Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 943 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексiнiң  8-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2006 жылғы 1 наурызға дейiн Қазақстан Республикасының аумағынан мазут (СЭҚ ТН коды 2710 19 610 0 - 2710 19 690 0) әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мазут әкетуге тыйым салуды енгізетiнi туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады