Индонезия Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 ақпандағы N 100 Қаулысы

      Индонезия Республикасында 2004 жылдың соңында болған цунамидiң ауыр зардаптарының салдарынан жетiм болып қалған индонезиялық балаларды қолдау үшiн Индонезия Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Индонезия Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 35000 (отыз бес мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Индонезия Республикасында 2004 жылдың соңында болған цунамидiң ауыр зардаптарының салдарынан жетiм болып қалған индонезиялық балаларды қолдау үшiн "Индонезия - Tabung Bencana Alam Tsunami Indonesia, АСС
N 060.0020288.001, Dana Sosial Deplu" арнайы банктiк шотына, алушы: "Dana Sosial Deplu" көрсетiлген қаражатты заңнамада белгiленген тәртiппен аударуды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады