Шикізат емес экспортты дамытудың және өңдеуші салаларға ауқымды инвестициялар тартудың тиімді жүйесін құру жөніндегі 2006 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 456 Қаулысы

      Қазақстанның өңдеуші салаларының экспорттық әлеуетін тиімді іске асыру және экономиканың шикізат емес секторына трансұлттық корпорацияларды тарту жолымен әлемдік экономикаға ықпалдасудың артықшылықтары негізінде Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімді орнықты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шикізат емес экспортты дамытудың және өңдеуші салаларға ауқымды инвестициялар тартудың тиімді жүйесін құру жөніндегі 2006 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері және мүдделі ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін және есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жарты жылдың қорытындылары бойынша Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдың қорытындылары бойынша Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 25 мамырдағы
                                         N 456 қаулысымен бекітілген

     Шикізат емес экспортты дамытудың және өңдеуші салаларға
      ауқымды инвестицияларды тартудың тиімді жүйесін құру
    жөніндегі 2006-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындалу
мерзімі

Орындалуына
жауаптылар

1

2

3

4

5

1. Инвестицияларға жәрдемдесу және экспортты ілгерілету жөніндегі мамандандырылған құрылым құру (бұдан әрі - Мамандандырылған құрылым)

1.

Ұлыбритания, Бельгия,
Нидерланды, Франция,
Ирландия, Чехия, АҚШ,
Жапония, Корея,
Сингапур, Малайзия
сауда-инвестициялық
агенттіктерінің (сауда,
инвестициялық, экспорт-
ты ілгерілету жөнінде-
гі, басқа да ұқсас
құрылымдардың) қызметі
туралы ақпаратты мына-
дай құрылым бойынша
жинау:
мақсаттары мен міндеттері;
 меншік нысаны;
 ұйымдастырушылық
құрылымы;
 штат саны;
 шығыстар құрылымы;
 қаржылық қамтамасыз
етілуі;
 агенттіктің шетелдегі
қызметін кеңейту жөнін-
дегі тәжірибесі.

ИСМ-ге,
ЭБЖМ-ге
ақпарат

2006 жылғы
5 шілде

СІМ»"Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

2.

Қазақстан жағдайында
(құқықтық және қаржы-
лық) қолдану үшін не-
ғұрлым қолайлы Маман-
дандырылған құрылымның
моделін айқындау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2006 жылғы
10 шілде

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ

3.

Мамандандырылған құры-
лымның қазақстандық
моделі үшін бағдарлар
ретінде айқындалған
агенттіктердің өкілде-
рімен екі жақты кезде-
сулерге қатысу үшін
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдары-
ның лауазымды тұлғала-
рын шетелге іссапарға
жіберу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
кездесулер
өткізу
бойынша
есеп

2006 жылғы
III тоқсан

ИСМ
(жинақтау),
СІМ, ЭБЖМ,
Әділетмині

4.

Шетелде өкілдіктер
желісі бар Маманданды-
рылған құрылымды құру
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2006 жылғы
қараша

ИСМ
(жинақтау),
СІМ,
ЭБЖМ,»"Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

2. Шикізат емес экспортты дамыту бойынша тиімді жүйе құру

1.

Шет елдердің экспортты
дамытуды және оның
ілгерлеуіне жәрдемдесу-
ді ынталандыру жөнін-
дегі тәжірибесін талдау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2006 жылғы
шілде

ИСМ
(жинақтау),
АШМ, ЭБЖМ,
СІМ, "Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

2.

Шикізат емес бағыттағы
перспективалы қазақс-
тандық тауарлар мен
брендтердің тізбесін,
оларды әлемдік нарық-
тарға одан әрі жылжыту
үшін айқындау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2006 жылғы
желтоқсан

ИСМ

3.

Негізгі міндеттері
кәсіпкерлерге»"жалғыз
терезе" режимінде
растау, рұқсат ету
құжаттарын (сапа серти-
фикаты, тауарлардың
шығу тегі, лицензиялар-
дың алуан түрлері және
т.б.) алу жөніндегі
қызметтерді ұсыну,
сондай-ақ экспортты
ілгерілету мәселелері
бойынша отандық кәсіп-
керлердің консультация-
лар беруі болатын
экспортты ілгерілетуге
жәрдемдесу жөніндегі
қызметтерді ұсыну
орталығын құру
мәселесін пысықтау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2006 жылғы
III тоқсан

ИСМ (жинақтау),
ЭБЖМ, "Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

4.

Тауарлардың өспелі
демпингілік және субси-
дияланатын импортынан
ішкі нарықты қорғау
арқылы отандық тауар
өндірушілерге жәрдемде-
су жөніндегі жұмыстар-
ды жүргізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

Жыл сайын
10 шілде

ИСМ

5.

Сыртқы сауданы жүзеге
асыру кезінде туындай-
тын сыртқы сауда дау-
ларын реттеу арқылы
сыртқы нарықтарға
отандық тауарларды
жылжытуға жәрдемдесу
жөніндегі мәселені
пысықтау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

Жыл сайын
10 шілде

ИСМ

6.

Қазақстанның негізгі
сауда және инвестиция-
лық әріптес елдерінің
саяси, экономикалық,
қаржылық және әлеумет-
тік ахуалына талдау
жүргізу

ИСМ-ге
ақпарат

2006 жылғы
5 шілде

СІМ, ЭБЖМ

7.

Қазақстанның негізгі
сауда және инвестиция-
лық әріптес елдерінің
осы елдердегі шетелдік
компаниялардың
сауда-инвестициялық
қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық
базасына талдау жүргізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2006 жылғы
10 шілде

ИСМ (жинақтау),
СІМ

8.

Сыртқы нарықтарға
отандық тауарларды,
қызметтер мен капитал-
дарды шығарудың мүмкін-
діктері мен тәсілдері
туралы ақпаратты жинау
және отандық компания-
лар мен кәсіпкерлерге
жеткізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2006 жылғы
10 шілде

ИСМ
(жинақтау),
Қаржымині,
ККМ, ҚР
ҰБ,»"Қазына»
орнықты даму
қоры" АҚ

9.

Мынадай номинациялар:
"Жыл экспорттаушысы",
"Үздік сауда маркасы",
"Үздік дизайн" және
т.б. бойынша»"Отандық
дайын өнімнің үздік
экспорттаушысы" жыл
сайынғы конкурсын өткі-
зу жөніндегі мәселені
қарау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныс

2006 жылғы
II тоқсан

ИСМ

3. Экономиканың өңдеуші салаларына трансұлттық және ірі шетелдік компанияларды тарту

1.

Іріктелген басым сала-
ларға (кластерлерге)
оларды одан әрі тарту
үшін шикізат емес
мақсаттағы өнімді
шығаруға маманданған
басым трансұлттық
компанияларды (жетекші
әлемдік брендтерді)
айқындау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2006 жылғы
10 шілде

ИСМ
(жинақтау),
СІМ,
ЭБЖМ,»"Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

2.

Инвестордың ақпараттық
пакетін (елдік экономи-
калық және инвестиция-
лық анықтама, инвести-
циялық жобалар), оның
ішінде кластерлік
бастамаларды таныстыру
бойынша қалыптастыру

СІМ-ге
ақпарат

2006 жылғы
II тоқсан

ИСМ, ЭБЖМ,
АШМ, ККМ,
ЭМРМ, ТСМ,
"Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

3.

Қазақстанның инвести-
циялық мүмкіндіктерін
таныстыру бойынша ақпа-
раттық жұмыс жоспарын
әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Премьер-
Министрі
өкімінің
жобасы

2007 жылғы
мамыр

ИСМ

4.

Қазақстан Республикасы-
ның Үкіметі жанындағы
Индустриялық-инновация-
лық саясатты іске асыру
жөніндегі үйлестіру
кеңесінің отырысына ел
экономикасының шикізат
емес секторына тікелей
шетелдік инвестициялар-
ды тарту жөніндегі
жұмыстың тиімділігін
арттыру жөніндегі
мәселені шығару

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2006 жылғы
10 шілде

ИСМ
(жинақтау),
СІМ, ЭБЖМ

5.

Шетелдік инвесторлардың
бастамаларын іске асыру
үшін қазақстандық
әріптесті іздестіру
жүйесін құру жөніндегі
мәселені пысықтау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныс

2006 жылғы
IIІ тоқсан

ИСМ
(жинақтау),
"Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

6.

Қаржыландыруды талап
ететін басым инвести-
циялық ұсыныстардың
(жобалардың) тізбесін
қалыптастыру

ИСМ
белгілеген
нысан
бойынша
ИСМ-ге
ақпарат

Тоқсан
сайын

Облыстардың,
Астана,
Алматы
қалаларының
әкімдіктері,
"Қазына"
орнықты даму
қоры" АҚ

      Ескертпе:
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      ЭБМЖ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҚР ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
      "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ -»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады