қабатты, су және жер ресурстары, жер қойнауы, жануарлар мен өсiмдiктер әлемi, сондай-ақ климат) сапалық сипаттарын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартса;
      3) экологиялық жүйенiң жай-күйiн тұрақтандыруға және жақсартуға, биологиялық алуантүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және молайтуға ықпалын тигiзсе;
      4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян келтiрудi ескертсе және болдырмаса;
      5) қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiрсе;
      6) халыққа экологиялық білімдi насихаттауға, экологиялық тәрбиелеуге ықпалын тигiзсе.
      Ереженiң негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ic-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады