Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 524 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 291 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының  33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Азаматтық, эксперименттiк және мемлекеттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тізбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 524  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 276-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбесiнде:
      "Мамандар" деген 2-тармақта:
      "әуесқой пилот;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "теңiз қондырғыларының радиооператоры;
      жер үстi радиооператоры;";
      "ұшу ақпаратын өңдеу жөнiндегi техник;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник;".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады