Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 681 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 742 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 742 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 1-жолдың, "Ic-шара" деген бағанындағы "қолданыстағы заңнамалық кесімдерді"»деген сөздер "қолданыстағы заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 2-жолда:
      "Ic-шара" деген бағандағы "үш жылға арналған" деген сөздер "екі жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орындау мерзімі" деген бағандағы "Жыл сайын" деген сөздер "Екі жылда 1 рет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 6-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жарты жылда 1 рет";

      реттік нөмірі 7-жолдың "Аяқталу нысаны" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік және орыс тілдерінде заңнама терминдерінің сөздігін шығару";

      реттік нөмірі 8-жолда:
      "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "Әділетмині, ІІМ, ЭСЖҚА (келісім бойынша), ҰҚК   (келісім   бойынша)";

      "Орындау мерзімі" деген бағандағы "2003 жылғы 1-тоқсан" деген сөздер "2005 жылғы 4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 9-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағанындағы "2002 жылғы 4-тоқсан" деген сөздер "2006 жылғы 4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 13-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағанындағы "2004" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 16-жолдың "Ic-шара" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу";

      реттік нөмірі 22-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағанындағы "2004" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 25-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағанындағы "2002" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"27 Неке және отбасы туралы   Кодекс       Әділетмині     2007
    Қазақстан Республикасы    жобасы                      жылғы
    Кодексінің жобасын                                    4-тоқсан
    әзірлеу                                                      ";

      реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 31-жолдың "Жауапты орындаушылар" деген бағаны "ҚҚА (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

      реттік нөмірі 32-жолдың "Жауапты орындаушылар" деген бағанындағы "ҰБ (келісім бойынша)" деген сөздер "ҚҚА (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 47-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағанындағы "2004" деген сандар "2005" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 51-жолдың "Орындау мерзімі" деген бағанындағы "2004" деген сандар "2005" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-1, 61-2-жолдармен толықтырылсын:

"61-1 "Алқабилер туралы"      Заң жобасы  Әділетмині,     2005
      Қазақстан Республикасы              ЖС              жылғы
      Заңының жобасын әзірлеу             (келісім        2-тоқсан
                                          бойынша)

61-2 "Қазақстан              Заң жобасы  Әділетмині,     2005 
      Республикасының кейбір              ЖС              жылғы
      заңнамалық актілеріне               (келісім        2-тоқсан
      алқабилер соты                      бойынша)
      институтын енгізу
      мәселелері бойынша
      өзгерістер мен
      толықтырулар енгізу
      туралы" Қазақстан
      Республикасы Заңының
      жобасын әзірлеу                                           ";

      реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"66 "Заңсыз жолмен алынған    Заң жобасы   БП (келісім    2005
    кірістерді заңдастыруға                бойынша),      жылғы
    (жылыстатуға) және                     ЭСЖҚА          3-тоқсан
    терроризмді қаржыланды-                (келісім
    руға қарсы ic-қимыл                    бойынша),
    туралы"                                Қаржымині,
    Қазақстан Республикасы                 ІІМ, ҰБ
    Заңының жобасы                         (келісім
                                            бойынша),
                                           ҰҚК
                                           (келісім
                                           бойынша),
                                           ҚҚА
                                           (келісім
                                           бойынша)             ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-1-жолмен толықтырылсын:

"66-1 "Қазақстан              Заң жобасы  БП (келісім     2005
      Республикасының                     бойынша),       жылғы
      кейбір заңнамалық                   ЭСЖҚА           3-тоқсан
      актілеріне заңсыз                   (келісім
      жолмен алынған                      бойынша),
      кірістерді заңдастыруға             Қаржымині,
      (жылыстатуға) және                  ІІМ, ҰБ
      терроризмді қаржылан-               (келісім
      дыруға қарсы ic-қимыл               бойынша),
      мәселелері бойынша                  ҰҚК
      өзгерістер мен                      (келісім
      толықтырулар енгізу                 бойынша),
      туралы" Қазақстан                   ҚҚА
      Республикасы Заңының                (келісім
      жобасы                              бойынша)               ";

      реттік нөмірі 71-жолда:

      "Жауапты орындаушылар" деген бағандағы "ҚПА" деген аббревиатура "ЭСЖҚА" /келісім бойынша/ деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Орындау мерзімі" деген бағандағы "2003 жылғы 4-тоқсан" деген сөздер "2006 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 80-жолда:
      "Ic-шара" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мeмлeкeттiк бағдарлама әзірлеу";

      "Орындау мерзімі" деген бағандағы "2003" деген сандар "2005" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 90-жолдың "Жауапты орындаушылар" деген бағанындағы "ӘдМ" деген аббревиатура алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады