Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1189 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң)  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "MIB" ("МИБ") жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар халыққа қызмет көрсетуді оңтайландыру және есепке алу цифрлық жүйесін беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде 14158000 (он төрт миллион бір жүз елу сегіз мың) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады