Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесіп әзiрлеу туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
2. Eуpaзия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмін бiрлесіп әзірлеу туралы келiсiмге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп әзiрлеу туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің Үкiметтерi,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) өзара толықтырылатын отын-энергетикалық кешендерiн бiрiктiруге және оның артықшылықтарын ұлттық экономиканы дамытуға тиiмдi пайдалануға өзара ұмтылысын ескере отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің отын-энергетикалық ресурстары iшкi рыногының сұранысы мен ұсыныстарының теңгерiмділігiн қамтамасыз ету, осы ресурстардың өзара тиiмдi мемлекетаралық жеткiзілімдерiн кеңейту мақсатында,
1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердің өзара ынтымақтастығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмнiң ережелерiн iске асыра отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
1-бап
Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген ұғымдар мен терминдер мынаны бiлдiредi:
"бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық ресурстарын өндiрудi, iшкi рынокта тұтынуды, олардың экспорты мен импортын сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi;
"ұлттық отын-энергетикалық теңгерiм" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық ресурстарын өндiрудi, ішкі рынокта тұтынуды, олардың экспорты мен импортын сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi;
"Тараптардың құзыреттi органдары" :
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Экономика министрлiгі мен Энергетика министрлiгi;
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасы Үкiметінің жанындағы Энергетика жөнiндегi мемлекеттік агенттігі;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және энергетика министрлiгi;
Тәжiкстан Республикасынан - Тәжiкстан Республикасының Энергетика министрлігі.
2-бап
Бiрлескен отын-энергетикалық теңгерім, ЕурАзЭҚ iшкi рыногының отын-энергетикалық ресурстарға деген қажеттілiктерін қамтамасыз ету жолдарын оңтайландыруға, осы ресурстарды мемлекетаралық жеткiзілiмдер үшiн қолайлы жағдайлар жасау арқылы оның сұранысы мен ұсыныстарын теңгерiмдеуге мүмкiндiк беретiн орта мерзiмдiк кезеңге (3-5 жыл) әзiрленедi.
3-бап
Ұлттық отын-энергетикалық теңгерiмдер мен бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген тiзбеге сәйкес отын-энергетикалық ресурстардың түрлерi бойынша әзiрленедi.
4-бап
Бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiмдi әзiрлеу Тараптар жасаған ұлттық отын-энергетикалық теңгерiмдердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Тараптар жыл сайын 30 қарашаға дейiн ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнің Хатшылығына осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша есептi кезең ішіндегі, сондай-ақ ағымдағы және болжалды жылдарға арналған ұлттық отын-энергетикалық теңгерімдерді ұсынады.
5-бап
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің Хатшылығы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң жанындағы Энергетикалық саясат жөніндегi кеңеспен бiрлесіп Тараптардың құзыреттi органдары берген ақпараттың негiзiнде 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрлескен отын-энергетикалық теңгерім мен оған түсiндiрме жазбаны, ЕурАзЭҚ ішкі рыногының отын-энергетикалық ресурстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.
Бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм мен оған түсiндiрме жазба ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнің ЕурАзЭҚ iшкi рыногының теңгерiмділігi жөнiндегi шешiмінің жобасымен бiрге жыл сайын 1 наурыздан кешiктiрмей белгіленген тәртіппен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнің (үкімет басшылары деңгейiнде) қарауына енгiзiледi.
6-бап
Тараптардың құзыреттi органдарының бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiмiн әзiрлеу жөнiндегi қызметін үйлестiрудi ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнің жанындағы Энергетикалық саясат жөнiндегi кеңес жүзеге асырады.
7-бап
Тараптардың өзара келiсімі бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнің 10-бабында көзделген тәртiппен күшіне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiмнің ережелерi Тараптардың қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
8-бап
Осы Келісімді қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың арасындағы консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда дауды ЕурАзЭҚ-тың Соты қарайды.
9-бап
ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.
10-бап
Осы Келiсiм Тараптардың, оның күшіне енуi үшін қажетті мемлекетішілік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын депозитарийдiң алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Әрбiр Тарап бұл туралы осы Келiсiмнен шыққанға дейiн депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып одан шыға алады.
Осы Келiсiмнің бұл Тарапқа қатысты қолданылуы депозитарийдiң осындай хабарламаны алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
2005 жылғы "___" ___________ __________ қаласында орыс тiлiндегi бiр данада жасалды.
Осы Келiсiмнің түпнұсқа данасы, оның куәландырылған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiберетiн ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетiнде сақталады.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасының Республикасының Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Ресей Тәжікстан
Федерациясының Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Еуразия
экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердің отын-энергетикалық
теңгерiмiн бiрлесіп әзiрлеу
туралы келiсiмге
1-қосымша
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірлескен және ұлттық
отын-энергетикалық теңгерiмдерiн жасауға арналған
отын-энергетикалық ресурстардың тізбесі
1. Мұнай, газ конденсатын қоса алғанда
2. Автомобиль бензині
3. Дизель отыны
4. Отындық мазут
5. Табиғи және ілеспе газ
6. Көмір
7. Электр энергиясы
Еуразия
экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердің отын-энергетикалық
теңгерiмiн бiрлесіп әзiрлеу
туралы келiсiмге
2-қосымша
____________________________________
(ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің атауы)
________________________ 20__ -20__ жылдарға арналған
(энергия ресурсының атауы)
теңгерімі
(өлшем бір.)
Баланс баптарының атауы |
Есеп |
Ағымдағы кезең |
Болжам |
Ресурстар - барлығы, |
|||
Импорт - барлығы, |
|||
Бөлу - барлығы, |
|||
Экспорт - барлығы, |
|||
өзге мемлекеттерге - |
Еуразия
экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердің отын-энергетикалық
теңгерiмiн бiрлесіп әзiрлеу
туралы келiсiмге
3-қосымша
20__ -20__ жылдарға арналған ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің
бірлескен отын-энергетикалық теңгерімінің жобасы
____________________________________
(энергия ресурсының атауы)
Теңгерім баптарының атауы |
Есеп |
Ағым- |
Болжам |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ресурстар, барлығы |
|||||
Жеке ресурстар |
|||||
Беларус Республикасы |
|||||
Қазақстан Республикасы |
|||||
Қырғыз Республикасы |
|||||
Ресей Федерациясы |
|||||
Тәжікстан Республикасы |
|||||
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерден импорт |
|||||
Беларус Республикасы |
|||||
Қазақстан Республикасы |
|||||
Қырғыз Республикасы |
|||||
Ресей Федерациясы |
|||||
Тәжікстан Республикасы |
|||||
Бөлу - барлығы |
|||||
Ішкі рынокқа жеткізу |
|||||
Беларус Республикасына |
|||||
оның ішінде: |
|||||
Ресей Федерациясынан |
|||||
------------------ |
|||||
Қазақстан Республикасына |
|||||
оның ішінде: |
|||||
Ресей Федерациясынан |
|||||
------------------ |
|||||
Қырғыз Республикасына |
|||||
оның ішінде: |
|||||
Ресей Федерациясынан |
|||||
------------------ |
|||||
Ресей Федерациясына |
|||||
оның ішінде: |
|||||
Қазақстан Республикасынан |
|||||
------------------ |
|||||
Тәжікстан Республикасына |
|||||
оның ішінде: |
|||||
Қырғыз Республикасынан |
|||||
------------------ |
|||||
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің |
|||||
Беларус Республикасы |
|||||
Қазақстан Республикасы |
|||||
Қырғыз Республикасы |
|||||
Ресей Федерациясы |
|||||
Тәжікстан Республикасы |