"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған:
1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн мақсатты трансферттердi пайдалану
ережесi
(бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға байланысты бағдарламалар бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдердi қабылдағаннан кейiн үш күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн ұсынсын;
2) есептiден кейiнгi айдың 8-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жұмыстардың барысы және нысаналы трансферттердiң пайдаланылуы туралы ай сайынғы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын бақылауды және үйлестiрудi, сондай-ақ республикалық бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес бюджет қаражатының тиiмдi және орынды пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
N 35 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне 2006 жылы инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін
нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
Өңірлер |
Тұрғын үйлерді салу кезінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін қаражатты бөлу, млн. теңге |
||
барлығы |
оның ішінде |
||
жеке |
көп пәтерлі |
||
Ақмола облысы |
300 |
165 |
135 |
Ақтөбе облысы |
1245 |
885 |
360 |
Алматы облысы |
1170 |
745 |
425 |
Атырау облысы |
1725 |
1340 |
385 |
Шығыс Қазақстан облысы |
820 |
600 |
220 |
Жамбыл облысы |
725 |
500 |
225 |
Батыс Қазақстан облысы |
960 |
685 |
275 |
Қарағанды облысы |
930 |
600 |
330 |
Қостанай облысы |
870 |
670 |
200 |
Қызылорда облысы |
670 |
470 |
200 |
Маңғыстау облысы |
1010 |
660 |
350 |
Павлодар облысы |
800 |
600 |
200 |
Солтүстік Қазақстан
|
750 |
500 |
250 |
Оңтүстік Қазақстан
|
2025 |
1580 |
445 |
Астана қаласы |
2000 |
|
|
Алматы қаласы |
4000 |
|
|
Республика бойынша жиыны |
20000 |
10000 |
4000 |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 13 қаңтардағы
N 35 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
1. Осы Ереже облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомасында "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы
Заңында
көзделген 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Нысаналы трансферттердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне (бағдарламаның әкiмшiсiне) 2006 жылға арналған республикалық бюджеттi қаржыландырудың бекiтiлген жиынтық жоспарына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуына және жайластыруына бөледi.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған деректемелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға белгiленген тәртiппен бекiтiлген "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" деген республикалық бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сай облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша нысаналы трансферттердiң бекiтiлген жалпы сомасын бөлуге сәйкес қаражат аударады.
4. Нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын iске асыруды
құрылыс қызметi
туралы,
мемлекеттiк сатып алу
туралы заңнамаға және
бюджет
заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
5. Тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға арналған нысаналы трансферттердiң уақтылы, орынды және тиiмдi пайдаланылуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жауапты болады.