Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 850 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшiн авиациялық отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң  8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қолданысқа енгiзiлген сәтiнен бастап 2006 жылғы 28 ақпан кезеңiнде осы қаулы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мерзiмдiк декларациялау рәсiмi бойынша бұрын ресiмделген, сондай-ақ арнайы кедендiк режимге орналастырылатын:
      реактивтi отынды (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0);
      өзгелерiн (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 250 0) қоспағанда, авиациялық отынды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 
2005.12.31. N  1332  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз), 2006.02.06.  N 70  (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады