Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005-2007 жылдардың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеуге таза кірістің 10 (он) пайызын жіберу үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде белгіленген тәртіппен барлық қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады