Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа экономикалық комиссиясының және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның атқарушы хатшыларын Ұлттық үйлестірушінің тағайындалғаны туралы хабардар етсін.
3. "Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 335 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі