"Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшiн әскери кадрлар даярлау туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 292 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшiн әскери кадрлар даярлау туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшiн әскери кадрлар даярлау туралы келiсiмдi бекiту туралы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының  15-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. 2005 жылғы 23 маусымда Мәскеу қаласында жасалған Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшiн әскери кадрлар даярлау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына
мүше мемлекеттер үшiн әскери кадрлар даярлау туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер,
      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының (бұдан әрi - Ұйым) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      әскери кадрлар даярлау саласын Тараптар қарулы күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының өзара тиiмдi iс-қимылдарын қамтамасыз етудiң және олардың арасындағы одақтастық қатынастарды дамытудың аса маңызды факторларының бiрi деп санай отырып,
      ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң көп жақты күштерi мен құралдарының алдында тұрған талаптарға жауап беретiн Тараптардың әскери кадрларын даярлау деңгейiн қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмде қолданылатын төменде келтiрiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
      "әскери оқу орны" - Тараптардың әскери кадрларын даярлау жүзеге асырылатын жоғары, орта және қосымша кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру мекемелерi және әскери бөлiмдер;
      "жiберушi Тарап" - өзiнiң әскери қызметшiлерiн басқа Тараптардың әскери оқу орындарында даярлау үшiн жiберетiн Ұйымға мүше мемлекет;
      "қабылдаушы Тарап" - басқа Тараптардың әскери қызметшiлерiн өзiнiң әскери оқу орындарында даярлау үшiн қабылдайтын Ұйымға мүше мемлекет;
      "берушi Тарап" - басқа Тарапқа оқу-әдiстемелiк құралдарды, оқу әдебиетiн және оқу-материалдық базасының элементтерiн беретiн Ұйымға мүше мемлекет.

  2-бап

      Тараптардың мақсаты келiсiлген мамандықтар мен оқу бағдарламалары бойынша Ұйымға мүше мемлекеттердiң қарулы күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары үшiн әскери кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiн қалыптастыру және дамыту болып табылады.

  3-бап

      Әскери кадрларды даярлау жiберушi Тараптың қарулануындағы қолда бар қару-жарағы мен әскери техникасын, әскери iс-қимыл театрларының және ұйымдастыру-штаттық құрылымының ерекшелiктерiн, сондай-ақ қабылдаушы Тараптың құпиялылық режимiн, таралуы шектелген қызметтiк ақпарат пен құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шектеулердi ескере отырып, қабылдаушы Тараптың әскери қызметшiлерi үшiн әзiрленген бiрыңғай оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша келiсiм-шарттар негiзiнде:
      а) қабылдаушы Тараптың әскери қызметшiлерiмен бiрлесiп;
      б) әскери оқу орындарының арнайы факультеттерiнде (бөлiмшелерiнде, топтарында) бөлек жүзеге асырылады.
      Қабылдаушы Тараптың құпия ақпаратын құрайтын мәлiметтердi беру көзделетiн бiрлескен немесе бөлек даярлау Тараптардың 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы шеңберiндегi Құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындауы шартымен мүмкiн болады.
      Әскери кадрларды даярлау және оқу процесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету орыс тiлiнде жүзеге асырылады.
      Жiберушi Тараптың әскери қызметшiлерiнiң тұруы қабылдаушы Тарап белгiлеген шарттарда және тәртiппен ұйымдастырылады.

  4-бап

      Даярлау:
      мемлекеттiк бiлiм беру стандартымен белгiленген мамандықтар бойынша әскери кадрларды - кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру мекемелерiнде;
      ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды - кәсiптiк жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде;
      қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу, жасау, пайдалану, жауынгерлiк қолдану, жөндеу, жаңғырту және оларға қызмет көрсету жөнiндегi мамандарды - әскери бөлiмдерде, сондай-ақ практикалық сабақтарды (оқу-жаттығулар мен атыстарды) өткiзу кезiнде, оның iшiнде бiр Тараптың мамандарын екiншi Тараптың әскери бөлiмдерiне iссапарға жiберу арқылы жүзеге асырылады.

  5-бап

      Әскери кадрларды даярлау ақылы негiзде немесе қабылдаушы Тарап белгiлейтiн квота бойынша, жеңiлдiктi немесе өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
      Жеңiлдiктi негiзде даярлау кезiнде оқыту үшiн шығыстар қабылдаушы Тараптың есебiне, ұстау үшiн - жiберушi Тараптың есебiне жатқызылады.
      Өтеусiз негiзде даярлау кезiнде оқыту және ұстау үшiн шығыстар қабылдаушы Тараптың есебiне жатқызылады.
      Әскери кадрларды даярлауды қамтамасыз етудiң қаржылық және басқа да түрлерi келiсiм-шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

  6-бап

      Жiберушi Тарап оқуға өтiнiмдердi қабылдаушы Тарапқа және Ұйымның Бiрiккен штабына оқу басталатын жылдың 15 қаңтарына дейiн бередi.
      Қабылдаушы Тараптар оқу басталатын жылдың 15 мамырына дейiн Ұйымның Бiрiккен штабы арқылы Ұйымға мүше мемлекеттердi әскери оқу орындарын, оқу мамандықтары мен әрбiр мамандық бойынша берiлетiн орындардың санын көрсете отырып, оқуға қабылданатын әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде дайындықтың жеңiлдiктi және өтеусiз квотасы бойынша саны туралы хабардар етедi.
      Қабылдаушы Тараптар қажеттiлiгiне қарай оқуға үмiткерлердi iрiктеу бойынша ұсынымдарды (талаптарды) нақтылайды.

  7-бап

      Оқуға үмiткерлердi iрiктеудi және оларды медициналық куәландыруды қабылдаушы Тараптың әскери оқу орындарына қабылдау шарттарын және ұсынымдарын ескере отырып жiберушi Тарап жүргізедi.
      Оқуға үмiткерлер қабылдаушы Тараптың әскери қызметшiлерiмен бiрге жiберушi Тараптың аумағында қабылдаушы Тарап өкiлдерiнiң қатысуымен қажет болған кезде қабылданатын қабылдау емтихандарының нәтижелерi бойынша әскери оқу орындарына қабылданады. Бұл ретте қабылдаушы Тарап өкiлдерiнiң iссапарымен байланысты барлық шығыстар жiберушi Тараптың есебiне жатқызылады.
      Қабылдаушы Тараптың оқуға қоятын талаптарына жауап бермейтiн үмiткерлер Тараптардың келiсiмi бойынша қабылдаушы Тараптың әскери қызметшiлерiмен бiрге арнайы факультеттерде (бөлiмшелерде, топтарда) оқуға жiберiлуi мүмкiн.
      Арнайы факультеттердегi (бөлiмшелердегi, топтардағы) оқу тәртiбi келiсiм-шарттармен айқындалады.
      Қабылдаушы Тарап өткiзетiн медициналық тексерудiң және тестiлеудiң нәтижелерi бойынша нақты әскери мамандық бойынша оқуға жарамсыз деп танылған үмiткерлер Тараптардың келiсiмi бойынша басқа әскери оқу орындарына, басқа мамандықтарға жiберiлуi немесе жiберушi Тараптың қарауына iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
      Қажет болған кезде Тараптардың келiсiмi бойынша жiберушi Тараптың әскери қызметшiлерi үшiн орыс тiлiн және жалпы бiлiм беру пәндерiн қосымша зерделеуге арналған дайындық курстары ұйымдастырылуы мүмкiн.

  8-бап

      Жiберушi Тараптың әскери қызметшiлерi оқу уақытында қабылдаушы Тараптың заңнамасымен жол берiлетiн шекте гарнизондық, қарауылдық және iшкi қызметтi өткеруге тартылуы мүмкiн.

  9-бап

      Осы Келiсiмге қол қойылғанға дейiн оқуға түскен әскери қызметшiлерге Тараптардың әскери оқу орындарында бұрын жасалған келiсiм-шарттардың талаптарында оқуын жалғастыру және аяқтау құқығы берiледi.

  10-бап

      Тараптар қабылдаушы Тараптың әскери оқу орындарын бiтiргенi және ғылыми дәреже берiлгенi туралы құжаттарының баламалығын өзара негiзде мойындайды.

  11-бап

      Тараптар әскери кадрлар даярлау жөнiндегi ұлттық әскери оқу орындарын дамытуға өзара көмек көрсетедi.
      Осы мақсаттарда оқу-әдiстемелiк құралдарды, оқу әдебиетi мен оқу-материалдық базаның элементтерiн (макеттердi, стендтердi, тренажерларды және т.б.) беру қабылдаушы Тараптың өз қажеттiліктерi үшiн арналған тарифтерi бойынша не қалдық құны бойынша ақылы негiзде жүзеге асырылады.
      Беру тәртiбi берушi Тараптың заңнамасына сәйкес айқындалады.

  12-бап

      Бiр Тараптың мамандарын екiншi Тараптың әскери оқу орындарында сабақ беру үшiн жiберу келiсiм-шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

  13-бап

      Әскери кадрларды даярлаудың ерекшелiктерiне байланысты және осы Келiсiмде көзделмеген мәселелер келiсiм-шарттарда келiсiледi.

  14-бап

      Тараптардың осы Келiсiм бойынша мiндеттемелерi Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерiн қозғамайды.

  15-бап

      Осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 17-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  16-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға және түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiледi.

  17-бап

      Осы Келiсiм депозитарийдiң оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы төртiншi жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi. Қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiктiрiп орындаған Тарап үшiн осы Келiсiм депозитарийге тиiстi жазбаша хабарлама тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.

  18-бап

      Әрбiр Тарап шығу күнiне дейiн 6 айдан кешіктiрмей осы Келiсiмнiң қолданысы уақытында туындаған қаржылық және өзге де мiндеттемелердi реттей отырып, депозитарийге жазбаша хабарлама жiберу арқылы осы Келiсiмнен шыға алады.

      2005 жылғы 23 маусымда Мәскеу қаласында орыс тiлiндегi бiр түпнұсқа данада жасалды. Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.

       Армения Республикасы үшiн          Қырғыз Республикасы үшiн

      Беларусь Республикасы үшiн         Ресей Федерациясы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн        Тәжiкстан Республикасы үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады