Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат):
1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - жалғыз акционерi ұлттық холдинг болып табылатын және осы Заңда белгiленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыратын мемлекет құрған акционерлiк қоғам;".
2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18; 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 4; 24-құжат):
1) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы, 34-баптың 1-1 және 2-тармақтарындағы "мемлекет бiрден-бiр акционерi болып табылатын" деген сөздер "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесiлi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат):
1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"24) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - жалғыз акционерi ұлттық холдинг болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілi бiр салаларында қызметтi жүзеге асыратын мемлекет құрған акционерлiк қоғам;".
4. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат;):
27-баптың 1-тармағының 22-1) тармақшасы алып тасталсын.
5. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 11, 37-құжат; N 23, 105-құжат):
1) 2-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
3) 13-баптың 2-тармағындағы "мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
4) 16-бапта:
1-тармақтағы "республикалық және жергiлiктi" деген сөздер "республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
5) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Даму Банкiнiң акционерi
Қазақстан Республикасының Үкiметi Даму Банкiнiң жалғыз акционерi болып табылады.
Қазақстанның Даму Банкi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын ұлттық басқарушы компания жүзеге асырады.";
6) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi
1. Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi Директорлар кеңесiнiң төрағасын қоса алғанда, ұлттық басқарушы компания сайлайтын жетi мүшеден тұрады.
Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң екi мүшесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша ұлттық компаниясы сайлайды.";
2-5-тармақтар алып тасталсын;
7) 25-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша акционерлердiң жалпы жиналысы" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Темiр жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат):
1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Ұлттық темiр жол компаниясы - жалғыз акционерi ұлттық холдинг болып табылатын және магистралдық темiр жол желiсiн күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсететiн мемлекет құрған акционерлiк қоғам;".
7. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжаттар):
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Ұлттық почта операторы - жалғыз акционерi ұлттық холдинг болып табылатын, баршаға қолжетiмдi почта байланысының қызмет көрсетуiн, арнайы байланыс қызметiн көрсетуiн жасау және қаржы қызметi мен қаржылық қызмет көрсетудi жүзеге асыру жөнiнде мiндеттемелер жүктелген мемлекет құрған акционерлiк қоғам;";
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұлттық почта операторы - ұлттық холдинг бiрден-бiр акционерi болып табылатын акционерлiк қоғам.".
8. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
34-бапта:
1-тармақ "өзге мемлекеттiк органға" деген сөздерден кейiн "не ұлттық басқарушы компанияға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Индустриялық-инновациялық даму саласында қаржылық және өзге де қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) басқару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, жалғыз акционерi мемлекет болатын акционерлiк қоғам ұлттық басқарушы компания болып табылады.".
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, ұлттық басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi.
Мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар акционерлердiң жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын мемлекеттiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және (немесе) мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органмен алдын ала жазбаша түрде келiсудi қамтамасыз етуге мiндеттi мәселелер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ұлттық басқарушы компания мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы сенiмгерлiк басқару туралы шартта мынадай мiндеттi ережелер көзделiп отыр:
1) директорлар кеңесiнiң құрамын айқындау құқығын қоса алғанда, акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқығы ұлттық басқарушы компанияға берiлген заңды тұлғаларға қатысты ұлттық басқарушы компания өкiлеттiктерiнiң тiзбесi;
2) ұлттық басқарушы компания мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органмен шешiмдер жобасын алдын ала жазбаша келiсудi қамтамасыз етуге мiндеттi мәселелердiң тiзбесi;
3) тиiстi заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) басқарғаны үшiн ұлттық басқарушы компания қызметтерiне ақы төлеу тәртiбi мен шарттары.";
4-тармақта:
екiншi бөлiктегi "Ұлттық" деген сөз "Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарлары осы ұлттық компаниялардың Директорлар кеңесi бекiтедi.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Құрылтайшысы және жалғыз акционерi мемлекет болатын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша оған орналастырылатын акцияларды төлеуге берiлген ұлттық компаниялар мен өзге де акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн тиiмдi басқару үшiн құрылған акционерлiк қоғам Ұлттық холдинг болып табылады.";
5-тармақтағы "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған акционерлiк қоғам" деген сөздер "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесiлi, ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құрылған акционерлiк қоғам" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 89-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қордың акцияларын иелену және пайдалану құқығын ұлттық басқарушы компания жүзеге асырады.";
2-тармақ алып тасталсын;
3) 9-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. Газеттерде жарияланған ("Егемен Қазақстан" 2006 ж. 31 наурыз және "Казахстанская правда" 2006 ж. 30 наурыз) "Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы" 2006 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
:
1) 13-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Ұлттық инновациялық қордың акцияларын иелену және пайдалану құқығын ұлттық басқарушы компания жүзеге асырады.";
2-тармақ алып тасталсын.
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi