"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 466 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 ж. 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104 құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31 -құжат):
      1) 88-бапта:
      үшiншi бөлiктiң сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік  субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      төртінші бөліктің екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 88-1-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 205-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "алтыға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жиырмадан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "сегiз" деген сөзбен ауыстырыл сын;
      "жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қырықтан жүзге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "он бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "елуден жүзге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "алпыстан жүз жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде" деген сөздер "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жүзден екі жүзге дейінгі" деген сөздер "бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 205-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "205-1-бап. Арнаулы салық салу режимін қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
      1. Арнаулы салық салу режимін қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру,-
      жеке тұлғаларға - сегiз, дара кәсіпкерге - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер,-
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бес мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге - отыз мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Дара кәсiпкердiң кезектi патент алуға өтiнiштi беру мерзiмiн бұзуы -
      отыз күнтiзбелiк күнге дейiн, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      отыз күнтiзбелiк күннен астам жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан жасалған iс-қимыл -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiнде кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiштiң қолданысы кезеңiнде дара кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан жасалған iс-қимыл -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      5) 206-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "қырық бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "алпыстан сексенге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "отыздан елуге дейiнгі мөлшерiнде" деген сөздер "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сексеннен жүзге дейiнгi" деген сөздер "тоқсан айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "екi жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "екi жүзден бес жүзге дейiнгi" деген сөздер "үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептік көрсеткiштiң қырықтан алпысқа дейiнгі мөлшерiнде" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "екі жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бec жүзден бiр мыңға дейiнгi" деген сөздер "жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 208-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 209-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "елу" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 213-баптың тақырыбы және бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "213-бап. Акцизделетiн тауарларды және мұнай өнiмдерiн әкелу, тасымалдау, өндiру, декларациялау, сақтау мен өткiзу ережелерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерiне iлiспе жүк құжаттарын ресiмдеу ережелерiн бұзу
      1. Акцизделетiн тауарларды және мұнай өнiмдерiн әкелудiң, тасымалдаудың, өндiрудiң, декларациялаудың, сақтау мен өткiзудiң заңнамада белгiленген ережелерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерiне iлiспе жүк құжаттарын ресiмдеудiң ережелерiн бұзу, - ";
      9) 215-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi" деген сөздер "он бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi"деген сөздер "сегiз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 216-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi" деген сөздер "алпыс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 218-баптың бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 219-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оннан жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "он бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi" деген сөздер "қырық бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi" деген сөздер "алпыс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 358-бапта:
      бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктердiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi" деген сөздер "алпыс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 358-1-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қырықтан елуге дейiнгi" деген сөздер "қырық бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қырықтан елуге дейiнгi" деген сөздер "қырық бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 360-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктердiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 570-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "Салық органдары" деген сөздер "Салық қызметi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "205-1, 206, 207, 208-1, 209-212" деген цифрлар "205-212" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2001 ж. 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N  15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):
      1) 10-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша "; вексель бойынша төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-2) негізгі құралдар - өндірісте пайдалану немесе тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізу үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін салық төлеуші ұстап қалатын, қызметі бір жылдан артық материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасына және Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлік;";
      мынадай мазмұндағы 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "27-2) қызметтiк іссапар - жолда болатын уақытты есептемегенде қызметкердi 45 күннен аспайтын мерзімге еңбек міндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн жiберу;";
      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық төлеушi салық заңнамасымен реттелетiн қатынастарға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.";
      3) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Салық агентi салық заңнамасымен реттелетiн қатынастарға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.";
      4) 16-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ резидент салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан еншiлес компанияларының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, мұндай резидент салық төлеушiден шоғырландырылған қаржылық есептiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) мыналарға:
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерiлетiн салық төлеушiге - заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге;
      уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әрекетсiз заңды тұлғаға;
      заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде тiркелген тұлғаға және оның зайыбына (ерiне) қатысты коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;";
      12) тармақшадағы "4) тармақшасында" деген сөздер "1), 2) және 4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен жүктелген мiндеттердi iске асыруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.";
      5) 21-баптың 4-тармағы "(облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 29-баптың 4-тармағы "күннен бастап" деген сөздерден кейiн "немесе салық төлеушi төлемдi банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 31-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының оған қағаз жеткiзгiште немесе оның жазбаша келiсiмiмен электрондық тәлсiлмен жiберген хабары хабарлама деп танылады.";
      2-тармақтың 9) тармақшасындағы "кешiктiрiлмей" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және орналасқан (тұратын) жерi өзгерген күннен бастап мұндай өзгерiстер туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей";
      4-тармақтағы "Хабарлама" деген сөз "Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетiлген, жiберу фактiсi сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-тармақта:
      "хабарлама тапсырылған" деген сөздер "(өзi) хабарлама (хабарламаны) тапсырылған (алған)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 32-баптың 2-тармағында:
      "хабарлама тапсырылған" деген сөздерден кейiн "(салық төлеушi хабарламаны алған)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Тарату есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      Салық (тарату есептiлiгiн қоспағанда) есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын жағдайда мұндай төлем таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатуда салынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте тартылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі де өтеледі.";
      10) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
      "1-3. Салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағы және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе)" қайта қарау бөлігінде жеке тұлғаның міндеттемелерді орындауы бойынша осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімнен бес жылға дейін ұзартылады.";
      11) 9-бапта:
      2 тармақтың 2) тармақшасында:
      екінші абзац "өсімпұлдар" деген сөз "өсімпұлдарды, бересілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац алып тасталсын;
      2-1-тармақта:
      "осы бапта белгiленген тәртiппен" деген сөздер "мынадай тәртiппен:
      салықтың басқа түрлерi бойынша өсiмпұлдарды, бересiлер мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 45-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Салық төлеушiнiң нақты мекен-жайы (тұратын жерi) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жiберiлген хабарламаны қайтарған жағдайда мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) тармақшасында көрсетiлген тәсiлi салық қызметi органдары жасаған нақты мекен-жайы (тұратын жерi) бойынша болмауы туралы актiнiң және тиiстi құқық қорғау органдарының салық төлеушiнiң орналасқан (тұратын) жерiн белгiлеудiң мүмкiн еместiгi туралы жауабының негiзiнде 5 жұмыс күнi iшiнде қолданылады.
      Салық төлеушiнiң нақты мекен-жайы (тұратын жерi) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушiнiң нақты мекен-жайы (тұратын жерi) бойынша болмауына байланысты жiберiлген хабарламаны қайтарған күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.";
      "осы Кодекстiң 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушiнiң орналасқан (тұратын) жерiн белгiлеу мүмкiн болмаған";
      14) 51-баптың 1-тармағы "өндiрiп алу" деген сөздерден кейiн "банк шоты болмаған немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 52-баптың 1-2-тармағының екiншi абзацындағы "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16) 58-баптың 2) тармақшасындағы ", бөлiну және қайта құрылу" деген сөздер "және бөлiну" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 61-бапта:
      1-тармақ "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-1-тармақ "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi" деген сөздер "Көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6, 6-1 және 7-тармақтар алып тасталсын;
      18) 69-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қағаз жеткiзгiштегi салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкiлеттi өкiлi қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң не оның уәкiлеттi өкiлiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиiс.";
      7-тармақта:
      екiншi бөлiк "бөлек салық" деген сөздерден кейiн "(тарату)" деген сөзбен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк" деген сөздер "Таратудың салық есептiлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс ету күнi басталмайтын салық есептiлiгi (тарату есептiлiгiн қоспағанда) осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмге дейiн табыс етiледi.";
      19) 70-баптың 1-тармағында:
      "жазбаша" деген сөзден кейiн "(электронды)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "орган салық декларациясын" деген сөзден кейiн "және (немесе) салық төлеушiлер табыс ететiн, электронды мониторингiге жататын құжаттаманы" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 71-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына, есеп қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзiмi iшiнде жол берiледi.
      Аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодекстiң 126-бабында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.";
      2 және 4-тармақтар "Салық төлеушiнiң", "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн ", салық агентiнiң", ", салық агентi" деген сөздермен толықтырылсын;
      21) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде салық салу
                 объектiлерiн түзету

      Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу мәселелерiн реттейтiн заңнамасына сәйкес салық төлеушi мәмiле бағасының рыноктық бағадан ауытқу фактiсiн дербес анықтаған кезде салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық мiндеттемелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетуге құқылы.";
      22) 74-баптың 1-тармағында:
      "Iшкi лизинг кезiнде лизинг алушының, сондай-ақ халықаралық лизинг кезiнде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг" деген сөздер "Лизинг" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы негiзгi құралдардың иесi ретiнде, ал лизингтiк төлемдер лизинг алушыға берiлген кредит бойынша төлем ретiнде қаралады.";
      23) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетiн табыстар;";
      24) 82-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Активтiң өткiзу кезiндегi баланстық құнының ұлғаюына жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, активтер өткiзiлген айдың бiрiншi күнiнде бухгалтерлiк баланста көрсетiлген құны олардың баланстық құны болып табылады.";
      25) 86-бап "табыстары" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ борышты талап ету құқығын беретiн салық төлеушiнiң талап ету құқығын өткiзу құны мен талап ету құқығын берушi тұлғаның бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген талап ету сомасының арасындағы талап ету құнын өткiзу күнiндегi оң айырма түрiнде айқындалатын табыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
      26) 89-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "мемлекеттiк" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк бюджет қаражатының есебiнен алынған субсидияларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      27) мынадай мазмұндағы 90-1-баппен толықтырылсын:

      "90-1-бап. Табыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану
                 кезiнде алынған шығыстардан асып түсуi

      1. Табыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынуға тиiс (алынған) шығыстардан асып түсуi салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына қосылады.
      2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн, салық төлеушi мынадай қызмет түрлерiн:
      1) медициналық қызметтi;
      2) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; жалпы бастауыш, негiзгi, орта, қосымша бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласындағы қызметтi;
      3) ғылым, дене тәрбиесi және спорт, мәдениет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтi;
      4) кiтапханалық қызмет көрсетудi;
      5) қызметкерлердi қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi;
      6) қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң демалысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектiлерi әлеуметтiк сала объектiлерiне жатады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп деректерiнiң негiзiнде айқындалады.";
      28) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) вексель бойынша төлемдер;";
      29) 96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
      Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы талап етудiң пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетiлген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлiк есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргiзiледi.";
      30) 100-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын;
      "5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға жұмсалатын шығыстар:
      1) оқытуға ақы төлеуге нақты жүргiзiлген шығыстарды;
      2) бiлiм алатын тұлғаның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма шегiнде жұмсалатын шығыстарды;
      3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейiн керi қарай жол жүруге нақты жүргiзiлген шығыстарды қамтиды.";
      31) 101-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте:
      "абаттандыру кезеңiнде" деген сөздер "абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке топ құрылғаннан кейiн және коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.";
      32) 104-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) қылмыстық қызметтiң сот белгiлеген басталу кезiнен бастап сот жалған кәсiпорын деп таныған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша шығыстар;
      1-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық төлеушiлер тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған кезден бастап мұндай әрекетсiз заңды тұлғамен жасалған операциялар бойынша шығыстар;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттiк бюджетке мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қоспағанда, мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;";
      33) 107-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Қазақстан Республикасының шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондары;";
      34) 115-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi 9) тармақшадағы "өтемақы төлемдерi" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      10) меншiктi акциялар құнының олардың номиналдық құнынан орналастыру кезiнде эмитент алған асып түсуi және эмитент өз акцияларын өткiзген кездегi құн өсiмi";
      35) 122-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) шығыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегiнде әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;";
      36) 126-бапта:
      7-тармақтағы "құрылған" деген сөз "мемлекеттiк тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн және жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс табысы жоқ заңды тұлғаларға сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 1 және 2-тармақтарында белгiленген шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлғаларға қолданылмайды.";
      37) 127-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеудi тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.";
      38) мынадай мазмұндағы 19-1-тараумен толықтырылсын:
      "19-1-тарау. Халықаралық шарттар жөнiндегi арнайы ережелер

      130-1-бап. Резиденттердiң халықаралық шарттарды
                 шетелдiк мемлекеттерде пайдалану тәртiбi

      1. Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрi - халықаралық шарт) жасасқан шетелдiк мемлекеттегi көзден табыс алған жағдайда, тиiстi халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шетелдiк мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босату алу немесе iшiнара салық салу мақсатында көрсетiлген мемлекетте халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы.
      2. Халықаралық шарт ережелерi резиденттерге осы Кодекстiң 193-бабында белгiленген шарттар орындалған жағдайда қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттiгiн растау қажет болған жағдайда резидент уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша, тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға салықтық резиденттiктi растауды алуға өтiнiш бередi.";
      39) 133-бапта:
      1-тармақтағы "бес" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төлем көзiнен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк орналасқан жер бойынша жүргiзедi.";
      40) 134-баптағы "15-iнен" деген сөздер "20-сынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) 139-бапта:
      2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.";
      6-тармақтағы "келiсiм-шарт жасалған күнтiзбелiк жыл" деген сөздер "инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн он екi күнтiзбелiк ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      42) 140-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер, мұндай объектiлер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткiзу жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тараудың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерге кеңселiк, өнеркәсiптiк ғимараттар мен қоймалар жатады.
      Осы тармақта көзделген жеңiлдiктер арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында қосылған құн салығын дербес төлеушi ретiнде тiркелген заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне, жеке кәсiпкерлерге, сондай-ақ қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
      Егер салық төлеушi осы тармақта көрсетiлген айналымдармен қатар өткiзу жөнiндегi басқа да айналымдарды жүзеге асырса, онда ол осы тармақта көрсетiлген айналымдар бойынша және басқа айналымдар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.";
      43) 144-бапта:
      26) тармақшада:
      "шығыстары; қызметкерлердi" деген сөздер "шығыстары, қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (орналасқан) жерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) тармақшада:
      "мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн" деген сөздер "мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтiн зейнетақы жинақтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
      "40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есептемегенi) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшiн есептелген өсiмпұл сомалары.";
      44) 153-1-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық агентi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы бапта және осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiптерiнiң бiреуiн ғана қолдануға құқылы.
      Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      45) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс

      Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа мыналарды:
      1) өздерiнiң қызметiне байланысты жеке кәсiпкердiң, жеке нотариус пен адвокаттың кiрiс бойынша төлемдерiн, сондай-ақ бiржолғы талон негiзiнде арнайы салық режимiн пайдалана отырып, қызметiн жүзеге асыруға байланысты кiрiстер бойынша жеке тұлғалардың төлемдерiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуге жататын жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлiк, механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi сатып алғаны үшiн олардың төлемдерiн қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.";
      46) 163-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке кәсiпкердiң осы Кодекстiң 169-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын табысы;";
      47) 169-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "169-бап. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы

      Жеке кәсiпкердiң табысы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледi.
      2. Арнайы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлердiң табысы осы Кодекстiң 15-бабына сәйкес анықталады.";
      48) 171-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы және 2-тармағындағы "1-тармағының" деген сөздер алып тасталсын;
      49) 172-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сайлау туралы және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      50) 177-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасында қызметтер көрсету кезiнде резидент емес осындай мақсаттар үшiн қызметшiлер немесе басқа персонал арқылы қызметтер көрсететiн орын, бiрақ осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында 60 күнтiзбелiк күннен астам кезең бойы жалғасатын болса тұрақты қызмет орны болып танылады.";
      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтағы "немесе" деген сөз "он екi ай кезең шегiндегi уақытша және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      51) 178-бапта:
      2) тармақшадағы "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызмет, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден" деген сөздер "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызметтерден, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) борышты талап етудi алу орнына қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезiнде борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;";
      14) тармақшадағы "немесе өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      52) 179-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      53) 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "181-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын аудару
                тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын салық агентi мемлекеттiк бюджетке:
      1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейiнгi жиырма жұмыс күнi iшiнде;
      2) есептелген, бiрақ шегерiмге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде аударуға тиiс.
      Өтеу мерзiмдерi осы тармақшада белгiленген мерзiм аяқталған соң туындайтын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелерi қолданылмайды.
      2. Резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агентi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеменiң, филиалдың, өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.";
      54) 182-бап "туындаған" деген сөзден кейiн "немесе резидент еместiң табыстары шегерiмге жатқызылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      55) 183-бапта:
      1-тармақта:
      "резиденттер шығарған" деген сөздер "осы Кодекстiң 178-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "эмитент" деген сөз "мүлiгi заңды тұлағаның-резиденттiң сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 пайызынан астамын құрайтын эмитент-резидент немесе заңды тұлға-резидент" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "эмитент тiркелген жер бойынша" деген сөздер "осы баптың 2-тармағында көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
      56) 184-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырудан алынатын табыстарына Қазақстан Республикасында мыналарды:
      1) осы Кодекстiң 178-бабының 1)-22), сондай-ақ 24) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасына енгiзiлмеген, осы Кодекстiң 80-бабының 2-тармағында көзделген, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырудан туындайтын өзге табыстарды;
      3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын баламалы немесе ұқсас қызметтi жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, қызметiн жүзеге асыруды бастаған сәттен бастап тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады";
      3-тармақ алып тасталсын;
      57) 187-бапта:
      2-тармақ "178-бабы 14)-18) тармақшаларында белгiленген табыстарына" деген сөздерден кейiн "осы Кодекстiң 144-бабының ережелерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Төлем көзiнен салықты, табыс төлемiн жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
      Резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агентi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеменiң, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргiзедi.";
      58) 187-1-бапта:
      "салық шегерiмдерiн есепке алмай," деген сөздер осы кодекстiң 144-бабының ережелерiн ескере отырып, бiрақ салық шегерімдерiн жүзеге асырмай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық агентi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы бапта және осы Кодекстің 187-бабында белгiленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің бiреуiн ғана қолдануға құқылы.
      Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi күнтiзбелiк жылдың iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс.";
      9-тармақ алып тасталсын;
      59) 189-баптың 2-тармағы "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "144," деген сандармен толықтырылсын;
      60) 190-бапта:
      1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
       "осы Кодекстiң 178-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген бағалы қағаздарды сату кезiнде құнының өсуiнен түсетiн табыстар.";
      2-тармағы "табыстарына" деген сөзден кейiн "Кодекстің 144-бaбының ережелерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "эмитент" деген сөз "мүлiгі заңды тұлағаның-резиденттің сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 пайызынан астамын құрайтын эмитент-резидент немесе заңды тұлға-peзидент сөздермен ауыстырылсын;
      61) 191-бапта:
      2-тармақ "есептеу" деген сөзден кейiн "Кодекстiң 144-бабының ережелерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi "немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың" деген сөздер алып тасталсын;
      62) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және оларды
                қолдану тәртiбi
      Осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және олардың ережелерiн қолдану уәкілетті мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Халықаралық шарттардың ережелерiн қолдану халықаралық шарттардың ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде жүзеге асырылады.";
      63) 198-бапта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық органы аталған өтiнiштi және қажеттi құжаттарды осы Кодекстiң 203-бабында белгiленген құжаттарды қоса бере отырып, резидент емес оны салық органына берген күнiнен бастап 30 жұмыс күнi iшiнде қарайды, өтiнiш бойынша шешiм қабылдап, резидент емеске және банкке хабарлайды.
      Резидент емес талап етiлетiн құжаттарды тапсырмаған шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына қажеттi ақпаратты беру туралы сұрау жiберiлген жағдайда өтiнiштi резидент еместiң қарау мерзiмi тоқтатылады.";
      10-тармақта:
      "он жұмыс күнi iшiнде"деген сөздер "тоқсан күнтiзбелiк күн iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "белгiленген мерзiм" деген сөздер "осы баптың 8-тармағында көрсетiлген мерзiм" деген сөздермен-ауыстырылсын;
      11-тармақта:
      "белгiленген мерзiм iшiнде" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "алмаған жағдайда" деген сөздерден кейiн "резидент емес осындай шешiмдi алған күнiнен бастап тоқсан күнтiзбелiк күн iшiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануда" деген сөздермен толықтырылсын;
      "халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап он жұмыс күнi" деген сөздер "белгiленген мерзiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "соманы" деген сөз "салық сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      64) 198-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      Резидент еместiң Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтердi көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттiк бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтiнiштi резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтердi көрсетудi) аяқтағаннан кейiн салық органына ұсынады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық органы осы Кодекстiң 203-бабында белгiленген құжаттарды қоса бере отырып, резидент емес оны салық органына берген күнiнен бастап 30 жұмыс күнi iшiнде өтiнiш қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
      Резидент емес талап етiлетiн құжаттарды тапсырмаған шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына қажеттi ақпаратты беру туралы сұрау салу жiберiлген жағдайда өтiнiштi резидент еместiң қарау мерзiмi тоқтатылады.";
      4-тармақта:
      "он жұмыс күнi" деген сөздер "тоқсан күнтiзбелiк күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "белгiленген мерзiм" деген сөздер "осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
      65) 199-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi "резиденттiгiн" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда" деген сөздер "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде екiншi бөлiк өзгерiссiз қалады;
      66) 200-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiк "резиденттiктi" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) резидент еместiң негiзгi құралдарды жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер мұндай қызметтер (жұмыстар) негiзгi құралдарды беруге арналған сыртқы сауда келiсiм-шарты шеңберiнде және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеменi құруға әкелмейтiн мерзiм шегiнде орындалатын болса, мақсатына сай пайдалану үшiн (iске қосу-ретке келтiру, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) жұмыс iстейтiн жағдайда келтiруге тiкелей байланысты қызметтердi (жұмыстарды) көрсетуден алынатын табыстарына;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) осы Кодекстiң 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1-5-1) тармақшаларында көзделмеген, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстiң 178-бабында көзделген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.";
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 2-тармақ өзгерiссiз қалады;
      67) 201-бапта:
      1-тармақ "резиденттiктi" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн," деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 2-тармақ өзгерiссiз қалады;
      68) 201-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төлем көзiнен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алушы болса және осындай халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ, осы шартты қолдануға құқылы.
      Бұл ретте резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда немесе осы Кодекстiң 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесiнде халықаралық шартқа сәйкес алынған (есептелген) табыстардың сомасын және төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.
      Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанын ұсыну сәтiнде резиденттiгiн растайтын құжат болмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстарына осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      Бұл ретте тиiстi халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттiк бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместiң төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.";
      69) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн және резиденттiктi
                растайтын құжатты қолдануға өтiнiш беру кезiнде
                қойылатын жалпы талаптар

      1. Осы Кодекстiң 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) өтiнiшпен бiрге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн;
      резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тiзiлiмi үзiндi жазбасының) көшiрмелерiн;
      орындалған жұмыстар актiсiн және (немесе) резидент еместiң әр түрлi жұмыстарды орындау фактiсi мен мерзiмiн растайтын өзге құжатты; объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн құрылыс жұмыстарын орындау фактiсi мен мерзiмiн растайтын өзге құжатты, қызметтердi көрсету фактiсi мен мерзiмiн растайтын төлем құжатын; мүлiктi (жабдықты) жалға беру фактiсi мен мерзiмiн растайтын Қазақстан Республикасында мүлiктi (жабдықты) қабылдап алу және беру актiсiн;
      осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерiн, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн көрсете отырып, жұмыстарды орындауға (қызметтердi көрсетуге) жасалған келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) бойынша резидент емес өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерiн орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасында резидент емес өтiнiш берушiнiң (заңды немесе жеке тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердiң тiзiмiн табыс еткен;
      2) салық агентi есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды:
      резидент еместiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастау туралы және резидент еместiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды аяқтау туралы өтiнiштердiң көшiрмелерiн, салық органының оларды қабылдағаны туралы белгiлерiмен бiрге табыс еткен;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгi мемлекетiнiң құзыреттi немесе уәкiлеттi органы резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгiн растаған кезде (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты немесе оның нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн қоса отырып). Бұл орайда осы баптың және осы Кодекстiң 193-201-2-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда аталған баптарда белгiлеген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжат немесе оның нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптарының бiрi тәртiппен қойылған қол мен резидент еместiң резиденттiгiн растаған органның немесе резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн ұсынған жағдайда шетелдiк нотариустың мөрiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
      2. Осы Кодекстiң 199-201-1-бабында қолдану мақсатында шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжатты салық агентi (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3) - 4) тармақшаларында белгiленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.
      Салық төлеушiнiң резиденттiгiн растайтын, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн резидент емес салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 199-201-1-бабында көзделген салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанымен бiр уақытта салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанын ұсыну орны бойынша салық органына ұсынады.";
      70) 208-баптың 2-тармағы "Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткiзу бойынша" деген сөздерден кейiн "және (немесе) Қазақстан Республикасы өткiзу орны болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      71) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Сот қосылған құн салығын төлеушіні жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда салық органының шешiмi бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк сот анықтаған қылмыстық қызмет басталған сәттен бастап күшiн жоюға тиiс.";
      72) 210-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi 2-1-тармақ болып саналсын;
      мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осындай өзгерiстер туындаған күннен бастап орналасқан жерiн өзгерткенi туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы Қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiбере отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi. Осындай қосылған құн салығын төлеушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығаратын күнi уәкiлеттi мемлекеттiк органның WEB-сайтында орналастырылады.
      2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығын төлеушiлер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешiм шығарған күннен кейiнгi күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.";
      4-тармақта:
      "берген" деген сөз "берiлген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өзiн" деген сөз алып тасталсын;
      73) 211-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) кәсiпкерлiк қызмет мақсаттары үшiн сатып алынған тауарды кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын мақсатта қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы жұмыскерлерiнiң, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың пайдалануын;";
      74) 217-баптың 7-тармағындағы "Осы Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде" деген сөздер "Оларды сатып алатын күнi қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      75) 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уақытша декларация беру рәсiмiн қолдана отырып, экспорт режимiнде тауарларды әкеткен жағдайда кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүк кеден декларациясы экспортты растау болып табылады.";
      76) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:
      "223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу
      "Жеке өндiрiсiнiң тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң сату жөнiндегi айналым қаржы ұйымдарына нөлдiк ставка бойынша салық салынады.";
      77) 225-бапта:
      7) тармақшадағы "мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "немесе мемлекеттiк кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылып, ", сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына өтеусiз негізде негiзгi құралдарды берудi;" деген сөздер алып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 12-3) тармақша өзгерiссiз қалады;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары;";
      17) тармақша "өндiрiлген және" деген сөздерден кейiн "осы аумақтан" деген сөздермен толықтырылсын;
      78) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай олармен жасалатын операциялар;";
      79) 234-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталарының (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;";
      80) 235-баптың 2-тармағында:
      6) тармақшадағы "8" деген сан "9" деген санмен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданып және бақылау чегiн бере отырып сатып алған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегiнде көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.";
      81) 237-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) осы Кодекстiң 209-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк күшiн жойған кезде.";
      82) 238-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Туындаған сәттен бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мiндеттемелер күмәндi болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы, ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиiс.";
      83) 240-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Оларды сатып алатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды сату кезiнде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн сату жөнiндегi айналымға тауарды сату құны мен теңгерiмдiк құны арасындағы оң айырма қосылады.";
      84) 242-баптың 8-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданып және бақылау чегiн бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатқан жағдайда;";
      85) 246-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң қалауы бойынша күнтiзбелiк ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.";
      2-тармақтағы "тоқсан" деген сөз "күнтiзбелiк ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      86)  250-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелерi қосылған құн салығын төлеушi өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкелетiн тауарларға қатысты қолданылады.";
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "мiндеттеменi және" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Мiндеттемелер", "екi" деген сөздер тиiсiнше "Мiндеттеме", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      87) 251-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi операциялар бойынша тауарлардың экспорты жағдайында сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi шарттың (келiсiм-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушiге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.";
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде кеден органының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша және тәртiппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтерi есепке алынады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтер үшiн кеден органы жауап бередi.";
      88) 252-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы "дұрыстығын растау" деген сөздерден кейiн "не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда салықтық тексеру актiсiне салық органының қорытындысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақшада:
      бiрiншi абзацтағы "аталған салық пен" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "eгep заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын қайтару оның құрылымдық бөлiмшелерiнде бар осы және басқа салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне қосылған құн салығын есепке алу жолымен жүргiзiледi;
      Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын қайтару сондай-ақ заңды тұлғада осы және басқа салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне қосылған құн салығын есепке алу жолымен жүргiзiледi.";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) қосылған құн салығын төлеушiнiң осы және басқа салық түрлерi бойынша салық берешегi болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы және басқа салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке алу жолымен жүргiзiледi.";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) қосылған құн салығын төлеушiде салық берешек болмаған жағдайда салық төлеушi басқа салық түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке алу жолымен қосылған құн салығын қайтаруды талап етуге құқылы.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына қосылған құн салығын қайтару оның салық берешегi болмаған кезде жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшелерiнде осы және басқа салық түрлерi бойынша салық берешегi болмаған жағдайда жүргiзiледi.";
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Егер салықтық тексеру жүргiзiлетiн мерзiм iшiнде қарсы салық тексерулерiн жүргiзу кезінде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейiн жойылса, сыртқы қайтару салықтық тексеру жүргізбей-ақ уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша және тәртіппен салықтық тексеру жүргiзген салық органның қорытындысы негізінде жүргізіледі.";
      үшiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзацтағы "қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсiн тексеру" деген сөздер "қарсы тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) камерамен бақылау жүргiзу кезiнде бұзушылықтар анықталған берушiлер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндiрiсi мен айналымы процесiне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi берушi салық төлеушiлердi қоса алғанда) мiндеттi тексеруге жататыны.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтiнiш берiлген айналымдар жасалған салық кезеңiнен кейiн 12 ай өткеннен кейiн салықты қайтару туралы өтiнiш берген қосылған құн салығын төлеушiлерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi.";
      89) 259-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының сегiзiншi абзацы "мұқтаждарына" деген сөзден кейiн "және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      90) 260-баптың 4-тармағы "қажеттерiне" деген сөзден кейiн "және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      91) 271-баптың 8-тармағы "Шарап материалын" деген сөздерден кейiн "және сыраны" деген сөздермен толықтырылсын;
      92) 275-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      93) 278-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шикi мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшiн мыналар түсiнiледi:
      а) шикi мұнайды, газ конденсатын темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифтiне ақы төлеу;
      б) шикi мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөнiндегi шығыстар;
      в) шикi мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар.";
      94) 278-6 және 278-7-баптардағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      95) 279-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарды" деген сөздер алып тасталсын;
      96) 282-бапта:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 2 және 3-тармақтар өзгерiссiз қалады;
      5-тармақтың екiншi бөлiгi "келiсiм-шарттарға" деген сөзден кейiн "және барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қорларын осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндiрген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 281-бабында белгiленген тәртiппен олар бойынша төлемдер жүргiзедi.";
      97) 295-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
      98) 296-баптағы ", сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;
      99) 297-баптың 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтары алып тасталсын;
      100) 299-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Роялтидi есептеу мақсатында, алтынды, күмiстi және платинаны қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн тасымалдауға арналған шығыстар деп темiр жол, магистральдық құбыржол және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезінде өзiне көлiк тарифiн қамтитын iс жүзiндегi шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар, тиеу және түсiру (қатты заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар және егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар түсiндiрiледi.";
      5-тармақ "сатылмаған" деген сөзден кейiн "не толық сатылмаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      101) 301-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      102) 304-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      103) мынадай мазмұндағы 311-1-баппен толықтырылсын:
      "311-1. Төлеушiлер
      Өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шартта өзгеше келiсiлмесе, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеушiлер болып табылады.";
      104) 314-2-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      105) 314-3-баптағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      106) 316-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "қызмет көрсетудiң өтемдi шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер," деген сөздер алып тасталсын;
      107) 324-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер ретiнде қарастырылады.";
      108) 326-баптың 2-тармағының 1) тармақшаның екiншi абзацындағы "тазарту құрылғылары" деген сөздер "электр беру желiлерi, құрылғылары, күл-қож құбырлары, жылу трассалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      109) 329-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының жерлерiне бонитет балына барабар түрде төмендегiдей жер салығының базалық салық ставкалары белгiленедi:";
      3-тармақтың бiрiнші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының төмендегiдей базалық салық ставкалары белгiленедi:";
      110) 337-бапта:
      атауында "станциялары және базарлар орналасқан" деген сөздер "станцияларына және базарларға бөлiнген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегi "станциялары орналасқан" деген сөзден "станцияларына бөлiнген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      111) 340-баптың 8-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiнгi салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi оның жер учаскесiне құқығы пайда болған ай басынан басталатын кезеңге салық сомасын есептейдi.";
      112) 344-баптың 2, 3-тармақтардағы "15" деген сандар және 5-тармақтағы "15-iнен" деген сөз тиiсiнше "20" деген сандармен және "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      113) 348-1-баптың 3-тармағындағы "жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар" алып тасталсын;
      114) 351-баптың 2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген құқықтарда салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрлымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.";
      115) 359-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "15" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
      116) 361-баптың 2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектiлер бойынша жеке кәсiпкерлер.";
      117) 363-баптың бiрiншi абзацындағы "және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      118) 368-баптың 3-тармағындағы "және салық сомаларының бюджетке төленген фактiсiн растайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      119) 369-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "(тұрақты үлгi бөлiмдерде)" деген сөздер "(оқшауландырылған блоктарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      120) 370-бапта:
      2-тармақтың бірiншi бөлiгi "осы Кодекстiң 146-162-баптарын" деген сөздерден кейiн "осы Кодекстiң 132-134баптарын, 135-баптың 2-тармағын, 146-162-баптарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "күнтiзбелiк жыл" деген сөздер "он екi ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      121) 374-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) патент негізiнде арнайы салық режимiн қолданудың әрбiр он екі ай мерзiмi iшiндегi табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық органы жоғарыда көрсетiлген өтiнiшсiз патент негiзiнде арнайы салық режимін қолданған жеке кәсiпкерлердi осы тармақта көрсетiлген жағдайларды белгiлеу кезiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне ауыстыруға құқылы.";
      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жеке кәсiпкер патент негiзiнде арнайы салық режимін қолдану үшін оны қолдануды бастағанға дейiн кәсіпкерлік қызметiн жүзеге асыратын орны бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша өтiнiш ұсынады.
      Патент жеке кәсiпкерге кемiнде бір ай және он екi айдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимінде кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата түру кезеңінде жеке кәсіпкер қызметті уақытша тоқтата тұру кезеңінде жер кәсіпкер қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.";
      122) 378-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Арнайы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есептiктен кейiнгi салық мерзiмiнен бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшедi.".
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;
      "жыл сайын" деген сөздер "осы арнайы салық режимiн қолданған бiрiншi жылдың (бiрiншi салық кезеңiнде) 20 ақпанынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "алған күнi" деген сөздер "алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан орны бойынша салық органына"
      деген сөздермен ауыстырылсын;
      123) 385-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) филиалдар, өкiлдiктер;";
      124) 68-тараудың тақырыбы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      125) 398-баптың 1-тармағы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      126) 399-бапта:
      "тiркелуге тиiс" деген сөздерден кейiн "жеке және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "олардың" деген сөз алып тасталсын;
      127) 70-1-баптың тақырыбы "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе салынып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      128) 406-1-баптың 1-тармағында:
      "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе салынып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе салынып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      129) 406-2-баптың 1-тармағында:
      "мүлiк кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын" деген сөздер
      "мүлiктi кепiлге алу туралы, кеменiң немесе салынып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      130) 72-тараудың тақырыбындағы "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi" деген сөздер "Көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      131) 410-баптың 1-тармағында:
      "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi" деген сөздер "Көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тiркемелердi" деген сөзден кейiн ", теңiз, әуе, өзен және өлшемi кiшi кемелердi, азаматтық әуе кемелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      132) 411-бап "Тiркеуге" деген сөздiң алдынан "Теңiз, өзен және көлемi кiшi, азаматтық әуе кемелерiн қамтитын," деген сөздермен толықтырылсын;
      133) 438-баптың 1-тармағы "беру" деген сөзден кейiн "(қайта ресiмдеу)" деген сөздермен толықтырылсын;
      134) 450-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi 2-1-тармақ болып есептелсiн;
      135) 451-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "су ресурстарын басқару жөнiндегi" деген сөздер "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Cу ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық" деген сөздер "Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      136) 453-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мыналарды:
      ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеудi жүзеге асыратын ернеуден тыс су қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен су шығындарын;
      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және/немесе санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
      су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын суару жүйелерiне ерiксiз су жинау көлемiн қоспағанда жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;";
      137) 454-баптың 2-тармағындағы "cу ресурстарын басқару жөнiндегi" деген сөздер "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      138) 456-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
      139) 458-баптың 5-тармағындағы "cу ресурстарын басқару жөнiндегi" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      140) 463-баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
      141) 465-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төлемақы төлеушiлер салық органдарына ағымдағы төлем сомасының есептемесiн және олардың мемлекеттiк тiркелу орны бойынша берiлетiн жылжымалы ластау көздерiн қоспағанда, ластау объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша декларацияны табыс етедi.";
      142) 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттiк орман иелерi - ағашты түбiрiмен жөнелткенi үшiн:
      аралық пайдалану үшiн кесу және басқа да ағаш кесулердi жүзеге асыру кезiнде;";
      143) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарындағы "есептелген" деген сөз алып тасталынып, "сомасының" деген сөз "даулы соманың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      144) 518-бап 5) тармақшадағы "салық төлеушi туралы" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) осы Кодексте белгiленген мерзiм күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн салықтық есептеменi ұсынбаған және/немесе нақты мекен-жайы (тұрғылықты мекен-жайы) бойынша болмаған салық төлеушiлердiң тiркеу деректерi туралы, сондай-ақ сот жалған кәсiпорындар деп таныған салық төлеушiлер туралы";
      145) 520-баптың 4-тармағы "салық органына берген" деген сөздерден кейiн "және (немесе) уәкiлеттi органдар ұсынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      146) 521-баптың 1-тармағында:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      1) орналасқан жерi бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi:
      2) орналасқан жерi бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасында болатын жерi бойынша - осы Кодекстiң 190-бабының және 191-бабының 2-тармағында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын резидент емес жеке тұлғалар (осы тармақтың 5-1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда);";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) осы Кодекстiң 178-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген, бағалы қағаздарды сату кезiнде құнның өсуiнен табыс алатын, мүлкi резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 процентiнен аспайтын резидент - эмитенттiң немесе резидент заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша осы Кодекстiң 183 және 190-баптарына сәйкес салық салуға жататын, резидент еместер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар;";
      7) тармақша "шоттарын" деген сөзден кейiн "және карт-шоттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      147) 524-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес заңды тұлға үшін:";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық органы тiркеуге алу есебiне қоюды салық төлеушiнiң өтiнiшi берiлген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген жағдайда тiркеу есебiне қою салық төлеушi өтiнiш берген сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.";
      11-тармақта:
      "орналасқан жерiн," деген сөз алып тасталсын;
      "өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi" деген сөздер "салық органына жиырма жұмыс күнi iшiнде қызметiн жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты орны, келген орны немесе салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркелген жерi бойынша тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш беруге мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      148) 525-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау:
      1) салық төлеушi әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi болмаған жағдайды тiркеу нөмiрi сақтала отырып;
      2) салық төлеушiнi сот жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда жүргiзiледi.";
      149) 526-баптың 10) тармақшасы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, немесе олардың жұбайларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      150) 527-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастаған күнiнен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық мiндеттемесi туындаған күнiнен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.
      3. Осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық мiндеттемесi туындаған күнiнен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.";
      3-1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте осы тармақта көрсетiлген резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.";
      4-тармақтағы "резидент емес заңды тұлғаның" деген сөздер "резидент еместiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Салық агенттерi өзi тiркелген орны бойынша салық органына резидент еместiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруды аяқтауы туралы Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызметтердi) орындауға келiсiм-шарт жасасқан күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде және резидент еместiң қызметтi жүзеге асыруды аяқтаған күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша өтiнiш беруге мiндетті.
      Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағында көрсетiлмеген резидент еместерге қызметтер көрсету үшiн кiрiстер төлейтiн салық агенттерiне қолданылмайды.";
      151) 533-баптың 4-тармағында:
      2) тармақшаның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тақырыптық тексеру - салық мiндеттемесiнiң салықтың жекелеген түрлерi және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша орындалуын;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қарсы тексеру - егер салықты тексерудi жүргiзу кезiнде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының шынайылығы мәнiне салықтық тексерудi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында олар бойынша камералық бақылауды жүргiзу кезiнде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндiру және айналымға қосу процесiне қатысқан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушi салық төлеушiлердi тексеру сондай-ақ қарсы тексеру болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) қосымша тексеру - салық төлеушiнiң арызында айтылған мәселелер бойынша салықтық тексеру нәтижелерi бойынша салық төлеушiнiң арызын қарайтын немесе резидент еместiң екi рет салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселелердi екiншi рет қарау туралы өтiнiшiн қарайтын салық қызметi органының шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн тексеру;";
      152) 534-баптың 2-тармағында:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "резидент еместiң екi рет салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға берген өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiлетiн;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнiң шағымын қарайтын органның шешiмi немесе резидент еместiң екi рет салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi екiншi рет қарау туралы өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiлетiн қосымша тексерулер кезiнде;";
      153) 536-баптың 3-тармағының бiрiншi абзацы "Тақырыптық" деген сөзден кейiн ", қосымша," деген сөзбен толықтырылсын;
      154) 546-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы үшiншi абзацының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      155) 549-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органы акциздiк және есептiк-бақылау карточкаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерiн белгiлейдi.";
      156) 553-баптың 1-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      157) 557-2-баптың 1-тармағындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      158) 557-8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Бұл ретте қосымша тексеру арызды қарайтын салық қызметi органының осындай тексерудi жүргiзу туралы шешiмiн алған сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей басталуы тиiс.".
      3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      134-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "акциздік алым таңбаларымен" деген сөздер "акциздiк таңбалармен немесе есептiк-бақылаy таңбаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      346-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кедендiң төлемдердiң немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендiң төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша есептеуге тиiс:
      1) төлеушiнiң өтiнiшiнсiз кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрі бойынша өсiмпұл мен айыппұлды өтеу есебiне;
      2) төлеушiнiң өтiнiшi бойынша кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрі бойынша алдағы төлемнiң есебiне.".
      4. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктері есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат;  N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат):
      11-баптың бiрiншi бөлiп мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, сондай-ақ егер құрылтайшы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың басшысы болып табылған және (немесе) iздеуде (бостандығынан айыру орындарында) болған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз және (нeмece) әрекетке қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен және (немесе) қайтыс болған және (немесе) хабарсыз жоғалған және (немесе) қылмысы үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталған және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.".
      5. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24; 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 22-1-баптың 2-тармағында:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың" деген сөздер "мәлiмделетiн табыстың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мәлiмделетiн кiрiс өз пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақылық жарналарды аудару үшiн жеке кәсіпкер, адвокат және жеке нотариус өз бетiнше айқындайтын табыс болып табынды.";
      2) 22-4-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Агенттiң банк шотында теңгелей ақша болмаған жағдайда мiндетті зейнетақылық жарналар бойынша қарызды өндiрiп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассациялық өкiмдердiң негiзiнде шетелдiк валютадағы банк шоттарынан жүргiзiледi.";
      5-тармақ "шоты болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе агенттің банк шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеушi агенттiң тiркеу нөмiрiн, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын және мiндеттi зейнетақылық жарналар бойынша қарыз сомасын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақылық жарналар бойынша және ол туындаған күннен бастап кемiнде алты ай мерзiмде өтелмеген қарызы бар агенттердiң тiзiмiн жариялайды.".
      6. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 142-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) алкоголь өнiмi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiмдердi қоспағанда, құрамында тағамдық шикiзаттан және (немесе) құрамында спирт бар тамақ өнiмiнен этил спиртiн пайдаланып жасалған, бiр жарым проценттен астам этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар тамақ өнiмi;";
      16) тармақша "материалдардан" деген сөзден кейiн (тетрапакет, ПЮР-пакет және басқалар) деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақшадағы "сырадан басқасын" деген сөздер "(шарап материалы мен сырадан басқасын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20) құрамында спирт бар тамақ өнiмi - тағамдық шикiзаттан жасалған, бiр жарым проценттен астам этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар тамақ өнiмi;
      21) сусыз спирт - есептерде қолданылатын шартты түсiнiк ретiнде пайдаланылатын, құрамында суы жоқ жүз проценттiк спирт немесе абсолюттiк алкоголь.";
      2) 3-баптың 3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) адамдарды этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiруге, сақтауға, алкоголь өнiмдерiнiң (сырадан басқа) көтерме және бөлшектеп сатуға лицензия алу үшiн қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мәнiне тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асыру, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарын жыл сайын растау.";
      3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) адамдарды этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiруге, сақтауға алкоголь өнiмдерiнiң (сырадан басқа) көтерме және бөлшектеп сатуға лицензия алу үшiн қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгін айқындау мәнiне тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын лицензиаттардың бiлiктілiк талаптарын жыл сайын растайды;
      7) технологиялық желiлердi спирт өлшейтiн аппараттармен және өндiру көлемдерi туралы ақпаратты автоматтандырылған берудi қамтамасыз ететiн бақылау есепке алу приборларымен жарақтандыру жөнiндегі талаптарды белгiлейдi.";
      4) 5-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Алкоголь өнiмiне мыналар жатады:
      1) арақтар және айрықша арақтар;
      2) ликер-арақ өнiмдерi;
      3) шарап материалы;
      4) шараптар;
      5) коньяк;
      6) бренди;
      7) сыра.";
      2-тармақтағы "күштi алкогольдi iшiмдiктер" деген сөздер "алкоголь өнiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "Күштiлігі он екi - алпыс процент", "алкогольдi iшiмдiктер ликер-арақ бұйымдары болып табылады" деген сөздер тиiсiнше "Ликер-арақ бұйымдары - бiр жарымнан алпыс процентке дейiн этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар", "алкоголь өнiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "майларын" деген сөзден кейiн "шарап материалын," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегі "күштiлiгі" деген сөз алып тасталып, "дейiнгi" деген сөзден кейiн "этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жүзiм шараптары - хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тамақ шикiзатынан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм суслосын не жемiс немесе жидек шырынын спирттiк ашыту нәтижесiнде алынған, жиырма екi жарым проценттен аспайтын этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар, құрамында спирт бар, шырын өндiру және ликер-арақ өнiмiн, тура немесе екi рет айдау жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикізат ретiнде пайдаланылатын тамақ өнiмi.
      5. Жиырма екi проценттен аспайтын этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар шарап материалдарынан өндiрiлген шарап - алкоголь өнiмi.";
      6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 16 және 17-тармақтар алып тасталсын;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Коньяк - қырық - қырық бес процент этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар, өзiне тән букетi мен дәмi бар, тура немесе екi рет айдау жолымен алынған және емен бөшкелерде немесе емен қабығын пайдалана отырып, эмальданған резервуарларда кемiнде үш жыл ұсталған алкоголь өнiмi.
      14. Бренди - отыз жетi жарымнан қырық бес процентке дейiн этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бар, емен сүрегiн қатыстырып кемiнде алты ай ұсталған түпкi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң санынан елi проценттен аспайтын мөлшерде шарап материалынан алынған, этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi.";
      5) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiру техникалық өртеу саласында белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.";
      6) 8-баптың 5-тармағындағы "Стандарттау туралы" деген сөздер "Техникалық peттеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 9-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) алкоголь өнiмiн (шарап материалы мен сырадан басқа) есепке алу-бағалау таңбаларынсыз одан әрi өткiзу мақсатында сақтауға және өткізуге;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) алкоголь өнiмiн (шарап материалынан, сыра мен күштiлiгі он екi проценттен аз градусы әлсiз ликер-арақ бұйымдарынан басқа) металдан жасалған тараның барлық түрлерiн қоса алғанда, қаңылтыр тарада, аралас полимер ыдыстарда, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткiзуге;";
      4-тармақ алып тасталсын;
      8) 12-баптың 4-тармағы "бiр" деген сөзден кейiн "қоймалық" деген сөзбен толықтырылсын;
      9) 15-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өндiретiн аумақтағы алкоголь өнiмiн сақтау, көтерме және бөлшектеп сату жөнiндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Этил спиртін және алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын лицензиаттардың лицензиялық ережелердi сақтауы аккредиттелген заңды тұлғалардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарын жыл сайын растауды қамтиды.";
      10) 18-бапта:
      "1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге лицензия алу үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгін анықтау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.";
      3-тармақ алып тасталсын;
      11) 19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi үнемi төлемегенде;".
      7. "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N  23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы "Базарларда" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын.
      8. "Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 149-құжат):
      12) 2-баптың 6) тармақшасы "қағаздан" деген сөзден кейiн "немесе өзге де материалдан" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) акциз маркаларымен немесе есептiк-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;".
      9. "Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжат):
      17-баптың 4-тармағы "шоттары" деген сөзден кейiн "немесе төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын.
      10. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк peттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж, N 12, 88-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшадағы "акциздiк алым маркасы" деген сөздер "акциздiк марка" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн сәйкестендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнайы бiржолғы жапсырма қағаз;
      1-2) сәйкестендiру - белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
      1-3) маркалау - тұтынуға арналған ақпаратты қамтитын және қорабы мен орамасына салынған мәтiн, шартты белгі және суреттер;
      1-4) қорапша - қатырма қағаздан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi бiр санын қамтитын тұтынушы тарасының бiрлiгi;
      1-5) орама - қорапшалардың белгілi бiр саны бар топтық тұтыну тарасының бiрлiгі;";
      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) темекi өнiмдерiне ең аз бөлшек сауда бағасын белгілеудi қамтиды.";
      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) - тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де өнiмдердi акциз маркаларымен немесе есептiк-бақылау маркаларымен маркалау тәртiбiн белгiлейдi;
      4-2) темекi өнiмдерiне ең аз бөлшек сауда бағасын белгiлейдi;";
      4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "акциздiк алым маркаларымен" деген сөздер "акциз маркаларымен немесе есептік-бақылау маркаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 13-баптың 2-тармағындағы "акциздiк алым маркаларынсыз" деген сөздер "акциз маркаларынсыз немесе есептiк-бақылау маркаларынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. "Сауда қызметiн peттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы "маркалары" деген сөзден кейiн "немесе есептiк-бақылау маркалары" деген сөздермен толықтырылсын.
      12. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат):
      көрсетiлген Заңның қосымшасында:
      18-тармағының 4) тармақшасы "өнiмдердiң" деген сөзден кейiн "өндiрiсi мен" деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады