Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 1152 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Michael Wilson & Partners Ltd" компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Rumeli Telekom A.S." және "Telsim Моbil Telekomunikasyon Hizmetleri A.S." компанияларымен төрелік сот талқылауында Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады