"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 976 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы"

       1-Бап. Қазақстан Республикасының заң актілеріне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; 12, 183-құжат; 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжат; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат):
      242-баптың 3-тармақтағы:
      екiншi бөлiктегi "сақтау, бағалау" сөздерiнен кейiн ", әрi қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "сақтау, бағалау" сөздерiнен кейiн ", әрі қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
      60-баптың 1-тармағындағы "өткiзу" деген сөз "немесе әрі қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық   кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 741-баптағы:
      "Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiлерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1083-баптың 2-тармақтағы:
      екінші бөлiктегi "сақтау, бағалау" сөздерiнен кейiн ", әрі қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшіншi бөлiктегі "сақтау, бағалау" сөздерiнен кейiн ", әрi қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 1999 жылғы 13 шілдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргізу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат):

      1) 146-баптың бiрiншi бөліктегі:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өндірiп алушының атауы, оның тұрғылықты жерi, тұрақты жері бойынша тіркелгені туралы мәлімет, немесе егер талапкер ұйым болып табылса оның тұрған жерi, банк реквизиті және салық төлеу тiркеу номері;
      4) борышкердiң атауы, оның тұрғылықты жерi, сондай-ақ өтiнiште сот бұйрығы шығарылғаны туралы көрсетiлсе, борышкердiң жұмыс орны туралы мәлімет, салық төлеу тiркеу номері және тұрақты мекенi бойынша тiркелгенi туралы мәлiмет, немесе, егер борышкер ұйым болып табылса, оның тұрған жері, сондай-ақ, егер өтініште сот бұйрығы шығарылғаны туралы көрсетiлсе, салық төлеушi борышкердiң банк реквизиттерi және тiркеу номері туралы мәлімет;";

      2) 150-баптың екiншi бөлiктегi:
      2) тармақшасы:
      "оның тұрғылықты жерi" сөзiнен соң ", мекен-жайы бойынша тiркеу туралы мәліметтер" сөздерiмен толықтырылсын;
      "oның тұрған жері" сөзiнен соң ", салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" сөздерiмен толықтырылсын;
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жауапкердiң атауы, оның тұрғылықты жерi және, егер де талапкерге мәлiм болса, жауапкердiң жұмыс орны, салық төлеушiнiң тiркеу және мекен-жайы бойынша тiркеу туралы мәлiметтер немесе, егер жауапкер ұйым болса, егер талапкерге мәлiм болса, жауапкердiң салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi мен банк реквизиттерi;";

      3) 236-баптағы:
      төртiншi бөлiктігіне:
      жетіншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өндiріп алушының атауы, оның тұрақты мекенi, тұрақты мекенi бойынша тіркелгенi туралы мәлiмет, немесе егер өндiрiп алушы ұйым болып табылса, оның тұрақты орны, салық төлеу тiркеу номерi және банк реквизиттерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "борышкердiң атауы, оның тұрғылықты жерi, сондай-ақ егер iстiң материалдарында бар болса борышкердiң жұмыс орны туралы мәлiмет, салық төлеу тiркеу номерi және тұрақты мекенi бойынша тіркелгенi туралы мәлiмет, немесе, егер борышкер ұйым болып табылса, оның тұрған жерi, сондай-ақ, егер iстің материалдарында бар болса борышкердiң салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банк реквизиттерi туралы мәлiметтер";
      бесiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер сотпен талап арызды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданса, орындаушылық құжатқа талап арызды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшiрмелерi, соның iшiнде, егер iс материалдарында бар болса, мүлiктiк талап арызды қамтамасыз етуде тыйым салынған және оның сақталуына жауапты тұлғалардың тұратын орны туралы мәлiметтер бар құжаттардың көшiрмелерi қоса беріледi.";

      4) 240-4, 240-5, 240-6 баптармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "240-4 бап. Сот орындаушысының орындаушылық санкцияны өндiру
                  туралы және орындаушылық iс-әрекеттi жасау
                  бойынша шығынды өтеу туралы ұсынысын қарау

      1. Сот орындаушысының орындаушылық санкцияны өндiру туралы және орындаушылық iс-әрекеттi жасау бойынша шығынды өтеу туралы ұсынысы сотқа оның келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде судьямен шешіледi. Сот, борышкердi және өндiрiп алушыны сот орындаушысының ұсынысы келiп түскенi туралы хабардар етедi, сот мәжiлiсi өтетiн уақытын және жерiн хабарлайды. Сот мәжiлiсi өтетiн уақыты мен жерi туралы тиiсті түрде хабардар етiлген борышкердiң немесе өндiрiп алушының келмеуi iсті қарауға кедергі болып табылмайды. Сот орындаушысының ұсынысын қараған судья ұйғарым шығарады.
      2. Орындаушылық санкциясы мәселесi бойынша және орындаушылық iс-әрекеттi жасау бойынша шығынды өтеу бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
      3. Орындаушылық санкциясын өндiру туралы және орындаушылық iс-әрекеттi жасау бойынша шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы негiзiнде орындаушылық парақ жазылады.
      4. Орындаушылық санкциясын өндіру туралы және орындаушылық іс-әрекеттi жасау бойынша шығындарды өтеу ұйғарымы, сот шешiмдерiн орындау үшiн белгіленген тәртiпте орындауға келтiріледi.

      240-5 бап. Шешiмдi орындау кезiнде сот орындаушының әрекетiне
                 (әрекетсiздiгiне) шағымдану

      1. Атқарушылық iс жүргiзу процесiнде немесе осындай iс-әрекет жасаудан бac тартқан сот орындаушының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) өндiрiп алушымен немесе борышкермен шағым берiлуi мүмкiн. Шағым сот орындаушысы қызмет көрсететiн учаскiдегi аудандық сотқа, әрекет жасаған күннен (әрекет жасаудан бас тартқан) он күннiң iшiнде, сот орындаушының iс-әрекет жасау уақыты, жерi туралы хабардар етілмеген, немесе өндiрiп алушы немесе борышкерге сол күннен бастап ол туралы белгілi болса берiледi.
      Жоғары тұрған органға және лауазымды тұлғаға алдын ала өтiнiш жасау, сотқа шағым беру және оны сот қарауына қабылдау үшiн мiндетті шарт болып табылмайды.
      2. Шағым сотпен он күндiк мерзiмде қаралады. Өндiрiп алушы, борышкер және сот орындаушы сот мәжiлiсi уақыты мен жерi туралы хабардар етiледi, алайда олардың келмеуi шағымды шешу үшiн кедергi болып табылмайды.
      3. Сот шағымды дәйектi деп тауып сот орындаушының әрекетін жарамсыз, немесе бұзу туралы немесе сот орындаушымен жiберiлген қателiктердi толық көлемде жою мiндеттілігі туралы, немесе өндiрiп алушы немесе борышкердiң бұзылған құқықтары мен бостандығын өзге тәсілмен қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.
      Егер көрсетiлген әрекет тек қана сот орындаушымен жасалса, сот шешiмге мерзiм белгiлеуi мүмкiн, осының iшiнде шешiм орындалуы тиiс.
      4. Cот, егер сот орындаушының шағымдалатын әрекетi (әрекетсiздiгi) өкілеттi шегiнде заңға сәйкес жасалса, заңмен қорғалатын өндiрiп алушы мен борышкердiң мүдделерiнiң бұзылмағандығын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.
      5. Шешiмнің орындалғаны туралы сотқа, өндiрiп алушыға, немесе борышкерге cот шешiмiн алған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде кешіктiрiлмей хабарландырылуы тиiс, егер сот шешiмде өзге мерзiм белгiлемесе.";

      240-6 бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың
                 құқықтарын қорғау

      1. Сот орындаушымен мүлiкке тыйым салу өндiрiсiн жүргiзген кезде заң бұзушылыққа жол берілген жағдайда, мүлiк борышкерге ме немесе басқа тұлғаларға тиесілiгіне қарамастан тыйым салуды бұзуға негiз болып табылады, борышкердiң және осы тұлғалардың мүлiкке тыйым салу туралы өтiнiшi осы кодекстiң 240-5 бабы белгіленген тәртiпте сотпен қаралады. Осындай өтініш тыйым салынған мүлiктi өткiзгенге дейiн берiлуi мүмкiн.
      Басқа тұлғалармен мүліктің тиесілігімен оны өндіруге байланысты азаматтық құқық туралы даулы өтінішті, талап арыз өндіріс ережесі бойынша сотпен қаралады.
      2. Мүлікке тыйым салудан босату туралы талап арыздар жеке меншік иелерімен, шаруашылық жүргізу құқығында мүлікке иелік етуші тұлғалармен, шұғыл басқару, жерді тұрақты пайдалану, немесе өзге де негіздер бойынша заң актілерімен немесе шартпен көзделген жағдайларда ұсынылуы мүмкін.
      3. Тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздар борышкер мен өндіріп алушыға да ұсынылады.
      Егер тыйым салынған мүлiк өткізіліп кетсе, талап арыз мүлік берiлген тұлғаларға да ұсынылады. Өткізіліп кеткен мүлікті қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылған жағдайда мүлiкті сатып алушы, өндіріп алушы және борышкерлер арасындағы даулар сотпен талап тәртiбiнде қаралады.
      4. Егер мүлiкке мүлiктi тәркiлеумен байланысы тыйым салу жүргізілсе, жауапкер ретiнде сотталған және республикалық меншiкке өндiрiлген (келiп түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау бойынша және оны әрі қарай пайдалану ұйымдастыру жұмыстарына уәкілетті тиiстi орган тартылады. Талап арыз талаптары дәйектi деп танылған жағдайда, егер тәркіленуге жататын мүлiк қаржы органында болса және олар сауда, басқа ұйымдарға өткiзу, қайта өңдеу үшін, немесе ақысыз берілсе, онда осы мүлiк заттай қайтарылуға жатады. Бұл жағдайда уәкілетті органнан басқа iске қатысуға көрсетiлген ұйымдар тартылады және оларға мүлiкті қайтару жөнінде міндеттеме жүктеледі.
      Егер мүлiкке тыйым салу мүлікті тәркілеуге байланысты жүргiзілсе, өткiзіліп, немесе қайта өңделіп кетсе, талапкерге мүлікті өткiзiлгеннен түскен сома өтеледi.
      5. Судья, мүдделі тұлғалардың өтініштерiне қарамастан белгiлеп, осы баптың бiріншi бөлiгiндегi көрсетiлген мән-жайлармен мүлiкке тыйым салуды жоюға мiндетті.";

      5) осы Заңның қосымшасына сәйкес көрсетілген Кодексiне қосымшамен толықтырылсын.

      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6 құжат; N 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 522-бапта:
      екiншi бөлiктегi:
      "анықтаушының," деген сөзден кейiн "сот орындаушысының," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 524-бапта:
      баптың басындағы:
      "Соттардың және" деген сөздер "Сот актiлерiн," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "басқа да" сөздер алып тасталсын;
      бiрiншi абзацындағы "сот қаулыларын," сөздерiн "сот актiлерiн, қаулыларын" сөздерiмен ауыстырылсын;

      3) 620-бап 11) тармақшадағы "жүзеге асыра алады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) соттың үй-жайында, сот отырысының залында, сондай-ақ атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде сот приставтары жүзеге асыра алады.";

      4) 635-баптың екiншi бөлiктегi "ic қозғалған адам туралы мәлiметтер" деген сөздерінен кейiн "(жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжаты, тұрақты мекенi, тұрақты мекенi бойынша тiркелгенi туралы мәлiмет, жұмыс орны, жеке басын куәландыратын құжат мәлiметi бар болса; заңды тұлға үшiн - толық атауы, тұрақты орны, банк реквизитi және салық төлеу тiркеу номерi)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 636-баптың бiрiншi бөлігінiң 2) тармақшасындағы "сот орындаушылары" деген сөздерден кейiн ", сот приставтары" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 651-баптың бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) оған қатысты іс қаралған тұлғаның толық атауы, жеке тұлға үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, салық төлеушiнiң тiркеу номерi, тұрақты мекенi, тұрақты мекенi бойынша тіркелгенi туралы мәлiмет, жұмыс орны; заңды тұлға үшiн - толық атауы, тұрақты орны, жұмыс орны, салық төлеушiнiң тiркеу номері және банк реквизиті.";

      7) 713-баптың 2-тармағындағы "Өткiзу" сөзi "Әрi қарай пайдалану" сөздерімен ауыстырылсын.

      6. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар және бюджетке өзге де мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодекс)" Қазақстан Республикасының  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжат; N 21-22, 160-құжaт; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 17-баптың 1-тармағындағы 11) тармақшасына:
      "сақтау, бағалау" сөздерінен кейiн ", әрі қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оны" сөзi "eгep оны сатылған жағдайда" сөздерiмен ауыстырылсын;

      2) 550-бапта:
      тақырыбындағы және 1 және 2-тармақтарда "сақтау, бағалау" сөздерінен кейін ", әрі қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармағында "оны" сөзi "eгep оны сатылған жағдайда" сөздерімен ауыстырылсын.

      7. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат):
      489-баптың 1-тармағы ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгіленетiн тәртіпте мемлекеттік мекемелердiң мұқтажына берілетін" сөздерiмен толықтырылсын.

      8. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат):
      95-баптың үшінші бөлігінің екiншi сөйлемiндегі "сатылуы" деген сөзден кейiн "немесе өзге де пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банкiлер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжат):

      1) 50-бапта:
      6-тармақтың д-1) тармақшасындағы:
      "бiрiншi басшы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      "жазбаша сауал" сөздерi "қаулы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 51-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Атқарушылық іс жүргiзу органдарымен орындаушылық құжатты орындауды қамтамасыз еткенде оларға тыйым салынатын ақша және мүлік сомасы өндірушіге тағылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан аспауы тиiс, сондай-ақ борышкерге орындаушылық құжатты орындау процесiнде тағылған айыппұлдар және орындаушылық құжатты орындау бойынша шығындар.".

      10. 1997 жылғы 7 шілдедегі "Cот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағындағы сөздер "соттар қызметiн белгіленген тәртiпте қамтамасыз ету жөнiнде" алып тасталсын;

      2) 2-бапта:
      1) тармақша ", сондай-ақ сот орындаушылармен орындаушылық әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша ", сондай-ақ сот орындаушылар мен орындаушылық әрекеттерге қатысушы тұлғаларды осы әрекеттердi жасаған кезде қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Сот приставтары қызметін ұйымдастыру және оларды
              тағайындау тәртiбi

      1. Сот приставтардың бөлiмшелерi қалыптасады:
      1) орындаушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету бойынша уәкілеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың аумақтық бөлiмдерiнде (бұдан әрi - аумақтық бөлiмдер) облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы уәкiлеттi аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар);
      2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
      2. Аумақтық бөлiмдерде сот приставтарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау мен ұйымдастыруды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары және аумақтық бөлiмдер жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган:
      1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
      2) сот приставтары кадрларын оқытумен айналысады, олардың кәсiби дайындығын арттырады;
      3) сот приставтары қызметi iс-тәжiрибесiн жинақтайды, осы негiзде әдiстемелiк ұсыным жасайды;
      4) сот приставтары қызметiнiң статистикалық есебiн жүргiзумен айналысады;
      5) орындаушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз егу және соттар қызметiнің белгiленген тәртiбi мәселесi бойынша басқа мемлекеттiк және құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi;
      6) сот приставтары бөлiмшелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтары қызметiн ұйымдастыру мен әдiстемелiк басшылық жасау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты жүзеге асырады.
      4. Аумақтық органдар мен аумақтық бөлiмдерде тиiсті аумақтық органдардың басшылары сот приставтарын лауазымдық қызметке тағайындайды және босатады.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      5. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын тиiсiнше уәкілеттi органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.";

      4) 7-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "1-1) сот орындаушылармен орындаушылық әрекеттер жасалған кезде азаматтардан құқыққа қарсы іс-әрекеттер мен белгiленген тәртiптi сақтауды талап ету;";
      2) тармақшадағы "(көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзіліп жатқан үй-жайда)" деген сөздерден кейiн "және cот орындаушылармен орындаушылық әрекеттер жасалған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) судьяларды және сот процесіне қатысушы өзге де тұлғаларды, сондай-ақ осындай әрекеттердi жасаған кезде орындаушылық әрекеттерге қатысушы тұлғаларды қорғау;";
      5) тармақтағы "соттың үй-жайы" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ орындаушылық әрекеттерді жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 8-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Сот приставы қару, арнайы құралдар және өткiр тәсiлдер қолданғанның барлық жағдайларында жан-жағындағы азаматтардың қауіпсiздігін қамтамасыз ету үшiн қажетті шараларды қабылдауға мiндетті және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетiп, аумақтық бөлiмнiң басшысына қару, арнайы құралдар және өткiр тәсілдер қолданған туралы хабарлайды, ол осындай жағдай туралы аумақтық органға хабарлауға міндеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қару, арнайы құралдар және өткiр тәсiлдер қолданғаны туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппарат басшысына хабарлайды.
      Қару, және арнайы құралдар қолданған адамдардың өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелiп соққан әрбiр жағдайда, дереу прокурор хабардар етiледi.";
      6-тармақтағы:
      "заңнама белгiленген тәртiпте бекiтіледі" деген сөздер "және олардың бөлiну тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жоғарғы Сотына" деген сөздер "Жоғарғы Соттың аппаратқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Сот приставтарының қызметіне бақылау жасау

      1. Аумақтық бөлiмдерде сот приставтарының қызметіне бақылау жасауды уәкілеттi орган, оның аумақтық органы және aумaқтық бөлiмдерi жүзеге acырады.
      Уәкілетті орган сот приставтарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде аумақтық органдар мен аумақтық бөлiмдердегi сот приставтарының қызметiн ұйымдастыруын тексерудi жүзеге асырады.
      Аумақтық органдар және аумақтық бөлiмдер сот приставтарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде аумақтық бөлiмдердегi сот приставтарының қызметiн ұйымдастыруын тексерудi жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жүзеге асырады.".

      11. 1997 жылғы 14 шiлдедегi "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 3-баптың 6-тармағындағы "жазбаша талап етуi бойынша," деген сөздерден кейiн "атқарушылық іс жүргізу органдары олардағы іс өндiрiсi бойынша атқарушылық iс жүргiзу iстерi," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 70-баптың б-тармағында:
      бiрiншi бөлiктегi "сақтау, бағалау" сөздерiнен кейiн ", әрі қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi "сақтау, бағалау" сөздерiнен кейiн ", әрi қарай пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. 1998 жылғы 29 маусымдағы "Төлемдер және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 14-баптың 3-тармағының екiншi бөлiктегi "өндiрiп aлу туралы" деген сөздерден кейiн "және орындаушылық құжаттар бойынша атқарушылық іс жүргiзу органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Сот актілерін және сот орындаушының қаулысын орындау
               ерекшеліктері.

      1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндiру туралы сот актісi, сондай-ақ борышкердiң банктегi ақшасына тыйым салу және заңды тұлғаның, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаның банктiк есеп шотының барлығы туралы ақпаратты сұратып алу туралы прокурормен санкцияландырылған сот орындаушының қаулысы немесе оның атқарушылық iс жүргiзу органының аумақтық бөлiмiнiң мөртабанымен куәландырылған көшiрмесi осы баптың 4-тармағымен көзделген жағдайдан басқа барлық банктерге ұсынылады.
      2. Банктер көрсетiлген құжаттарды алғаннан келесi күннен кейiнгі екі операциялық күннен кешiктiрмей сотқа (сот орындаушысына) қажеттi мәліметтердi жiберуi тиiс. Мәлімет ақша өндiру жүргiзілетін тұлғаның банк есеп шотының барлығы туралы мәлiмет, немесе олардың жоқтығы туралы, банк есеп шоты бар кезде барлық қажеттi банк есеп шотының реквизиттерi және банк есеп шоттарында бар, қалған қалдықтың мөлшерi көрсетілуi тиiс. Сот орындаушысына жiберiлетiн мәлiметтерде ақшаның оларға тыйым салынған көлемi көрсетілуi тиiс.
      3. Сот (сот орындаушысы) көрсетiлген мәлiметтердi алып, банктi (банкiлердi) анықтайды оған ақшаны өндiру туралы сот актiсiн орындау бойынша мiндет жүктейдi және осындай банкке (банкiлерге) сот мөртабанымен куәландырылған қосымшасымен тиiсті орындаушылық құжатты немесе оның көшiрмесiн жiбередi.
      4. Егер сот (сот орындаушы) ақша өндiрiлуi жүргiзiлуi тиiсті тұлғаның банк есеп шотында ақшаның бар болуы туралы мәлiметке ие болса, онда сот орындаушының тапсырмасы тиiстi орындаушылық құжаттың көшiрмесiмен тiкелей тиiстi банкке орындау үшiн ұсынылады.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi орындаушылық құжатты орындау бойынша уәкiлеттi органның назарына, банктер тiзiмi мен олардың тұрақты орнын көрсете отырып және бiрiншi басшы жөнiнде әрбiр тоқсан сайын жеткiзедi.
      Орындаушылық құжатты орындау бойынша уәкілеттi орган, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiден алған тiзiмдi жергілiктi соттар мен сот орындаушылардың назарына жеткiзедi.".

      13. 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық іс жүргiзу және сот орындаушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 24, 153-құжат):

      1) 3-бапты мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекеттен өмiр мен денсаулыққа келтiрілген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты болып табылатын таратылатын заңды тұлғаның мүлкi жоқ немесе жеткiлiксiз болған жағдайда капиталдандырылған тиесілi төлем ақыны өндiру бойынша атқарушылық іс жүргiзу Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген тәртiппен жүргiзіледi.";

      2) 4-1 бапты мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтарымен толықтырылсын:
      "3. Атқарушылық іс жүргізу органдары өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, саяси партиялардан және басқа қоғамдық бiрлестіктерден тәуелсiз жүзеге асырады.
      4. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерінің қызметтік қызметіне араласуға, заң актілерiмен осыған тікелей уәкілеттi тұлғадан басқа ешкімнің құқы жоқ. Атқарушылық іс жүргiзу органдары қызметкерiнің қызметіне құқыққа қайшы араласу заң белгілегендей жауапкершiлiкке тартылады.";

      3) 6-бапта "ic жүргiзуiне қабылдаған" сөздерден кейiн "және осы заңның 10-бабына сәйкес өз еркiмен орындау үшiн сот орындаушысы белгiлеген мерзiмнiң өтуi" сөздермен толықтырылсын;

      4) 12-баптың 1-тармағында "заң актілерiнде өзге де орындау мерзiмдерi" сөздерiн "eгep де заңнамада басқаша";

      5) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкiмшілiк құқық бұзушылықтар туралы кодексі тәртiбiнде шығарылған сот қаулылары бойынша борышкердi iздестiру хабарландырылмайды.";

      6) 20-баптың 2-тармағында:
      "атқару құжаты" деген сөздерден кейiн "немесе оның көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Орындаушылық құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасы негізiнде оларды орындағаннан кейiн орындаушылық санкциясы өндiрілуге жатады, орындалуды қамтамасыз ету шаралары тек оны өндiргеннен кейін бұзуға жатады.";
      "қалпына келтiрген" сөздерiнен кейiн "немесе тоқтатылған атқарушылық іс жүргiзудегi атқару құжатын орындау кезiндегi сот орындаушының iс-әрекетiн заңсыз деп тапқан" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 21-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасына ", және сот орындаушымен заңмен жiберiлген барлық шараларды қабылдап, оның мүлкiн анықтау немесе табысын бойынша нәтижесiз болса" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Атқарушылық құжат ол бойынша өндiрiп алушы мемлекет болып табылса сотқа қайтарылады.";

      8) 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5 - баптармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "28-1-бап Атқарушылық iс жүргiзудегi құқықтық мирасқорлық

      Борышкер шығып қалған жағдайда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлға қайта ұйымдастырылса, талаптан қайтса, борышты аударса) сот орындаушысы шешiм шығарған сотқа борышкердi оның құқықтық мирасқорына ауыстыру туралы ұйғарым шығару туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Құқық мирасқоры үшін оның атқарушылық іс жүргiзуге енгенге дейінгі жасалған іс-әрекеттер борышкерге міндеттелгендей мөлшерде мiндеттi.";

      28-2-бап. Атқарушылық іс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң
                қатысуы

      1. Атқарушылық iс жүргiзуге азаматтар өздігінен немесе өкілдері қатыса алады. Атқарушылық іс жүргiзуге азаматтың жеке қатысуы оның өкіл алуы құқығынан айырмайды. Егер орындаушылық құжат бойынша борышкерге тек қана ол жеке орындау міндеттері жүктелсе, онда оларды орындау кезінде борышкер өкіл арқылы әрекет жасауға құқы жоқ.
      2. Атқарушылық іс жүргiзуді ұйымдастыруға қатысу, олардың органы не лауазымды тұлғалар арқылы оларға заңмен берілген өкілеттілік шегінде, өзге де нормативтік құқықтық актілер не құрылтайшы құжаттар, немесе көрсетілген органдар мен лауазымды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
      Ұйымды ұсынатын тұлғаның оның лауазымдық жағдайы мен өкiлеттілігін растайтын құжаттары болуы тиiс.
      3. Өкілдердiң өкілеттілiгi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген және ресiмделген сенiмхатпен расталуы тиiс.";

      28-3 бап. Өкiлдiң өкілеттілігі

      1. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы өкiл, ұсынылатынның атынан атқарушылық іс жүргiзумен байланысты барлық iс-әрекеттер жасауға құқылы.
      2. Ұсынылатынға берілетiн сенімхатта өкілдiң өкілеттілігіне мынадай іс-әрекеттер жасауға арнайы ескертпе болуы тиiс:
      1) орындаушылық құжатты ұсыну және қайтарып алу;
      2) өкiлдiктi басқа тұлғаға беру (қайта бepу);
      3) сот орындаушының әрекетiне шағымдану;
      4) тағылған мүлiктi (соның iшiнде ақша) алу.";

      28-4 бап. Өкiл бола алмайтын тұлғалар

      1. Атқарушылық iс жүргізуде 18 жасқа толмаған не қорғаншылық не қамқоршылықта тұрған тұлғалар бола алмайды.
      2. Судьялар, тергеушiлер, прокурорлар, атқарушылық iс жүргiзу органдарының және сот аппаратының қызметкерлерi атқарушылық iс жүргiзуде өкiлдер бола алмайды.
      Осы ереже мына жағдайларда, көрсетiлген тұлғалар тиiсті соттардың, прокуратураның не заңды өкiлдер ретiнде қатыса алады.";

      28-5-бап. Заңды өкілдер

      1. Атқарушылық іс жүргізуде iс-әрекетке қабілетсiз азаматтар, және іс-әрекетi шектелген азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарын заңды өкiлдерi - олардың ата-аналары, асырап алушысы, қорғаншылары не қамқоршылары олардың өкілеттілігін растайын құжаттарын ұсынғанда қорғайды.
      Заңды өкiлдер ұсынылатындардың атынан барлық iс-әрекеттер жасау оларды жасау құқығы заңмен көзделген шекте ұсынылатындарға жатады.
      2. Атқарушылық iс жүргiзу бойынша белгіленген тәртiпте iз-түзсiз кеткен азамат деп танылған оның өкiлi ретінде iз-түзсiз кеткеннiң мүлкін басқаруға берiлген тұлға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгiленген тәртiпте тағайындалған тұлғалар қатысуы тиiс.
      3. Атқарушылық іс жүргiзу бойынша қайтыс болған тұлғаның мұрагерi не белгіленген тәртіпте қайтыс болды деп белгіленген, егер  мұрагерлік ешкіммен қабылданбаған болса, мұрагердiң өкіл ретінде өсиеттi орындаушы немесе сенiмгерлiкпен басқарушы қатысуы тиiс.
      4. Заңды өкiлдер атқарушылық iс жүргiзуге қатысуды өкiл ретiнде таңдап алынған басқа тұлғаға тапсыруы мүмкiн.";

      9) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сот орындаушыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi аумақтық бөлiм бастығы шешедi, ол туралы тиiстi дәлелдi қаулы шығарылады.
      Аудармашыға не маманға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi сот орындаушы шешедi, ол туралы аумақтық бөлiм бастығымен бекiтiлетiн тиiстi дәлелдi қаулы шығарылады.";

      10) 35-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Борышкердiң қолма-қол, соның iшiнде борышкердiң касса сейфiнде сақталатын және осы кассаның оқшауланған бөлмесiнде, не борышкердiң өзге де бөлмелерiнде сақталатын ақша құралдары оларды табылғаны бойынша дереу алынуға жатады.";
      4-тармақты мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Борышкердің басқа мүлiкi жеткiлiксiз болған кезде орындаушылық құжат бойынша құны көлемiнен асатын оның басқа мүлкi алынуы мүмкiн. Бұндай жағдайларда, мүлiктi өткiзгеннен кейiн орындау құжаты бойынша өндiрiлетiн сомма және орындау жөнiндегі шығыстар ұсталғаннан қалғаны борышкерге қайтарылады.";

      11) 38-баптың екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Борышкердің банкідегi және немесе жекелеген банкi операциясын жүзеге асыратын ұйымдардағы қаржы құралдарын өндiру сот орындаушымен инкассалық өкiм шығару арқылы жүзеге асырылады, Инкассалық өкiмге орындаушылық құжаттың түпнұсқасы, немесе соттың мөртабанымен куәландырылған олардың көшiрмелерi қоса беріледі.";

      12) 40-баптың 1-тармақтарына "және өзге де несие мекемелерiндегi" деген сөздер "немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 41-баптың 1-тармақтағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы баптың 35-бабының 4-тармағымен көзделген жағдайда жазылатын мүлiктiң құны орындаушылық құжат бойынша өндiрілетін көлемнен асуы мүмкін.";

      14) 49-бапта 3-тармағындағы:
      "бағаланған сомасында" деген сөздер "соңғы хабарландырылған баға бойынша деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте осы мүлiктегi тыйым алынады.";

      15) 50-тармақтағы "сатылады" деген сөзден кейiн "немесе пайдаланылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 57-баптың 1-тармағында "өндiрiп алу кезiңде," сөзiнен кейiн "aл басқа өндiрулермен" сөзiмен толықтырылсын;

      17) 68-1-бабындағы:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Көшiру жiберу орындаушылық құжатта көрсетiлген бөлмеден босатудан, көшіріп жіберушіден (көшiрiп жіберілетіндерден) оның (олардың) мүлiктерінен, үй жануарларынан және көшiрiп жіберушіден (көшiрiп жiберiлетiндерден) босатылған бөлменi пайдаланудан тыйым салудан тұрады.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Борышкердiң мүлкін сақтау үш жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады, мерзiмi өткеннен кейiн көрсетiлген мүлiк қожайыны жоқ өткiзу үшін белгiленген тәртiпте сатылады.";

      18) 75-баптың 1-тармағындағы "өндiрiп алу кезінде" сөздерінен кейін ", ал басқа өндірулерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 77-бапта:
      1-тармақта:
      "мәжбүрлеп" сөзi алып тасталсын:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Орындаушылық санкция мына жағдайларда өндірілмейді, егер борышкер осы Заңның 10-бабына сәйкес оған сот орындаушы белгiлеген мерзiмде орындаушылық құжатты толық көлемде орындаса, сондай-ақ орындаушылық құжаттағы өндiрiлген сомманың 10 процентi бір айлық есептік көрсеткiш көлемiнен кем болса.";
      екінші бөлiмi алып тасталсын;

      20) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1-тармақшасымен толықтырылсын:
      "9-1) орындаушылық құжаттарды орындаумен байланысты мәселелер жөнiнде басшылардың және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың сөзсiз қабылдауына.";

      21) 86-1-бапта:
      1) тармақшада "сот орындаушылары" деген сөздерден кейiн "және сот приставтарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "сот орындаушыларының" деген сөздерден кейін "және cот приставтарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
        "87-бап. Шешiмге және сот орындаушының әрекетіне
               (әрекетсiздiгіне) шағымдану

      Өндiріп алушы не борышкердiң шешiмге, орындаушылық құжатты орындау бойынша сот орындаушының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттен бас тартуы сотта шағымдалуы мүмкiн. Шағым, азаматтық iс жүргiзу заңнамасымен көзделген тәртiпте және мерзiмде сотқа беріледі.";

      23) 89-бап мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "89-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерлерiн
               әлеуметтiк қорғау шаралары

      Атқарушылық iс жүргiзу органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқанның отбасы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртiпте мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алу құқы бap.".

      14. 2003 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кредит ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат):
      16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "2-1) атқарушылық іс жүргiзу органына: олардың өндiрiсiндегi атқарушылық іс жүргiзу iстерi сот орындаушысымен қол қойылған, атқарушылық iс жүргiзу органының мөртабанымен куәландырылған және прокурормен санкцияландырылған қаулының негiзiнде;".

      15. 2003 жылғы 28 наурыздағы "Кредиттiк серiктестiк туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):
      21-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "2-1) атқарушылық іс жүргізу органына: олардың өндiрiсiндегi атқарушылық іс жүргiзу iстерi сот орындаушысымен қол қойылған, атқарушылық іс жүргiзу органының мөртабанымен куәландырылған және прокурормен санкцияландырылған қаулының негiзiнде;".

      16. 2003 жылғы 2-шiлдедегi " Бағалы қағаздар нарығы туралы " Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат):
      34-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) атқарушылық іс жүргізу органына: олардың өндiрiсiндегi атқарушылық іс жүргiзу iстерi сот орындаушысымен қол қойылған, атқарушылық іс жүргiзу органының мөртабанымен куәландырылған және прокурормен санкцияландырылған қаулының негiзiнде;".

       2-Бап. Осы Заң оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

"Атқарушылық iс жүргiзу    
мәселелерi бойынша      
Қазақстан Республикасының  
кейбір заңнамалық актiлерiне
толықтырулар мен өзгерiстер 
енгiзу туралы"       
Қазақстан Республикасының 
200_ жылғы "__" ____ N_Заңына
қосымша          

1999 жылғы 13 шілдедегі N 411
Қазақстан Республикасының  
Азаматтық iс жүргiзу кодексiне
қосымша          

Орындаушылық құжаттар бойынша
өндiруге жатпайтын мүлiктер тiзбесi

      Орындаушылық құжаттар бойынша борышкерге жеке меншiк құқығында немесе жалпы меншiктегі оның үлесi болып табылатын борышкерге және оның қарауындағы тұлғаларға қажетті мынадай мүлiктер мен заттар өндiрiлуге жатпайды:
      1. Үй жиһаздары, ыдыс аяқтар, киiм кешектер:
      а) аң терiлерi және басқа бағалы киiмдер (eгep оны ауыстыратын ең төмен күнкөрiстiк деңгейдегi басқа киiм болса), асханалық сервиздер, бағалы металдардан жасалған сондай-ақ көркемдiк құндылықтары бар заттардан басқа киiм, аяқ киiм, iш киiмдер, төсек орындар, пайдаланудағы асханалық ыдыс-аяқ бұйымдары;
      б) Борышкер мен оның отбасы үшiн қажеттi мебельдер (әрбiр тұлғаға бiр керует, орындық бiр үстел және отбасына бiр сандық);
      в) Барлық балалар заттары.
      2. Егер борышкер негiзiнен ауылшаруашылығымен айналысатын болса, борышкер мен оның отбасы үшiн жаңа орақ науқанына дейiн қажетті мөлшерде азық-түлік тағамдар, ал басқа жағдайларда азық-түлiк тағамдар мен ақша еңбек ақының ең төменгi көлемiнен кем емес мөлшерде.
      3. Тағам дайындау және отбасының тұрғын үйдi жылытуға арналған отын.
      4. Құрал-сайман борышкердiң кәсiби дайындық сабақтары үшiн (соның iшiнде оқулық құралдары, кiтаптар), мына жағдайларды қоспағанда борышкер сот үкiмiмен тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған болса, немесе құрал-сайман оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылса.
      5. Мүгедектердiң қозғалысы үшiн арналған арнайы көлiк құралдары.
      6. Борышкер марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де сыйлықтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады