"1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 735 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ        1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы
келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама жасасу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары  - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы атынан 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жоба

1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектілерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектілерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келісті:
      1. Келiсiм атауындағы, кiрiспенiң үшiншi абзацындағы және 1-баптың бiрiншi абзацындағы "4 Мемлекеттiк орталық полигонын" деген сөздер "4 Мемлекеттiк орталық көру аралық полигонын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Кiрiспенiң екiншi абзацы "Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 1-баптың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Полигон құрамына Ембi полигоны (5580 Сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) және Сарышаған полигоны кiредi, жер учаскелерiнiң шекарасы, әскери объектілердiң тiзбесi, олардың мәртебесi мен пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ембi полигонын пайдалану және жалға берудiң шарттары туралы келiсiммен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану және жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршілігін қамтамасыз етудiң шарттары туралы келiсiммен айқындалады.
       Ембi  полигонын (5580 Сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) және Сарышаған полигонын пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалға беру ақысы 4 Мемлекеттік орталық көру аралық полигонын пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалгерлiк ақыға енгiзiлмейдi және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембi сынақ полигонын жалға беру туралы шартпен және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалға беру туралы шартпен анықталады".
      4. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы жалға беру шартымен оларда орналасқан объектiлерiмен, Полигонның жылжымалы және жылжымайтын мүлiктерiмен қоса жер учаскелерiн Ресей Федерациясының уақытша пайдалануына бередi.
      2. Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес Ресей Федерациясының мүддесiне сай оларды жалға алу кезеңiнде Полигонның жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн Ресей Федерациясы ақы төлеудi жүзеге асырады".
      5. 4-баптағы "субарендаға" деген сөздiң алдынан "Тараптардың немесе үшiншi елдердiң заңды және жеке тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын.
      6. 7-баптағы:
      1-тармақтағы екiншi сөйлемде "Тараптардың жеке келiсiмiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Полигон бастығын Ресей Федерациясының Президентi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiлген Ресей Федерациясы Қорғаныс министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң келiсiмiмен тағайындауды жүзеге асырады".
      7. 9-баптағы:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалған тәртiппен қажет болған кезде нысаналар мен ракеталар құлаған алаңдарды қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi мiндеттенедi";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы Келiсiмнiң 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негізiнде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының мүддесiне сай сынақ жұмыстарын жүргізген кезде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң 4 Мемлекеттiк орталық көру аралық полигонының жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға жол берiледi".
      8. 11-баптың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингтi жүргiзудi, жердi мақсатты пайдалануды бақылау Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiп пен және мерзiмде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Ресей Тарабы Полигон аумағында геологиялық барлау және пайдалы қазбалар өндiрудi жүргiзбеуге мiндеттенедi. Полигон аумағында аң аулау, балық ұстау және жабайы өсiмдiктердi жинау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады".
      9. 13-бапта "мiндеттi әскери" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. "Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан полигонның әскери объектілерiнiң тiзбесi" деген N 2 қосымша осы Хаттаманың қосымшасына сай редакцияда жазылсын.
      Осы Хаттама ережесiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiліктер Тараптар арасында өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешілетiн болады.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.
      Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық көру аралық полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Келiсiммен бiр мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
      200__жылғы "___"__________ _______________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ            РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
       YШIН                              YШIН

                   1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
                       мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей
                  Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлерi
                       мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы
                      аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық
                     полигонын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге
                      өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
                                    хаттамаға қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған
полигон әскери объектiлерiнiң тiзбесi

р/с
N

Бөлiмшелердiң, объектiлердiң атауы

Қоныс аудару орны

1

10 Сарышаған сынақ полигоны

Приозерск қаласы

2

5580 Сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы

Ембi қаласы

3

20 жекеленген сынақ станциясы

Новая Казанка қаласы

4

30 жекеленген инженерлiк-сынақ бөлiмiнiң
өлшеу пункттерi
- 8-СЖ;
- 16-СЖ.

 
 
 
 
Сайхин қаласы
Шұңғай қаласы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады