"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 528 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия
субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау
және реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер
енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы):
      1) 45-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) тiркелген бағаларды белгiлеу;";
      2) 46-баптың бiрiншi бөлiгi "айыппұл салу" деген сөздерден кейiн ", тiркелген бағаларды белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 48-баптың бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацы "мөлшерiмен" деген сөзден кейiн "не монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде алынған табыс (түсiм) сомасының процентiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Тiркелген бағаларды белгiлеу

      1. Тiркелген бағаларды белгiлеу тиiстi тауар нарығындағы үлесi Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заң актiсiнде белгiленген шектi шамадан асып кететiн нарық субъектiсi қайтадан асыра пайдаланған және (немесе) бәсекеге қарсы келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) жасағаны үшiн осы Кодекстiң ерекше бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн аталған нарық субъектiсi бiр жыл iшiнде аталған iс-әрекеттердi жасаған жағдайда қолданылады.
      2. Тiркелген бағаларды белгiлеу үш жылдан астам мерзiмге бағаның белгiлi бiр шамасын, кiрiстiлiк деңгейiн және (немесе) тауарлар бағасының жоғарғы (төменгi) шегiн белгiлеу арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Нарық субъектiлерiнiң тауарларына тiркелген бағаларды белгiлеу туралы шешiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлетті орган қабылдайды";
      5) 69-баптың екiншi бөлiгi "салық салу" деген сөздерден кейiн ", табиғи монополиялар, бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "147-бап. Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi
                (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем жағдайды терiс
                пайдалану

      1. Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем жағдайды терiс пайдалану -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде алынған табыстың (түсiмнiң) бес процентiне дейiнгi мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Yлесi Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заң актiсiнде белгiленген шектi шамадан асып кететiн нарық субъектiсi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан жасаған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
      тiркелген баға белгiлеуге әкеп соғады.";
      7) мынадай мазмұндағы 147-2, 147-3, 147-4, 147-5-баптармен толықтырылсын:
      "147-2-бап. Келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) және экономикалық шоғырлану кезiнде нарық субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi
      Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган рұқсатының болуы қажет жағдайда нарық субъектiлерiнiң рұқсатты алмай экономикалық шоғырлануы, келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерi келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм негiзделген талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      147-3-бап. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жай мен аумаққа кiруге кедергi жасау
      Шешiмдi (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ақпаратты белгiленген мерзiмде ақпарат бермеу не толық көлемде бермеу, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегі уәкiлеттi органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның тергеу жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кiруiне кедергi жасау -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      147-4-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-қимылы,
                 жосықсыз бәсеке

      1. Мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-қимылы -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жосықсыз бәсеке -
      жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      147-5-бап. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу
      Табиғи монополия субъектiсiнiң табиғи монополиялар туралы заңнамада белгiленген шектеулердi сақтамауы, табиғи монополия субъектiсiнiң мiндеттердi орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын өзгеше бұзу -
      жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      8) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "147 (үшiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
      9) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "565-бап. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi
                шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147, 147-2, 147-3, 147-4-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";
      10) мынадай мазмұндағы 565-1-баппен толықтырылсын:

      "565-1-бап. Табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды
                  және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган

      1. Табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147-5-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";
      11) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының "монополияға қарсы органның (147 (үшiншi бөлiгi), 153, 356, 357-3-баптары)" отыз бiрiншi абзацы алып тасталсын;
      12) 638-баптың бiрiншi бөлiгi "дереу" деген сөзден кейiн "монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат, N 3, 22-құжат):
      134-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат):
      1) 6-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиiстi тауар нарығындағы үлесi Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген шектi шамадан асып кететiн нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тіркеушi орган жүзеге асырады, ал табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тіркеуші орган жүзеге асырады.";
      2) 14-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледі, ал тиiстi тауар нарығында үлесi Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген шектi шамадан асып кететiн нарық субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi.";
      3) 16-баптың төртiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиiстi тауар нарығындағы үлесi Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген шектi шамадан асып кететiн нарық субъектiсiнiң қызметiн тоқтатуды тiркеудi тiркеушi орган бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен, ал табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн тоқтатуды тiркеудi табиғи монополия саласындағы қызметтердi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.";
      4. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205 құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат):
      1) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiпорындар монополиялы түрде өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларының көтерiлуiне жол бермеу мақсатында бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мұндай бағаларды белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.";
      2) 40-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазыналық кәсiпорындар монополиялы түрде өндiретiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларының көтерiлуiне жол бермеу мақсатында бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мұндай бағаларды белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.";
      3) 49-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiктегi "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi атқарушы органның" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):
      19-баптың 2-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның он күн iшiнде оларға беретiн қорытындысы;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) борышкер тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап он күн iшiнде бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның оларға беретiн қорытындысы қоса тiркеледi.".
      6. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "табиғи монополист кәсiпорындардың қызметiн монополияға қарсы реттеудi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 232, 84-құжат; 2000 ж., N 21, 397-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-баптың сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi орган - бәсекеге жәрдемдесу мен оны дамыту және жосықсыз бәсекенiң алдын алу, оны шектеу және тыю жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
      2) 5-бапта:
      4), 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) бәсекенi жою және шектеу жолымен кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтарды алуға әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер).";
      3) 5-1-бапта:
      мәтiндегi "монополияға қарсы" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтың екiншi абзацында "өтiнiшi" деген сөз "арызы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "бағдарламасын" деген сөз "жоспарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Тексеру жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен жұмыс тобының құрылуы, оның құрамының бекiтiлуi, жұмыс тобының басшысы мен басшысының орынбасары айқындалуы мүмкiн.
      Тексерiлетiн субъект тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу үшiн қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi тұлғасы қол қояды.
      Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi тұлғасы бас тарту себебiнiң жазбаша негiздемесiн ұсына отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тарта алады.
      Тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы алудан бас тарту тексерудi ауыстыру үшiн негiздеме болып табылмайды.";
      5-тармақтың бiрiншi абзацында "бағдарламасы" деген сөз "жоспары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi "бағдарламасына" деген сөз "жоспарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия уәкiлеттi органның тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына оны ұсынудан бас тарту үшiн негiздеме бола алмайды.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Тексеру жүргiзуде көмек көрсету үшiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
      Тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш бiлдiруге тыйым салынады.";
      4) 7-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi";

      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкiлетті орган:";

      1) тармақшадағы "шекарасы бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен шығатын" деген сөздер алып тасталсын;
      7-1-бап алып тасталсын;
      8. "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат; 1999 ж., N 21, 763-құжат; 2005 ж., N 11, 40-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      10-баптың 7-тармағындағы "монополияға қарсы саясат саласындағы атқарушы билiктiң уәкiлеттi органның" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы):
      9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тауарларды (мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк реттеу мақсатында бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтерге баға белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.".
      10. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142, 144-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 22-6) тармақшасы алып тасталсын.
      11. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасындағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      68-баптың 6-тармағының екiншi бөлiгіндегi "монополияға қарсы заңның нормаларымен және ережелерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамаға сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөнiндегi қызметтерiне, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өткiзуге, сақтауға арналған тарифтердi бекiтедi.".
      13. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы):
      6-бап алып тасталсын.
      14. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      26-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады