Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1290 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы
N 917  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім):
      Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тізбесінде:
      "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 369-жолда:
      5-бағанда "8020100" деген сандар "8190100" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағанда "6350000" деген сандар "6520000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 373-жолда:
      7-бағанда "1084228" деген сандар "914228" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда "6299422" деген сандар "6469422" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда:
      10-бағанда "28033393" деген сандар "28203393" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Барлығы" деген жолда:
      10-бағанда "122279535" деген сандар "122449535" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша:
      "028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "028 Облыстық бюджеттерге, Астана
      және Алматы қалаларының
      бюджеттеріне коммуналдық
      шаруашылықтарды дамыту үшін
      берілетін нысаналы даму
      трансферттері                                  11458600
      оның ішінде инвестициялық жобаларға:           
      Астана қаласының сол жақ жағалау
      аумағының құрылысын топырақты
      сулардың басуынан инженерлік қорғау,
      дренаж, деңгейін төмендету                        57000
      Астана қаласында Талдыкөл
      сарқынды су жинақтаушысын қалпына
      келтіріп жою (1 және 2-кезектері)               6520000
      Нөсер кәрізі жүйесін дамыту                      914228
      Астана қаласындағы жобаланатын
      және салынып жатқан тұрғын үй
      кешендеріне инженерлік желілер
      мен жолдар салу                                 1767372
      Алматы қаласындағы жобаланатын және
      салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне
      инженерлік желілер мен жолдар салу              2000000
      Алматы қаласындағы жаппай жеке
      құрылыстар жүріп жатқан аудандарда су
      құбырларының кәріз желілері мен
      құрылыстарын салу және қайта жаңарту";           200000

      3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында:
      2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім):
      "2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген кестеде:
      "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 310-жолда:
      6-бағанда "7862116" деген сандар "8139530" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда "46516884" деген сандар "46239470" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 314-жолда:
      6-бағанда "1309100" деген сандар "914228" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда "11375322" деген сандар "11770194" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады