"Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 365 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы
келiсiмдi бекiту туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса берiлiп отырған 2005 жылғы 26 тамызда Қазан қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
      бiрлескен күшпен Достастық елдерiнiң экономикалық және әлеуметтiк өркендеуiн, азаматтық бейбiтшiлiк пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз етуге ұмтылуға ниет бiлдiре отырып,
      Достастық елдерi халықтарының дәстүрлi байланыстарын ескере отырып, мәдениет, бiлiм беру, ғылым, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс салаларындағы ынтымақтастықтың негiзiнде олардың дамуы мен нығаю маңыздылығын түсiне отырып,
      гуманистiк құндылықтарды бекiту экстремизм мен төзiмсiздiктiң өзге де көрiнiстерiнiң түп-тамырымен құруына ықпал ететiнiн назарға ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының негiзiн қалаушы құжаттарды және Достастық шеңберiнде мәдениет, бiлiм беру, ғылым, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс салаларында қабылданған өзге де шарттарды басшылыққа ала отырып,
       мына төмендегi туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрi дамыту үшiн келiсiлген шаралар қабылдайды және осы мақсатта:
      осы Келiсiмде айтылған мiндеттердi iске асыруға өзара әрекет етедi;
      мәдениет, бiлiм беру, ғылым, мұрағат iсi, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс салаларындағы ынтымақтастықтың тетiктерiн жетiлдiредi және дамытады;
      көрсетiлген салаларда өзара iс-қимыл мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық базаны әзiрлейдi және жетiлдiредi.

2-бап

      Тараптар ұлттық мәдениетті өзара байыту үшін ең жоғарғы қолайлы жағдайлар жасау мақсатында:
      мәдени ынтымақтастық саласында, форумдар, фестивальдар, көрмелер, экспедициялар өткізуді қоса алғанда, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды iске асырады;
      мүдделi ведомстволар мен ұйымдар арасында, оның iшiнде бiлiм беру мекемелерiнiң мамандарын, оқушыларын және студенттерiн дайындауда және олардың бiлiктiлiгiн арттыруда тәжiрибе алмасуды көтермелейдi;
      мемлекеттiк жиындарда, жинақтар мен қорларда сақталатын тарихи-мәдени құндылықтар, тарихи деректi көздер туралы, сондай-ақ мемлекетаралық бағдарламалар шеңберiнде бiлiм беру, ғылым және мәдениет мақсатында олардың пайдаланылуы туралы ақпараттармен алмасады;
      Тараптар аумақтарында орналасқан ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау мәселелерiнде ынтымақтасады;
      жоғалған және заңсыз жолмен әкетiлген мәдени құндылықтарға байланысты мәселелердi шешуде халықаралық құқық нормаларына және ұлттық заңнамаға сәйкес өзара iс-қимыл жасайды;
      кiтапхана, мұражай және мұрағат iсi, кiтап шығару iсi мен баспа өнiмдерiн таратудың тиiстi қорларын пайдалану салаларында ынтымақтасады;
      басқа Тараптар халықтарының тiлдерiн зерделеуді көтермелейді, ұлттық мәдени орталықтардың құрылуы мен оның қызметiне ықпал етедi.

3-бап

      Тараптар ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiктерi мен жетiстiктерiн сақтауды ескере отырып:
      конференциялар, симпозиумдар, жазғы мектептер, тақырыптық олимпиадалар, бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары, студенттерi мен түлектерiнiң форумдарын қоса алғанда бiлiм беру саласында бiрлескен жобаларды iске асыру үшiн;
      бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары мен оқытушыларымен алмасуды көтермелеу үшiн;
      кадрларды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау саласында өзара iс-қимыл жасасу, бiрлескен университеттер құру, білiм берудiң әр түрлi бағыттары бойынша базалық ұйымдар желiсiн кеңейту үшiн;
      барлық деңгейдегi бiлiм берудің мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын, Тараптардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын дайындау және аттестациялау жөніндегі талаптарын, ғылыми дәрежелердi беру және ғылыми атақтарды тағайындау процестерiн үндестiрудi келiсу үшiн;
      екi жақты және көп жақты шарттар негiзiнде бiлiм беру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттардың баламалылығын тану саласында өзара іс-қимыл үшiн;
      жоғарғы бiлiмнiң ортақ еуропалық кеңiстiгiн (Болондық процесс) құру тәжiрибесiн және осы процеске қатысудың қосымша мүмкiндiктерiн зерделеу үшiн шаралар қабылдайды.

4-бап

      Тараптар ғылым мен технологияның басым бағыттарын дамыту үшiн халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа мемлекеттiк қолдау көрсету мақсатында:
      iргелi және қолданбалы ғылымдар саласында мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеу бойынша;
      халықаралық ғылыми орталықтар мен ұйымдар құру бойынша;
      Тараптардың ұлттық заңнамасының талаптарын ескере отырып ғылыми-техникалық ақпараттармен, iргелi зерттеулермен және қолданбалы әзiрлемелермен алмасу жөнiнде;
      Тараптардың ғылым академиялары, ғылыми ұйымдары мен бiлiм беру мекемелерi арасында ынтымақтастықты дамыту жөнiнде шаралар қабылдайды.

5-бап

      Тараптар ТМД-ның ортақ ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мақсатында:
      ақпарат пен ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыру үшiн;
      теле және радиохабарлар тарату саласында, оның iшiнде "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының әлеуетiн ескере отырып өзара iс-қимылды одан әрi дамыту үшiн;
      тақырыптық фестивальдар мен телефорумдар, интернет форумдарын қоса алғанда бiрлескен iс-шаралар өткiзу үшiн;
      дүниежүзiлiк қоғамдастықта Достастық елдерiнiң әлеуметтiк-саяси, экономикалық және мәдени өмiрi туралы объективтi және толық таным қалыптастыру мақсатында Тараптардың бұқаралық ақпарат құралдарының өзара iс-қимылын нығайту үшiн;
      әр Тараптың аумағында кез келген Тараптың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметi үшiн ұлттық заңнаманы ескере отырып жағдайлар жасау үшiн;
      бұрын КСРО-ға бөлiнген орбиталдық-жиiлiлiк ресурсы негiзiнде хабарлар тарату үшiн Тараптардың ортақ спутниктiк сегменттерiн құру үшін;
      ТМД-ның Атқару комитетiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының интернет-порталын құруды қоса алғанда ұжымдық қол жеткiзу желiлерiнде бiрлескен ақпараттық ресурстарды дамыту үшiн шаралар қабылдайды.

6-бап

      Тараптар спорттық әлеуеттi неғұрлым толық және тиiмдi пайдалану, дене тәрбиесi мен спорт саласындағы қолданыстағы спортшылар мен ұйымдар арасындағы байланыстарды нығайту үшiн:
      дене тәрбиесi мен спорт саласында ынтымақтастықты дамытуға, осы саладағы мүдделi ведомстволар мен ұйымдар арасында өзара iс-қимылға жәрдемдеседi;
      спорттың әр түрi бойынша спартакиадалар, олимпиадалар мен чемпионаттарды қоса алғанда бiрлескен спорттық iс-шараларды өткiзедi;
      спорттық делегациялармен, жұмыс тәжiрибесiмен, ғылыми-методикалық ақпараттармен және арнайы әдебиетпен алмасуға ықпал етедi;
      халықаралық олимпиадалық және параолимпиадалық қозғалыстар саласында өзара iс-қимыл жасайды;
      дене тәрбиесi мен спорт, допингке қарсы саясат салаларында ғылыми зерттеулер, қызметтiң ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз етiлу саласында ынтымақтасады.

7-бап

      Тараптар туризмдi достық қатынастарды тереңдету факторларының бiрi ретiнде қарастыра отырып, ұлттық мәдениет пен дәстүрлермен неғұрлым толық өзара таныстыру мақсатында:
      туризм саласындағы ынтымақтастықты тең құқылы және өзара тиiмдi дамуына, туристiк ресурстарды тиiмдi игеруге жәрдемдеседi;
      мәдени, экологиялық, жастар, балалар және басқаларды қоса алғанда жаңа туристiк бағыттардың ашылуы және дәстүрлерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, туризмнiң алуан түрлерiн кеңейту үшiн шаралар қабылдайды;
      орналастыру құралдары мен туристiк қызметтердi жiктеудiң бiрыңғай халықаралық жүйесiн, бiрыңғай ақпараттық желiлердi енгiзуге ықпал етедi;
      Дүниежүзiлiк туристiк ұйымдардың және өзге де халықаралық форумдар шеңберiнде өзара iс-қимылды жүзеге асырады.

8-бап

      Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң жас ұрпақ өкiлдерi арасында жастар қозғалысын дамыту және өзара түсiнiстiктi тереңдету мақсатында:
      жас ұрпақты халықтар арасында өзара сыйластық пен достық рухында тәрбиелеуге;
      жастар ұйымдары, бiлiм беру мекемелерi және балалар мен жастарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру саласында қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арасында байланыстардың дамуына;
      бiрлескен жастар форумдарын, фестивальдарын, көрмелерiн, конкурстарын, семинарларды өткiзуге;
      зерттеу мекемелерi мен жастар проблемасымен айналысатын орталықтар арасында байланыстың орнауына және дамуына;
      демалыстар кезеңiнде оқушылар мен студенттер топтарымен алмасуға, бiрлескен жазғы лагерьлердi, туристiк сауықтыру және мәдени-ағарту саяхаттарын қоса алғанда балалар мен жастардың демалысын ұйымдастыруға;
      жастарды жұмысқа орналастыру мен кәсiби даярлау бағдарламаларын бiрлесiп әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдеседi.

9-бап

      Тараптар Достастық елдерiнiң шығармашылық зиялыларынан форумдарын өткiзудi көтермелейдi және оларға қажеттi қолдау көрсетедi.

10-бап

      Тараптар гуманитарлық салада жұмысты үйлестiру үшiн Тараптар өкiлдерiнен Гуманитарлық ынтымақтастық жөнiнде кеңес (ГЫК) құрады.
      ГЫК тұжырымды мәселелердi қарастырады, ынтымақтастықтың басымды бағыттары мен нысандарын анықтайды, белгiленген тәртiппен Тараптардың және ТМД органдарының қарауына гуманитарлық саладағы нақты мiндеттердi шешуге бағытталған ұсыныстарды енгiзедi.
      ГЫК қызметi Тараптардың жеке келiсiммен бекiтiлген Ережемен реттеледi.
      ГЫК аппаратының қызметiн ТМД Атқарушы комитетiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi орындайды.

11-бап

      Осы Келiсiмнiң Тараптары егемендiктi және аумақтық тұтастықты, халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын сыйлау кезiнде, сонымен қатар тиiстi орталық министрлiктер мен ведомстволар желiсi бойынша уағдаластықтар негiзiнде онда көзделген бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.
      Тараптар осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын нақты iс-шаралар туралы ақпараттармен тұрақты алмасатын болады.

12-бап

      Осы Келiсiм бойынша бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру тиiстi халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

13-бап

      Осы Келiсiмдi талқылау және қолдану кезiнде даулар туындаған жағдайда олар мүдделi Тараптардың консультациялары немесе келiссөздерi арқылы шешiлетiн болады.

14-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
      Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кеш орындаған Тараптар үшiн Келiсiм тиiстi хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

15-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 14-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

16-бап

      Осы Келiсiм оның ережелерiне ортақтасатын және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне қабылдауға дайын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылушы мемлекеттер үшiн Келiсiм депозитарийге қосылғандығы туралы құжат өткiзген күннен бастап күшiне енедi.

17-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 5 жыл iшiнде қолданылады. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн Келiсiмнiң күшi автоматты түрде әр кез, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, бес жылдық кезеңге ұзартылады.

18-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнен депозитарийге шығуға дейiн 6 айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама жолдап шыға алады.

      Қазан қаласында 2005 жылғы 26 тамызда бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жолдайтын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.

Әзiрбайжан Республикасы үшiн      Молдова Республикасы үшiн

Армения Республикасы үшiн         Ресей Федерациясы үшiн

Беларусь Республикасы үшiн        Тәжiкстан Республикасы үшiн

     Грузия үшiн                       Түркiменстан үшiн

Қазақстан Республикасы үшiн       Өзбекстан Республикасы үшiн

Қырғыз Республикасы үшiн          Украина үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады