Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 523 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 396 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 523  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатында:
      "Кiрiспе" деген тарауда:
      екiншi абзацта:
      "жоспарының жобасы" деген сөздер "жоспары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "18 ақпандағы" деген сөздерден кейiн "және "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты 2006 жылғы 1 наурыздағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бағдарламалық құжаттар" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Ұлттық қордың тұжырымдамасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орта мерзiмдi фискалдық саясат республикалық бюджеттi қалыптастырудың негiзi және мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асыру кезiндегi үйлестiрушi құжат болып табылады.";
      "Әлеуметтiк-экономикалық жағдай" деген 1-тарауда:
      "Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негiзгi көрсеткiштерi" деген 1-параграфта:
      1-кесте осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2005 жылы тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдiк бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,3 еседен астам, металл мырыштiкi 1,5 еседен астам ал алтынның 1 унциясынiкi 1,6 еседен астам, мұнайдың бiр баррелiнiкi 2,2 еседен астам ұлғайды.
      Қазақстандық экспорттың маңызды баптарына әлемдiк бағаның жоғары деңгейi экспорттық пайданың өсуiне негiз болды. Экспорттың 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы номиналды ұлғаюы 3,2 еседен астам болды.";
      1-диаграмма осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      алтыншы абзацтағы "22,3", "8,8" және "12,5" деген сандар тиiсiнше "27,0", "9,5" және "16,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      2-кесте осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      он жетiншi және он сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2005 жылы валюта нарығындағы ахуал теңгенiң АҚШ долларына қатынасының номиналды босаңсу үрдiсiмен сипатталды. Тұтастай алғанда ол американ валютасының елеулi түрде нығаюымен сипатталған әлемдiк валюта нарығының конъюнктурасына сәйкес болды. Теңгенiң орта өлшемдi айырбас бағамы тұтастай алғанда 2005 жылы бiр доллар үшiн 132,94 теңгенi құрады. Кезеңнiң соңында биржалық бағам бiр доллар үшiн 133,77 теңгенi құрады. Бiр жылда теңге номиналдық мәнде АҚШ долларына қарағанда 2,9%-ға құнсызданды.
      Ұлттық Банктiң iшкi нарықта шетел валютасын сатуы Ұлттық Банктiң халықаралық резервтерiнiң азаюына ықпал еттi. 2005 жылы Ұлттық Банктiң таза халықаралық резервтерi ағымдағы бағалармен 7065,9 млн. АҚШ долларға дейiн немесе 23,8%-ға азайды".
      4-кесте осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жиырма алтыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасының жобасында" деген сөздер "Ұлттық қордың тұжырымдамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма жетіншi абзацтағы "жоспары жобасының" деген сөздер "жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма сегiзiншi абзацтағы "7" деген сан "7,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      отыз екiншi абзацтағы "және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" деген сөздер ", Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" және "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк бюджеттi атқару" деген 2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      "2005 жылғы мемлекеттiк бюджеттi атқару қорытындылары бойынша Ұлттық қорға жоспардан тыс түсетiн түсiмдер аударымдарын есепке алмағандағы бюджетке түсетiн түсiмдер ЖIӨ-ге 23,7 %-ды, оның iшiнде кiрiстер ЖIӨ-ге 23,5%-ды құрады, оның ЖIӨ-ге 22,2 %-ы - салықтық түсiмдер, ЖIӨ-ге 0,9%-ы - салықтық емес түсiмдер, ЖIӨ-ге 0,4%-ы - капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстер, ЖIӨ-ге 0,2% кредиттер қайтарылды. 2005 жылы мемлекеттiк бюджет шығыстары ЖIӨ-ге 23,1%-ды құрады. Мемлекеттiк бюджет профицитi ЖIӨ көлемiне 0,6%-ды құрады.
      Мемлекеттiк бюджет көрсеткiштерiнiң 2003-2005 жылдардағы серпiнi 5-кестеде келтiрiлген";
      5-кесте осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      "Бюджет жүйесiн жетiлдiру" деген 3-параграфта:
      он бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi N 1641  Жарлығымен  2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн Ұлттық қордың тұжырымдамасы мақұлданды.
      Ұлттық қордың тұжырымдамасы қолданылатын жағдайда жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда, мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар Ұлттық қорға жiберiлетiн болады. Бұл ретте ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар республикалық бюджетке экономиканың мұнай емес бөлiгiнен аударылатын аударымдар есебiнен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттiк бағдарламаларына арналған шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан берiлетiн кепiлдiк берiлген трансферт есебiнен жүзеге асырылады.
      Ұлттық қордан берiлетiн кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмiмен үш жылдық кезеңге бекiтiледi және осы кезең iшiнде өзгерiстерге ұшырамайды.
      2006 жылдан бастап республикалық бюджетке мұнай секторы кәсiпорындарынан белгiлi бiр кiрiстер көлемi түсетiнiн ескере отырып, 2006 жылы Ұлттық қордан берiлетiн кепiлдiк берiлген трансферттiң жарты жылдық көлемдi құрайтын көлемi 2006 жылғы республикалық бюджеттi нақтылау туралы заңда бекiтiлетiн болады, ал 2007-2009 жылдарға арналған кепiлдiк берiлген трансферт көлемi Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес тиiстi заңнамалық кесiммен бекiтiлетiн болады.
      Бюджет заңнамасын жетiлдiру және бюджеттi Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес қалыптастыруға көшу мақсатында Бюджет кодексi мен басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.";
      "Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi" деген 2-тарауда:
      6-кесте осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      "Кiрiстер саясаты" деген 3-тарауда:
      бiрiншi абзацтағы "2004" деген сандар "2005" деген сандармен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Орта және шағын бизнестi дамытуға инвестициялар көлемiн ұлғайту есебiнен ел экономикасының теңгерiмдi дамуын, бәсекеге қабiлеттi экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамытуды одан әрi ынталандыруды, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектiлерiнiң мүлкiн заңдастыру процесiн жандандыруды қамтамасыз ету мақсатында оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану саласы кеңейтiлдi, өткiзу жөнiндегi ең төменгi айналым мөлшерi ұлғайтылды, бұдан асып түскен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндетті, жеке тұлғалардың жеке мүлкiне салық салу деңгейi төмендетiлдi.";
      бесiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "қосылған құн салығы ставкасын кезең-кезеңiмен төмендету және әлеуметтiк салықты 2008 жылдан бастап орта есеппен 30%-ға төмендету арқылы салықтық жүктеме деңгейiн азайту;
      салық салынатын кiрiстен айлық есептiк көрсеткiштiң орнына жалақының ең төменгi мөлшерiн алып тастап, барлық жеке тұлғалар үшiн жеке табыс салығы бойынша 10% деңгейiнде тiркелген ставканы енгiзу;";
      алтыншы абзацтағы "субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану аясын кеңейту" деген сөздер "субъектiлерiне салық салу деңгейiн төмендету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "дивидендтерге салық салуды жетiлдiру;";
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк бюджет кiрiстерi Ұлттық қордың тұжырымдамасын қолданысқа енгiзудi және өткен кезеңдегi кiрiстер түсiмдерiнiң серпiнiн талдауды ескере отырып, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi, салық саясатының ел экономикасын одан әрi дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негiзiнде айқындалды.";
      7-кесте осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      он үшiншi абзацтың алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "2006 жылғы екiншi жарты жылдықтан бастап мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердiң Ұлттық қорға есепке алынатынына және 2008 жылдан бастап әлеуметтiк салық орта есеппен 30%-ға төмендетiлетiнiне байланысты салықтық түсiмдер 2008 жылы ЖIӨ-ге 19,8%-дан ЖIӨ-ге 17,7 %-ға дейiн төмендетiледi.";
      он төртiншi абзац алынып тасталсын;
      он алтыншы абзацтағы "күшiне енетiн" деген сөздер "күшiне енген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он сегiзiншi абзацтағы "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауына (бұдан әрi - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы) сәйкес" деген сөздер "2007 жылдан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын, "жалақысын" деген сөзден кейiн "30%-ға" деген сөздермен толықтырылсын;
      он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар алынып тасталсын;
      жиырма бiрiншi абзацтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      8-кесте осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жиырма бесiншi абзацтағы "26,3", "18,4" және "17,5" деген сандар тиiсiнше "19,3", "21,1" және "12,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      жиырма алтыншы абзац алынып тасталсын;
      жиырма жетіншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес 2007-2008 жылдары Ұлттық қорға түсетiн түсiмдер:";
      жиырма сегiзiншi абзац алынып тасталсын;
      жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) тiкелей салықтар, оларға корпорациялық табыс салығы, үстеме пайда салығы, роялти, бонустар, өнiмдi бөлу бойынша үлес, экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы, жатады. Бұл ретте мұнай секторы кәсiпорындарына шикi мұнай мен газ конденсатын өндiрумен және (немесе) өткiзумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады";
      отызыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ұлттық қордың тұжырымдамасы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiндiктен, 2006 жылдың бiрiншi жарты жылдығында Ұлттық қорға республикалық бюджеттен берiлетiн, шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтың және басқа да мiндетті төлемдердiң жоспарлы түсiмдерi көлемiнiң 10%-ы мөлшерiнде есептелген ресми трансферттердiң жоспарланған сомасының бiр бөлiгi де түседi.
      Ұлттық қорға түсетiн түсiмдер 2006 жылға 482,7 млрд. теңге сомасында, 2007 жылға 655,1 млрд. теңге сомасында және 2008 жылға 703,2 млрд. теңге сомасында болжанып отыр.";
      отыз бiрiншi, отыз екiншi және отыз үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
      "Шығындар саясаты" деген 4-тарауда:
      он үшiншi абзацтағы "24,1", "23,9" және "23,7" деген сандар тиiсiнше "23,3", "24,4" және "22,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-кесте осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      он төртiншi абзацтағы "орта мерзiмдi кезеңге арналған" деген сөздер алынып тасталсын;
      он алтыншы абзацтағы "2007 жылы - 1,3 %-ы және 2008 жылы - 1,3 %-ы" деген сөздер "2007 жылы - 1,4%-ы және 2008 жылы - 1,0%-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма жетiншi абзац "басқарудың бюрократиялануын азайтуға," деген сөздерден кейiн "құжатты орындау кезiндегі көп сатылылықты жоюға," деген сөздермен толықтырылсын;
      отызыншы абзацтағы "1,3", "1,3", "1,3" деген сандар тиiсiнше "1,2", "1,5" және "1,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      отыз алтыншы абзацтағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленуде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383 қаулысымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз жетiншi абзацтағы "2,0", "2,2" және "2,1" деген сандар тиiсiнше "2,1", "2,1" және "1,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      елу бiрiншi абзацтағы "3,5" және "4,1" деген сандар тиiсiнше "3,7" және "3,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      елу бесiншi абзац алынып тасталсын;
      алпыс төртiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жалпы орта бiлiм беру жүйесiне сараланған ұстанымдарды айқындау және кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшiн жағдай жасау;
      ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу;";
      алпыс бесiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жұмыс берушiлер мен бiлiм беру жүйесi арасында әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту;
      кәсiби даярлық сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегi мамандықтары бойынша бiлiктiлiктi беру мен растауды тәуелсiз бағалау жүйесiн енгiзу;";
      алпыс сегiзiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "еңбек нарығының талаптарына сәйкестiк" және "жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесiне байланысты гранттың құнын сараландыру" қағидаттарының негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру;
      бiлiм беруге мемлекеттiк-жеке меншiк кредит беру жүйесiн жетiлдiру;
      жетекшi шетелдiк жоғары оқу орындарымен әрiптестiктi дамыту;
      техникалық бiлiм берудi дамыту бойынша күш-жiгердi шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындары желiсiн оңтайландыру;
      Астана қаласында халықаралық деңгейдегi беделдi университет құру;";
      жетпiс бесiншi абзацтағы "ұлғайтылады" деген сөз "ұлғайтылды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетпiс алтыншы абзацтағы "енгiзiледi" деген сөз "енгiзiлдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      сексен төртiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Экономиканың әр түрлi секторларында басқарушы кадрлар даярлаудың осы заманғы моделiн құру мақсатында:
      жоғары бiлiктi басқарушы кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өрiстету;
      Мемлекеттiк басқару академиясы базасында халықаралық стандарттарға жауап беретiн ұлттық басқару мектебiн құру болжанып отыр.";
      сексен бесiншi абзацтағы "2,7" және "3,0" деген сандар тиiсiнше "2,5" және "2,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      сексен тоғызыншы абзацтағы "11,5" деген сандар "40,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      тоқсан сегiзiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы алға қойған орта мерзiмдi кезеңге арналған мiндеттердi шешу үшiн мына мiндеттердi шешу қажет:
      қаржылық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту, медициналық қызметтерге қол жетiмдiлiктi және оның сапасын арттыру, медициналық көмектi халықаралық стандарттарға жақындастыру;
      медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды және олар көрсететiн қызметтердiң сапасын жақсартуды ынталандыру үшiн денсаулық сақтау саласында сараланған жалақы төлеудi енгiзу;
      жаңа республикалық медициналық орталықтардың құрылысын аяқтау, озық халықаралық менеджменттiң тәжiрибесiн және осы заманғы технологияларды енгiзу;
      туберкулезбен және АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауру, балалардың өлiм-жiтiмi мен өмiр сүру ұзақтығы сияқты көрсеткiштердi жақсарту үшiн халық арасында алдын алу жұмысын күшейту және салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
      2006 жылдан бастап Астана қаласында медициналық кластер құру шеңберiнде жаңа медициналық орталықтарды басқаруға шетелдiк көшбасшы клиникалар мен госпитальдар тартылатын болады.
      2006 жылы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 24 сәуiрдегi N 317  қаулысымен  мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн реформалау тұжырымдамасын iске асыру басталады.
      Сондай-ақ 2006 жыл iшiнде салада медициналық қызметтер көрсетудiң халықаралық стандарттарына кезең-кезеңiмен өтуге бағытталған заңнамалық және әкiмшiлiк реформалар пакетiн iске асыру жөнiндегi жұмысты аяқтау шеңберiнде мынадай: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңнамалық актiлер қаралады және қабылданады.
      2007 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы кодекс әзiрленеді.";
      тоқсан тоғызыншы абзацтағы "5,2", "5,2" және "5,1" деген сандар тиiсiнше "5,1", "5,0" және "4,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      бiр жүз он бесiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға 2,4 есе, соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 1,2 есе, Ұлы Отан соғысы кезеңiнде қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiне 1,6 есе, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 1,5 есе, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне, ерлерiне 2,7 есе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) адамдарға 2,0 есе, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға 4,0 есе ұлғайтылады, бұл 2006 жылы қосымша 0,8 млрд.теңге бөлудi талап еттi.
      Әлеуеттi құрылымдардың зейнеткерлерiне зейнетақы мөлшерiн бiр жолғы саралай арттыру жүргізiлдi. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 2,5 млрд. теңге, 2007 жылы 5,9 млрд. теңге, 2008 жылы 8,5 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу "айдан айға" қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұған қосымша 31,5 млрд. теңге талап етiледi.";
      бiр жүз он алтыншы абзацтағы "1,9", "2,1" және "1,4" деген сандар тиiсiнше "1,2", "1,9" және "1,6" деген сандармен ауыстырылсын;
      бiр жүз жиырма екiншi абзацтағы "2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,7 %-ы, 2007 жылы 0,7 %-ы, 2008 жылы 0,8 %-ы" деген сөздер "2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,9 %-ы, 2007 жылы 0,6 %-ы, 2008 жылы 0,7 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiр жүз жиырма үшiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "дарынды тұлғалардың өнерi мен қызметiн дамыту үшiн жағдай жасау;";
      бiр жүз қырқыншы абзацтағы "жағдайлар жасайды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлiн нығайтады" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiр жүз қырқыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қоғамдағы және мемлекет құрылымындағы демократиялық бастаулар мен iшкi саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы;";
      бiр жүз қырық бiрiншi абзац "дәстүрлерiн сақтау" деген сөздерден кейiн ", шығармашылық қайраткерлерiн, дарынды музыканттар мен орындаушыларды қолдау, мәдениет саласында жеке меншiк секторды дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiр жүз қырық бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын;
      "Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмiрiнде маңызды рөл атқарған тарихи-мәдени мұраның, тарих пен мәдениеттi археологиялық зерттеулердiң неғұрлым маңызды объектiлерi - орта ғасырлық қала орталықтарын қалпына келтiрудi көздейтiн 2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасының жалғасы;
      басқару қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету мақсатында Мұрағат iсiн және құжаттама жүйелерiн дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;";
      бiр жүз қырық екiншi абзацтағы "2006 - 2008" деген сандар "2007 - 2009" деген сандармен ауыстырылсын;
      бiр жүз қырық бесiншi абзацтағы "0,3" және "0,3" деген сандар "0,2" және "0,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      бiр жүз сексен үшiншi абзацтағы "1,1" және "1,4" деген сандар тиiсiнше "1,2" және "1,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      екi жүз оныншы абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
      "Тұтастай алғанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы 2004 жылдан бастап 2005 жыл аралығында 340 мың гектарға ұлғайды және 17 847 мың гектарды немесе Қазақстан Республикасының жалпы аумағының 6,5%-ын құрады";
      екi жүз он екiншi абзацтағы "бағдарламасы iске асырылады" деген сөздер "бағдарламасын iске асыру жалғасады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екi жүз он алтыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жануарлар дүниесiн сақтау және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 наурыздағы N 267  қаулысымен бекiтiлген Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.";
      екi жүз қырқыншы абзацтағы "2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,9%-ы, 2007 жылы 1,7%-ы" деген сөздер "2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,7 %-ы, 2007 жылы 1,9%-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екi жүз алпыс екiншi абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227  қаулысымен  Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.";
      екi жүз жетпiс екiншi абзацтағы "1,2" және "0,9" деген сандар тиiсiнше "1,7" және "1,1" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бюджетаралық қатынастар" деген 7-тарауда:
      жетiншi абзацтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "2007 жылы "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзiрленетiн болады.
      Бұл үшiн жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн есептеудiң Конституциямен кепiлдiк берiлген, мемлекеттiк қызметтерге халықтың тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлуiн теңестiруге, орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлар мөлшерiн тұрақты бекiтуге бағытталған жаңа әдiстемесi әзiрленетiн болады.";
      "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару" деген 8-тарауда:
      төртiншi абзацтағы "1,5" деген сандар "1,4" деген сандармен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацтағы "12,1" деген сандар "11,4" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-кестенiң "Қазақстан" деген бағанындағы "10,6", "13,5" және "8,0" деген сандар тиiсiнше "10,0", "12,1" және "7,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      жиырма бесiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Активтердi елеулi қысқартуға жол бермеу мақсатында бюджет тапшылығын үкiметтiк қарыз алу есебiнен қаржыландыру деңгейi бес жылдық кезең үшiн орташа жылдық мәнде ЖIӨ-нiң 1%-ынан аспайтын мөлшерде шектелетiн болады.";
      жиырма жетiншi абзац "мақсатында" деген сөзден кейiн "бес жылдық кезең үшiн орташа мән шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      отыз бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Үкiметтiк қарыз алу мемлекеттiк бағалы қағаздардың жеткiлiктi көлемiн қор нарығында тиiстi бағдар белгiлеу үшiн айналыста ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, үкiметтiк борыштың Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты 50-70%-дық арақатынасына қол жеткiзуге бағдарланатын болады.
      Бұдан басқа, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышын басқару жүйесi қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттiк борыш бойынша ғана емес, сондай-ақ мемлекеттiң қатысуы басым акционерлiк қоғамдардың борыштық мiндеттемелерiн өзiне қамтитын бүкiл мемлекеттiк сектордың борышы бойынша да жүргiзiледi.
      Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар кешенiн қабылдау үшiн ағымдағы жылы мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама әзiрленетiн болады. Тұжырымдамада борышты басқару стратегиясының, мемлекеттiң қатысуы басым акционерлiк қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, бүкiл мемлекеттiк сектордың борышын ескере отырып, мемлекеттiк борыш мониторингiнiң мәселелерi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың борыштық мiндеттемелерiн реттеу мәселелерi және мемлекеттiк борышты басқарудың ұйымдық негiздерi көрiнiс табады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     1-қосымша

                                                            1-кесте
        Металдар мен мұнайдың орташа әлемдік бағалары      


өлшем
бірлігі

2001
жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004
жыл

2005
жыл

мыс

долл/тонна

1578

1559

1779

2866

3679

қорғасын

долл/тонна

476

453

515

887

976

мырыш

долл/тонна

886

779

828

1048

1381

алтын

долл/унция

271

310

363,5

409,2

444,8

күміс

долл/унция

4,4

4,6

4,9

6,7

7,3

Вrent мұнайы

долл/барр.

24,42

24,97

28,85

38,30

54,43

табиғи газ

млн.брит.
терм.бірл.

4,06

3,05

3,91

4,28

6,33

бидай (Канада)

долл/тонна

151,5

175,8

177,4

186,5

197,6

бидай (АҚШ қатты сортты)

долл/тонна

126,8

148,1

146,1

156,9

152,4

бидай (АҚШ жұмсақ сортты)

долл/тонна

107,7

130

138,6

144,4

135,7

      Дереккөз: Дүниежүзілік банк

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     2-қосымша

                                                         1-диаграмма
      Қазақстандық экспорттың 1998-2008 жылдардағы серпіні
                       (Қағаз мәтінінен қараңыз)

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     3-қосымша

                                                             2-кесте

    Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001-2005
        жылдардағы серпіні және 2008 жылға дейінгі   болжам


2001

2002

2003

2004

2005

болжам

есеп

есеп

есеп

есеп

есеп

2006

2007

2008

ЖІӨ, млрд.
теңге     3250,5 3776,3 4612,0 5870,1 7457,1 8725,0 9988,0 11459,0
алдыңғы
жылға %-бен
ЖІӨ-нің
нақты өзгеруі 113,5 109,8 109,3 109,6 109,5  108,3  108,3  108,9
ЖІӨ
дефляторы,% 110,0 105,8  111,7  116,2  116,0  108,1  105,7 105,3
ЖІӨ-нің
номиналды
өсуі, млрд.
теңге,
алдыңғы
жылға
шаққандағы
өсім             525,8 835,7  1258,2 1587,0 1272,0  1263,0 1471,0
 
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     4-қосымша

                                                             4-кесте

      Қазақстанның сыртқы секторының негізгі көрсеткіштері 1


2001
жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004
жыл

2005
жыл

Ағымдағы операциялар-
дың шот сальдосы
(млн.долл 2 )

-1390

-1024

-273

455

-486

   ЖІӨ-ге %-бен

-6,3

-4,2

-0,9

1,1

-0,9

Тауарлар мен қызметтер
экспорты (кезең үшін
млн. долл.)

10188

11567

14945

22602

30552

   ЖІӨ-ге %-бен

46,2

47,0

48,4

52,4

54,5

Тауарлар мен қызметтер
импорты (кезең үшін
млн. долл.)

10579

11578

13306

18844

25445

   ЖІӨ-ге %-бен

47,8

47,1

43,1

43,7

45,4

Тікелей шетелдік
инвестициялардың нетто
-ағымы (кезең үшін
млн. долл.)

2861

2164

2213

5392

1721

   ЖІӨ-ге %-бен

12,9

8,8

7,2

12,5

3,1

Ұлттық Банктің халық-
аралық резервтері
(кезең соңында млн.
долл.)

2508

3141

4962

9280

7070

тауарлар мен қызметтер
импорты айларда

2,8

3,3

4,5

5,9

3,3

Ағымдағы бағалардағы  
ЖІӨ (кезең үшін млрд.
теңге)

3251

3776

4612

5870

7457

   нақты өсу (%)

13,5

9,8

9,2

9,6

9,5

Мұнай мен газ конден-
сатының экспорты (млн.
тонна)

32,4

39,3

44,3

52,4

52,4

Шикі мұнайдың әлемдік
бағасы (баррел/USD
спот, жылына орта
есеппен)

24,5

24,9

28,9

37,7

53,4

KZT/USD биржалық айыр-
бас бағамы (кезең үшін
орта есеппен)

146,92

153,49

149,45

135,92

133,77

Нақты тиімді айырбас
бағамы индексінің
өзгеруі (өткен жылдың
желтоқсанына %-бен)

-1,5

-7,4

-2,5

6,1

6,2

Көзі: Ұлттық Банк
_______________________
1 2001-2004 жылдардағы ағымдағы операциялар шоты бойынша мәліметтер тауарлар импорты кезінде жалдау және   сақтандыру жөніндегі шығыстарды есептеу әдістемесін нақтылау нәтижесінде мәліметтерді қайта қарау ескеріле   отырып келтірілген.
2  Осында   және бұдан әрі млн. АҚШ доллары

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     5-қосымша

                                                             5-кесте

         Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2003-2005
                        жылдардағы серпіні
                                                     ЖІӨ-ге пайызбен

Атауы

2003 жыл есеп

2004 жыл есеп

2005 жыл есеп

1

2

3

4

Түсімдер                    22,2          22,2          23,7
Кірістер                    21,8          21,9          23,5
Салықтық түсімдер           20,5          20,2          22,2
Салықтық емес түсімдер      1,0           1,4           0,9
Негізгі капиталды           0,3           0,3           0,4
сатудан түсетін
түсімдер
Бюджеттік кредиттерді       0,4           0,3           0,2
өтеу
Мемлекеттің қаржы                                       0,0
активтерін сатудан
түсетін түсімдер
Шығыстар                    23,2          22,6          23,1
Жалпы сипаттағы             1,4           1,4           1,4
мемлекеттік қызметтер
Қорғаныс                    1,0           1,0           1,1
Қоғамдық тәртіп,            2,0           2,0           2,1
қауіпсіздік, құқық,
сот, қылмыстық атқару
қызметі
Білім беру                  3,3           3,3           3,5
Денсаулық сақтау            1,9           2,2           2,5
Әлеуметтік көмек және       5,2           4,6           4,6
әлеуметтік қамсыздандыру
Тұрғын үй-коммуналдық       0,8           1,2           1,7
шаруашылық
Мәдениет, спорт, туризм     0,7           0,7           0,8
және ақпараттық кеңістік
Отын-энергетика кешені      0,2           0,4           0,4
және жер қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман, балық      1,4           1,4           1,2
шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар,
қоршаған ортаны және
жануарлар дүниесін қорғау,
жер қатынастары
Өнеркәсіп, сәулет, қала     0,1           0,0           0,1
құрылысы және құрылыс
қызметі
Көлік және коммуникация     1,8           1,8           1,7
Басқалары                   2,3           1,5           1,4
Борышқа қызмет көрсету      0,8           0,6           0,4
Ресми трансферттер          0,3           0,2           0,2
Бюджет тапшылығы           -1,0          -0,3           0,6
(профициті)
____________________________________________________________________
Анықтамалық:
ЖІӨ, млрд. теңге            4612,0        5870,1        7457,0

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     6-қосымша

                                                             6-кесте

     2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет болжамы
                                                     ЖІӨ-ге пайызбен

Атауы

Болжам

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Кірістер                       21,7          23,3         22,0
Шығындар                       21,7          23,2         21,6
Операциялық сальдо            -0,1           0,1          0,4
Таза бюджеттік кредит беру     0,3           0,1          0,0
Бюджеттік кредиттер            0,5           0,2          0,1
Бюджеттік кредиттерді өтеу     0,1           0,1          0,1
Қаржы активтерімен             1,1           1,0          0,9
жасалатын операциялар
бойынша сальдо
Қаржы активтерін сатып алу     1,1           1,0          0,9
Мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін
түсімдер                       0,03          0,02         0,01
Бюджет тапшылығы (профициті)  -1,4          -1,0         -0,5
Бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитті
пайдалану)                     1,4           1,0          0,5

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     7-қосымша

                                                             7-кесте
          Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008
                    жылдарға арналған болжамы
                                                     ЖІӨ-ге пайызбен

Атауы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Кірістер

21,7

23,3

22,0

Салықтық түсімдер

19,8

18,0

17,7

Салықтық емес түсімдер

0,5

0,5

0,4

Негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер

0,5

0,6

0,6

Трансферттер түсімдері

0,9

4,1

3,2

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     8-қосымша

                                                             8-кесте

         Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
                             мемлекеттік бюджет кірістеріне пайызбен

Кәсіпорындардан түсетін түсімдер

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

- мұнай секторынан

12,8

0,0

0,0

- мұнай емес сектордан

87,2

100,0

100,0

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы»15 мамырдағы
                                                  N 396 қаулысына
                                                     9-қосымша

                                                             9-кесте
         2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет
                      шығыстарының болжамы

Атауы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

ЖІӨ-
ге%-
бен

үлес,
%

ЖІӨ-
ге%-
бен

үлес,
%

ЖІӨ-
ге%-
бен

үлес,
%

1

2

3

4

5

6

7

Шығыстар

23,3

100,0

24,4

100,0

22,5

100,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет-
тер

1,3

5,7

1,4

5,7

1,0

4,6

Қорғаныс

1,2

5,2

1,5

6,0

1,8

7,9

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық,
сот, қылмыстық атқару қызметі

2,1

9,2

2,1

8,8

1,8

7,9

Білім беру

3,7

15,7

3,8

15,4

3,8

16,8

Денсаулық сақтау

2,5

10,6

2,5

10,4

2,8

12,3

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

5,1

21,9

5,0

20,7

4,7

20,7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1,2

5,2

1,9

7,9

1,6

6,9

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

0,9

3,7

0,6

2,4

0,7

3,0

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

0,2

1,0

0,2

1,0

0,2

1,1

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

1,2

5,2

1,2

4,8

1,2

5,4

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0,1

0,5

0,1

0,2

0,1

0,3

Көлік және коммуникация

1,7

7,4

1,9

7,9

1,7

7,4

Басқалары

1,5

6,6

1,7

7,1

1,1

4,7

Борышқа қызмет көрсету

0,4

1,7

0,4

1,6

0,2

1,0

Трансферттер

0,1

0,6

0,0

0,0

0,0

0,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады