"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 896 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Mәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат; 2004 ж., N 24, 157-құжат):

      1) 1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік базаның әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектiк туындаған кезде, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.";

      2) 12-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бiрiншi топтағы мүгедектерге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн 1,43 ең төмен күнкөрiс деңгейi;";
      үшiншi абзацта "7,5 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,11 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,78 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацта "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,04 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта "10 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,43 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацта "8 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,17 ең төмен күнкөрiс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацта "6 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "0,91 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацта "10 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,43 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзацта "8 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,17 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бiрiншi абзацта "6 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      екiншi абзацта "12 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,69 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "9,5 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,04 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      екiншi абзацта "16 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "2,20 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта "11 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,56 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,04 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-бапта:
      1-тармақта "12 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,69 ең төмен күнкөрiс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бiр мүшесі болған кезде жәрдемақы 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейi;
      екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелерiне 1,19 ең төмен күнкөрiс деңгейi;
      үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелерiне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейi;
      төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,58 ең төмен күнкөрiс деңгейi;
      бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады.
      Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелерi болған кезде әрқайсысына арналған жәрдемақының мөлшерi 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейiнен бiрдей үлес ретінде есептеледі.
      3. Ата-аналарының екеуiнен де айрылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетімдерге) айлық жәрдемақы әрбiр балаға 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады. Отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелеріне - 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейi мөлшерінде, бiрақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,07 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде.";
      4-тармақта:
      "бiр айлық есептік көрсеткiшке" деген сөздер "0,27 ең төмен күнкөріс деңгейiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "15 айлық есептік көрсеткіштен" деген сөздер "2,07 ең төмен күнкөріс деңгейiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 17-бапта:
      "Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
      "не зейнетақы төлемiн зейнетақының ең төмен мөлшерiнен аз мөлшерде алған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;

      5) 18-бапта:

      1-тармақта "3 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "0,52 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2004 ж., N 24, 157-құжат):

      1) 4-бапта:
      7) тармақша "мүгедектер" деген сөзден кейiн ", оның ішінде он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-1) тармақша алынып тасталсын;

      2) 7-бапта:
      9), 10) тармақшаларда "мүгедектерге" деген сөзден кейiн ", оның ішінде он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-1) тармақша алынып тасталсын;
      12) тармақшада "1,9" деген сандар "3,9" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берілетiн мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 647-құжат; 2002 ж., N 10, 105-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      6-баптың 1-тармағында "сегiз" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 918-құжат):

      1) бүкіл мәтіндегі "уәкілетті" деген сөзден кейiн "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 2-баптың 3-тармағында "белгілейтін" деген сөз "бекітетін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 3-баптың 3) тармақшасында "жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де" деген сөздер "айлық жалақының ең төмен мөлшерiн, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кедейлiк шегi ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына дейiн кезең-кезеңмен арттыру қағидатын негізге ала отырып, ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң негiзiнде айқындалады. Ол республика бойынша, сондай-ақ өңiрлер деңгейiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен тоқсан сайын есептеледі.";

      5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Айлық жалақының ең төмен мөлшерiн, зейнетақының ең
              төмен мөлшерiн және базалық әлеуметтік төлемдердi
              белгiлеу кезiндегі ең төмен күнкөріс деңгейiн қолдану

      Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы бойынша айқындалатын және жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен күнкөрiс деңгейінің шамасы айлық жалақының ең төмен мөлшерiн, зейнетақының ең төмен мөлшерiн және базалық әлеуметтік төлемдердi белгiлеу үшін негiз болып табылады.";

      6) 6-бапта:
      тақырыбында "және кедейлiк шегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "кедейлiк шегi" деген сөздерден кейiн ", азық-түлiк себетiнiң құны" деген сөздермен толықтырылсын;
      "осы шектен" деген сөздер "осы өлшемдерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздер "статистика" деген сөзбен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады