Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара сауда-саттығында жанама салықтарды өндiрiп алудың бiрыңғай қағидаттары туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара сауда-саттығында жанама салықтарды өндiрiп алудың бiрыңғай қағидаттары туралы келiсiм жасалсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге
қатысушы мемлекеттердiң өзара сауда-саттығында жанама
салықтарды өндiрiп алудың бiрыңғай қағидаттары
туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,
халықаралық сауда-саттықтың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерiн басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер пайдаланылады:
жанама салықтар - қосылған құн салығы (бұдан әрi - ҚҚС) және акциздер (акциздiк салық немесе акциздiк алым);
қосылған құн салығына нөлдiк ставка - Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес Тарап мемлекетiнiң аумағынан экспорттау кезiнде тауарларға нөл пайыз ставка бойынша ҚҚС салу, бұл салық төлеушi үшiн ҚҚС сомаларын есепке алу (қайтару) нысанында бюджеттен өтеуге құқық бередi;
тауар - кез келген жылжымалы және жылжымайтын мүлiк, энергияның барлық түрлерi, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлiк жабдықтарын қоса алғанда, халықаралық жолаушылар тасымалдары үшiн пайдаланылатын кез келген көлiк құралдарын қоспағандағы көлiк құралдары;
экспорт - қайта әкелу туралы мiндеттемесiз бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан басқа Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына тауарлар әкету;
импорт - қайта әкету туралы мiндеттемесiз бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына басқа Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан тауарлар әкелу;
жалған экспорт - тауарларды Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан экспортталатындар ретiнде жалған құжаттық ресiмдеу, мұндай жағдайда осы Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкету жүргiзiлмейдi;
құзыреттi органдар - Тараптар мемлекеттерiнiң Қаржы министрлiктерi, кеден және салық органдары.
2-бап
Экспорт кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаты
Тараптар мемлекеттерiнiң ешбiрi басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына экспортталатын тауарларға жанама салықтар салмайды.
Осы ереже нөлдiк ставка бойынша ҚҚС салуды, сондай-ақ экспорттаушы мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес экспортталатын тауарларды акциздерден және/немесе ҚҚС-дан босатуды бiлдiредi.
3-бап
Импорт кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаты
Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан экспортталған, басқа Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына импортталған тауарларға импорттаушы мемлекетте оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
4-бап
Тауарларды өткiзудi және жанама салықтарды төлеудi бақылау
Тауарлардың импорты кезiнде жанама салықтардың толық төленуiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау үшiн мұндай тауарларға қатысты жанама салықтарды Тараптар мемлекеттерiнiң кеден және/немесе салық органдары өндiрiп алады. Тараптар арасында кедендiк ресiмдеу және тауарларды кедендiк бақылау болмаған жағдайда жанама салықтарды әкiмшiлендiру тәртiбi жеке Келiсiммен реттеледi.
5-бап
Жұмыстарды орындау, қызметтер
көрсету кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алу тәртiбi
Жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алудың тәртiбi жеке хаттамамен ресiмделедi, ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларының нормалары қолданылады.
6-бап
Келiсiмнiң басқа халықаралық шарттармен арақатынасы
Осы Келiсiмде Тараптар мемлекеттерi қатысушы болып табылатын үшiншi елдермен жасалған басқа халықаралық шарттардың ережелерi қозғалмайды.
7-бап
Келiсiмге қосылу тәртiбi
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн кез келген мемлекет осы Келiсiмге қатысушы бола алады. Осы Келiсiмге қосылу шарттары Тараптар мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын келiсiмде айқындалады.
8-бап
Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
Дауларды шешу тәртiбi
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар мен келiссөздер өткiзу жолымен шешiледi. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда кез келген Тарап дауды Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге жiбере алады.
10-бап
Келiсiмнiң күшiне ену тәртiбi
Осы Келiсiм қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдер орындалғаннан кейiн 200___ жылғы "___"_______ ___________ қаласында қол қойылған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену тәртiбi туралы хаттамада көзделген тәртiппен күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Кез келген Тарап Депозитарийге жазбаша түрде тиiстi хабарлама жiбере отырып, өзiнiң осы Келiсiмге қатысуын тоқтата алады. Мұндай Тарап үшiн осы Келiсiмнiң қолданылуы Депозитарий жазбаша хабарлама алған күннен бастап 12 ай өткен соң тоқтатылады.
Тараптардың бiрi осы Келiсiмнен шыққан жағдайда, егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаса, оның қолданылуы аталған Тарап осы Келiсiмнiң қолданылу кезеңiнде осы Тарап үшiн туындаған қаржылық және өзге де мiндеттемелердi толық реттегенге дейiн жалғасады.
200___ жылғы "___"_______ __________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады.
2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң 4-бабына сәйкес Бiртұтас экономикалық кеңiстiк Комиссиясы құрылғанға және оған өкiлеттiк берiлгенге дейiн Қазақстан Республикасы Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық құқықтық құжаттардың депозитарийi болып табылады.
Депозитарий Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының
Yкiметі үшiн Үкiметi үшiн
Ресей Федерациясының Украина Үкiметi
Yкiметi үшiн үшiн