Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестiрушісiн тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 335 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 179 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.21.  N 179 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.

      2. "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Үйлестiрушiсiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1340  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады